Тақырыбы:« Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірізділігінің қалыптасуы». 5 страница

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадымына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті, болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.

Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гумнаитарлық пәндердің мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы

2. Ұлттық тағылым.

3. Қазақстандық патриоттық тәрбие.

4. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі.

5. Жалпы ұлттық тәрбие

6. Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүрі

7. Қазақстандық патриотизм

Лекциялық сабақ №15.

Тақырыбы:" Ұрпақтар сабақтастығы концепциясының мазмұны."

Жоспары:

1.Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогрестік жағдайы.

Сабақтың мақсаты:Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

Қысқаша мәтіні:Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

1.Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогрестік жағдайы.

Қазіргі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің мынадай негізгі бағыттарына ықпал етуі қажет.

Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа идеологиясын жасау.

Республика азаматтарының осы жаңа идеологияны терең түсініп, меңгеруі. Қазақстан Республикасын Өз Отаны деп түсінуі.

Қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік және мемлекеттік құрылымдар тарапынан патриоттық тәрбиеге байланысты жұмыстардың нәтижелілігін тексеру және жүйелі түрде жоспарлап отыру.

Республика бойынша біртұтас халықтық-шаруашылық кешен жасау, Қазақстандағы ұлттық қоғамдастықтар арсындағы өзара байланысты жетілдіру.

Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар, партиялар, мемлекеттік құрылымдар, электрондық техника, баспаның рөлін дамыту.

Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

Азаматтардың Қазақстан Респуликасының экономикалық, мәдени және әскери күшін нығайту, оның мүдделерін қорғау тәрізді патриоттық парыз сезіміне жауапкершілігін калыптастыру.

Елдің барлық азаматтарын ұлтшылдыққа, шовинистікке, экстремизм мен сепаратизмге төзбестік рухта тәрбиелеу.

Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызды рөл атқарады. Оған дәлел ретінде Н.С.Сарсенбаевтің сөзін келтіруге болады: "ұлттық дәстүрлер дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлері не құндылық көзқарасын көрсететін тұрақты, қайталанып тұратын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін бұқаралық нормалар, принциптер, қызметтер, сезімдер, идеялар түрінде берілген қоғамдық қатынастардың өмір сүруінің арнайы формалары".

Кәдімгі жанұяны мысалға алайық. Әрбір ұлттың өз дәстүрі бар. Бұл жанұяға нәресте келді делік. Осы жанұя баланың жастайынан бастап барлық дәстүрлерді сақтап, орындап жүрсе онда бұл баланың бойында ерекше бір сезім қалыптаса бастайды.

Ол істеліп жатқан дәстүрлерге үйреніп, олардың ата тегінен бастап келе жатқанын сезінеді. Сөйтіп, оның бойына ата-бабасынан келе жатқан ұлттық дәстүрлер қалыптасып, ол оны келешекте келер ұрпаққа жеткізетін болады.

Әрбір халықты өзінің тарихы, мәдениеті мен тілінің дамуына тікелей байланысты туған өлкесіне деген үлкен махаббат пен қимастық сезім бар.

Тарихты халық жасайды. Тарих қоғамның даму заңдылықтары негізінде жасалады, оны кері жүргізуге болмайды. Егер қандай да бір елдің экономикасы нашар болса, онда бұл елдің азаматтары барлық өзгерістерге, жаңалықтарға немқұрайлы болады. Себебі әрбір адам тек өз қамын ойлай бастайды. Бірақ біздің пайымдауымызша, ұйымшылдық жоқ жерде нәтиже де, прогресс те, нақты шешім де жоқ.

Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі - ерлік. Ерлік жасаған адам сөзсіз патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл сөзге, ұғымға тоқталмас бұрын біз "ер" сөзіне түсінік беруге тырысайық. В.Дальдың түсіндірме сөздігінде "Ер" деген сөз "ержүрек, жауынгер, күрескер, батыр, ғажайып-жауынгер, жалпы соғыста да, бейбіт өмірде де жәрдемші деп түсіндіріледі".

КСРО Ғылым академиясының қазіргі орыс әдеби сөздігі "ер" сөзін былайша түсіндіреді: "Ерлік жасайтын адам, соғыста батылдығымен ерекшеленген жауынгер, батырлық - батырға тән-айбынды. Ерлік - батырлық жасауға даяр болу, батылдық, табандылық, жанкештілік ".

