Маркетингтік орта тұрақты жағдайы.
І.Маркетингтік орта.
Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу ортасының түсінігі.
Маркетингтік ортаның түсінігі мен құрылымдық талдауы кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын қамтиды. Кәсіпорын өзімен бірге күрделі және өзін-өзі ұйымдастырушы механизмнен (ішкі орта) және кәсіпорын мүмкіндіктері мен тұтынушылар сұранысын қамтамасыз етуші сыртқы орта үдерісін қамтиды. Өндіруші мен тұтынушы маркетинг жүйесінің түйінді элементі болып табылады. Бұл екі элемент бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста. Қатынас екі арна арқылы жүзеге асады: тауарлы-ақшалай және ақпараттық. Өндіруші тауарды өндіргеннен кейін оны ақпаратпен қоса тұтынушыға жібереді. Ал тұтынушы өндірушіге сұраныс көлемі мен тауарды іске асырудан түскен ақшаны жібереді. Бұл айырбастың қорытындысында екі жақ өз мақсаттарына жетеді: өндіруші тауарларды іске асыру арқылы пайда табады, ал тұтынушы тауарды алу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өндіруші мен тұтынушының өзара қатынасы нақты және әсерлі болуы үшін маркетингтік жүйеде белгілі элементтер мен факторлар қатары қолданылады. Олардың дүрыс іске асуы табысты маркетингтік іс-қимылдың кепілі. Маркетингтік жоспар жасағанда осы факторлардың дұрыс орындалуын қадағалау керек.
Кәсіпорынның ішкі ортасы бұл — кәсіпорынның өзі, яғни, оның мақсаты, ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорын жұмыскерлері, капитал иелері мен ішкі факторлар жиынтығы. Ішкі орта факторларының артықшылығы олардың барлығының толықтай бақылынатындығы. Кәсіпорын өз нарықтық мақсаттарына жетуі үшін ішкі ортаның жүйелерін дұрыс іске асыра алуы керек. Ішкі орта мен оның ресурстарының бағалануының түйінді критерийі алға қойылған мақсаттар мен оған қол жету әсері болып табылады. Кәсіпорынның сыртқы ортасы бұл кәсіпорынның тұтынушылармен табысты қатынас орнатуы, кәсіпорынның сыртқы факторлары мен күші, маркетингке қатысты сыртқы қатынасы болып табылады. Кәсіпорынның қызмет ету макроортасы демографиялық, экологиялық, экономикалық, техникалық, саяси, зандық, әлеуметтік және мәдени ортасын қамтиды. Бұл факторларға бірде-бір кәсіпорын әсер ете алмайды.
Кәсіпорын макроортасының мониторингісі мен талдауы кәсіпорынның дәл уақытында дұрыс басқарушылық шешім қабылдауы мен микроорта қызметінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Мысалы, кәсіпорын өзінің қызмет жасап жатқан аймағының демографиялық көрсеткішіне еш әсер ете алмайды, ол тек басқа аймаққа ауыса алады. Екінші жағынан, кәсіпорын өз бәсекелестеріне әсер ете алады (кәсіпорын көлеміне қарай және өз маркетингтік бағдарламасын дұрыс қолдана алуы арқылы). Бұл факторлар мен күштер кәсіпорын жағынан тікелей бақылауға бағынбайды. Қоршаған ортаны жүйелі түрде зерттеу өзгермелі маркетингтік ортаның маркетингтік стратегиясын дұрыс түзету мен бейімделуін қамтамасыз етеді.
Фирманың маркетингтік ортасы бұл — фирманың ішкі ортасында ғана қызмет етпейтін және басқару мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілер мен күштер жиынтығын айтады. Маркетингтің қызметі — мақсатты тұтынушылармен табысты қатынасты орнату мен оны қолдап отыру.
Ал маркетингтік ортаның талдауы ол — әр түрлі әдістерді, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу арқылы жиналған ақпараттарды бағалау мен интерпретациялау үдерісі.
Маркетингтік орта мақсатты түұтынушылармен тығыз қатынасты орнататын фирманың қызмет етуші сыртқы субъектілері мен факторларынан тұрады. Бұлардың барлығы маркетинг бөлімінің қалыпты дамуына әсер етеді.
Маркетингтік орта тұрақты жағдайы.
Маркетингтік орта тұрақты жағдайда бес бөлімге бөлінеді:
1)бақыланатын факторлар;
2)бақыланбайтын факторлар;
3)фирманың мақсатқа жетудегі табыс немесе сәтсіздіктер дәрежесі;
4)кері байланыстары;
5)бейімделу.
Басқарылатын факторлар қатарына фирма және маркетинг бөлімінің жұмыскерлері кіреді. Бастапқы бір-бірімен байланысқан фирма шешімдерін жоғарғы басшылық шешеді. Одан кейін олар маркетинг бөлімінде нақтыланады (А). Фирма басшылығы маркетингтік ортаның әрқашан өзгеріп отыруын қадағалауы және оған бейімделуі тиіс.
Ал басқарылмайтын факторлар көбіне кәсіпорынның қызмет нәтижесіне әсер етеді. Оларға: табиғи, техникалық, экономикалық, экологиялық, мәдени, саяси жағдайлар, яғни жалпы орта факторлары жатады. Басқарылмайтын факторлар әсері мен фирма шешімі кәсіпорынның мақсатқа жетудегі табыстары мен сәтсіздіктер дәрежесін анықтайды. Фирма өз тауарлары мен қызметтері маркетингтік ортаға толық сәйкестенгенше қызмет жасайды. Кері байланыстар фирманың басқарылмайтын факторларының, олардың мықты және әлсіз жақтарын бақылау үшін қолданылады. Бейімделу — басқарылмайтын қоршаған орта факторларына бейімделу үшін және өз мақсаттарына жету үшін кәсіпорында жүзеге асырылатын маркетинг жоспарындағы өзгерулер.
Маркетингтік орта өзімен бірге «ешқандай бақылауға берілмейтін» күштер жиынтығынан құрылады. Осыған байланысты әрбір кәсіпорын өз маркетингтік кешенін жасауы тиіс.