Ылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.

Қылмыстықзаңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың көп және әртүрлі салаларда кездесе алатындығына байланысты оларды топтастыру және нақтылау қажеттілігі туындайды.Қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерді жалпы, топтық және тікелей деп бөлу қалыптасқан.

Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың жиынтығы алынады. Қылмыстың жалпы объектісі деген ұғымның құрылымы кең, онда ҚК әрбір тарауымен, баптарымен қорғалатын объектілердің жиынтығы құрайды. Сондықтан жалпы объекті қорғауға алынған қатынастардың түріне, бағытына, қоғамдағы маңыздылығына қарай топтық объектілерге бөлінеді.

Топтық объектілердің қылмыстық құқықтық маңыздылығы ретінде, біріншіден, ҚК Ерекше бөліміндегі жекелеген қылмыстарды тарауларға бөлудің басты негізі, осы біртектес қоғамдық қатынастардың жиынтығын білдіретін топтық объекті болып табылатындығы, яғни қылмыстарды жүйелеу қызметін атқарады. Екіншіден, топтық объектілер қылмысты квалификациялау барысында құқық нормасын кезең арқылы іздеу кезінде қолданылады.

Қылмыстың топтық объектісі дегеніміз ҚК Ерекше бөлімінің баптары арқылы қорғауға алынған біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Біртектес қоғамдық қатынастардың атауы ҚК Ерекше бөліміндегі тараулардың атауларында қолданылады.Ерекше бөлімдегі тараулардың санымен салыстырғанда топтық объектілердің түрлері көп. ҚК бір тарауында екі немесе одан да көп топтық объектіге жататын қылмыстар кездесе алады. Бірнеше топтық объектілердің бір тарауда қарастырылуының себебі, бір топтық объектіге қарсы бағытталған қылмыстардың кейде аз болуына байланысты.Топтық объектінің құрылымы күрделі, атауы жалпы болумен ерекшеленеді. Бұл объектінің құрылымында осы салаға жататын нақты қоғамдық қатынастардың түрлері болады және олар қылмыстық құқықта тікелей объект деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі дегеніміз заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың жеке түрі. Тікелей объектілер мазмұны бойынша нақты қоғамдық қатынастың түрін білдіреді.

Қылмыстың тікелей объектілері әртүрлі баптардағы қылмыстарда бірдей болып анықталғанда олар өзара басқа құрам элементтері бойынша ажыратылады.Кейбір қылмыстар кейде бірнеше тікелей объектілерге зиян келтіру мүмкін. Мұндай жағдайларда ол объектілердің біреуі ғана осы қылмыстың тікелей немесе міндетті объектісін білдіреді. Ал қалған объектілер осы қылмыстың қосымша объектілері ретінде саналады.Қылмысты квалификациялау кезінде бірнеше объектілер кездескенде тікелей объектінің топтық объектіден шығатынын ескеру керек.

Қылмысты квалификациялаудың басты қағидасының бірі, ол кінәлінің қоғамға қауіпті ойы, қасақаналығының бағыты бойынша оның қылмысын анықтау болып табылады. Топтық объектіде дәл осы тәсілмен анықталады, яғни қылмыстың қасақаналығын, мақсатын қандай бағыттағы қоғамдық қатынасқа қарсы бағыттаса, сол қатынас топтық объект ретінде бағаланады және кейбір қылмыстарда осы топтық объектінің бұзылуы кезінде өзге де объектілерді бұза алады. Міне осындай жолшыбай немесе кінәлі үшін күтпеген, кейде мақсатқа жету үшін қасақана бұзылған қоғамдық қатынастар сол қылмыстың балама немесе қосымша объектілерін білдіреді. Кінәлінің қосымша объектіге деген ой-қатынасы қасақана да, абайсыздықта болуы мүмкін.Егер кінәлінің негізгі объектіден басқа объектілерге қылмысты жасау кезінде қасақаналығы болмаса, онда негізгі кейде ауырлататын құрам ретінде заңда арнай көрсетіледі.

Балама және қосымша объектілі қылмыстар кәнінің қос нысанымен жасалатын құрамдарда да кездеседі. Құрам қосымша және негізгі объектілі болып, ол заң баптарында тікелей көрсетілгенде қосымша объектіні негізгі объект ретінде қарастыратын басқа құрам түрімен қосып жиынтық ретінде квалификациялауға болмайды. Себебі бұл жерде нормалар бәсекелестігінің бүтін және бөлік түрі орын алады.

Негізгі және балама немесе қосымша объектілі қылмыстарда қылмыс жиынтығы түрінде квалификациялаудың қолданылуы немесе қолданылмауы, осы қылмыстық құрамның міндетті белгісі ретінде осындай объектінің қамтылуына байланысты шешіледі. Егер балама объектілер баптың диспозициясында тікелей көрсетілсе, онда бұл балама объектіні негізгі объект ретінде қарастыратын қылмыспен жиынтық түрінде квалификацияланбайды.

Ылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.

Ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуды тек объектілері бойынша емес, сонымен қатар қылмыстың заты бойынша да жүргізуге болады. Қылмыстың заты дегеніміз- кінәлі қылмыс жасау кезінде қолданатын және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансыз материалдық сапаға ие заттар болып табылады.