Ерлік деген ұғымға тоқталмас бұрын біз осы сөздің түбірі болып келетін "ер" сөзіне әр түрлі мағынасын бердік, бірақ бәрінің негізінде ержүректік, батылдық, табандылық деген ұғым жатыр.

Сонымен, "ер" деген сөзбен осы түбірден жасалатын басқа да сөздер мен анықтамалар патриотизмнің төмендегідей категорияларымен санадан тыс-ақ үйлесе қолданылады: ержүрек, батылдық, жасампаздық, шешімділік, табандылық, шыдамдылық, берілгендік.

Ғылыми әдебиетте бұл құбылыс жеткілікті зерттелген. Біз қарастырып отырған әлеуметтік - психологиялық феноменге мынадай анықтама берілген: "Ерлік дегеніміз - халықтың, топтың, жеке адамдардың прогрессивті қоғам үшін күресіндегі жанкештілігі, табандылығы, жаужүректігі".

Белгілі ғалым Қ.Жарықбаев "Бауыржан Момышұлы" атты еңбегінде былай дейді: "Адам бойындағы бүкіл жақсы - жаман қасиетте алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік, қорқақтық пен қоян жүректіліктің нағыз сынға түсер жері осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. Тек ұрыста ғана, - дейді Бауыржан Момышұлы, - адамның барлық қасиеті сынға түседі..." . "Бауыржан Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға аса назар аударып, әр түрлі этностар қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, украин, беларусь, орыс, т.б. бойындағы жақсы қасиеттерді көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуте үнемі зор мән беріп отырады" - деп ерліктің мағынасына терең талдау жасайды. "Психология" атты еңбегінде автор: "Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатқа шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдік рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет" - деп, ерлік ұғымына терең анықтама берген.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі бағыттар.

2.Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі .

3.Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызы.

4.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар.

5.Қазақстандық патриоттық сезімнің мақсаты

Лекциялық сабақ №16

Тақырыбы:"Бастапқы әскери дайындық және басқа сабақтарда оқушы жастарға әскери патриоттық тәрбие беру"

Жоспары:

1.Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.

Сабақтың мақсаты:Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,көзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.

Қысқаша мәтіні: Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығын т.б. қалыптастыру жолдары.

1.Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.

Жастарды еліміздің тәуелсіздігін қорғауға дайындау жүйесін құруда, оның тиімділігін арттыруда Отан қорғаушылардың дайындықтарының табиғатын ашып көрсететін, жеке тұлғаның күрделі қасиеті мен әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын білу ерекше маңызға ие.

Отанды қорғауға дайындық құрылымында, моральдық-саяси, психологиялық, әскери-техникалық және дене жағынан дайындығы бөлініп көрінеді. Сонымен бірге Отанды қорғауға дайындық туралы түсініктер осы күрделі сапаның, оның бүтіндік табиғатын толық ашып бере алмайды. Соңғысы өз өміріне қауіп төнсе де Отан қорғауға дайындықты дамытуды, кейбір жекелеген мінездің жағымды белгілерін қалыптастырумен алмастыруға болмайды. Сондықган бүтіндей оқу-тәрбие процесін құру үшін Отанды қорғауға дайындықты қамтамасыз етуді қалыптастыратын түсініктерді толығымен білу қажет. Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырушыларға осыған байланысты жалпы педагогика, психология, сонымен қатар әскери педагогика, психология саласының білімдерін білудің үлкен маңызы бар, яғни Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері болып табылады, оған мынадай касиеттер кіреді: көзқарастар, әсерленушілік, қандай қиын жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.

Бұл қасиетердің барлығы өздігінен өмір сүрмейді, олар бір-бірімен іштей байланысты және өздерінің бірлігімен адамның ең бір басты қасиеті болып есептелетін Отанды қорғауға дайындықтың тұтас құрылымын анықтайды.

Осыған байланысты әскери іске дайындық көрсеткішін мынадай екі топқа: жалпы және арнайы деп бөлген жөн.

Жалпы талаптар - бұлар интегративті белгілер, олар жалпы алғанда Отанды қорғауға дайындықтың қалыптасқандығын анықтайды.

