Жобаның матрицалық құрылымы

ТҰран» УниверситетІ» МЕКЕМЕСІ

жобаның матрицалық құрылымы - student2.ru    
     
ОӘК отырысында БЕКІТІЛДІ «Тұран» Университеті» мекемесі Хаттама № _21__ «27_» _06__ 2013 ж. ОӘЖ проректоры ___________ А.А.Арупов  
     

ДӘРІСТІК КЕШЕН –КОНТЕНТ

(ДӘРІСТЕР ТЕЗИСЫ, ИЛЛЮСТРАТИВТІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ, ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)

ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ» пәні бойынша

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

Мамандық: 5В070300- «Ақпараттық жүйелер»

Пән: Ақпараттық жүйелер негізі

Автор: магистр, аға оқытушы Аманова Г.К

Оқытылу технологиясы: кредиттік

Оқу бөлімі:күндізгі

Тіл бөлімі: қазақ

Студенттер білімін бағалау жүйесі: рейтингтік

Алматы, 2013

ГЛОССАРИЙ

· Жауапкершілік матрицасы (Accountability Matrix) – жоба элементтері үшін жауапкершілікті тарату матрицасы.

· Операция (Activity) – орындауға ресурстар тағайындалатын жоба элементі.

· Операциялар құрамын анықтау (Activity Definition) – орындау үшін жоба нәтижелерін алу үшін қажет операциялар тізімін анықтау.

· Операция сипаты (Activity Description) – жоба диаграммаларында қолданылатын оперцияның қысқаша сипаты.

· Операциялар ұзақтығын бағалау (Activity Definition Estimation) – операцияны орындау үшін қажет жұмыс аралықтарының санын бағалау.

· Доғалардағы операция (Activity On-Arrow) – операциялар доғаларда, ал оқиғалар түйіндерде бейнеленетін желілік диаграммаларды, операцияларды бейнелеу тәсілі.

· Түйіндердегі операциялар (Activity On-Node) – операциялар түйіндерде, ал олардың байланыстары доғаларда бейнеленетін кездегі желілік диаграммалардағы операцияларды бейнелеу тәсілі.

· Орындалған жұмыстардың мақсат құны (Actual Cost of Work Performed) – қарасытырылатын аралықтағы нақты шығындар(тура және жанама).

· Нақты соңы (Actual finish Date (AF)) - операциялар жұмыстарын нақты аяқтау күні.

· Нақты бастау (Actual Start Date (AS)) - операциялар жұмыстарын бастау күні.

· Әкімшілік аяқтау (Administrative Closure) – жобаның аяқталуын қалыптастыру, ақпаратты дайындау, жинау және тарату.

· Қосымшалар облысы (Application Area) – осы категория үшін жалпы спецификалық элементтерге ие жобалар категориясы.

· Доға (Arrow) – операцияның графикалық көрінісі, немесе желілік диаграммасын тұрғызу үшін қолданылатын техникаға тәуелді өзара байланыстар.

· «Доғадағы операциялар» әдісі (Arrow Diagramming Method (ADM)) – операциялар доғаларда, ал оқиғалар график төбелерінде бейнеленетін желілік диаграманы тұрғызу әдісі.

· Мүмкіндігінше кеш(MS)(As Late As Possible(ALAP)) – жұмыстар кестесін есептеу әдісі. Бұл кезде оқиғаның басталу күні жобаны тұтастай орындау мерзімін бұзбай анағұрлым кеш мүмкін мерзімге көшіріледі.

· Мүмкіндігінше ерте (ME)(As soon As Possible(ASAP)) – оқиғаның басталуының жоспарлық күні анағұрлым мүмкін ерте уақытқа тағайындалған кездегі жұмыстар кестесін есептеу әдісі.

· Тағайындама(Assignment) – операция жұмыстарын орындауға ресурстарды тағайындау.

· Кері өткел(Backward Pass) – жобасының желі бойынша соңынан басына өту нәтижесіндегі жоба операцияларын аяқтау немесе бастау кеш мерзімдерін анықтау.

· Ленталық диаграмма(Bar chart) - жоба жұмыстарын орындау кестесінің графмкалық көрінісінің тәсілі.

· Базалық жоспар(Baseline) – бекітілген өзгерістері бар жобаның алғашқы жоспары, базалық жоспар жоба құраушылары- құн, кесте т.б. бойынша болады.

· Аяқтау бюджеті(Budget At Complection) – жобаның жоспарлау құны.

· Орындалған жұмыстардың жоспарлық құны(Budgeted Cost of Work Performed) – қарастырылған аралықта орындауға жоспарлынған жұмыстардың жоспарлық құны.

· Өзгерістерді басқару(Change control) – орындауды талдау нәтижелері бойынша қажет түзетуші әсерлерді қолдану.

· Өзгерістерді басқару кеңесі (Change control Board) – өзгерістерге сұраныстарды бекітуге қабылдау немесе қабылдау үшін жауапты жоба қатысушыларының ресми тобы.

· Өзара әрекеттесуді жоспарлау (Communication planning) – ақпараттағы қажеттілікті анықтау және жоба қатысушыларының әрекеттесуі.

· Анықталмағандықты ескере отырып жоспарлау (Contingency planning) – тәуекелді оқиғаларды болуы жағдайында балама стратегияларды анықтаумен бірге жоба жоспарын өндіру.

· Болжанбаған жағдайларға қор (Contingency reserve) – жоспарлау үшін жеткіліксіз жоба оқиғалары үшін арнайы қосалқы алынған мөлшерлері.

· Контракт (Contract-келсім-шарт) – жабдықтаушыны белгілі бір өнімдер немесе қызметтермен жабдықтауға, ал тапсырыс берушілерді оларды төлеуге міндеттейтін екіжақты келісім. Контракттар әдетте үш негізгі категорияның біреуіне түседі, бекітілген құны мен шығындарды, шығындарды қайтарумен өнім бірлігінің бекітіліген бағасы.

· Контракттар әкімшілігі (Contract Administration) – жабдықтаушы мен байланыстарды басқару.

· Контрактарды жабу (Contract Close out) – сұрақтарды шешумен бірге контракттарды аяқтау.

