ФармацевтикалыҚ этика жӘне деонтология
МАҚСАТЫ
Дәріхана ұйымының өндірістік қызметінің негізімен, оның міндеті және функцияларымен, тұрғындарды рецепт бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібімен; валеология негіздерімен студенттерді таныстыру.
ЖОСПАРЫ
1. Дәріхана ұйымының негізгі міндеттері ме функциялары.
2. Тұрғындардың жеке категорияларын рецепт бойынша тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі.
3. Дәрілік заттарды және дәріхана ассортиментіндегі басқа да тауарларды рецептсіз босату.
4. Салауатты өмір салтының және валеологияның негіздері.
Тұрғындардың жеке категорияларын рецепт бойынша тегін және
жеңілдікпен босатылатын ДЗ және ММБ қамтамасыз ету тәртібі
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі тұрғындардың декреттелген топтарын дәрімен қамтамасыз ету болып табылады.
Тұрғындардың декреттелген тобы –бұл ҚР заңдылығында қарастырылған ДЗ және ММБ қамтамасыз ету саласында жеңілдіктерді пайдаланатын азамакттардың категориясы.
Амбулаторлық емдеу кезінде дәрі-дәрмектер тегін босатылатын науқастар категориялары мен тұрғындар топтарының тізімін ҚР Үкіметі бекітеді. Тегін және жеңілдікпен босатылатын ДЗ қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
Біздің елімізде тұрғындардың келесі топтарының дәрілерді тегін алуға құқы бар:
· 3 жасқа дейінгі балалар;
· Ұлы Отан соғысына қатысушыла мен мүгедектері және жеңілдік бойынша оған теңестірілгендер (интернационалист-жауынгерлер және т.б.);
· отанды қорғау кезінде қаза тапқан әскерилердің ата-аналары мен зайыптары;
· Чернобыл АЭС-де және еліміздің басқа да атомдық объектілерінде апаттың әсерінен радиацияға ұшыраған азаматтар;
· І-топтағы миүгедектер, жұмыс істемейтін ІІ-топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
· Ерекше қауіп-қатер бөлімшелеріндегі азаматтар, яғни ядролық қаруды сынауға, ядролық қондырғылардағы апатты жоюға, радиациялық зқаттарды көмуге қатысушылар;
· Фашистік концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.
Дәрілік заттарды тегін алуға келесі категориядағы науқастардың да құқы бар:
· онкологиялық науқастар;
· психикалық аурумен ауыратын науқастар (І және ІІ топтағы мүгедектер);
· диабетпен ауыратындар (ДЗ басқа айына 100 г этил спиртін, шприц инесімен және диагностика құралдарын алады);
· СПИД-пен ауыратындар, ВИЧ-жұқпалылар;
· лепрамен ауыратындар;
· шизофрениямен, эпилепсиямен ауыратындар және т.б.
Көрсетілген тұрғындар топтары мен науқастар категориялары барлық ДЗ мен ММБ тегін алады.
Мұнан басқа, ҚР Үкіметі, науқасын емдеуге қажетті белгілі бір ДЗ тегін босатылатын науқастар категриясын анықтаған. Мұндай науқастарға жататындар: туберкулез, бронхиалды астма, сифилис, Паркинсон ауруы, гематологиялық аурулар, терінің ауыр созылмалы аурулары, миокард инфаркты және т.б.
Рецептуралық бланктерді ресімдеу. Дәріхана ұйымдаынан ДЗ тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептерді тек амбулаторлық емделу кезінде азаматтарға емдеуші дәрігері жазып береді.
Жеңілдікпен босатуға арналған рецептерді емдеуші дәрігер емхананың клиникалық-сараптық комиссиясының шешімі бойынша жазып береді.
Дәрілерді және дәріхана ассортиментіндегі басқа да тауарларды рецептсіз босату
Дәрігердің рецептінсіз дәрілерді босату дәріхана ұйымының бөлшек сауда буынының құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, дәріханаларда рецептсіз босатылатын дәрілер мен басқа да тауарларды сатудың меншікті үлесі дәріхананың барлық түсімінің 40-50 % құрайды. Мұндай процестердің әлемнің дамыған елдерінің көбінде өтетінін ескеру керек.
Рецептсіз босатылатын дәрілік заттарды сату үшін дәріханада арнайы ұйым ұймдастырылуы мүмкін, оның функциясына келесілер кіреді: 1) тауарлармен жабдықтаушыларды таңдау, тауарла қорына жүйелі бақылау жасау және толықтырып отыру; 2) бөлімде тауарлардың сақталуын ұйымдастыру; 3) баға түзу; 4) тауарларды тұрғындарға тиімді сату; 5) тұтынушыларды ДЗ қабылдау және ММБ қолдану тәсілдеріне, үй жағдайларында тауарларды сақтауға және т.б. үйрету.
Медициналық мақсаттағы бұйымдар: таңу заттары; медициналық дәке; медщициналық дәке бинттер; медициналық мақта қолдану мақсатына байланысты гигроскопиялық және компресстік болады; медициналық түтікшелі бинттер; науқастарды күту бұйымдары, парафармацевтикалық тауарлар.
ӘДЕБИЕТ
1. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.
2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Дәріхана ұйымдарының міндеттері.
2. Дәріхана ұйымдарының функциялары.
3. Рецепт бойынша тегін босатылатын дәрілік заттармен тұрғындардың жеке категориялаын қамтамасыз ерту тәртібі.
4. Дәрілік заттарды және дәріхана ассортиментіндегі басқа да тауарларды рецептсіз босату.