Банк ЦенрКредит» АҚ қаржы – экономикалық жағдайын талдау және тұрақтылығын анықтау
Бүгінгі күнде Қазақстан банктік секторының ағымдық жағдайына бірмэнді баға беру мүмкін емес, себебі банктік қызметтің барлық сферасында жоғары тэуекелдер сақталуда. Банктің дерлік барлығы өзін банкроттықтан сақтандырылғанына кепілдік бере алмайды. Оған себеп олардың активтерінің қүрамының ең үлкен бөлігін несиелік операциялар алып отырғандығымен жэне сәйкесінше, оның несиелік қызметінде жоғарғы тэуекел сақталып қалуымен түсіндіруге болады. Банктердің нақты секторға несие беруге қүлықты болмауының себебі, банктердің экономиканы дамытуға деген ықыласының азайғанынан емес, өздерінің несиелік портфелінің сапасының төмендігіне байланысты болып отыр. Егер несие алушы жеке түлға немесе заңды түлға оны төлеуге қабілетті, сенімді болған жағдайда ол портфелдегі сапалы несиелік ресурс болып есептеледі. Қазіргі жағдайда көптеген несиелердің қайтарымы төмен, банктердің қолындағы кепіл мүліктер бағасы төмендеуде, олар жөнінде қайта қүрылымдау туралы эңгіме қозғалуда. Кейбір банктердің несие портфелінің 30-35 % нашар несиеден түрады. Осыған байланысты дағдарыстан кейінгі жағдайда коммерциялық банктер үшін несие беру формаларын жетілдіру мен оның несие портфелінің сапасын жоғарылату маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Несиелік портфель - бүл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген жэне берілген несиелердің сапасы мен қүрылымының сипаттамасы.
Несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер болып, кредитордың жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін (негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.
Кесте 1 - Ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Клиент | Қарыз алушы тұлға-1 | Қарыз алушы тұлға-2 |
Несие қабілеттілігін анықтау жолдары | Несие қабілеттілік бір әдіспен анықталды | |
Жұмыс өтелі | Бұрыннан келе жатқан фирма | Жаңадан қызмет жасап жүрген фирма |
Персоналдарды басқару менеджменті | Жақсы дайындалған қызметкерлері бар | Жалғыз кәсіпкер |
Өнімдер нарығы | Кеңейтілген нарық (азық-түлік саудасы) | Маманданған нарық (компьютерлік желілерге қызмет көрсету) |
Негізгі клиенттері мен жабдықтаушылары | Қазақстандықтар | Қазақстан және шетелдіктер |
Банкпен анықталған тәуекелділік деңгейі | Төмен | Жоғары |
Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда, банк жүйесі үшін клиенттің несие қабілеттілігін анықтаудағы тиімді әдістер мен жолдарды дұрыс таба білу өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Дағдарыс жағдайында тәуекелдерді басқарудың бірдей әдістемесін қолдану мүмкін емес. Қазақстанның коммерциялық банктері алдында барлық уақытта қарыз алушының несие қабілетін талдау әдістемесін таңдау мәселесі тұрады. Бұл сұрақтың туындауы біріншіден, несие қабілеттілікке талдау жүргізетін несиелік қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы болса, екіншіден, қарыз алушылар туралы ақпараттың жалаңдығы. Егер шет елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған ақпараттар табылатын болса, бізде несиелік бюролардың құрылғаны кеше ғана. Сонымен қатар несиелік портфель - бүл несиені үсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме жэне кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады. Осы критерий арқылы коммерциялық банктің несие қоржынының сапасы анықталады, ал оның табыстылық деңгейі жэне көлемі мен қүрылымына тәуелді болады. Жалпы алғанда банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау жэне талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады. Несиелік портфельді басқару - бүл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды жэне олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар: - нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу; несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тэуекелді талдау формасын жасау; эр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау; төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау; жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату; несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Кредиттік белсенділікті арттыру міндеті туралы айтар болсақ, 2015жылда банктердің несиелік портфелінің осуі 15,2% құрады. Демек, міндет шешілуде.
Сурет 3 - Банктердің несиелік портфелінің сапалық динамикасы
1 маусымдағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің қүрылымындағы стандартты кредиттердің үлесі 25,3%, күмәнді - 54,3%, үмітсіз - 20,4% қүрады. 5 санаттағы күмэнді жэне үмітсіз заемдарға жататын кредиттер сомасы (бірыңғай кредиттер бойынша провизияларды ескере отырып)“ жиынтық несие портфелінің 3 033,5 млрд. теңге немесе 32,9% қүрады. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы төлемдер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар заемдар 2 418,7 млрд. теңге немесе банктердің несие портфелінің 26,2%-ы болды. 1 маусымдағы жағдай бойынша заемдар бойынша провизиялар (резервтер) көлемі 2 866,2 млрд. теңге немесе кредиттік портфелінің 31,0%-ы болды.