· Бақылау(Control) – нақты орындауды жоспарланған мен салыстыру процесі, ауытқуларды талдау, баламаларды бағалау және егер қажет болса, түзетуші әсерелерді қолдану.

· Қорытынды диаграммалар (Control charts) – уақыт ішінде процесс нәтижелерін графикалық көрінісі және жоспарланған шектеулермен салыстыру.

· Түзетуші әсерлер(Corrective Action) – жоспармен сәйкес жобаны кейін орындауды өткізу мақсатында өзгерту.

· Бюджетті өндіру (Cost Budgeting) – жоба элементтеріне құндық баға қосымшасы.

· Құнды басқару(Cost Control) – жоба бюджетінің өзгерістерін бақылау.

· Құндық баға (Cost Estimating) – жоба операцияларының құндық бағасы.

· Сапа құны(Cost of Quality) – сапаны басқару құны.

· Құнды орындау индексі ( Cost Performance index) – орындалған жұмыстардың жоспарлық және нақты шығындар қайтарылады, жабдықтаушы қызметтерінің бекітіліген құны төленеді, сонымен бірге жұмыс нәтижелері бойынша марапат оқып беріледі.

· Құн ауытқулары (Cost Variance) – орындалған жұмыстардың жоспарлық және нақты құндары арасындағы айырмашылық.

· Криртикалық операция(Critical Activity) – критикалық жолдың кез келген операциясы, яғни орындау мерзімдерінің қоры жоқ операция.

· Критикалық жол (Critical Path) – жобаның минимальді жалғасымдылығын анықтайтын операциялар жиыны.

· Критикалық жол әдісі (Critical Path Method) – жоба ресурстарының шектерін ескермей критикалық жолды анықтайтын желілік жоспарлау техникасы.

· Аяқтаудың ағындық күні (Curren Start Date) – операция басының мерзімінің ағындық бағасы.

· Мәртебелік күні (Data Date) – болашақ нақты деректерді бөлетін күні.

· Нәтиже (Deliverable) – жобаны немесе оның бөлігін аяқтау үшін орындалған кез келген өлшенетін өнім.

· Өзара байланыс (Dependency) – операциялардың орындау тәртібін анықтайтын жоба операциялары арасындағы логикалық байланыс.

· Жалған операция(Dummy Activity) – доғалардағы операциялар әдісінде логикалық байланыстарды жалған операциялар бейнелейді.

· Ұзақтылық (Duration) – жоба операциясын немесе басқа элементін орындау үшін қажет жұмыс аралықтарының саны.

· Ұзақтылықты қысу (Duration Compression) – мақсаттардың өзгертілмеуінсіз жоба кестесін қысу, әдетте, ол жұмыс құнының өсуімен байланысты.

· Ерте мезеттегі соңы (Early finish Date) – ресурстардың шектелуін ескермей, операцияның аяқталуының ерте мерзімі.

· Ерте мезеттегі бастау(Early Start Date) – ресурстардың шектелуін ескермей қалады.

· Алынған мән (Earnecl Value) – 1) жобаны орындауды өлшеу әдісі. 2) орындалған жұмыстардың жоспарлық құны.

· Алынған мәндерді талдау (Earned Value Analysis) – жобаны орындауды өлшеу әдісі.

· Жүктеме (Effort) – операцияны орындау үшін қажет жұмыс бірліктерінің мөлшері.

· Баға (Estimate) – күтілетін сандық бағалар қосымшасы.

· Аяқтауды бағалау (Estimate at Complection) – операциялардың, операция топтарының немесе жобаның күтілетін жалпы бағасы.

· Аяқтауға дейін бағалау (Estimate To Complete) – қалған операцияның, операция топтарының немесе жоба бағасы.

· Түйіндердегі оқиғалар (Event on Node) – желілік диаграммаларды тұрғызу техникасы, мұнда оқиғалар желі түйіндерінде бейнеленеді, ал доғалар тізбектілікті бейнелейді, олар мұнда орындалу керек.

· Ауытқулар туралы есеп беру (Exceptions report) – жоспардан негізгі ауытқуларды қосатын құжат.

· Өкілеттілікті делигерлеу – өзі жауаптылығыңды басқаға арту.

· Күтілетін ақша өрнегі (Expected Monetary Value) – табыстар мен шығындарға оқиғалар ықтималдылығын орындау, ал осы оқиғалармен шақырылады.

· Тез өткелі (Fast Trocking) – жоба ұзақтығын операцияларды параллель орындау арқылы қысу, олар әдетте тізбекті орындалады.

· Аяқтау күні (Finish Date) – операцияны аяқтау мерзімі әдетте анықтауыштармен қолданылады – нақты, жоспарлық, күтілетін, есептік, ернте, кеш, базалық, директивті немесе ағындық.

· Соңы – соңы (СС) (Finish – to-start (FS)) – операциялық логикалық байланысының типі, бұл кезде кезекті операция алдыңғысы аяқталған соң ғана бастала алады.

· Бекітілген құны мен нәтижелер үшін сыйақымен бірге контракет (БҚ+С) (Fixed Price Incentive Fee (FPIF) Contract) –контракт типі, бұл кезде тапсырыс берушіжабдықтаушыға бекітілген сумманы төлейді және келісілген критерийлерді орындағанда қосымша сумманы төлейді.

· Қор (Float)–уақыт аралығы, оған жобаны орындау мерзімдерін бқзбай операцияларды орындаудың жоспарлық мерзімдерін тежеуге болады.

· Жулі фроментті (Fragnet) – жоба операцияларының байланысты көптігі.

· Тікелей өткел (Forward Pass) – операцияның аяқталу мен басталуының ерте мерзімдерін есептеп шығады.

· Бас қор (Free Float (FF)) – уақыт аралығы оған операцияны орындауды келесі операциялар басын тежемей орындауды кідіртуге болады.

· Функционалды жетекші (Funtional Organization) – ұжым мамандықтар бойынша иерархиялық түрде топталған ұйымдық құрылым.

· Гант диаграммасы (GantChart) – ленталық диаграмма.

· Сұрып (Grade) – бірдей функционалдық қасиеттері бар, бірақ сапасына қойылатын талаптары бойынша айырықшаланатын өнім айырмашылықтары үшін қолданылатын категория немесе ранг.

