Мемлекеттік басҚару органдарын уӘждеу жӘне ынталандырудыҢ теориялыҚ-Әдістемелік негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................
   
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН УӘЖДЕУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ  
1.1 Мемлекеттік басқарудағы еңбекті ынталандырудың мәні, негізгі түсінігі мен теориялық-әдістемелік аспектілері...............................................  
1.2 Мемлекеттік басқару органдарының еңбегін ынталандыру тетіктері.....
1.3 Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру мен уәждеудің шетелдік тәжірибесі..............................................................  
2 ҚР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ УӘЖДЕУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ  
2.1 Мемлекеттік басқару органдарындағы ынталандыру жүйесінің заманауи жағдайын бағалау..........................................................................  
2.2 Мемлекеттік басқару органдарындағы қызметкерлерді ынталандыру және уәждеу тетіктерін талдау......................................................................  
2.3 Мемлекеттік басқару органдарындағы қызметкерлерді ынталандырудың құқықтық мәселелерін саралау.........................................  
3 ҚР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ УӘЖДЕУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ  
3.1 Мемлекеттік орган тиімділін арттырудағы қызметкерлерді ынталандыру тетігін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар...............  
3.2 Мемлекеттік қызметкерлер еңбегін уәждеу бойынша тәжірибелік рекомендациялар.............................................................................................  
   
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
   
ҚОСЫМША......................................................................................................

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі.Мемлекеттің экономикалық дамуы ең алдымен мемлекеттің тиімді әрекететуіне тікелей байланысты. Көбіне олардың іс-әрекетінің нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және азаматтардың хал-ахуалының даму деңгейімен сабақтасады. Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты қызмет тиімділігінің маңызды факторлары ретінде ішкі ұйымдастырушылық процестермен мемлекеттік қызметшілерд іжоғары деңгейдег іжауапкершілік пен толыққанды жұмыс жасауға ынталандыру. Мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін арттырудағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру процестерін зерттеу, зерделеу, талдау және оны жетілдіру–міндетті түрде қадағалауды, бұл мәселеге толыққанды назар аударуды міндеттейді, ол тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатармәдени, рухани-адамгершілік аспектілерінде қамтуды талап етеді. Аталмыш мәселелер ғылыми әдебиеттерде жан-жақты өздеңгейінде қарастырылған.

Алайда, мемлекеттік қызмет институттарынының ерекшеліктеріне қарай ынталандыру жолдары кеңінен қарастыруды және оны шешу мәселелері бойынша сатылы түрде мақсаттарға қол жеткізудіқажет етеді. Институционалды ортаның өзгеруі (институттар жүйесін қарастырып, әлеуметтік-экономикалық процестерді және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді) мемлекеттік органдармен олардың қызметшілері алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қоя отырып олардың іс-әрекеттерінің сапасына, құзіреттілігіне, кәсіби білімдеріне, жоғары ынталандыруларына орай басқарушылық шешімдерді қабылдау деңгейімен жүзеге асыру сапасына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары басқарушылық еңбектің мазмұны күрделеніп, жоғары интеллектуалды қызметшілерді басқаруда күрделі ынталандырулардың тетіктерін іздестіру қажеттілігі туындауда. Мұндай қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру лауазымдық нұсқаулықтармен және бақылауды реттеу мен ғана шектелуді аздық етеді.Өйткені кадрларды басқарудың заманауи әдісін қолдануынсыз ынталандырудың жаңа түрлерін таңдау және сол арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Соңғы жылдары мемлекеттік басқаруда жаңа әдістердің қолданылуы мемлекеттік емес сектор мен салыстырғанда аз қолданылуымен мемлекеттік органдарды кадр құрамы әкімшілік реформаларды жүзеге асыру барысында жасара түсті, яғни мемлекеттік қызметке жа буын көптеп келуде. Сәйкесінше бұл құбылыс қаншалықты тиімді, әрі келіп отырған жастардың білім сапасы мен құзіреттілігі қандай деген мәселелер мен бұл құбылыстың мемлекеттік қызмет мәртебесіне әсері қандай деген сауалдар туындауда. Одан бөлек мемлекеттік билік органдарындағы жиі кездесетін өзгерістер, жүйесіз құрылымдық қайта құрылулар, көптеген кадрлық ауысулар қоғам алдында мемлекеттің беделін төмендетпесе көтермейтіндігі белгілі. Еңбастысы – ол еңбекақының азмөлшерде төленуі және әртүрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне байланысты қанағаттанбаушылықтары артып келеді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтуралы» Заңында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеу бойынша нормативтік құқықтық алғышарттар енгізілген және мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғаушаралары айқындалып, мемлекеттік қызметте бекітілген төлемақылар арқылы қолданылады.

