Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде

Мемлекеттік органдар өздерінің құқықтық мәртебесі жағынан еңбек құқығының өзгеше субъектісі болып табылады. Күшіндегі заңдарға сәйкес мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға құқылы, белгіленген тәртіпте құрылған мемлекеттік мекемелер мемлекеттік органдар болып табылады.

Өз деңгейлеріне қарай мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып болінеді. Республиканың барлық аумағында қызметін жүзеге асыратын және өкілеттігі жүретін мемлекеттік органдар республикалыққа жатады. Екі және одан көп облыстардың аумағында қызметін жүзеге асыратын және өкілеттігі жүретін мемлекеттік органдар аймаққа жатады. Тиісті бір әкімшіліктік-аумақтық беліністе (облыс, республикалық деңгейдегі қала немесе астана, т.б.) қызметін жүзеге асыратын және сол аумаққа өкілеттігі таралатын мемлекеттік орган жергіліктіге жатады. Мемлекеттік органның құрылтай құжаттарына сол органды құру туралы акт және ол жайындағы Ереже тән.

Мемлекеттік органды бірінші басшы басқарады, оны мемлекеттің немесе мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады. Мемлекеттік органға жүктелген мақсаттың орындалуына және оның өз міндетін жүзеге асыруына бірінші басшы тікелей өзі жауап береді. Ол өз орынбасарының (орынбасарларының) және органның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды, заңнамаға сәйкес (кейбір жағдайларда жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін қызметтер номенклатурасына сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; мемлекеттік органның қызметкерлеріне белгіленген тәртіпте жаза қолданады және басқа да құқықтарын жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайлары ерекше. 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Мемлекеттік органда республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаражатынан төленетін қызмет атқаратын, мемлекеттің мақсаттары мен қызметтерін іске асыру үшін мемлекеттік орган атынан өз лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастырудың негізгі критерийлері олар мемлекеттік қызмет атқаратын органның ұйымдық-құқықтық деңгейіне, нақты қызметтегі өкілеттігінің көлемі мен орнына байланысты. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтер құрамы саяси және екімшілік қызметтер болып бөлінеді. Жұмысында саяси-анықтауыш сипат бар және саяси мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуына жауап беретін мемлекеттік қызметкерлер саясиға жатады. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметкерлер, олардың орынбасарлары атқаратын қызметтер; Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталарындағы сайланбалы және тағайыңдалатын қызметтер, парламент палаталарының Торағаларының қызметтері; Конституцияға сәйкес Президенттің және Үкіметтің өкілдері болып табылатын адамдардың қызметтері, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың басшылары мен олардың орынбасарлары атқаратын қызметтер, тиісінше, саяси қызметке жатады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге саяси мемлекеттік қызметкерлер құрамына кірмейтін және тұрақты кәсіби негізде мемлекеттік органда лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын адамдар кіреді. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін санаттар белгіленген. Әкімшілік қызметтерді санаттарға жатқызу тәртібін өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Саяси мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтер санаттары белгіленбейді. Техникалық кызмет көрсететін және мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметкерлер қатарына жатпайды. Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді.

Орытынды

Қорыта келе біз азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болатынын байқадық: 1) азаматтар; 2) жұмыс берушілер; 3) кәсіпкерлер одағы; 4) мемлекеттік органдар. Бұл топтардың әрқайсы, өз кезегінде, түрлерге бөлінеді. Мысалы, азаматтар, еңбек құқығының субъектісі ретінде жұмыскер (жалданба еңбек адамы) және кәсіпкер бола алады. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар еңбек қатынастарыңда ерекше жағдайда тұрады.

Наши рекомендации