· Графикалық бағалау мен талдау техникасы (Graphical Evalution and Review Technique) – операция байланыстарының ықтимал және шартты тапсырманы қолдануға мүмкіндік беретін желіні талдау техникасы.

· Байланыстырушы операция (Hommock) – әдетте жобаның операциялар тобын қосатын қорытынды жұмыс. Байланыстырушы допрерация оған кіретін операциялардың біріншісінің басынын аяғына дейін орындалады.

· Ақпаратты тарату (Informationj Distribution) – жоба қатысушылары үздіксіз негізінде ақпаратпен қамту.

· Инициация (Initiation) – жобаны орындауды ұйымдастыруды тағайындау туралы шешім.

· Ұсыныстарға шақыру (Invitation for Bid (IFB)) – жабдықтаушылар жасаған ұсыныстарға шақыру.

· Кіріс (Lag) –байланысты шарттарын орындаған соң келесі доперацияны орындау кідірісін анықтайтын логикалық байланысқа қосымша.

· Кеш мерзімді соңы (Late Finish Date (LF)) – критикалық жол әдісінде жобаның қорытынды оқиғаларын орындаудың мерзімдерін бұзбай операцияны аяқтаудың анағұрлым кеш мерзімдері.

· Асып кету (Lead) – байланысты орындау шартының келесі операциясын орындау мерзімдерінен асып кетуді анықтайтын, логикалық байланысқа қосымша.

· Туралау (Leveling) – жобалық ресурстар шектеулігін ескеріп жобаны орындау кестесін құру.

· (Late Start Date (LF)) – критикалық жол әдісінде жобаның қорытынды оқиғаларын орындаудың мерзімдерін бұзбай операцияны аяқтаудың анағұрлым кеш мерзімдері.

· Байланыс (Link) – жоба операцияларының логикалық байланысы.

· Желілік диаграмма (Logic Diagram) – желілік диаграмма.

· Өзара байланыс (Logical Relationship) – жоба операцияларының логикалық байланысы.

· Цикл (Loop) – GERT әдісімен шешілетін, бірақ желілерді талдаудың әртүрлі әдістерімен жол берілмейтін операциялардың циклдік байланысы.

· Басқару қоры ( Management Reserve) – болжанбаған немесе тәуекелді жағдайларының туындау жағдайына қор.

· Ұлғайтылған кесте (Master Schedule) – тек негізгі кезеңдермен шешу оқиғаларды қосатын жобаны орындау кестесі.

· Матрицалық ұйымдастыру (Matrix Organization) – кез келген ұйымдастырушылық құрылым, мұнда жоба менеджері функционалды жетекшілермен жоба ресурстар жетекшілігімен тағайындалуы үшін жауапкершілікті бөледі.

· Қорытынды оқиғалар (Milestone) – маңызды нәтижелерге жетумен байланысты жобаның маңызды оқиғасы.

· Бас тарту (Mitigation) – тәуекелділік оқиғасын немесе шығындарды кеміту ықтималдығын төмендету мақсатымен шараларды қабылдау.

· Мониторлы (Monitoring) –жобаны орындау туралы ақпаратты беру, талдау, жинау.

· Монте карло әдісі (Monte Carlo Analysis) – нәтижелердің ықтимал таратылуын анықтау үшін жобаны көп рет модульдеумен байланысты тәуекелділіктерді бағалау әдісі.

· Желі (Network) – желілік диаграмма.

· Желіні талдау (NetworkAnalysis) – жоба операцияларын орындаудың ерте және кеш мерзімдерін анықтау.

· Желі логикасы (Network Logic) – желілік диаграмманы түзейтін логикалық байланыстар жиынтығы.

· Желідегі жол (Network Path) – желілік диаграммадағы кез келген үздіксіз операциялар тізімі.

· Түйін (Node) – желілік диаграмма түйіні.

· Жұмыстардың ұйымдастырушылық құрылысы (Organizational Breakdown Structure) – жұмыс пакеттерін ұйымдастырушылық біріктіруге жатқызу үшін жобалық ұйымдастыруды құрылымдау.

· Ұйымды жоспарлау (OrganizationalPlanning) – есеп беру қатынастарын, жауапкершіліктер мен жобалық рольдерді анықтау, құрастыру және тағайындау.

· Өзгерістерді жалпы басқару (Overall Change Control) – жобаның барлық аспектілері мен қатынасушылары бойынша өзгерістерді координациялау.

· Параметрлік бағалау (Parametric Estimating) – тарихи деректер мен басқа сипаттамалар арасындағы статикалық байланыстарды қолданатын бағалау әдісі.

· Парето диаграммасы (Pareto Diagram) – оқиғалардың басталу желіліктерінің олардың себептерінен тәуелділігінің гистаграммасы.

· Жол (Path) – жобаның желілік диаграммасындағы тізбекті операциялар жиыны.

· Орындау пайызы (Percent complete (PC)) – операцияның немесе операциялар тобының орындалған жұмыстар үлесін пайызбен бағалау.

· Орындау жөнінде есеп беру (Performance Reporting) – жобаны орындау туралы ақпаратты жинау және тарату.

· Орындаушы ұйым (Performing Organization) – жобаны орындауға қызметкерлері қатысатын ұйым.

· PERT диаграммасы (PRET Chart) – желілік диаграмманың арнайы типі.

· Фаза (phase) – жоба фазасы.

· Жоспарлық фижиж (Planned Finish date (PF)) – операцияны немесе операциялар тобын аяқтаудың жоспарлық мерзімі.

· Алдыңғы операция (Predecessor Activity) – ағындық операцияны орындау бұл операцияны орындаудан логикалық тәуелді.

· Контракттарды жоспарлау (Procurement planning) – қандай контракттар қажет және қашан анықтау.

· PERT әдісі (Program Evaluation and Review Technique) – жоба операцияларының ұзақтығын бағалаудың ықтимал сипатын еске алу әдісі.

· Жоба (Project) – ерекше өнімдер немесе қызметтерді құру үшін арналған уақытша кәсіпорын.

