ХАС ның негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұны

ХАС ның негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық:

Бірінші бөлім«Кіріспе аспектілері» № 100-199 құжаттарына қосылады.

ХАС 100 Сенімділікті қалыптастыратын тапсырмалар – бұл әр үрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойына қалыптасқан қорытындыларман аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.

ХАС 110 Терминдерінің глоссариі ХАС -та және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.

ХАС 120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі.

Екінші бөлім Жауапкершілікке 200-299 стандарттары кіреді.

ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсатпен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондайақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.

ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін қаржылық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмыны мен формасы келтірлген. Ол жұмыс мөлшерімен жауапкершілік шараларын,есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы наутылайды.

ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі.

ХАС 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс қаражаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс қаражаттарының тиістілігімен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.

ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда болатын материалдық үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлау керек. өтіріктер немесе қателіктер туралы куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады.

ХАС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан аутқымау мен бұлжытпай сақтаудғы аудитордың және тексерілетін ұйымдардың жауапкершілік деңгейлері анықталған.

ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау – тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.

Жоспарлау деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт көрсетілген. ХАС 300 – Жоспарлау, ХАС 310 Бизнес білімі, ХАС 320 Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудиторлардың түсіну маңыздылығы, аудитттегі елеулілік пен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардың нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сиптталады.

Төртінші бөлім Ішкі бақылау

ХАС 400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау.

Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған.

ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қадет қосымша рәсімдер ашып көрсетілген.

ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субьектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген.

Бесінші бөлімге Аудиторлық дәлелдеулер стандартары кіреді.

ХАС 500Аудиторлық дәлелдеулер аудит мәліметтерінің көздерімен табиғатын, сондайақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

ХАС 501 Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау. Құндылықтрды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есеп шотарынан және талапар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.

ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.

ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.

ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттемелері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудиордың зердедеу мәселелері қарастырылады.

ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателіктерді экстрополяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.

ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.

ХАС 550 Байланыстырылған тараптар. Өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.

ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе ееп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет етуі керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.

ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күмәнданатын жағдай сипатталады.

ХАС 580 Басшылықтың мәлімдемесі. Тексерілген ұйым басшысы ұсынатын ақпараттарды алу мен пайдалану жағдайы анықталады.

Алтыншы бөлімде № 600-699 Басқалардың жұмысын пайдалану стандарттары, оның ішінде ХАС 600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану, ХАС 610 Ішкі аудитордың жұмысын қарастыру, ХАС 620 Сарапшы жұмысын пайдалану біріктірілген.

Жеінші бөлімге «Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну» үш стандарт қосылған :

ХАС 700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру – аудиторлық есеп берудің формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген, сөзсіз қорытындылаудың ықтимал қалыптастырулары мен қорытынды жасалатын жағдайлар, кейбіреуі сөзсіз болатын, ішінара жағымсыз да бар және қорытындыны беруден бас тарту жағдайлары қарастырылады.

ХАС 710 Салыстырмалы мәндер. Клиенттің есеп беруі өткен жылдың көрсеткіштерін қамтыған жағдайларда аудитордың әрекет ету тәртібі сипатталады.

ХАС 720 Тексерілген қаржылық есеп берулердің елеулі сәйкессіздігін сәйкестендіру мақсатында аудитордың басқадай ақпараттарды оқу қажеттілігі айтылады.

Сегізінші бөлімде «Мамандандырылған салалар» екі стандарт келтірілген:

ХАС 800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп беру. Жалпы қабылданған стандарттар немесе принциптер бойынша ғана емес, сондайақ субьектілердің қызмет түрлері, операциялары нақты есеп шоттары, баптары бойынша жасалған есеп пен есеп берулерді арнайы тексеру бойынша есеп берулердің ерекшеліктері. Ашып көрсетіледі.

ХАС 810 Болжалды қаржылық ақпаратты зерттеу. Болжау мен бағалау мәліметтеріне немесе уақиғаны дамытудың жорамалды сценерийіне негізделген қаржылық ақпараттар туралы аудиторлық есеп берулерді тексеру және жасау процедуралары сипатталады.

Тоғызыншы бөлімде «Ілеспе қызметтер» үш стандарт кіреді:

ХАС 910 Қаржылық есеп берулерді шолып тексеру бойынша тапсырма. Аудиттің жеңілдетілген нұсқасын білдіретін қаржылық есеп берулерге жалпы тексерулерді жүргізудің тәртібі келтірілген. Бұл арада аудиор есеп берулердің анықтығы туралы емес, оның анық еместігін растайтын фактілердің болмауы туралы пікір білдіруі керек.

