Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тіл дер – қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені мемлекеттік тіл біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып – Қазақ тілі белгіленді. Осы Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».

Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат мемлекеттік қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

(oko.prokuror.kz/.../kazak-tili-kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-tili)

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?

2.Мемлекеттік тілдің ерекшелігі неде?

3.«Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді жүрегімен сүюі тиіс» деген пікірді қалай түсінесіз?

4.Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ойдың мағынасын қалай түсінесіз?

Сіз білесіз бе?

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru И.Крылов Еуропаның негізгі тілдерін түгел игерген. Елу жасында ол көне грек тілінде еркін сөйлеген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Белгілі қазақстандық және ресейлік тарихшы, прозашы, ақын, әлемге Шоқан Уәлихановтың есімін танытқан Сергей Николаевич Марков түркі тілдерінің көбін білген, тіпті санскритті де меңгерген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Шотландиялық Дерик Хернинг те 22 тілде еркін сөйлейді екен. Ол 1990 жылы Брюссельде өткен “Европа полиглоты” байқауында жеңімпаз болған.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

Азақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - student2.ru Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

(https://qazaqtili.wordpress.com/)

Наши рекомендации