I. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Мемлекеттік тіл

Республикадағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент Заң шығару қызметін жүзуге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.

Жұмыс түрлері:

1. Мәтінді мұқият оқындар.

2. Мемлекетіміздің басқару органдарын біліп алындар.

3. Парламент, Сенат, Палата, Премьер-Министр, Мәжіліс деген атауларды түсініп алыңдар. Мұғалімнің көмегімен әңгімелеп айтыңдар.

Сұрақтар:

1. Мемлекеттік тіл қай тіл?

2. Парламент нелерден тұрады?

3. Заң шығару қызметін не іске асырады?

4. Ол кімнің алдында есеп береді?

5. Үкіметті кім басқарады?

6. Конституциялық Кеңес нені бақылайды?

Жұмыс түрлері:

1. Сұрақтарға жазбаша жауап қайтарыңдар.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды.

Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түйіндіріп, түсіндіріп келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана тілін, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады.

Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық-тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.

Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол-қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, тұрмыс – тіршілігімен танысады.

Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Біз ана тілімізді, ділімізді қадірлей білейік, таза болуына, дамуына, өрлей, өркендей түсуіне ат салысайық.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тілі

Қазақ тілі – көлемі 2,7 млн шаршы км. Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

1997 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қабылданған Заңның 4 – бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»

Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен оқу – ағарту тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, ұлт тілі. Қазақстандағы қазақтардың саны 1997 жылдың басына қарай 8 млн – ды құрды. Шетелдерде 4 млн. 200мыңға жуық қазақтар тұрады.

Қазақстанда қазақтармен бірге 126 ұлт және халықтар өкілі тұрады.

Түркі тілдеріне жататын қыпшақ тобына қарақалпақ, ноғай тілдерімен қоса қазақ тілі де жатады. Славян тілдері тобынан кейін 2 орында түркі тілдері. Бұған 18 әдеби тіл кіреді.

Тілдің маңызы мен қоғамдық қызметі зор.

апсырма.

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2) «Ана тілің – арың бұл», «Сүйемін туған тілді – анам тілін» деген тақырыптарға шағын шығарма жазыңыз.

3) Тіл туралы ақын-жазушылардың сөздерін, мақал-мәтелдер жазыңыздар.

Зат есім

Заттық үғымды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есімдеп атайды.

I. Мағынасына қарай Түрлері Мысалдар
1. Жалпы бала, адам, дала, үй
2. Жалқы Болат, Алматы, Қазақстан
II. Тұлғасына қарай 1. Негізгі ел, жер, су, от, қала
2. Туынды қойшы, балалық, білім, айтыс
III. Құрамына қарай 1. Дара тарақ, жылқы, ауыл, жігіт
2. Күрделі а) Біріккен Бәйтерек, белбеу, Ақсу, қырықаяқ, күнбағыс, орынбасар
ө) Қосарлы ата-ана, ел-жұрт, ой-қыр, жауын-шашын, тамыр-таныс
б) Тіркесті аяқ киім, балалар бақшасы, ауыл шаруашылығы, сары май
в) Қысқарған ҚазМҰУ, атком, пединститут, диамат, см, кг, кв, мм

Жалғаулардың орын тәртібі

Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Сөзге жұрнақ, сонан кейін көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары бірінен соң бірі жалғанады.

  Қосымшалар
Сөз Жұрнақ көптік тәуелдік септік жіктік   жалғау жалғау жалғау жалғау

оқу-шы-лар-ыңыз-быз

оқу-шы-лар-ыңыз-ға

Көптік жалғау (Аффиксы множественности)

Наши рекомендации