ХАС 920 Қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураны орындау бойынша тапсырма. Есеп пен есеп берудің жекелеген бөлімдерін тақырыптық тексеруді жүргізудің процедуралары баяндалған. Мұндай тексерулердің нәтижелері бойынша тапсырма. Есеп пен есеп берудің жекелеген бөлімдерін тақырыптық тексеруді жүргізудің процедуралары баяндалған. Мұндай тексерулердің нәтижелері бойынша қорытынды қаржылық есеп берудің әдеттегі аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды қаржылық есеп берудің әдеттегі аудиттің нәтижелері бойынша қорытындыға қарағанда аз күшке ие болады.

ХАС 930 Қаржылық ақпаратты компиляциялау бойынша тапсырма. Қаржылық есеп беруді дайындауда және осы қаржылық есеп беруді жасау барысында пайдаланатын мәліметтерді тексеруге аудитордың клиентке көрсететін көмегі ретінде қаржылық ақпарат компиляциясының мазмұны ашылып көрсетіледі.

Оныншы бөлімде Аудиттің халықаралық іс – тәжірибесі бойынша етеже өзіндік ерекшелігі бар стандарттар келтірілген

Аудитің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1000. Банктер арасындағы растау процедуралары. Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1001.

Ақпраттық технологиялық орта – дербес компьютерлер.

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1002. Ақпараттық технология ортасы – онлайндық компьютерлік жүйе.

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1003. Ақпаратық технология ортасы – мәліметтер базасының жүйесі .

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1004. Банкілік қадағалау органдарымен сыртқы аудиторлар арасындағы өзара қарым қатынасы.

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1005. Шағын кәсіпорындардағы аудиттің ерекшеліктері

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже – 1006. Халықаралық комерциялық банктердің аудиті.

Аудиттің халықаралық іс — тәжірибесі бойынша ереже –1008. Тәуеклділікті бағалау және ішкі бақылау жүйесі – компьютерлік ақпарат жүйесі мен осыған байланысты мәселелердің сипаттамасы.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Жарылгасова Б.Т. Международные стандарты аудита : учеб. пособие / Б. Т. Жарылгасова. - 3-е изд., стер. - М.: КНОРУС, 2007. - 400 с.

2. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Э.О. Международные стандарты аудита: принципы и практика – Алматы: «Экономика», 2008. 478 с.

3. Суглобов А.Е., Жарылгасова Б.Т. «Международные стандарты аудиторской деятельности» - М.: Экономика, 2008.

Бақылау сұрақтары:

1. Аудиттің мақсаты.

2. Қаржылық есептілік аудитіне қатысты əдеп талаптары.

3. Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу.

4. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымы.

5. Ақылға қонымды сенімділік.

6. Аудиторлық тəуекелділік жəне маңыздылық.

7. АХС-тың тарихи қаржылық аудит ақпаратына қатысты қолданылуы қажет.

Глоссарий

Аналитикалық процедуралар - тексерілінетін экономикалық субъектгін экономикалык және каржылық маңызды корссткіштерін бухгалтерлік есепте шаруашылык қызметінін фактілерінін кызык және дұрыс еместігін айқындау, сондай-ак бұрмалаулар мен қателердің салдарын анықтау максатымен алынған акпараттың талдауы мен бағалануы.

Аудитор (лат. аuditог - тыңдаушы, оқушы, ізбасар) - анықталған мерзім ішінде өнеркәсіптің қаржы-шаруашылық қызметінің күйін тексеруші тұлға.

Аудитордың ассистенті - физикалық тұлға, аудиторлық тексеріске қатысады, аудитордың көмекшісі болып табылады және оның басшылығымен жұмыс істейді. Ереже бойынша оның аудиторлық қызметті жүргізетін аттестаты жоқ.

Аудит - шаруашылык субъектілердің істеген қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сәйкестігін және оларлың бухгалтерлік есептерінің дүрыстығын орнату мақсатымен салық декларацияларын, төлемді-есептік құжаттарын, бухгалтерлік есептерді және басқа да қаржылық талаптар мен міндеттемелерін тексеруді іске асырушы аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызметі.

Аудиттің бағдарламасы - кажетті түрде құжаттық ресімделген аудиттің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Аудиторлық процедура - аудиттің нақты аумағында - қажетті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін аудитордың қызметтерінің анықталған кезектілігі мен реттілігі.

Аудитордың жұмыс кұжаттары - аудит кезінде жасалынған жазбалар, мұнда аудитор сәйкес қортындыларды, алынған ақпаратты, қолданылған процедураларды тіркейді.