· Жобалық әсерлесуді басқару (Project Communication management) – жобалық ақпаратты жинау мен таратуды ұйымдастыру үшін арналған процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Жоба құнын басқару (Project Cost Management) – жоба бюджетін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі. Негізінен құнды басқаруды емес, ”күн” критериі бойынша басқаруды білдіреді.

· Ұжымды басқару (Project Human Resources management) – жобаға қатыстырылған адамдарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Минтерациялық процестерді басқару (Project Integration Management) – жобаларды басқарудың түрлі процестердің координациясын қамтамасыз ету үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі. Ол жоба жоспарын өндіру мен орындауды өзгерістерді жалпы жобаларды қосады.

· Жобаның өмірлік циклы (project Life Cycle) – тізбекті формалар жиыны, олардың мөлшері мен құрылымы жобаға қатысатын ұйым немесе ұйымдардың жобаны басқару талаптарына сай анықталады.

· Жобаларды басқару (Project Management) – жоба қатысушыларының модулдері мен қажеттіліктерінен асу немесе сақтау мақсатында жоба жұмыстарына, білімдер, дағдылар, әдістер мен құралдар қосымшасы.

· Жобаларды басқару бойынша білімдер ағашы (Project Management Body of Knowledge (PMBOK)) – жобаларды басқару бойынша профессионалды білімдер суммасын қамтитын, жинақтаушы термин PM BOK дәстүрлі әдістері сияқты шектеуші қолдануды тапқан жаңа әдістерді де қосады.

· Жобаларды басқарудағы профессионал (Project Management Professional) – PMI сертификацияланған тұлға.

· Жобаларды басқару бағдарламалары (Project Management Software) – жоба ресурстарын мерзімдері мен құнын басқару және жоспарлау үшін арналған компьютерлік бағдарламалар класы.

· Жобаны басқару қағидасы (Project Management Team) – жобаны басқаруға тікелей қатысатын команда мүшелері. Кішігірім жобаларды жобаны басқаратын команда жобаның барлық команда мүшелерін қоса алады.

· Желілік диаграмма (Project Network Diagram) – жоба операциялары арасындағы логикалық байланысудың схемалық берілуі.

· Жоба формасы (Project Phase) – қандай да бір негізгі нәтижелердің біреуіне жету үшін арнайы логикалық байланысқан операциялар жиыны.

· Жоба жоспары (Project Plan) – жобаны орындау және басқару үшін арналған режим бекітілген құжат. Жоба жоспарының негізгі мақсаттары жасалған ұсыныстар мен қабылданған шешімдерді құжаттау. Жоба қатысушыларының әрекеттесуін жеңілдету және жобаның базалық мақсаттарын, мерзімдері мен құндарын құжаттау болып табылады.

· Жоба жоспарын өңдеу (Project Plan Development) – бір тізбекті құжатта жоспардың басқа процестерінің нәтижелерін рәсімдеу.

· Жоба жоспарын орындау (Project Plan Execution) – қосылған доперациялар көмегімен жоба жоспарын жүзеге асыру.

· Жобаны жоспарлау (Project Planning) – жоба жоспарын өңдеу және сүйемелдеу.

· Контракттарды басқару (Project ProcuremantManagement) – орындаушы ұйымнан тыс тауарлар мен қызметтерді алу үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Ресурстарды басқару (Project ResourceManagement) – ресурстарды дең жақсы қолдану көлемімен жоба мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Сапаны басқару (Project Quality Management ) – жоба қабылданған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Тәуелділіктерді басқару (Project Risk Management) – жобалық тәуелділіктерге әсер ету, анықтау, талдау үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Жобаны орындау кестесі (Project Shedule) – операцияларды орындау және қорытынды оқиғалардың басталудың механизмдері жоспарлық.

· Мақсаттарды басқару (Project Scope Management) – жобаға сәтті орындалу үшін қажет жұмыстардың қосылғандығын дәлелдеу үшін қажет процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі.

· Жоба командаларының мүшелері (Project Team Members) – Жоба міндеттеріне есеп беруші тұлғалар.

· Мерзімді басқару (Project TimeManagement) – жобаның жұмыстарын уақытында орындауды қамтамасыз ету үшін процестерді қосатын жобаларды басқару бөлімі. Негізінен басқа құрылымдарда басқаруды, соның ішінде жобаны уақытында орындау үшін ресурстарды басқаруды білдіреді.

· Жобалық-бағытталған ұйымдастыру (Projectized Organization) – жоба менеджері жоба ресурстарын қолдану бойынша толық өкілеттілікке ие кез келген ұйымдастырушылық құрылым.

· Сапаны мақұлдау (Quality Assurance) – сапаның қабылданған стандарттарының орындалуын мақұлдау үшін жобаны орындаудың үздіксіз бағалау процесі.

· Сапаны басқару (Quality Control) – қанағатсыз орындалу себептері мен салдарын жою үшін түзетуші әсерлерді өндіру және қолдану процесі.

· Сапаны жоспарлау (Quality Planning) – жоба сапасының стандарттарын анықтау және оларды орындау жолдарын анықтау.

· Қалған ұзақтылық (remaining Duration (RDU)) – операцияны аяқтау үшін қажет уақыт.

· Ұсыныстарға шақыру (Request for Proposal) – потенциалды жабдықтаушылардан ұсыныстарды алу үшін арналған тендерлік құжаттама типі.

· Қор (Reserve) – құндық және уақыттық тәуекелділіктерді төмендету үшін арналған жоспарлау құрылымы.

· Ресурстарды туралау (Reserve Leveling) – жобалық ресурстардың шектелуін ескеріп жобаны орындау кестесін құру.

· Шектеулі ресурстары бар кесте (Reserve – Limited Schedule) – жобалық ресурстардың шектеулігімен ескеріліп жасалған жобаны орындау кестесі. Жобаны орындаудың соңғы кестесі әрдайым шектеулерін ресурстар ескеру керек.

· Ресурстарды жоспарлау (Reserve Planning) – жоба жұмысын орындау үшін қандай ресурстар және қандай мөлшерде қажет екендігін жоспарлау.

· Жауапкершіліктер матрицасы (Responsibility Assignment Matrix (RAM)) – жобаның барлық жұмыстарына жауаптыларды тағайындау үшін жобаның жұмыстарының иерархиялық құрылымы мен ұймдастырушылық құрылымын сәйкес қоятын құрылым.

