Жалпы кӨлік курсы пӘні бойынша

дәріс курсы

5В090100 – «Тасымалдауды қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығының студенттеріне арналған»

Құрастырған «Көлік техникасы және технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Ә. Жандарбекова

Астана, 2016 ж

Дәріс тақырыптары

1 тақырып.Кіріспе дәріс.Көлік туралы негізгітүсініктер. Мемлекетте көліктің қызметі. (1 апта)
2 тақырып.Көліктегіөндірістік процесс жәнеоныңэлементтері. Көлік процесінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер. (2 апта)
3 тақырып.Көлік құралдарын қолданудың көрсеткіштері. Сандық және сапалық көрсеткіштер. (3 апта)
4 тақырып.Ағымдағы шығындарды есептеу әдісі. Тасымалдың өзіндік құны. (4апта)
5 тақырып.Көліктегі капитиал салым(Капитальные вложения). Келтірілген шығындар туралы түсінік. (5 апта)
6 тақырып.Толайым бағалар жүйесі, тариф түрлері. Жүк тарифі, әр түрлі көлік түрлерінде оларды құрастыру принціпі. (6, 7 апта).
7 тақырып.Жолаушы тасымалдаудың тарифтері.Жолаушы тасымалдау тарифтерінің басқа тариф түрлерінен ерекшеліктері. (8 апта)
8 тақырып.Көлік түрлерін тиімді қолдану аумағы. (9 апта)
9 тақырып.Көліктік пункт.Әр түрлі көлік түріндегікөліктік пункттер ұғымы және олардың түрі. (10 апта)
10 тақырып.Көліктік түйін.Көліктік түйін туралы түсінік.Көліктік түйінмен орындалатын негізгі тапсырмалар. (11 апта)
11 тақырып.Өзара-әрекеттесудің ұйымдастырушылық аспектілері. Жүктеді бір көлік түрінен екінші көлік түріне жіберудің амалдары. Перевалканың әр түрлі амалдарының артықшылықтары мен кемшіліктері. (12 апта)
12 тақырып.Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету жайлы түсінік.(13 апта)
13 тақырып.Біріңғай көлік жүйесіндегіавтомобиль,темір жол, ауе, су, және құбыр көлігінің орны. Әр түрлі көліктердің артықшылығы мен кемшіліктері. (14-15 апта)

1 тақырып.Кіріспе дәріс.Көлік туралы негізгітүсініктер. Мемлекетте көліктің қызметі. (1 апта)

Көлік(лат.“Transporta”, ”апарамын,тасимын”,”жылжытамын”)-материалдық өндіріс аумағы болып табылады.Сондықтан көліксіз халық шаруашылығының бірде бір саласы жұмыс істей алмайды.

Көліктің өндірістік қызметі болып өндіріс пунктерінен түтынушы пунктіне дейін шикізатты,отынды,тамақ өнімін жане басқа да халық шаруашылығының өнімдерін тасымалдау жане жолаушыларды тасымалдау болып табылады.Көлік өнімін тұтыну өндіріспен бірдей қатарынын жүреді.Жылына әр түрлі көлік құралдарымен орындалады:

1)автомобиль көлігімен жолаушы тасымылдауда:барлық жолаушы тасымалдаудың 52% ,темір жолмен 36%,әуе көлігі 9%,өзен көлігі 5%

2)жүктерді тасымалдау(темір жол 66%,автомобиль көлігі 29%,құбыр көлігі 4%,әуе көлігі 1%,өзен көлігі 1%)

Көліктің мемлекеттегі қызметі

Көлік саласы мемлекеттемаңызды қызметтер атқарады:экономикалық,саясаттық,әлеуметтік,мәдени жане қорғаныс қызметін.

