Бап. Қылмыстық қуқық бұзушылықты жасыру
1.Уәкілетті лауазымды адамның аның дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық қуқық бүзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүаінген адамга қатысты алдау, азгыру, қорқыту немесе өзге де қуқыққа сыйымсыз врекеттер арқылы не аталган адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы -
2. Ауыр қылмысты жасыруга әкеп соққан дал сол іс-әрекет -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) аса ауыр қылмысты жасыруга не ауыр зардаптарга әкеп соққан;
2) алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган іс-әрекеттер -
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемле-кеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уәкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаган не сол адамдардың нусқауымен жасалган іс-әрекеттер –
Уэкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құкық бұзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүгінген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де құқыққа сыйымсыз эрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тэсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстық теріс қылыкты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасы-руы үшін қылмыстық жауаптылық жаңа Қылмыстық кодексте арнайы ҚК-тің 433-бабын-да көрсетіліп отыр.
Уэкілетті лауазымды адамның көпе-көрнеу дайындалып жатқан немесе істелген қылмыстық қуқық бұзушылықты эртүрлі тэсілмен жасыруы - қылмыстың объективтік жағынан белгісі болып табылады.
Жасыру тэсілдері Қылмыстық кодекстің 433-бабының 1-тармағында - алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де эрекеттер арқылы қылмыс туралы өтінішті жою, жасыру арқылы қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмысты тіркеу-ден эдейі жасыру арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік ниетпен іске асырылады.
Қылмыс субъектісі - қылмысты тіркеуге міндетті уәкілетті лауазымдық тұлға.
Ауыр қылмысты жасыру - осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 433-бабының 2-тармағы).
Ал осы баптың 1 немесе 2-тармактарында көзделген іс-эрекеттерді 1) аса ауыр қылмысты жасыруға не ауыр зардаптарға экеп соққан; 2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстарды жасырумен байланысты болса, онда мұндай іс-әре-кет қылмыстың аса ауырлататын түрі болып саналады (ҚК-тің 433-бабының 3-тармағы).
Ауыр зардаптардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 4-тармағында көрсетілген.
Адамдардың алдын ала сөз байласуы арқылы адамдар тобы туралы түсінік ҚК-тің 31-бабында берілген.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемле-кеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уэкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаған не сол адамдардың нұсқауымен жасалған іс-эрекеттер - (ҚК-тің 433-бабының 4-тармағы) үшін жауаптылық осы құрамның аса ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыс субъектісі - жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын немесе уэкілетті мемлекеттік органның басшысы.
Бап. Қылмыс туралы хабарламау
Дайындалып жатқаны немесе жасалганы анық белгілі аса ауыр ңылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау -
Ескерту.
Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ діни қызметшілер тәубе үстінде өздеріне сеніп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - алдын-ала анықтама, тергеу жэне сот органдарының дұрыс қызметі.
Объективтік жағынан дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық не терроризм актісі туралы хабарламау арқылы сипатта-лады.
Аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық деп жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған эрекеттерді айтамыз (ҚК-тің 11-бабының 5-тармағы).
Террористік қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 30-тармағында көрсетілген.
Аса ауыр қылмыстарға немесе терроризм актісіне жатпайтын қылмыс туралы хабарламау үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген.
Заң дайындалып жатқан немесе жасалған аса ауыр немесе терроризм актісі қылмыстарды хабарламағаны үшін ғана жауаптылық белгілеп отыр. Мүлдай хабарлама жасамаған адам осындай қылмыстардың орын алғанын нақты біледі, бірақ эрекетсіздік жасап сот, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокуратура органда-рына хабарламайды. Қылмыстық қүкық бү_зушылық құрамы формальдық жэне аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам дайындалып жатқан немесе істелген анық ауыр қылмысты хабарла-майтынын сезеді жэне соны тілейді.
Қылмыстық кұкьіқ бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.
Лауазым адамдары осындай эрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жауапты болады.
Қылмыстық кодекстің 434-бабының ескертуіне сэйкес қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыС туралы, сондай-ақ діни кызметшілер өзіне сеніп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
Бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстықпроцесте адамныңжэне азаматтың қүқықтарын. бостандыңтары мен заңды мүдделерін қоргау, сол сияқты жеке және заңды түлғаларга заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін жене тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер Бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың қуқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды түлғалардың қүқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана оты-рып жасаган іс-әрекеттер -
Адвокаттар мен өзге де адамдардың (қоғамдық қорғаушы, заңды өкіл) азаматтар-ды қорғау жэне оларға заңгерлік көмек корсету арнаулы заңдармен реттелген. Осы қылмыстың тікелей объектісі — адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау, оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі қатынастарын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық күқық бүзушылық объективтік жағынан адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау, не Бұл қызметтің дербестігін жэне тэуелсіздігін өзге де бү_зу, егер Бұл эрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқыктары мен занды мүдделерін, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға экеп соғу арқылы көрініс тапқан.
Қылмыстық кұқық бү_зушылық қүрамы әрекет арқылы, занда көрсетілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың орын алуы арқылы сипатталады.
Адвокаттар мен өзге де адамдардың (қоғамдық қорғаушы, заң кеңесшісі, жэбір-ленушінің, жасөспірімдердің заңды өкілдері) қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сиякты азаматтар мен үйымдарға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасауға — ордері, тиісті рүқсаты бола тү_ра процеске қатыстырмау, іс материалдарымен таныстырмау, қылмыстық істің қаралатын уакытын хабарламау, азаматтар мен заңды ұйымдарды заңгерлік көмек көрсетуге жібермеу, әр түрлі тосқауылдар қою т.е.с. эрекеттер жатады.
Осы қызметтің дербестігін жэне тэуелсіздігін бүзуға — осы адамдардың заңды қызметіне негізсіз араласу, оларға нүсқау, бүйрык беру, олардың жұмыс режимін, кьізмет көрсету ақысын негізсіз өзгерту т.с.с. жатады.
Қылмыстық күқық бұзушылықтың зардабы - азаматтар мен ұйымдардың кұқықтары мен заңды мүдделерінің, қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі болып табылады.
Елеулі зиянның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 250,361 -баптарына талдау жасағанда толық тоқталып өткенбіз.
Қылмыстық кү-қық бұзушылық субъективтік жағынан алғанда тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау жэне оларға заңгерлік көмек корсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасай-тынын сезеді, одан көрсетілген зардаптардың орын алатынын біледі жэне соны тілейді немесе тілемесе де соған жанамалы түрде жол береді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, егер Бұл әрекетті лауазым адамдары қызмет бабын пайдаланып жүзеге асырса, онда оның эрекеті ҚК-тің 361-бабымен сараланады.
ҚК-тің 435-бабының 2-тармағына сэйкес - осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-эрекеттер - қылмыстың ауырла-татын түрі болып табылады.
Қызмет бабын пайдаланған адам қылмыс қү_рамының осы бабының тармағы бойын-ша субъект ретінде қылмыстық жауапқа тартылады.