· Ұсталымдар (Retainage) – контракт орындалғанға дейін ұсталатын контрактты төлемдер бөлімі.

· Тәуелділік оқиғасы (Risk Event) – жобаға кері немесе оң әсер ете алатын оқиға.

· Тәуелділіктерді анықтау (Risk Identification) – жобаға әсер ете алатын оқиғаларды анықтау.

· Тәуелділікті бағалау (Risk Quantification) – тәуелділік оқиғасының ықтималдылығымен себептерін бағалау.

· Әсер етуді басқару (Risk Response Control) – жоба ішінде тәуелділіктер өзгерістеріне әсер ету.

· Әсер етуді өндіру (Risk Response Development) – жағымыда жағдайлар болу үшін және жағымсыздардың алдын алу үшн алдын ала сілтемелер өндіру.

· S-қисығы (S-Curve) – қорытынды шығындарының, еңбек шығындары немесе басқа сандық көрсеткіштердің уақытқа тәуелділігінің графигі. Атауы осындай тәуелділіктің әдеттегі формасынын алынған.

· Кесте (Schedule) – жобаны орындау кестесі.

· Кестені басқару (Shedule Control) – жобаны орындау кестесінің өзгерістерін басқару.

· Кестені құру (Shedule Development) – операциялардың байланыстарын, ұзындықтары мен ресурстардағы қажеттіліктерін ескеріп жобаны қолдану кестесін құру.

· Мерзімдерді орындау индексі. (Shedule Performance Index (SPI)) – орындалған жұмыстардың жоспарлық құнының қарастырылған мезетке жоспарланған шығындарымен қатынасы.

· Мерзімдердің ауытқулары (Shedule Variance (SV)) – орындалған жұмыстардың қарастырылған мезетке жоспарланған шығындарымен әр түрлілігі.

· Аяқтаудың есептік күні. (Shedule Finish Date (SF)) – жобаны орындау кестесіне сәйкес операцияны аяқтау мерзімі.

· Басталудың есептік күні (Shedule Start date (SS)) – жобаны орындау кестесіне сәйкес операцияны бастау мерзімі.

· Мақсаттар (Scope) – жобада өндіріске белгіленген өнімдер мен қызметтер жиыны.

· Мақсаттарды өзгерту (Scope Change) – жоба мақсаттарының кез келген өзгерісі. Мақсаттардың өзгерісі әдетте жоба мерзімдері мен құндарын қайта қарастыруға әкеледі.

· Мақсаттарды анықтау (Scope Definition) – жобаның негізгі нәтижелерін кіші анағұрлым басқарылатын компоненттерге декомпозиция.

· Мақсаттарды жоспарлау (Scope Planning) – жобаның негіздемесі, негізгі нәтижелері мен мақсаттары бар құжатты өндіру.

· Мақсаттарды мақұлдау (Scope Verification) – жобаның нәтижелерін қанағатты орындалуын мақұлдау.

· Болашақ құнды бағалау (Should-Cost Estimates) – контракттық ұсыныстардың дұрыстығын бағалау үшін қолданылатын өнім немесе қызметтің болашақ құнын бағалау.

· Ұсыныстар алу (Solicitation) – ұсыныстар алу.

· Ұсыныстарды жоспарлау (Solicitation Planning) – өнімге талаптарды құжаттау және потенциалды қайнар көздерді анықтау.

· Жабдықтаушыларды таңдау (Source Selection) – потенциалды жабдықтаушылар арасынан таңдау.

· Ұжымды тағайындау (Staff Acquisition) – жоба жұмыстарына ұжымды тағайындау.

· Жоба қатысушысы (Stakeholder) – жобаға қатысатын немесе нәтижесіне тәуелді тұлға немесе ұйым.

· Басталу күні (Start Date) – операцияның бастау күні, әдетте, нақталуымен қолданылады. Нақты, жоспарлық, күтілетін, есептік, ерте, кем, директивті, барлық немесе ағындық.

· Бастау-соңы (Start-To Finish) – машиналық байланыс, ол бойынша келесі операция алдыңғысы басталмай тұрып аяқталады.

· Басы-Басы (Start-To Start) – логикалық байланыс, ол бойынша келесі операция алдыңғысынан бұрын басталады.

· Жұмыс құрамы (Statement of Work (SOW)) – котракт бойынша орындалатын өнімдер мен қызметтердің сипаты.

· Фрагмент (Subnet) – туынды жобаны беретін желілік диаграммалық туынды көптігі.

· Келесі операция (Successor Activity) – операция оны орындау мерзімдері алдыңғы операцияны орындау мерзімдеріне тәуелді.

· Аяқтаудың дерективті күні (Target Completion Date (TC)) – жобаны аяқтаудың мүмкін мерзімдерін шектейтін дерективті күн.

· Міндет (Task) – операция.

· Жоба командасын дамыту (Team Development) – жобаның орындалуын жетілдіру үшін жоба командасының дағдылары мен квалификациясын дамыту.

· Масштабталған желілік диаграммасы (Time-Scaled Logic Diagram) – жобаның желілік диаграммасы, мұнда операция қалыбы мен ұзындығы оны орындау мерзімі мен жалғасымдылығын бейнелейді.

· Орындаудың дерективті күні (Target Finish date (TF)) – операцияны аяқтаудың мүмкін мерзімдерін шектейтін дерективті күн.

· Бастаудың дерективті күні (Target Start Date) – операцияның басталуының мүмкін мерзімдерін шектейтін дерективті күн.

· Толық қор (Total Float) – уақыт аралығы, оған кеш аяқтау мерзімін бұзбай операцияның ерте бастуын тежеуге болады.

· Қосымша жұмыс (Workaround) – тәуелділіктің жағымсыз оқиғаларға әсер етуі.

· Ресурстардың операциялық құрылымы (Work Breakdown Structure) – жоба жұмыстарын құрамалау, ол оның негізгі нәтижелерін бейнелейді. Иерархиялық әр келесі деңгей анағұрлым жоба компоненттерінің шекті анықталуын бейнелейді.