-Көлік қызметінің экономикалық ролінің мәні-ол кез-келген өндірістің және материалдық базаның еңбекті үлестіру үшін және кәсіпорындарды жобалау үшін қажетті буын болып табылады.Қазақстанда негізгі өндірістік қорлардың 22% көлік саласына келеді

-Көлік саласының саясаттық қызметінің мәні келесі:материалдық,рухани құндылықтарымен айырбас орындалатын мемлекеттерді біріктіру үшін материалдық базаның рольін атқарады.Сонымен қатар алыс жане жақын шетелге стихиялық апаттар кезінде көмек көрсету.

-Көлік қызметінің әлеуметтік қызметінің мәні: адамдарды еңбек ету жане тұрмыстықтжол жүрулерін қамтамасыз ету.Сонымен қатар жолаушыларды емделу жане демалу орындарына жеткізуге ықпал етеді.

-Көлік саласының мәдени қызметінің мәні: газет журнал,бейне-аудио,көркем сурет материалдарын жеткізуде.Сонымен қатар халықтың жазушылармен ,суретшілермен,актерлармен қарым-қатынас жасауға ықпал жасайды.

-Көлік саласының қорғаныстық қызметінің мәні: әскери күштердің ,тыл қызметтерінің нысандарын орын ауыстыруға қажетті материалдық база.Сонымен қатар қорғаныс қызметінде әскери техниканың көптеген түрі қолданылады.Көлік өндірістің саласы ретінде қатынас құралдарының жиынтығын құрайды.Олардың қалыпты қызметін әр түрлі техникалық құралдар мен техникалар қаматамасыз етеді.

Қатынас құралдары- жылжымалы құрам (1.автомобильдер,тіркеме,втомобиль көлігіндегі жартылай тіркеме 2.локомативтер,темір жол көлігіндегі вагондар 3.су көлігіндегі қайықтар мен баржалар)

Қатынас жолдары-берілген көлік түрінің жылжымалы құрамның қозғалысына қажетті арналған жане жабдықталған жолдар(автомобиль жолдары,темір жане өзен жолдары т.б)

Техникалық құрылғылар мен ғимараттар- жүк және жолаушы станцияларының,терминалдардың,тиеп-түсіру пунктердің,жөндеу шеберханаларының жанармай құю станцияларының байланыс және сигнализация құралдарын,басқару жүйелерінің және т.б кешені.

Көлітің негізгі ерекшелігі шығаратын өнімнің материалдық емес сипатта болуы.Көлік өнімі жолаушы және жүк тасымалдау.Көлік экономиканың өндірістік және өндірістік емес аумағының қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді, халықтың қажеттілігін қанаңаттандырады осыған байланысты көлік қызмет көрсету саласы болып табылады.

Көлік бір жағынан тұтынушы жане жұмыс берушінің рольінде қарастыруға болады.Өйткені көлік құралдары жанар-жағармайды және экономика саласының басқа да өнімдерін еңбек ресурстарын қолданады.

Жалпы қолданыстағы ведомствалық және жеке қолданыстағы көлік түрі болады.

Жалпы қолданыстағы көлік бұл кез келген кәсіпорынмен өндірістік көліктен бақа барлық көлік түрін қолдану және халықтың қалалық көлікті қолдануы.

Ведомствалық көлік-нақты кәсіпорынға қызмет көрсететін және сол кәсіпорынның балансындағы көлік құралдары.

Жеке қолданыстағы жеке адамның (жанұя)қандай да бір көлік түрін қолдануы (автомобиль,мотоцикл,велосипед,яхта,ұшақ т.б)

Көлік кез-келген кәсіпорынның өндірістік процесінде қатысады(шикізатты,жатылай фабрикаттарды дайын өнімді тасымалдау. Нақты жағдайларда көлік берілген өнімді өндіру технологияық процесінің құраушы бөлігі болып табылады.

Көлік саласының ролі тек қана жолаушы мен жүк тасымалдауғада ғана емес сонымен қатар ол өнімді өндеуде,өндірістегі өнімді қалыптастыруға,тұтынуға белсенді қатысады.