Заманауи қазақстандық зерттеулерде кәсіби іс әрекеттердің тиімділігін арттыру мен мемлекеттік органдардағы қызметшілердің еңбегін ынталандыруды күшейту тақырыптары бойынша әлі де толық зерттелмеген салаларыбар, соның бірі мемлекеттік қызметтің еңбек әрекетінің жекелеген факторларының толыққанды ашылмауы болып отыр. Жоғарыда келтірілген мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандыру жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі туындап, оны жетілдіру бағытында дәйекті ұсынымдарды әзірлеуді қажететеді. Аталған мәселе бойынша жеткілікті теориялық аспектілерді саралай келе, өзекті мәселеге көңіл бөлуді, яғни ақпараттарды жүйеге келтіруге: мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің еңбек жағдайының ерекшелігін айқындап, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге еңбек тиімділігіне қарай ынталандырудың әсерін нақтылап анықтау қажет. Осы саладағы кешенді зерттеулердің өзектілігін дипломдық тақырыпты таңдау мен сабақтастыра отырып, оның теориялық және практикалық маңыздылығын көрсетуге болады.

Дипломдық зерттеудің мақсаты – зерттеу негізінде мемлекеттік орган тиімділігін арттырудағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру тетігін зерделеу және оны жетілдіру бойынша әдістемелік-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Дипломдық зерттеудің міндеттері:

- ынталандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен заманауи ынталандыру тетіктерін зерделеу;

- мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың теориялық модельдерін қарастыру;

- мемлекеттік қызметшілерді ынталадырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу;

- мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінің заманауи жағдайын зерделеу;

- мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың тетіктеріне талдау жасау;

- мемлекеттік орган қызметі тиімділігін арттырудағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру тетігін жетілдіру бойынша әдістемелік және практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандыру тетігі.

Зерттеу пәнімемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру процесстері барысындағы еңбек қатынастары.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін классикалық және қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттердегі ынталандыру, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, персоналды басқару саласындағы іргелі тұжырымдамалар, мемлекеттік басқару мәселесі бойынша нормативтік әдістемелік және заңнамалық құжаттар құрайды. Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында басқару үрдісіндегі қызметшілерді ынталандырушы тұжырымдамалармен ұйымқызметінің оң нәтижелілігіне әкелетін теорияларыда пайдаланылды.

Зерттеудің негізгі әдістері ретінде отандық және шетелдік авторлардың ынталандыру мәселелері бойынша зерттеулерін саралау әдісі, жағдаяттық және жүйелі әдістер, логикалық талдау, құрылымдық және функциональдық талдау, SWOT-талдау, контент-талдау, социоэкономикалық талдау, статистикалық және әлеуметтік зерттеулер, сандық және сапалық талдау сияқты эмпирикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық негізін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының және шетелдердің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттіктің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми әзірлемелері, монографиялық деректер мен басылымдар, диссертациялар, ғылыми мақалалар. Ынталандыру мәселесімен айналысатын арнайы шетелдік ұйымдар мен ғылыми орталықтардың құжаттамалық материалдары мен талдамалық есептері; бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғылыми жарияланымдардан және ғаламтор желісінен алынған материалдар мен арнайы зерттеулер нәтижесі құрайды.

Зерттеудің эмпирикалық базасы Жамбыл облысындағы түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет ететін 50 мемлекеттік қызметшілердің арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі болып табылады. Сауалнама жасырын түрде, үлестік таңдау әдісі бойынша жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН УӘЖДЕУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Наши рекомендации