Пазырық қорғандарының ғарыштық моделі
Көне заман халықтарымен бүгінгі таңдағы халықтарға аңыз-әфсаналық деп шартты түрде аталатын айырықша ойлау жүйесі тән. Аталмыш ойлау жүйесі адамзат тарихындағы неолиттан бастап ортағасырларға дейінгі кезеңдерге тән әмбебап ойлау жүйесі болды [12, 39 б].
Кез-келген мәдениетті кең мағынасында белгілі бір заттай және мәндік сипатқа ие элменттер кешені ретінде қарастыруға болады. Адам болмысының құрылымдануы, әлем моделіне айналып, адам мінезінің сан түрлі құбылмалығымен айналады. Бұл материалдық мәдениетте саналы және сансыздық тұрғысынан көрініс табады.
Жоғарғы айтылған теориялық негізден жерлеу ғұрпы белгілік-символикалық жүйелердің қызметі ретінде шығуы мүмкін. Бұл жүйенің жеке элементтерінде, әсіресе жерлеу ескерткіштерінде дүниенің құрлымы туралы түсінік жасырылған [50, 87 б]. Пазырық қорғандарын зерртеу барысында мынандай заңдылықтарды байқап, келесідей нәтижеге келдік.
Жалпы көптеген сақ қорғандары секілді, Таулы Алтайдағы сақ қорғандарының үстіңгі беті шеңбер пішінінде болған. Аталмыш фигураның семантикалық мәні, әртүрлі халықтарда спецификалық сипатқа ие болып отырған (мысалға үй, қалқан және т.б), ал былай ол амбебап сипатқа ие. Шеңбер, не оған пішіні тұрғысынан жақын пішіндер (шар, сопақша және т.б), күн, шексіздіктің, ғарыштың, адам болмысынан бөлек тұратын «жоғарғы әлемнің» нышанын беруі мүмкін. Осы түсінік көне заман қоғамдарындағы мифтік дүние танымда көрініс тапқан. Алтай және түркі аңыздарында күмбез түріндегі, шеңбер пішіндес аспан төртбұрышты жерді жапқан. Үндіирандық аңыздарда әлем моделіннің жоғарғы бөлігі шеңбер түрінде болған [24,7 б].
Жоғарғы келтірілген этно-аңыздық параллелдер негізінде, қорған үймесі ерте көшпелілер қоғамында әртүрлі құдайлар мен аруақтар, жерұйық пен құрбандық малдары жайылатын масайраған мекен ретінде түсініліп, «жоғарғы әлеммен» теңестірілген.
Қабір құрылымының төменгі бөлігі – қабір шұңқыры мен қабірішілік конструкция қима таған, көбінекей төртбұрышты не тік төртбұрышты пішінде болған. Бұндай пішін практикалық тұрғыдан пайдаланғанымен оның өзіндік тылсым мағынасы да болған. Түркі, алтай, үндіиран халықтарында төртбұрыш жермен теңестіріліп, «ортаңғы әлем» түсінігін берген. Тарихи жазба деректерде бұл пікір қуаттала түседі, Геродот Қара теңіз жағалауындағы скифтердің мекендерін төртбұрыш ретінде сипаттап жазған [97, 101 б.]. Қытай деректерінде жер әлемі жан-жағынан қыраттармен қоршалған, төртбұрыш деп жазылған. Үнді ирандықтарда жерді төртбұрыш пішінде деп таныған, Ригведада жер шеңбері төртбұрыш деп аталған [100, 40 б]. Сонымен қоса аңыздық жүйелерде төртбұрыш – әлемнің төрт бұрышын, төрт жыл мезгілін және тәуліктің төрт уақыты деп қарастырылып, адамның кеңістік-уақытты қабылдауын көрсетеді.