Қазақстан Республикасының біртұтас көліктік жүйесі- бұл барлық транспорт түрінің жиынтығы,обращения сферасын қамтамасыз етеді,т.с өнімді шығару пунктынан,тұтыну орнына дейін жеткізуді қамтамасыз етеді,сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауды іске асырады. ҚР әлеуметті-экономикалық жалпы транспортты жүйесі халықты-шаруашылық жоспарды дамытуға мүмкіндік беретін барлық транспорттың түрлерін қоғамдық мемлекеттік және жеке меншік ретінде анықтайды.

ЖТЖқұрамына мыналар кіреді: өзен-су, теңіздік, автомибильдік, әуе, құбыр-жол көлігі, сондай-ақ жоғарывольтты электропередача сызықтар

Елдің Ортақ Көлік Жүйесі әр көлік түрін эффектілігіне қарай жеке салаларға бөледі. Бұл еліміздің бағыты және көлік саясаты болып табылады.

Қазақстанда қуатты әуе транспорты құрылды, автомобиль және газөткізу көліктері, ал қалаларда – троллейбустық және трамвайлық көліктер дамыды. Магистральды мұнай, газөткізу және автомобиль жолдарын жабу төзімділігі бірнеше есеге артты. Ортақ қолданыстағы теміржол жүйесі де үлкейді.

Ішкі жүк тасымалдауда теміржол маңызды рөл атқарады. Бұл ҚР-ның дамуының физикалы-географиялық, экономикалық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты.

ҚР-дағы ЖТЖ-ның мынадай міндеттері бар:

- Жеке транспорт түрлерінің координациялық жұмыстарының алдағы дамуы

- Олардың арасындағы тасымалдаудың рационалды кеңеюі

- Аралас тасымалдауда әр түрлі ортақ техникалық процестерде жұмыс жасау негізіндегі транспорт түрлерін пайдалану

Қазақстан Республикасының бірыңғай көліктік жүйесі туралы жалпы түсінік.

Заман талабына сай көліктік жүйеге жалпы қолданыс көлігі кіреді – теміржол транспорты, автокөлік транспорты, теңіз транспорты, өзен транспорты, әуе транспорты, құбыр өткізгіш транспорты және жалпыға емес қолданыста - өндіріс транспорты. Жалпы транспорт қолданысы еңбек өнімін олардың талап ету жеріне жеткізу кәсіпорындық процесін жалғастырады.

Жүктік транспорт өнім сапасын арттырмайды, бірақ кәсіпорындық процесінің жалғасы болғандықтан кәсіп материалына кіреді. Кәсіпорындық сфераға жалпы қолданыстағы жолаушылық транспорт та кіреді. Транспорттың бұл түрі кәсіпорындық үшін сияқты жеке мақсатқа орын ауыстыруда адамдардың талап етуін қанағаттандыруымен тікелей байланысты. Транспорттың бұл түрінде жеке транспорттық қолдансы (жеңіл автомашиналар, мотоциклдер, велосипедтер, кемелер, және т.б.) бар.

Қазақстанда транспорт түрінің негізгілері мемлекетке тиісті, және сондай-ақ жеке корпорацияларға біріккен транспорттық желіні шығарады. Оның құрамына темір жолдың () мыңдаған км-лер кіреді, соның ішінде жалпы қолданыстағы ххх мыңдаған км темір жолы;автожолдың көптеген ххх мың км,соның ішінде қатты жабылған ххх мың км; мұнай өткізгіштік және өнім өткізетін ххх мың км; магистральді газ өткізетін ххх мың км, судоходты ішкі су жолдары ххх мың км; жүздеген техникалық жабдықталған теміржол станциялары автобекеттер, ондаған теңіздік және өзендік пристан порттары, ондаған азаматтық әуе флотының ірі әуежайлары. Соныңда 2005 ж жалпы қолданыстағы транспорттың суммалық бағасы барлық негізгі фондтарда, мемлекеттің кәсібі халықтың барлық негізгі фондында көптеген ххх% құрды, соның ішінде жылжымалы құрылым ххх млрд. Теңгеге дейін жетті;2005 ж транспортта жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызмет етушілердің саны ххх мың адамға жетті.