· Жұмыстар пакеті (Work Package) – операцияға бөліетін иерархиялық құрылымның төменгі деңгейінің элементі.

1 Дәріс. ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУҒА КІРІСПЕ. ЖОБАЛАРДЫҢ БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ. ЖОБАЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.

Жобалармен біз барлық жерде – үйде және жұмыста кездесеміз. Жобалардың кейбір мысалдарын – іскерлік және жеке түрлерін келтіреміз: көпір құрылысы; жаңа жарнамалық компанияның басы; жаңа үйге көшу; деректерді жаңа серверге көшіру; жаңа қызмет туралы брошюраны өндіру; университетте баланы оқытуға байланысты түсініктеме іздеу; семинарды ұйымдастыру; жаңа жабдықты өндіру; программалық құралдарды өндіру мен енгізу; компанияның кері ұйымдастырылуы және т.б. Осы іскерліктің барлық түрлерін айрықшалайтын жалпы белгілерге ие:

1) олар нақты мақсаттарға жетуге бағытталған;

2) олар өзара байланысты әрекеттердің координациялы орындалуын қосады;

3) олар белгілі бір басы мен соңы бар уақыттың жалғасымдылық шектеріне ие;

4) олардың барлығы белгілі дәрежеде қайталанбайды және ерекше.

Мақсатқа жетуге бағыттылық. Жобалар белгілі бір нәтижелерді алуға бағытталады, яғни олар мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл мақсаттар жобаның қозғаушы күші болып, жеткізу үшін қолданылады. Жоба әдетте өзара байланысты мақсаттардың тұтас кешенін тұжырымдайды. Жобаларды басқарудың маңызды сипаты мақсаттарды анықтау мен қалыптастыру болып табылады, мұнда ең жоғарғы деңгейден бастап анағұрлым бөлшекті мақсаттар мен міндеттерге тізбекті түрде түсіп отырады.

Өзара байланысты әрекеттердің координациялы орындалуы. Жобаларға көптеген өзара байланысты әрекеттердің орындалуы енеді. Дара жағдайлар бұл өзара байланыстар жекткілікті айқын (мысалы, технологиялық тәуелділіктер), басқа жағдайларда олар анағұрлым жіңішке табиғатқа ие. Кейбір аралық міндеттер басқа міндеттер орындалмағанша жүзеге асырылуы мүмкін емес; кейбір тапсырмалар тек параллель орындалады және т.с.с. Егер түрлі тапсырмаларды орындау синхронизациясы бұрылса, онда барлық жобаға қауіп тууы мүмкін. Жоба – бұл жүйе, яғни өзара байланысты бөліктерден қалыптасатын бүтін, сонымен бірге жүйе, ал жүйе динамикалық болып табылады және сәйкесінше, басқаруға ерекше жолдарды талап етеді.

Уақыт бойынша шектелген жалғасымдылық. Жобалар соңғы уақыт аралығында орындалады. Олар уақытша болады. Оларда белгілі бір шамада айқын бөлінген басы мен аяғы бар. Жоба негізгі мақсаттарына қол жеткізген соң аяқталады. Жобамен жұмыс істегенде күштердің маңызды бөлігі жобаның бекітілген күні аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажетті уақыт өмір сүреді.

Қайталанбастығы. Жобалар – шаралар таныс дәрежеде қайталанбайды және бір реттік болып табылады. Қайталанбастық дәрежесі бір жобадан басқасы айрықшалануы мүмкін.

Жобаларды басқару артықшылықтары

І. Жалпы артықшылықтар. Бизнес әлемінде бастысы – ақша және бұл жобаларды басқару өсімінің себептерінің бірі, әйтпесе ол келесі жалпы артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді;

1. Инвестициялар анағұрлым тез қайтады және үлкен пайдамен. Жобаны өз уақытында құралдардың шектен шығынынсыз орындау клиенттер өз ақшаларына анағұрлым маңызды және лездік пайданы алатындығын білдіреді.

2. нарыққа тез өткізу. Кестенің арқасында жоба өндіруге бағытталған тауарлар мен қызметтер нарыққа тұтынушыларға бұл қажет болғанда өтеді.

3. Клиенттердің күтімдері анағұрлым толығырақ қанағаттандырылады. Жоспарлау клиенттердің міндеттерін анығырақ анықтауға мүмкіндік береді, ал клиенттер керектісін алған соң, мәз болады.

4. Бәсекелертер арасындағы артықшылық. Қажет уақытта қажет қызметті ұстану – бәсекелесушіге асып кетудің ең жақсы тәсілі. Сонымен қатар, жобаны басқару сапаның анағұрлым жоғары деңгейіне жету үшін қызметкерлер уақытты мен энергиясын босата отырып, бейтарап режимдегі жұмыстан бас тартуға мүмкіндік береді.

5. Стратегиялық мақсаттардың ең жақсы қолдауы. Жобаны басқару адамдарға мақсаты мен маңыздылығы неге негізделгендігін түсінуге көмектеседі. Жоспарсыз жұмыс істей отырып, адамдар жиі перспектива сезімінен айырылады.

6. Иілгіш. Жоба жоспары – бұл сәттілікке жол картасы. Оны қолда ұстап отырып, команда өзгерістерге тез жауап бере алады және альтернативті маршруттарды тиімдірек өндіре алады.

7. Өнімділік жоғарылайды. Ресурстардың анағұрлым тиімді қолданылуы адамдар өз міндеттерін жасай алатынын білдіреді. Қызметші неғұрлым тез бір істі аяқтаса, соғұрлым ерте ол басқасын орындауға босайды.

ІІ. Жоба қатысушыларына арналған артықшылықтар

1. Мақсаттың дұрыс таңдалуы. Көпке жету үшін сізден не талап етілетіндігін білу керек. Тапсырыс берушінің барлық талаптары мен қалаулары жоба жоспарында жазылған.

2. Мақсатқа жетудің дұрыс жолы.

3. Келісушілік пен салмақтылық. Жобаны басқару «жағада» барлық қажеттіліктер мен потенциалды қиыншылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

4. Ағындық қалыпты айқын түсіну. Жоспарда қайда және қалай баратыңыз жазылған. Осының арқасында сіз әрдайым мақсатқа қаншалықты жақындығыңызды анықтауға болады.

