Мемлекет пен ҚҰҚыҚтыҢ ҰҒымы, пайда болуы

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы және қалыптасуы ұзақ уақыт жалғасатын процесс.

Адамдардың алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Қауымды басқару үшін ру басын сайлаған. Қауым тіршілігінің маңызды мәселелері ру мүшелерінің жалпы жиналысында талқыланып шешілген және олардың орындалуын ру басы қадағалаған. Ру халқының саны өсіп олар рулас топтарға бөлінген, солардан жиынтықтала келе ру тайпалары құрылған. Рулық қоғамның әлеуметтік өмірі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер арқылы қатаң қадағаланған. Қоғам мүшелері осы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды орындау – табиғи нәрсе деп қабылдаған.

Қоғамдағы малшылық, жер игеру, өндіріс, саудагерліктің дамуы еңбек өнімін арттырды, қоғамдық байлық қалыптасып оны иемденетін топтар мен таптар пайда болды. Бұл экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарға әкеп соқты. Осы қайшылықтарды реттеу үшін, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.

Сонымен, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен қалыптасуының обьективтік заңдылығына мыналар жатады:

- қосымша өнімнің пайда болуы;

- жеке меншіктің қалыптасуы;

- таптардың арасындағы қайшылықтар;

- қайшылықтарды реттеу, қоғамды басқару үшін мемлекет пен құқықтың пайда болуы жатады.

Қоғам мемлекетсіз өмір сүре алмайды және дами алмайды. Мемлекеттің мәні оның қоғамдағы табиғатын және мақсатын ашады.

Мемлекеттің аса маңызды белгісі: мемлекет – әрқашанда бүкіл қоғамды басқаратын саяси биліктің жалғыз ұйымы болып табылуы. Кез келген билік →басқаруды білдіреді. Ал мемлекеттік билік - басқарудың ерекше түрі және ол айрықша ұйымдастырушылық мүмкіндіктермен қоса мәжбүрлеуді қолдану құқығына ие.

Мемлекет →саяси биліктің таптық ұйымы. Сонау құлиеленушілк дәуірінен бастап феодалдық, капиталистік, қазіргі заманға дейін бұл үрдіс тарихи тәжірибемен және әлемдік ғылыммен дәлелденген. Мемлекеттің дамуы - күрделі диалектикалық және логикалық процесс, қоғамның жетілуі мен гуманизациялануы арқылы кейбір мәжбүрлеу элементтер жоғалып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік негізі кеңейе бастады. Осылайша мемлекет → өз мүшелерінің жеке және жалпы мүдделерін қорғайтын қоғамдық күшке ие болды.

Мемлекеттің пайда болуының негізгі факторы - қоғамдық меншіктің, жеке меншіктің дамуы болып табылады.

Мемлекет ұғымы әртүрлі саяси-құқықтық әдебиеттерде түрлі анықтамаларға ие:

· 1к/қ – Н.М.Коркунов: Мемлекет – «тек мемлекеттік органдарға мәжбүрлеу құқығын бере отырып, күштеу арқылы орнатылған бейбіт тәртіпке ие еркін адамдардың қоғамдық одағы» деген анықтама берген.

· 2к/қ – Сондай-ақ, Л.Гумплович – Мемлекетке мынадай анықтама берген: «мемлекет - белгілі құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында табиғи түрде қалыптасқан билік ету ұғымы» деген.

Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы.

Мемлекетке тән белгілер:

1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып дербес жүзеге асырады.

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын, өкімет билігінің дамыған жүйесі болады (орган басшылары, мем.қызметкерлер);

4. Мемлекет заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады;

Қорытындылай келе: мемлекет – күрделі әлеуметтік жүйе ретінде бірнеше элементтен тұрады:

· халық

· жария билік

· мемлекеттің аумағы мен шекарасы

· мемлекеттік ресустар

· құқықтық реттеу механизмі

· әлемдік қауымдастықтағы ресми өкілдік

МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ – қоғамды басқарушы органдар мен мемлекет ісінің бағыттарын реттеуші органдардың біртұтастығы.

Мемлекет механизміне:

- заң шығару органдары;

- президент;

- атқарушы;

- сот органдары;

- қоғам қажеттілігіүшін жұмыс атқаратын органдар (әскер, түрме т.б.) жатады.

МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

Мемлекет нысаны ұғымы – мемлекеттердің басты сыртқы қасиеттері, белгілері мен құрылымын, әрекет ету тәртібін көрсетеді. Мемлекеттерді бағалауда біз оның мемлекет нысанына қараймыз.

Мемлекет нысаны – күрделі ұғым, оның сыртқы қасиеттерін көрсететін бірнеше элементтері бар:

1) басқару нысаны

2) мемлекеттік құрылым нысаны

3) мемлекеттік саяси режим

Осы элементтер бірігіп мемлекет нысанын құрайды.

1) Мемлекеттік басқару нысаны дегеніміз – мемлекеттің жоғарғы билігін ұйымдастыру тәртібін айтады.