ҚР транспорттық жүйеде (теміржол ) транспортымен алдыңғы орында. Оның есесіне жүк айналымының суммасы көптеген ххх% және жолаушы айналымының суммасы ххх% мемлекеттің жалпы қолданыстағы транспортының барлық түріне әкелді.

Қазақстан экономикасындағы ішкі саудадағы жүк тасымалдаудағы негізгісі теңіздік транспорт үлкен роль атқарады, ішкі теңіздік коммуникацияларға (каботажные перевозки) қызмет көрсетеді, сондай-ақ шетелдік фрахтовательдің жүгі тасымалдайды. Ол теңіздік құрғақ жүктің жаңа түрлерімен және құйылатын судтарданалынған техникасымен жабдықталған.

Ішкі судоходство да ерекше дамуға ие болды,

Автотранспорт та ерекше жылдамдықпен дамып келеді. Мемлекеттің және халықтың талап етілген жылдам өсуін толық қанағаттандыратын алатын автомобильді құрылымдық мықты база құрылған. Үлкен жүкті және жолаушылық автомобильді шығару және жинау бойынша үлкен заводтар салынуда.

Автожолдардың дамуы және толық жетілдіруі бойынша үлкен жұмыс жүруде. Жолдардың желсі толық жабылумен сол кезеңде-ақ ххх есеге арттырды.

Табыстау мен қайта өңдеудің жоғарғы қарқыны ҚР-да мұнайдың құбыр өткізгіштік транспорты қарқынды дамуында шарттандырады.

Әуелік транспорт барлық үлкен қалалармен байланысты қамтамасыз етеді, сол сияқты ел ішіндегі көптеген қоныстанған пунктермен және көптеген шетелдік елдермен. Республиканың азаматтық әуелік флоты жолаушы тасымалдау көлемін 2005 ж ххх жолаушы-км-ден ххх млрд жолаушы-км-ге дейін артты.

Тасымалдауда қоныстану және халықтық шаруалурды талап етуді толық қанағаттандыратын елдің жоғарғы коэффективті біріккен транспорт жүйесін құру бойынша есеп сәтті шешілуді.

Аздаған жылдам ерекшеліктерді автокөліктік, теңіздік және әуелік транспортта қарастырады. Батыс Европада АҚШ-қа және Канадаға қарағанда автожол желісі толықтай маңызды қоюырақ, қатты жабумен жол үлесі жоғары. АҚШ-та және Батыс Европа елдерінде автокөлік құрылысының жылдам дамуы автотранспорттың жеңіл қалыптан тыс ұлғаюға және оған үлкен жолаушы тасымалдау бөлігін қосылуына әкеп соқтырды. Бұл транспорттық жүйенің толықтай экономикалық көрсеткіштер қатарына кері әсер етеді, үлкен қалалардың санитарлық шартын жылдам төмендетеді және биосфераны кірлендіреді (см.в ст.Городской транспорт).

Дамып келе жатқан елдердің транспорттық жүйесінде басқа да тез артта қалумен қосуды бір немесе екі транспорт түрі басымдылық. Бұл елдерде темір жолдың желісі тасымалдаудың жоғарлануына әкелетін әртүрлі сорапты болады, ауданаралық экономикалық байланысқа кедергі болады және шаруаның дамуына толықтай тежейді. Теміржол транспортының тнхникалық деңгейі төмен. Буды тарту күшімен , локомотивтер үлкен бөлігімен аз қуатты, екіосьті және азжүкті көтерілім вагондары басым болады.