Оларға мыналар жатады:

- Отанды қорғауға деген тұрақты сенім, өздерінің өмірлік жоспарларында отанды қорғауға деген патриоттык және интернационалдық міндетін терең сезінуі;

- Еліміздің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына және олардың Қазақстан Қарулы Күштері мен еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайлау жолында істеген іс-шараларына деген сенім;

- Қазақстан Қарулы Күштер қатарында өз міндетін атқарғанда кездесетін моральдық және денеге түсетін ауыртпалықты қажырлылықпен көтеруге өз бетінше дайындалуы, еліміздің тәуелсіздігіне қол сұққан кез-келген агрессорға қарулы тойтарыс беру, Отанды қорғауға дайындықтағы саналы әлеуметтік жауапкершілік, әскери жарғылар мен басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындауға қабілеттілік, оларды Отанның берген бұйрығы деп қабылдау, өзінің тәртібін өз бетінше өзі реттеу;

- әскери тәртіптің талаптары мен ережелерін қандай жағжайда болмасын орындауға дайындық, оның ішінде стресс, қауіпті жағдайларда т.б. төтенше жағдайларда батыл әрекеттер мен істер істеуге дайындығы;

- әскери-патриоттық тәрбие қызметіндегі практикалық және іштей саналы түрде ұғынған тәжірибесінің әртүрлі формаларының бар болуы;

Арнайы талаптар: Отан қорғауға дайындықтын кейбір жақтары мен компоненттеріне қатысты. Олар, сонымен қатар маңыздылығы жағынан біртекті емес және бірнеше топқа бөлінеді.

Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар:

- Оқушылар соғыстың тұтану қаупін тойтарушы факторы біздің Отанымыздың әскери құдіреті екендігіне, оның әрбір адамның еңбегімен жасалатынында және өзінің одан әрі дамуына терең білімнің, бейімділіктің және шығармашылық қабілеттің, жоғары еңбекқорлықтың және ұйымшылдықтың, тәртіптіліктің талап етілетінін сезінуі тиіс;

- Қазақстан халқының еңбектегі ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлерін сезімталдықпен қабылдау;

- оқушылардың Отан алдыңдағы азаматтық және әскери міндетін орындауға өз бетімен дайындалуын реттейтін жинақтап қорытылған мақсаттарының болуы;

- әлеуметтік сезімнің болуы (патриоттық интернационалистік парыз, жауына деген өшпенділік, отанды қорғауға деген жеке жауапкершілік, жоғары қарғылық), "патриот", "Отан", "әскери міндеті", "жаужүрістік", "батырлық", "қаһармандық" сияқты базистік түсініктер мен категориялардың мазмұнын терең меңгеру.

Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Танымдық психологиялық процестердің жоғары дәрежеде дамуы қалай болса солай есте сақтау, ойлау жылдамдығы, жігерлік қасиеті (табандылық, батылдық, ерлік сезімнің тұрақтылығы, мақсаттылық, орындаушылық, қауіп-қатерге баруға саналы дайындығы және сүйетін Отаны үшін өзін құрбан қылуға дайындығы), сезімдік қасиеттер Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпенділік т.б., әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (ұжымшылдық, жолдастық, өзара жәрдем).

Әскери-техникалық дайындыққа қойылатын арнайы талаптар:

- Қарулы күрестегі адам мен әскери техниканың қатысатын, ғылыми-техникалық революцияның мәнін және оның әскери доктринасының жаратылыстанулық-ғылыми негізін, жаңа техниканың адамға қоятын талаптарын білу;

- алғашқы әскери дайындықтың азаматтық қорғаныстың ептіліктері мен дағдыларынан хабарының болуы (тактикалық, ату дайындығынан, саптық даярлықтан, әскери топографиядан);

- Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы туралы бөлімнің (тарихы, әскерлердің жарғылары), техника мен қаруға деген қызығушылығы, олардың жоғары мүмкіндігіне деген берік сенім, нақты әскери мамандықты игеруге қажетті әскери-техникалық дағдылар мен ептіліктерінің бар болуы; аталған
білімдер, дағдылар мен ептіліктерді әскери қызметтің басқа бір түрінде ауыстырып қолдану мүмкіндігі;

- нақты әскери қолданбады қызметтегі әрекет өрісінен тәжрибесінің болуы (автомобильді, тракторды, мотоциклді жүргізу, мылтық ата білу, парашютпен секіру т.б.), әскери техника мен қаруды, жауынгерлік тапсырманы шешу үшін барынша жұмылдыра білуі.

- Әскери-техникалық іс-әрекет жағдайларында жалпы техникалық ептіліктер мен дағдыларды ауыстырып қолдана білу қабілеті.

Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

- Жалпы дене дайындығы сапасын, күшін, жылдамдығын, ептілігін және шыдамдылығын Отан қорғаумен байланысты қызметтерді орындауға қажетті дамыту;

- арнайы дене жағынан даму саласының болуы: тербілеске, тау ауруларына тұрақтылық, ыстық климат жағдайында және су ішуге шектеу қойылған режимдегі іс-әрекеттерге тұрақтылық, типовентиляция (қозғалыс үйлесімдігін сақтауға әсер ететін салалар, шамадан артық жиіленген дем алыс кезіндегі психикалық процестердің өнімділігі) арнайы жабдықтармен әрекет етуге дайын болу т.б.;

-Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасқанын көрсететін жоғарыда ұсынылған көрсеткіштер әскери-патриоттық тәрбие өрісінде және оларды іске асыру құралын іздестіруде ғылыми мақсат қоюдың негізі ретінде қызмет атқарады. Соның ішінде кейбір белгілерінің болуы немесе болмауы Отанды қорғауға дайындықгың қалыптасқандығын түпкілікті куәландыра алмайды.

Жоғарыда айтылғандар әскери-патриоттық тәрбиенің мақсатын бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тәрбие жұмысы берілген бағытының көп жақтылығына және күрделілігіне байланысты. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты, өзіне тәрбие процесінің негізгі бағыттарын жинақтайтын сияқты болып көрінеді.

Тәрбиенің нақты мақсатын анықтау үшін, мұғалім өзінің қарастырып отырған мақсатын өзі оқу тәрбие жұмысын жүргізетін сыныптардағы оқушылардың жас өзгершілігі мен арақатынасын анықтау керек.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Моралъдық-саяси дайындыққа қойылатын талаптар.

2.Психологиялық дайындығына қойылатын арнайы талаптар.

3.Дене дайындығына қойылатын арнайы талаптар:

4.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.

5.Оқушылардың Отанды қорғауға дайындығының қалыптасуы.

6.Тәрбиенің нақты мақсатын анықтау

7.Отанды қорғауға дайындық құрылымы

Лекциялық сабақ №17

Тақырыбы: «Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі».

Жоспары:

1.Оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты:Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі

Қысқаша мәтіні: Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін ашып көрсетеді.

1.Оқыту әдістемесі

Тәжірибенің көрсеткеніндей қорғаныс-көпшілік және әскери-патриоттық тәрбие жұмысындағы жетістік бәрінен бұрын оның жоғары идеялық-саяси ойына және өткізілген іс-шаралардың қоғамдық пайдалы бағыттылығына байланысты. Сонымен қатар қорғаныс-көпшілік жұмысының барынша тиімді формалары мен әдістерін
дұрыс таңдап алудың маңызы өте зор. Көпшілік-қорғаныс айлары мен апталары, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскер мен флоттың сарбаздарымен кездесу, тақырыптық кештер, оқырмандар конференциясы, болашақ сарбаздардың кинофестивалдері мен кинолекторийлерін өткізу өмірде сыналған және практикалық қолданыста өзін ақтаған іс-шараларға жатады.

Мектеп және кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары жастардың Республикалық бағдарламасы бойынша Қазақстан халқының революциялық, еңбек және даңқ орындарына жорық жасайды. Олар әскери-спорттық "Алау" және "Ұлан" ойындарын ұйымдастырып өткізуге өз үлестерін қосады. Оқу орынның педагогикалық ұжымдарының белсене қатысуы арқасында жорық және әскери-спорттық ойындар тек қана көпшілік-қорғаныс және әскери-патриоттық тәрбиенің ықпалды формасы ғана емес, сонымен қатар әскери және әскери-техникалық білім және жастардың дене жағынан шынығу, бозбалаларды әскери міндетін өтеуге дайындық мектебі.

Мұғалімдер, жастар ұйымы, оқу орнының ДОСААФ комитеті оқушы-жастардың атыс тирлерін салуға және жабдықтауға, кедергілі жолды және басқа да қарапайым спорт құрылыстарына тартады, жасұландарға әскери-техникалық мамандықтарды меңгеруте жағдай жасайды. Қорғаныс-көпшілік жұмыстарының негізгі міндеттерінің біріне оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәні сабағынан алған білімдері мен дағдыларын кеңейту және тереңдету жатады.

І.Алғашқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие бойынша сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.

Қоғамдық ұйымдар педагогикалық ұйымның және әскери жетекшінің ұйымдастыруымен алғашқы әскери дайындықтың арнайы оқу бағдарламасынан тыс өткізілген әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстары мен іс-шараларын сабақтан тыс тәрбие жұмысы дейміз.

Наши рекомендации