Несиелік портфельді басқаруды жетілдіру жолдарын іздестіру - қазіргі таңда, ҚР-ның несиелеу жүйесінде маңызы өте зор. Біріншіден, еліміздің өтпелі кезеңінде несиелеу жүйесінде қалыптасқан проблемаларды нақты деректерге сүйене отырып көре алу, яғни еліміздің тәжірибесіздігіне сілтемей, кемшіліктерді атап корсету маңызды. Екіншіден, сол мәселені шешу жолдарын қарастырудың, нақты үсыныстардың несиелеу жүйесін жетілдіруде орны ерекше.
Кесте 1
ҚР банк секторының несиелік портфелінің сапасының динамикасы
Жалпы дағдарыстан кейін ҚР ¥лтгық Банкі екі жақты мақсатгы: нашар кредитгер үлесін төмен- детуді жэне екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметін жандандьфуды өткен жылдың маңызды міндеті деп атап өтгі. Жалпы алғанда банк жүйесі бойынша несиелік портфельдегі жүмыс істемейтін заемдардың үлесі (5-ші санатгы заемдар, үмітсіз заемдар) 2012 жылдың каңтар айының басындағы жағдай бойынша 35,9% қүрады, ал 2011 жылдың басында 33,8 % болған, жыл ішінде 2,1% өскен. Банктердің несиелік портфелі сапасының томен болу проблемасын шешу мақсатында ¥лттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен жэне нарықтың өкілдерімен бірлесіп Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсарту түжырымдамасын әзірледі. Бүл қүжат банктерден проблемалық кредиттерді сатып алу жэне олардың қүнын қалпына келтіру үшін ¥лттық Банктің 100% қатысумен ¥лттық Банктің еншілес арнайы үйымын қүруды болжайды. Қазіргі кезде бұл ұйым - «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мемлекеттік тіркелуден өтуде.
Коммерциялық банктің несиелік портфелі - оның табысының, әрі активтерді орналастыру тәуекелінің негізгі көзі. Банктің қаржылық түрақтылығы болашақтағы жағдайы несиелік портфельдің сапасы мен қүрылымына тэуелді жэне несиелік портфель банкті барлық активтерінің жартысына дейінгі мөлшерін алып отыр. Банктің несиелік портфеліндегі проблемалық несиелер үлесінің өсіп кетуі оның беделін түсіруі мүмкін, ал бүл өз кезегінде, банктің несиелік ресурстар нарығында алатын орнына эсер етуі де таң қаларлық жэй емес. Халықаралық тәжірибеде банктың несиелеу аперациялары мен оның табысының басым бөлігі алынады. Сондықтанда да, осы ненсиелеуге қатысты, яғни несиелік портфельдің дүрыс басқарылуына қатысты мәселелер кез-келген банк басқармасының күн тәртібіндегі бірінші мэселе болып табылады.Оңтайлы несиелік портфельді күру үшін банк өзіне маңызды жэне сәйкес несиелік саясат күру керек, яғни нарықтық сараланымды дүрыс таңдау жэне қызмет қүрылымын анықтау болып табылыды. Сонымен қатар несиелік портфельдің сапасына көңіл аудару керек.
Несиелік портфельде банкке табыс алып келетін негізгі жэне приоритетті активтер болуы керек. Сонымен қатар, банкпен берілген несиелердің белгілі бір үлесі қайтарымсыз болуы мүмкін, ол қорытынды қаржылық нәтижесіне теріс әсерін тигізеді. Соған байланысты бір банктің банкротқа үшырауы, салымшы-лардың барлық банктік жүйеге деген сенімдерінің төмендеуіне экеліп соғады. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару жүйесін жетілдіру жолдары төмендегідей: 1. Банктің несиелік портфелін басқаруда ең алдымен оның сапасын басқару керек. Сапаны басқару үшін несиелік тәуекел деңгейін төмендету керек. Несиелік тэуекел деңгейін төмендету үшін аталған барлық әдістерді дүрыс қолдану қажет; 2. Банктің несие саясатын үтымды басқару; 3. Басқарудың автоматтандырылған жүйелері көмегімен берілген ссуданың сапасы туралы өңделген жиналған мэліметтер мен ¥лттық банктің деректер қорын қолдану арқылы коммерциялық банктеріндегі тэуекел-менеджментінің жүйесін жетілдіру; 4. Бағалау механизмін жэне несиелендірудің қауіпті түрлерін үйымдастыруды әбден жетілдіру.