Автожолдық желілер көптеген дамыған елдерде жаңбыр кезінде өтпейтін грунттық жолдарды өзі ұсынады. Теңіздік тасымалдау негізінен шетелдік флоттарда орындалады. Тек шетелдік капиталдан тәуелсіздіктен босағаннан кейін 20-ғасырдың 70 жж көптеген елдерде көпжолақты автостардтық үлгідегі жетілдірілген жолдар немесе автомагитральдар, және сол сияқты теңіз судтарының жеке табылуы.

2 тақырып.Көліктегі өндірістік процесс және оның элементтері. Көлік процесінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер. (2 апта)

Көліктік процесс негізгі 3 элементтен тұрады:

1.Тиеу

2.Қозғалыс

3.Түсіру

Тиеу келесі операциялардан тұрады:

Көлік құралдарын қажетті жерге ұсыну,жұмысты бұйымдастыру,жүкті жинау,қалыптатыру және сұрыптау,құжаттарды әзірлеу.тасымалдау кезіндегі негізгі құжат тауар көлік құжаты болып таблады.

Тасымалдаушы жүк иесі болып табылмайды,бірақта тасымалдау аралығында ол жүк үшін материалды жауапты болады.

Қозғалыс –негізгі көлік қызметі

Түсіру-көлік құралын жұмыс аймағына ұсыну жүкті қайта қалыптастыру және сұрыптау. Жеткен жүкке құжаттарды әзірлеу.Тауар көлік құжаты бойынша жүк қабылдаушыға беріледі.Ол материалдық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

Көліктегі өндірістік процестер бұқаралық қайталанатын (тиеу,қозғалыс,түсіру)болып келеді

Осылай тасымалдау ір түрлі қашықтыққа орындалады.Ол жүк иелерінің дислокацаның орнымен байланысты тасымалдауға жедел тапсырма құрастыруды қамтамасыз етеді.Көліктің ерекелігінің мәні келесідей:көліктегі өндірістік процесс көлік өнімі болып табылатын жүктер мен жолаушылар орын ауыстыратын процесс болып табылады.Сондықтан көлік процесі материалдық емес сипатта.

Көлік өнімі шығару процесін, пайдалану аумағына жеткізу мезетіне дейін жалғастырады.

Көлік процесі тиеу пунктерінде жүк жолы н/е тағайындалу пунктерінде орындалатын операциялар жиынтығын айтады.Тасымалдау процесі қарапайым және күрделі болуы мүмкін.Қарапайым тасымалдау процесі бұл көліктің бір түрі қатысатын процесс.Күрделі тасымалдау процесінде 2 немесе оданда көп көлік түрі қарастырылады.

1

2 7 8

3 4 5 6

1.жүкті тасымалдауға даярлайтын жөнелтушінің қоймасы:жүкті пакеттеу,автокөлік құралының ,жүкті тиеудің маркировкасы

2.жүкті жөнелтушінің қоймасынан ,жөнелтушінің станциясына жіберу

3.жөнелту станциясы (жүкті автокөліктен немесе теміржол көлігінен әуе көлігіне жіберу), жүкті қабылдау, жүкті өлшеу немесе қажетті партияға дейін жүкті жинақтау. Магистральды көлік бойынша жүкті тасу.

4,5. Іріктеу станциялары

4.бағыт немесе жуктің түрі бойынша жылжымалы құрамды қалыптастыруды іске асыратын станция

5. Жылжымалы құрамды қайта үлестіру

6. Тағайындалу станциясы (түсіру) темір жол көлігінен автокөлікке жіберу, кез келген жүктін сақталуын тексеру (өлшеу, қабылдаушыға жүкті тапсыру)

7. Теміржол көлігінен жүкті автомобиль көлігімен қабылдаушының қоймасына жеткізу

8. Қабылдаушының қоймасы (жүкті қоймаға түсіреді)

Жылжымалы құрамды қолдану мен орындалатын аперациялар күн, тәулік, ай, жыл бойында цикл бойынша қайталанып отырады.