Егер қабір шұңқырының түбіне қойылған, ағаш құрылысты шынайы өмірде болған үй не көлік құралы ретінде не қима ретінде түсінсек, онда бүтін қабір ішілік құрылысты, адам баласының мекен ететін жердегі кеңстігі деп қарастыруға болады. Әр түрлі халықтардың аңыз әфсаналарын бақылай отырып, тағыда үшінші әлем «төменгі әлем» пайда болады. Алтай – түркілік жеті қат жердің астында орналасқан. Діни аңыз бойынша өлген адамдардың рухы Ерлікке (Эрлик) баратын болған [101, 102 б]. Қазақ мифологиясындағы жеті қат көк пен жеті қат жер асты қазақ мәдениетінде архетиптік қызмет атқарады. Үндіиран мифтерінде «төменгі» әлеммен қатынасқа түсетін спецификалық тұрғыда сумен байланыстырылатын құдайлар тобы болған. Үндіирандықтар «төменгі» әлемді өлген туыстарының рухы баратын мекен деп қабылданған. Осындай сипаттағы үндіирандықтардан Қара теңіз жағалауындағы скифтер де мұра етіп алу мүмкін. Оларда төменгі әлемде адамға қас жауыздар мекен етсе, масайраған, жерұйық мекені адамдардан жоғарғы әлеммен байланыстырылған [96, 28 б]. Осылайша скифтердің діни дәстүрлерінен түйгеніміз өлген адамға о дүниенің екі есігі ашылатын, не ол ата баба рухтарының мекені болған, «төменгі» әлем не құдайлар әлемі болған «жоғарғы» әлеміне бару. Пазырық қорғандырының кілемдерін тәпсірлеген В.Ю. Зуевтің пікірінше ол кілемдерде пазрықтықтардың о дүниеге деген көзқарастары берілген. Таулы Алтайдың ерте көшпелілері осылайша хтоникалық әлем адамдар әлемінен төменде орналастырып, (аталмыш жағдайда ол қабір шұңқырының төменгі бөлігі) оны әртүрлі фантакстикалық тіршілік иелерімен толтырған, мысалға грифон бейнесі. Әлемнің үш сатылы құрылысы туралы түсінік сақтарда, скифтерде, пазырықтықтарда материалдық мәдениет мен өнерлерінде көрініс табады. Бұл Толстая могиладан табылған пекторалдан, бас киімдерден (Есік қорғаны), ат-әбзелдерінен, пазырықтықтардың татуировкаларынан және өзге заттардан байқауға болады [102, 39-48; 53, 123-125; 12, 18; және тб. б.]. Пазырық қорғандырын зерделей қарасақ онда аталмыш есткерткіштің құрылымында, тернарлық модел кодталып жасырылғанын байқаймыз. Жерлеу ғұрыптарында геометриялық котты пайдалану Оңтүстік Сібірдің көптеген мәденитетеріне тән: афанасьев, окунев, соңғы қола мен түркі кезеңі. [8, 48 б]. Әлемнің үш сатылық жүйесі туралы түсінік көптеген халықтарда болған, ондай түсінік скифтерде, сақтарда, үндіирандықтарда, тіптен қазақы дүниетанымда да [102, 40 б] болған.
Жерлеу рәсімдеріндегі іс-қимылдардың негізгі бағытталуы негізінен, универсум моделін құра отрып, адамның рухани субстанциясының о дүниеге көшіруде. Бұл арада қорған ғарышнамаға адекватты, онда Үндіирандықтартардың Орталық Азия территориясында қалыптасу негізінде, мандал түсінігі айрықша орынға ие. Мандал туралы әр түрлі халықтардың түсініктерінде, ғалам адамның даму сатыларының әр кезеңінде және әртүрлі жерлерінде бірыңғай моделденген [103, 76 б]. Графикалық тұрғыда космограмма (мандал), бірінің ішінде бірі сызылған шеңбер мен квадраттардан тұрады, сандары әр қилы болуы мүмкін. Жерлеу ескерткіштерінде әлемнің мифтік моделі шеңбер мен квадрат арқылы беріледі.
Осылайша Таулы Алтайдағы пазырық қорғандарында әлем туралы күрделі түсінік берілген. Қорғанның әрбір жеке бөлігі, бүтін есткерткіш сынды белгілік-нышандық жүктемесі бар. Қорғанды мандал ретінде түсіну өлген адам үшін жасалған микорғарыш пен ортақ үндіирандық негізі бар ерте көшпелілердің діни көзқарастарын қалпына келтіруге болады.