Тақырып 27. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы.
Ақпарат, ақпараттық жүйе немесе ақпараттық-коммуникациялық жүйесіне заңсыз ену. Ақпаратпен заңсыз иемдену. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу.
Зиянды компьютерлік программалар мен ақпараттық өнімдерді кұру, қолдану немесе тарату. Шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату. Аталған құқық бұзушылықтардың сараланған түрлері.
Тақырып 28. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы экономикалық қызметті және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғау туралы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.
Занды кәсіпкерлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Заңсыз кәсіпкерлік: түсінігі, істеу тәсілдері. Жалған кәсіпкерлік. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру: түсінігі және оның түрлері.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстар. Заңсыз банктiк қызметтің, несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың түсінігі және белгілері.
Экономика саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Экономикалық контрабанданың, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатудың түсінігі және белгілері. Бұл қол сұғушылықтардың сараланған белгілері. Рейдерліктің түсінігі және белгілері.
Салық және басқа да міндетті төлемдер саласындағы қылмыстар. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару. Бұл қол сұғушылықтардың түрлері.
Тақырып 29. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы және түрлері. Коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адамның түсінігі.
Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы.
Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. Коммерциялық сатып алу. Олардың сараланған түрлері. Міндеттеріне адал қарамау.
Тақырып 30. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қоғамның қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.
Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Терроризм актісі. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Адамды кепілге алу. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу. Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру. Бандитизм. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау. Әуе немесе су көлігін, не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымсн бірдей қолға түсіру. Жаппай тәртіпсіздіктер. Бұл қылмыстардың сараланған белгілері.
Қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Атом энергетикасы объектілерінде кауіпсіздік ережелерін бұзу. Тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Сапасыз құрылыс. Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері.
Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Радиоактивті материалдармсн заңсыз жүмыс істеу. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу. Аталған қылмыстардың сараланған белгілері.
Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Бұзақылықтың ұғымы мен белгілері. Оның сараланған белгілері. Тағылық. Тағылықтың бұзақылықтан айырмашылығы.