Қылмыстың заты қылмыс объектісімен салыстырғанда қосымша белгі ретінде қолданылады, яғни қылмыс құрамын сипаттау кезінде барлық кезде міндетті белгі ретінде қолданылмайды. Қосымша белгі ретінде қолданылу себебі, ол барлық қылмыстың құрамында белгілі бір заттың қолданылуы болмауына және кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде арнайы бір заттардың қолданылуы шарт емес болуына байланысты. Мысалы, бұзақылық, жала жабу, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және т.б. қылмыстарда қылмыс заты, оның арнайы түрлері болмайды. Мұндай қылмыстарда өзге элементтердің белгілері және қылмыс объектісі болса қылмыс құрамы бар деп танылады.

Кейбір қылмыс түрінде зат міндетті белгі ретінде қолданылады, яғни қылмыс жасалды немесе заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келді деп есептеу үшін қылмыстың заты көрініс алуы керек болып табылады.Қылмыс заты міндетті белгі болып табылатын құрамдарда сол заттың түрі баптың атауында немесе оның диспозициясында көрсетіледі, сондай-ақ бапта зат түрі аталғанда объектінің мағынасын аша отырып анықтауды қажет ететін кездер болады.Мысалы,атыс қаруын заңсыз сақтау, несиені заңсыз алу және мақсатсыз жұмсау. Қылмыстың заты бапта арнайы көрсетілгенде оны өзге ұқсас қылмыстардан затына қарай отырып бірден оңай ажыратуға болады. Мысалы, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу және қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар жару құрылғыларын ұрлау немесе қорқытып алу. Бұл қылмыстардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы қылмыстың затында.

Кейбір құрамдарда қылмыс заты мен құралы ұқсас анықталады. Мұндай кезде құралы мен заттың айырмашылығын білу қажет. Қылмыс жасау құралы бап диспозициясында тікелей көрсетілуі де, көрсетілмеуі де мүмкін. Егер белгілі бір зат қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсатында қолданылса, онда ол құрал ретінде бағаланады. Қылмыс заты мен құралын ажыратудың тағы бір қажеттілігі, кейбір қылмыстарда құралдың түрі баптың диспозициясында арнай көрсетілгенде қылмыс заты тәріздес міндетті белгі болғанда.

Мынандай жағдайларда қылмысқа квалификация жасау қиындық тудыруы мүмкін. Өзге құрам элементтері бойынша ұқсас, бірақ заты бойынша ажыратылатын екі қылмыстың заты бір қылмыс оқиғасында болғанда. Мысалы, кедендік тексеруде бір адамда экономикалық контрабанданың және айналымнан алынған заттардың контрабандасын білдіретін заттар табылуы мүмкін. Мұндайда квалификация жүргізу негізінен қылмыстың затына байланысты емес, көптік қылмыстар бойынша, яғни бірнеше рет қайталанған немесе жиынтық ретінде бағалау туралы мәселе туындайды.

Қылмыстың затына қатысты мәселе екі жағдайда, біріншіден, бірнеше қылмыстардың заты бірдей болғанда және екіншіден, өзге құрам элементтері бірдей болып тек қылмыс затына қарай ажыратылғанда туындайды. Бірінші жағдайда, яғни қылмыстардың заты бірдей болғанда, олар затына және объектісіне қарай емес, өзге құрам элементтеріне қарай ажыратылады және квалификация жүргізіледі. Екінші жағдайда, яғни қылмыстық құрамдар өзге элементтері бойынша бірдей сипатталып, тек затына және объектісіне қарай ажыратылғанда квалификация затына қарай жүргізіледі.

Ылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.

Қылмыстын обьективтік жаҒы ретінде Қылмыс Қурамынын сыртҚы жаҒын сипаттайтын белгілердін жиынтыҒы алынады.

Обьективтік жаҚтын белгілері тураҚтылыҒына Қарай міндетті жане

Қосымша (факультативті) белгілер деп болінеді. Міндетті белгілер бар-

лыҚ ҚылмыстыҚ Қурамдарда болуы шартты, яҒни жасалҒан Қылмыста

обьективтік жаҚ бар деп есептеу ушін орын алуы міндетті деп танылҒан

белгілер. Обьективтік жаҚтын міндетті белгілеріне іс-арекет (арекет

немесе арекетсіздік), елеулі зардап жане осы екі белгінін арасындаҒы

себепті байланыс жатады. Егер материалдыҚ деп баҒаланатын Қурамдарда осы белгілер, ал формальдыҚ Қурамдарда ҚоҒамҒа Қауіпті іс-арекет болмаса, онда Қылмыстын обьективтік жаҒы да жоҚ деп танылады.

Обьективтік жаҚтыњ Қосымша белгілеріне Қылмыстыњ жасалу орны,

уаҚыты, тасілі, Қуралы жѕне жаҒдайы жатады. Бул белгілердін Қосымша деп баҒалану себебі, ол жасалҒан Қылмыста бул белгілер болмаса

да Қылмыстын обьективтік жаҒы бар деп саналуына байланысты. Қосымша белгілер Қылмыстын Қурамын Қосымша турҒыдан сипаттайды жане

олардын Қылмыс уаҚиҒасында белгілі бір турде болмауы ҚылмыстыҚ

Қурамнын бар-жоҚтыҒына асер етпейді. Қосымша белгілер тек бап-

Наши рекомендации