Тақырып 11 Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы

Лекцияның мақсаты: Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығын оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: қаржылық дәрменсіздік, төлем қабілеттілік, банкроттық

Негізгі сұрақтар:

1. Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптері

2. Корпорациялардың қаржылық дәрменсіздігін реттеудің құқықтық аспектілері

3. Корпорациялардың төлем қабілеттілігін болжау көрсеткіштері

1. Корпорацияның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілі жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жағдайындағы Ережесімен, сонымен қатар кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржы жағдайын тереңдетіп талдау бойынша ұсыныстар» жасады. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті.

2. Баланстың құрылмын қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

1.Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) ағымдағы міндетемелерге (болашақ кезеңнің табыстары шегерілген баланс пассивінің ІІІ бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндетемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

2.Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзық мерзімді активтер) ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі) қатынасымен анықталады.

Корпорацияның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал корпорация төлемге қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:

-есепті кезеңнің соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем;

-есепті кезеңнің соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етліу коэффициенті 0,1-ден кем.

Корпорацияның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағатсыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауакершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол корпорацияның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанғысыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталды.

Баланстың құрылымы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда корпорацияның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:

Кққ=(Кағ.ө.+Мбеағ.өс.-Кағ.өб))/Кағ.ө.норм,

мұндағы: Кағ.өс. және Кағ.өб – есепті кезеңнің соңы мен басындағы өтімлік коэффициентінің нақты мәні; Мб – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін белгіленген мерзім; Ме – есепті кезең; Кағ.ө.норм – 2,0.

Егер қалына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл корпорацияның 6 ай ішінде төлем қабілетілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ екенін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Баланстың құрылымы қанағаттанарлықтай болған кезде (Кағ.ө.>2 және Кқмақ>0,1) қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 ай мерзімге белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

Ктж==(Кағ.ө.+Мбеағ.өс.-Кағ.өб))/Кағ.ө.норм,

мұндағы: Мб – аймен есептелген белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту мерзімі.

Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден артық болса, бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін жуық арадағы 3 ай жоғалтпайтындығын көрсетеді. Ал төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден төмен болса, оның төлем қабілеттілгін жоғалтуы мүмкін, яғни кредиторлардың алдында міндеттемесін өтей алмайды. Корпорацияның төлем қабілеттілігін жоғалтуының нақты қаупі төніп тұруына байланысты, ол корпорациядарды қайта құру жөніндегі органдарда тиісті тіркеуге тұрғызылады.

3.Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптері. Корпорацияның қаржылық жайсыздығы бұл сол шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық механизмінің дұрыс қалыптасуы себебінен, қаржылық, инвестициялық және баға саясатының дұрыс қалыптаспауы себептерінен болатын жағдай. Жалпы корпорацияның қаржылық жағдайын жақсату үшін көптеген іс-шараларды қарастыруға боолады. Мысалы, кез-келген заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырау жағдайын бағалаған кезде келесі жағдайларға талдау жүргізу қажет:

· активтегі айналым капиталы;

· акционерлік капитал;

· таза пайда;

· негізгі капитал;

· жалпы корпорацияның активі мен пассиві;

Корпорацияның банкроттыққа ұшырауының себептерінің негізгі белгілеріне келесілер жатады:

· корпорацияның бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

· әр түрлі іс-әрекеттерден болған нақты ақша ағымының азаюы немесе кірістердің төмендеуі;

· кәсіпорын банкроттық қауіпсіздігі жоғары болып саналатын салада жұмыс атқаратын болса;

· дивиденттің қысқаруы;

Сонымен қатар, қаржылық қиындықты тудыратын кейбір қаржылық және өндірістік аспектілер бар:

· болашақта ешқандай қосымша қаржылық қорлардың пайда болмау мүмкіндігі;

· мерзімі өтіп кеткен міндеттемелерді жаба алмау мүмкіндігі;

· қаржылық есеп беру жүйесінің дұрыс деңгейде қалыптаспауы;

· кәсіпорынның шығңындарды бақылау қабілетсіздігі;

· бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болу салдары;

Корпорацияда банкроттықты болдырмау үшін және оның төлемқабілеттілігін жақсарту үшін ең алдымен келесі қадамдарды жасау керек:

· жылжымайтын мүліктің белгілі бір бөлігін сату;

· шығыны көп тауарлы-материалдық құндылықтардан құтылу;

· жарғылық капитал көлемін ұлғайту;

· айналым капиталының көлемін толықтыру мақсатында ұзақ мерзімді ссудалар алу;

· мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылық қолдау табу;

Сондай-ақ, банкроттықты болдырмаудың тағы бір жолы – корпорацияда маркетингтік саясаттың дұрыс қалыптасуы болып табылады.

Жалпы шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жақсату үшін арнайы бағдарламалар жасалуы қажет. Мысалы, Батыс елдерінің тәжірбиесі бойынша банкроттық жағдайын болжау үшін арнайы экономико-матнематикалық модельдерді қолданады.

Z. Альтманның моделі бойынша /несие төлеу қабілеттілігінің индексі/ ол келесі формуламен анықталады:

Z= 1,2 * К1 + 1,4* К2 + 3,3 *К3 + 0,6 *К4 + 1,0 К5

К1= жекеменшік айналым құралдары / активтердің барлығы;

К2 = бөлінбеген пайда / активтердің барлығы;

К3 = проценттер мен салықтарды төлегенге дейінгі пайда / активтердің барлығы;

К4 = жекеменшік капиталдың нарықтық құны/ жұмылдырылған капитал ;

К5 = өнімді өткізуден түскен түсім/ активтердің барлығы;

Z- шотының мағынасын және банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін келесі кестеден көруге болады:

Z ШОТЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІ
1,81 және одан төмен өте жоғары
1,81- ден 2,70 дейін Жоғары
2,71 -ден 2,90 дейін Банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі бар
3,0 және одан жоғары өте төмен

Бақылау сұрақтары:

Корпорацияның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілі жүйесін түсіндіріп берініз. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жағдайындағы Ережесімен, сонымен қатар кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген. Ережемен танысып шығыныз.

Осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржы жағдайын тереңдетіп талдау бойынша ұсыныстар» жасады. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Шарттарын оқып шығыныз. Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптеріне түсініктеме берініз. Корпорацияның банкроттыққа ұшырауының себептерін атаныз.Банкроттықты болдырмаудың жолдарын атап шығыныз.

Наши рекомендации