Темір жол көлігінде вагондарды цикл бойынша қолдану вагон айнамылы деп аталады. Оның құрамына тиеу түсіру және бос жылжымалы құрамды кезектегі тиеуге жіберуден тұрады.

Автомобиль көлігіндежылжымалы құрамды қолдану циклы барып-қайту (барыс ездка) деп аталады.

Автомобиль көлігінде айналым деп бағдардың бір нүктесінде басталып аяқталатын бір немесе бірнеше барып қайтудан тұратын циклды айтады.

Өзен көлігінде, теңіз көлігінде, әуе көлігінде жылжымалы құрамды қолдану циклы рейс деп аталады.

Көліктің жіктелуі:

1 Жалпы қолданыстағы көліктерге жатады. Өйткені бұл көлік түрлері жолаушы және жүктерді тасымалдауға арналған.

Жалпы қолданыстағы емес (ведомствалық емес) қандай да бір ведомстваға немесе кәсіп орынға қарасты көлік түрі.

2 Магистральді көлік түріне жатады. Берілген көлік түрлерінің қатынас жолдарының ұзақтығы үлкен болады

3 Магистральды емес көлік түрі. Ведомствалық көлік, қалалық көлік.

4 Әмбебап көлік түріне жатады. Жолаушы және жүктерді тасымалдай алатын көліктер.

5 Әмбебап емес көлік түріне тек қана жүктерді немесе жолаушыларды ғана тасымалдауға арналған немесе қандай да бір жүк түрін тасымалдауға арналған.

6 Дискретті көлік түріне жүктерді немесе жолаушыларды жеке партиямен немесе топтармен тасымалдайтын көлік түрі жатады.

7 Үздіксіз көлік, жүктерді немесе жолаушыларды үздіксіз ағынмен тасымалдай алатын көлік түрі.

Бірінғай көлік жүйесі деп экономикалық, технологиялық, техникалық немесе нормативті құқықтық қарым қатынастармен байланысқан барлық көлік түрлерінін жиынтығын айтады. Әр бір көлік түрінің тиімді қолдану аумағы болады. Көлік жүйесінің құрамына: теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су немесе өзен, теңіз, әуе, құбыр, қалалық, өондірістік, космостық көлік және де энергиямен ақпарат көлігі жатады.

Көлік саласын дамытудың тапсырмалары:

1. Халық шаруашылығы және халықты тасымалдау бойынша толық және уақытында қанағаттандыру.

2. Көлік жұмысының жоғары үнемділігін, экологоиялығын көтеру және тасымалдаудың өзендік құнын азайту.

3. Жүкті жеткізу уақытын қысқарту.

4. Тиімсіз тасымалдаудың алдын алу.

5. Тасымалдаудағы шығынды азайту.

6. Көлік құралының ыңғайлылық денгейін көтеру жіне қозғалыс қауіпсіздігін қамтамыз ету.

7. Ғылыми техникалық жетістіктерді құрастыруды және енгізуді үдету, жылжымалы құрамды жаңарту темпін көтеру.

Көлік желісі мемлекетіміздің елді мекендеріміздің немесе жеке аймақтарын байланыстыратын барлық қатынас жолдарының жиынтығы.

Көлік желісі техникалық жоспар бойынша нақты аймақтың көліктік қызмет көрсету деңгейін ұйымдастырады.Көлік жұмысының сапасын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер болады:

1)жүк айналымы

2)жүк көлемі(тасымалдау көлемі)

3)пайдалану шығындарының деңгейі(тасымалдаудың өзіндік құны)

4)күрделі салымдар

5)жеткізу уақыты мен жылдамдығы

6)өтімділік қабілеті

7)тасымалдаудың маусымдылығы

8)тасымалдау сенімділігі

9)жүктің сақталуы

10)жылжымалы құрамның тиімділігі.

Наши рекомендации