5. Ақпаратпен тиімді алмасу. Адамдар не болып жатқандығын түсінгенде өздерін анағұрлым тұрақты сезінеді.

6. Қиыншылықтар мен бейтараптылықты болдырмау. Егер алдын-ала потенциалды қиыншылықтар анықталса және оларды болдырмау жолдары табылса немесе оларды жоюдың тәсілдері табылған болса, жоба өмірі жеңіл және тартымды болады.

7. Жүктемені тарату. Іргетасты жоба менеджері оны кіші және жақсы басқарылатын фрагменттерге бөлу керек. Олар масштабы мен шошытпайды, жеңіл қабылданады жіне жеңіл қадағаланады.

Сөйтіп, тәжірибеде жобаларды басқару әдістемесін кең қолдану үшін келесілердің бар болуы қажет:

- жобаны жүзеге асыру процестерінің міндеттерін шешетін жобаларды басқарудың мүмкін және тиімді әдістер мен құралдар.;

- жобаларды басқару саласындағы дайындалған мамандар;

- жобаларды басқару нарығы.

«Жоба» түсінігінің бірнеше анықтамасы бар:

1. Жоба – бұл ойластырылатын немесе жоспарланатын зат, мысалы үлкен кәсіпорын (Вебстер түсініктеме сөздігі).

2. Жоба берілген уақыт аралығында және бекітілген бюждет негізінде нақты анықталған мақсаттары бар, қойылған міндеттерге жетуге арналған, өзара байланысты шаралар кешенін білдіреді (Халықаралық Банктің «Жедел жетекшілігі»).

3. Жоба – анықталған мақсаттары бар бөлек кәсіпорын, көбіне уақыт, құн мен жететін нәтижелер сапасы бойынша талаптарды қосады (жоба-менеджерлерінің ағылшын Ассоциясы).

Моножоба
Әлеуметтік
Мультижоба
Мегажоба
Экономикалық
Ұйымдастырушылық  
Техникалық
Аралас
Оқу ағартушылық
Инновациялық  
Инвестициялық
Комбинациялық
Қысқа мерзімді (1-2 жыл)
Орташа мерзімді (5 жыл)
Ұзақ мерзімді (5-20 жыл)
Зерттеулер мен даму

Сурет 1 – Жобалар классификациясы

Моножоба – бұл ұйыммен немесе бір бөліммен орындалатын жоба; бірмағыналы мақсат қойылымымен айрықшаланады (нақты бұйымды, технологияны құру), уақытты және қаржылық шектеумен орындалады, жою координаторы мен жетекшісі талап етіледі.

Мультижоба – күрделі мақсатта жетуге бағытталған, ондаған моножобаларды біріктіретін бағдарламалар кешені, ол ғылыми-техникалық кешенді құру, ірі технологиялық мәселені шешу, әскери-өндірістік кешеннің бір немесе кәсіпорындар тобының конверциясын жүргізу сияқты мақсаттарға жету үшін бағытталады.

Мега жоба – мақсаттардың бір тармағымен өзара байланысты, бірқатар мультижобалар мен жүздеген моножобаларды біріктіретін көп мақсатты кешенді бағдарлама; ол орталықтандырылған қаражаттауды және координациялық орталықтан жетекшілікті қажет етеді. Мегажобалардың негізінде саланың техникалық қайта жабдықталуы, конверсия мен экологияның аудандық және аймақтық мәселелерінің шешілуі, жергілікті өнімдер мен технологиялардың бәсекелесу қаблетін жоғарлату сияқты мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Жүзеге асырылатын іскерліктің негізгі сфералары бойынша жоба түрлерін келесідей бөлуге болады:

1) Техникалыық (бизнес орталық құрылысының жобасы);

2) Ұйымдастырушылық (жоғары оқу жүйесін қайта тұрғызу жобасы);

3) Экономикалық (қаржылық тұрақтандыру жобасы);

4) Әлеуметтік;

5) Аралас (ядролық қару қорларын ликвидациялау жобасы).

Жобамен басқарудың өзіндік ерекшеліктері және қиыншылықтары бар. Жобаны жасап енгізу үшін жұмыс тобы құрылған, олар алдына қойылған жаңа мақсаттарды шешеді, кейбірі функционалдық бөлімдерді құрады.

Жұмыс тобымен және барлық ұйым арасында тұрақты байланыс болуы қажет.

Жұмыс тобының әр мүшесінде ереже бойынша екі жетекші болуы керек (топ жтетекшісі және функционалдық бөлімнің жетекшісі). Жобаны басқару үшін арнайы жетекші бөлінуі қажет. Топтын құрылымы жоба бойынша жобаның қүрделілігне тәуелді. Мысалы, өніснің модификациясы болса, онда шектелген жұмыс тобы құрылады, қайсысының құрамына жаңа өнімді өндіру, өнеркәсіп, маркетинг және қызмет көрсету бөлімі кіреді. Жобаның күрделілігіне қарай жұмыс тобына кіруі мүмкін: техникалық жетекші - жұмысшылардың қаншалықты, қашан жұмыс істеуін шешетін; ғылыми жетекші - жұмыстың сапалы орындалуына жауап беретін; ұйымдастырушы жетекші – қызметкерлердің жеке мүдделерін қамтамасыз ететін (төлем ақы т.б.).

1.Жобаны сәйкестендіру (индификациялау)бұл кезде кәсіпорын жетекшілерінің жоғарғы құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорының әрі қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

2.Жобаны дайындау жобаның бірінші бизнес – идеясы бірінші тексерілмнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылданғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, қаржылық, экономикалық, техникалық, институтционалдық және т.б. оны бірте – бірте нақтылау және жетілдіру талап етіледі. Бұл кеде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау маңыздырақ боп келеді. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуында және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді.