Мем.басқарудың 2 нысаны бар: Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

монархия республика
абсолютті конституциялық сайлаулы монархия президенттік парламенттік аралас дәстүрлі емес респ-лық басқару
  дулистік парламенттік       теократиялық р-ка советская (кеңестік) р-ка
                 

МОНАРХИЯ – мемлекеттік басқаруды тек 1 адам жүзеге асырады және осы мем-тік жоғары лауазымды тек мұрагерлік жолмен иеленеді, билікті мерзімсіз, өмір бойына жүзеге асырады.

ü Абсолютті монархия – барлық мем-тік билік тек монархтың қолына шоғырлануы.

М: -Сауд Арабияда билік корольдің қолында, -Оман сұлтандығында билік сұлтанның қолында,
-Ватиканда-папаның қолында, -Катар, Бахрейн, -Бруней

Абс/мон-яда – жоғарғы заң шығарушы орган - парламент болмайды. Монарх қоғам алдында есеп бермейді және сотталуға жатпайды. Кейбір елде сот билігі де монархтың қолында болды.

ü Конституциялық монархия – халық көп ғасыр бойы монархтардың абсолюттік билігін шектеу үшін күрескен нәтижесі.

a) Дуалистік конст/мон-яда – 2 саяси ұйым болуы тән, яғни билік 2-ге бөлінген (монархқа және парламентке). Дуалистік конст/мон-я ерекшелігі ↔ монарх:

- үкіметті тағайындайды (үкімет монархқа есеп береді);

- парламент жартылай сайланбалы, жартылай тағайындалған.

- парламенттің шектеулі билігі бар, негізгі билік монархтың қолында, парламент тек корольдің алдында жауап береді;

- парламенттің заң шығарушылық билігі монарх тарапынан шектеулі,

- жоғарғы палатаны монарх тағайындайды,

- монарх парламентті құрады, оған биліктің кішкене бөлігін береді.

М: -Иорданияда – Хашимиттер королдігі; -Кувейтте – Сабахтар әулетінен әмір сайланады; -Тайландта – король билейді.

b) Парламенттік монархия – монархтың заң шығарушылық және мемлекеттік басқару билігі шектеулі. Парламенттік монархияның ерекшелігі ↔

- үкімет парламенттік жолмен құрылады. Сондықтан үкімет тек парламенттің алдында есеп береді.

- Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не өзі таратылады. Парламент таратылған жағдайда үкімет кезектен тыс парламент сайлауын белгілейді.

- монарх салтанатты рәміздерді атқарады (мемлекетті өкілеттік етеді, халық бірлігін символизирует, кейде мем-тік органдардың арасындаарбитрдің ролін атқарады)

- кейбір елдерде контрассигнатура институты бар. Яғни, құжаттарға бірлесіп қол қояды (монарх - прьемер-министр, не басқа лау.тұлға)

М: Ұлыбританияда, Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, Бельгия, Дания, Испания, Норвегия, Канада, Жапония, Люксембург, Швеция, Голландия, Австралия

Сайлаулы монархия– монарх сайланады. Бұған 2 мемлекет жатады:

-ОАЭ (Араб Эмираты-әмірлігі), -Малайзия, -бұрын орта ғасырда Польшада болған.

РЕСПУБЛИКА – 3

президенттік парламенттік аралас
Президент: -мем-тік билікті президент жүзеге асырады -ҚР Президенті мемлекет басшысы және оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы -мем-т басшысы ретінде ол мем-тің ішкі және сыртқы саясатыының негізгі бағыттарын анықтайды -ел ішіндегі және х/а қатынастарда Қазақстаннның атынан өкілдік етеді. -Президент халық бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Парламент: -мем-тік билікті парламент жүзеге асырады -билік тепе-тең бөлінеді
-халық сайлайды; ол легитимдік құқыққа ие;   -президентті парламент сайлайды -президентті халық сайлайды және өз қызметін атқарады -парламент өз функциясын атқарады
- ол парламентке есеп бермейді; - президент пен парламент «әркім өз алаңында» қызмет етеді; - шешуші сөзді президент айтады - президент жеке дара роль атқармайды; - президент парламенттің айтқанын орындайды, сондықтан парламенттің алдында есеп береді - мем-тік мәселелердің бәрін парламент шешеді;  
Президент парламентті мынадай жағдайларда тарата алады(63-бап): - Парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе - Парламент Премьер-Министрді тағайындауға 2 рет келісім бермегенде - Парламент пен мем-тік биліктің басқа органдары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда парламентті тарата алады      
- атқарушы билікті тікелей өзі басқарады; Премьер-Министрді, тағайындайды; - Премьер-Министрдің ұсынысы б-ша министрлерді - үкімет президентке есеп береді;   - үкіметті парламент сайлауынан жеңіп шыққан саяси партиялар жетекшілері құрады (парламент үкіметті құрады); - үкімет парламентке есеп береді - парламент үкіметке сенімсіздік вотумын бере алады; - үкіметті құруда президент те, парламент те бірігіп қатысады(М: президент министрлердің кандидатураларын ұсынады, ал парламент бекітеді); - үкімет президенттің және парламенттің де алдында есеп береді; - президент үкіметті жеке өз қызметінен босата алады,ал парламент өз кезегінде үкіметке вотум жариялай алады;

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫ дегеніміз – белгілі бір елдің аумақтық бөліністеріне қарай немесе федерация субьектілеріне қарай ұйымдастырылуы.

4 нысаны бар:

Наши рекомендации