Аудит сырткы - ішкі аудит пен сыртқы аудитті айыру және ішкі аудитор мен сыртқы аудитордың қызметтің арасында айырмашылықты орнату үшін қолданылатын термин.

Аудит ішкі - өз бетімен басшылардың қызығушылықтарында ұйымның жұмысын бағалау және тексеру бойынша тәуелсіз кызметті көрсетеді.

Аудитор ішкі - экономикалық субъектпен ұйымдастырылған, ішкі аудиттің бөлімшесінің кызметкері.

Аудиторлык тексеру - каржылық есеп кұжаттары бойынша аудитормен (аудиторлар топтарымен) өткізілетін тексеру.

Аудиторлық дәлелдемелер - бухгалтерлік есептің дүрыстыы жайлы аудитордың өзіндік мінін көрсетуге және қортынды жасауға мүмкіндік беретін, талдау нәтижесі немесе аудитормен шаруашылық субъектпен және үшінші түлғалардан тексеріс кезінде алынған ақпарат.

Аудитті жоспарлау - аудиттің міндетті этаптарының бірі. Ол аудиттің стратегиялары мен тактикасын, аудиторлық тексерістің көлемін, аудиттің жалпы жоспарын құрастыру, аудиторлық бағдарлама.

Алғашкы аудит - экономикалық субъекттің бухгалтерлік есебінің аудиті, егер ол бірінші рет тексерілуге жатса немесе алдыңғы аудиторлық тексерісті баска аудиторлық ұйымнан өтсе.

Аудиторлық қортындыға қол қоятын құн - аудиторлық қортындыға қол қойылғанда қойылатын күн, бұдан кейін аудитпен байланысты ақпараттық материалдарды зерттеу тоқтатылады, ол аяқталғаннан кейін аудиторлық қортындыға тексерілетін шаруашылық субьекттің келісімінсіз бір де бір өзгеріс енгізіліне алмайды.

Аудиторлық қортынды - күштік мәні бар ресми құжат.

Бақылау құралдарының тесті - нақты бақылау құралының сенімділігімен жұмысқа қабылеттілігін тексерумен түйінделетін аудиторлық процедурадардың әртүрлілігі.

Қаржылық есеп - орнатылған формалар бойынша бухгалтерлік есептің берілгендері негізінде құрастырылатын, аудирленетін тұлғаның қаржылық және мүліктік күйінің берілгендері туралы бірлік жүйе.

Бухгалтерлік есептің бұрмалануын айқындаудағы аудитордың әрекеті - бухгалтерлік есепте бұрмалаулардың бар немесе жоқтығы туралы өз мінін құрастыруы үшін аудитордың қабылдайтын әрекеті.

Келісім - екі немесе бірнеше заңды тұлғалар немесе физикалык тұлғалар арасында бекітілетін шарт, келісім, өзара міндет.

Клиент- тексерілуге жататын физикалық немесе заңды тұлға.

Контроллинг- өнеркәсіптегі жүйелік есеп және бақылау.

Консалтинг- кеңестер беру, кеңестік кызмет, кеңес беруші фирма.

Қаржылық есептің аудиті - бос қаржылық есептің анықталған критерийлерінің келісілуін тексеру - әдетте жалпы қабылданатын принциптер мен стандарттар критерийлер болып табылады

Маңыздылық - бұл колданылатын аудиторлық және баска, оның ішінде заңды, сараптамалық және т.б. процедуралар экономикалық субъекттің есебіндегі қатені анықтап және оларды қолданушылардың сәйкес шешім қабылдауына ықпалын бакылауға мүмкіндік беретіндігі жөніндегі ықтималдылық.

Операциялық аудит - тиімділікті және өнімділікті бағалау мақсатымен шаруашылық жүйенің қызмет етуінің әдістері мен процедураларының кез-келген бөлігін тексеру. Бұл аякталғаннан кейін операцияны дамыту бойынша бухгалтерлік ақпаратқа ұсыныстар беріледі.

Сәйкестілікке аудит - әкімшілікпен персоналға жазылынған ережелер немесе арнайы процедуралардың шаруашылық жүйесінде сақталуы.

Холдинг - бағынышты өнеркәсіптерді басқару үшін құрылатын акционерлік компания, ол өзінің капиталын баска компаниянын акшяларының бақылау пакеттерін, оларды бакылауға алу мақсатымен, сатып алуға жұмсайды.

Экономикалық талдау - өнеркәсіптердің және олардың бірлестіктерінің шаруашылық қызметінің нәтижелерін жоспарлар, есепке алу, есеп және баска ақпарат көздері негізінде зерделейтін ғылым.

Наши рекомендации