3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобанынң аса қажетті циклына аса қажетті сатылау жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландыратын болса, онда инвестор өзі сараптама жүргізеді, мысалы: болашақта жобаны іске асыру кезінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының бір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

4.Жобаны іске асыру.Бұл кезең бизнес – идеяның дамуынан бастап, жобаны іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуының қадағалау және мемлекет ішіндегі органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторлардың бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаны іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды. Ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктілігін тексеру және инвесторалрдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

5.Нәтижелерді бағалау бұл жобаның соңында, сондай – ақ жобаны орындау кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзінде орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты табу боп табылады. Мұндай салыстырулар нәтижесінде құрастырушылар аса құнды тәжірбиелер жинайды. Бұл тәжірбиені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға болады.

Жетекші координациялық топ құрайды, олардың міндеттеріне кіреді:

· жобаның мақсатын анықтау;

· жұмыс тобына жетекшіні тағайындау;

· жұмыс тобын құру;

· міндетін қою;

· жобаны жасалуын, жүргізілуін бақылау (сапа, уақыт, шығындар);

· жобаның жалғасуы туралы шешім қабылдау;

· жұмыс тобын тарату.

Жұмыс тобын жобада өзінің бөлігін орындайды; жоспарлауға және бақылауға, координациялық топ үшін және барлық ұйымға есеп береді.

Жұмыс тобына кандидатураны таңдауда келесі көрсеткіштер негізделенеді:

· хабардарлық және тәжірибе;

· проблемалық облыста арнайы білімі болуы керек;

· жұмысқа тарту мүмкіншілігі;

· билік және ұйымдағы бедел;

· дау жағдайды шешу қабілеті;

· жұмысқа деген көз қарасы;

· жеке қызығушылық және мотивация.

Жоба жетекшісі жұмыс ұйымында шешуші роль атқарады. Сондықтан өзінің жеке қасиеттері бойынша, өзінің мүмкіншілігімен және өкілеттілігімен ол функционалды бөлімінің жетекшісі алдында беделі болуы қажет.

Мәселені анық тұжырымдау және міндетті анықтау:

· жобаны мағыналау және орындалу кезеңдерін орнату;

· негізгі мәселелерді бөлу;

· ақпаратты ауыстыру үлгілерін құру;

· күтілген нәтижелерді анықтау;

· жұмыс аяқталғаннан кейін кепілдеме жасау.

Жобаны орындау кезінде шешімдер қабылданады:

· жалғасу немесе тапсырманы түзету;

· соңғы кезеңді анықтау;

· соңғы кезеңнің аяқталу формасы.

Жобаның кезеңдерге бөлінуі оның орындалу жолын бақылайды.

2 Дәріс. ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісінің (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорынды және т.с.с ) немесе сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу және т.с.с ) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар әдетте шығарылатын өнім көлемінің өзгеруінен, өнім сапасының жоғарылатуымен және қондырғыларды жаңартумен байланысты болады.

Отандық тәжірбиеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорын дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғарғы деңгейде тұрған экономикалық саланы анықтайтыны болып табылады. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғнии оның иелері және жоғарғы басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұңғышынан ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялы іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдің келесі кезеңдерге ие.

Жобалық талдау тәжірібиесі жобалық талдау тәжірібиесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді, шетелдік тәжірібиеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде көрсетілген.

1.Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жасалуы ретінде ескерілген қондырғыларды ауыстыру, әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

2. Ағымдағы өндірістік шығымдарды азайту мақсатында қондырғыларды орнату. Осындай жобалардың мақсаты -жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін орнату, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекеленген жобаларды бөлшектеуді қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.

3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғары деңгейде қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коомерциялық орындалуын нарықтық ортасын кеңеюінің тиянақты дәлелдемесі мен сату көлемінің арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.

4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың осы түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады, және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрін әзірлеген кезде жіберген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіздікке алып келетіні атап өткен жөн.

5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалауды жасау кезінде экологиялық талдау жасау аса қажетті болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластаумен әрқашан байланысты болғандықтан, талдайдың осы бөлігі барынша қиын болып келеді. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма-жобалардың қай түріне назар аудару керек. 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілмеген немесе қымбат түрін пайдалану немесе 2) ағымдағы щығымдарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.

6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль салу және т.с.с қамтиды.

1. Жобаны басқару функциялары

Жобаның жетекшісінің міндеті мен мақсаты:

-жағдайлар туралы келіссөз жүргізү

-тапсырыс берушіден қаражат алуды қамтамасыз ету

-қызметтік міндеті

-жобаны орындау бойынша әр күндік бақылау және жіберу әрекеті

Жоба жетешісінің функциясы:

-құнмен басқару

-көлемдер а) шартты (келісімді) құқық

b) келіссөз жүргізү

-графиктар құру

-инжиниринг (техникалық құрамы)

Жобаны анықтау және әртүрлі жобаны сипатттау:

1. Жобаны орындау циклі

2. Жобаның мақсаты

3. Өзара тәуелділік

4. Бірегейлік

Жобаны басқарудың негізгі қағидалары

Жобаны басқару - бұл өзіндік орындалу әрекетінің кәсіпшіліктік түрі, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған материалды және еңбек қорларын жеткілікті жолымен принциптерді, функцияларды және басқару механизмінің әдістерін пайдалана отырып орындалады.

Басқару төрт өзара байланысқан функциялары бар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.

Осы мақсатқа жету үшін ұйымның қандай болу керек және ұйымның мүшелері не істеу керек екендігін, жалпы жоспардың функциясы қарастырады.

Стратегиялық жоспар әрекет жинағын және шешімдерді қарастырады, жетекшімен қабылданған, қайсысы ерекше стратегияға алып келетін, ұйымға өз мақсаттарына жету үшін көмек көрсету негізделген. Стратегиялық жоспардың процесі, басқаруда шешімдерді қабылдауға көмек көрсететін құралы болып табылады. Оның мақсаты- ұйымда жаңа кіріспе енгізу және өзгеруді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Ұйым стратегиялық жоспарды құрайтын, ұйымның қателері мотивациясы және бақылау арқылы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар, стратегиялық жоспар болашақ проблемаларды және мүмкіншіліктерді формалды болжауды жалғыз тәсілмен көрсетіледі. Ол шешім қабылдау үшін негізі беріледі. Формалды жоспарлау шешім қабылдауда қауіп-қатердің төмендеуіне әсер етеді.

Наши рекомендации