Есепті жылдың негізгі мақсаттары және мәдениет саясатының бағыттары.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемінің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады.

Мәдениеттің даму деңгейі, рухани –шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін бір де бір сала. Бүгінгі мәдениет тұлғаның рухани-эстетикалық дамуының, өнерді өрбітудің ықпалдастырудың қуатты құралы. Осы ретте Темір аудандық мәдениет үйі 2016 жылы біршама жұмыстар атқарды. Аудандық мәдениет үйіне қарасты 14-мәдени ошақ болды. 2016 жылдың сәуір айында тұрғылықты халықтың аздығына байланысты аудан әкімінің №155 қаулысымен Шитүбек ауылдық клубы жабылды. 2017-2018 жылға Қалмақтықырған елді мекенінен 1- мәдени ошақ ашу жоспарлануда.

Мәдениет үйіне қарасты нақты-13 мәдени ошақ өз қызметін атқаруда.

4 ауылдық мәдениет үйі 9 ауылдық клубтар көрсетілген мәдени ошақтардың орындықтар саны - 2100. Өткен жылы 2015 жылы 2170 болса, 70 орындыққа қысқартылды, ғимараттардың аумағы өткен жылы 7172,4болса, ол 350,0 ш.м. азайып, бүгінде 6822,4 ш/м болды. Бүгінгі таңда мәдениет үйінде және оған қарасты мәдени ошақтарда 89 үйірме 655 қатысушысымен бар.Онын ішінде жастарға арналғаны -51 қатысушылары 473.Өткен жылы барлығы-93 үйірме болса 686 адамымен, 2016 жылы Шитубек клубының жабылуына байланысты 2-Қолтаңбалы шығармашылық үйірмелер 11-қатысушысымен Хор және вокаль 1- 15 адамымен,эстрадалық үйірме 1 - 10 адамымен өзге үйірмелер 2-еу 5 адамымен қысқартылды.Мәдениет үйіне 2-драмалық үйірме қосылды.16 адамымен.«Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар саны - 11. Жастар мәдениетін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы және көркемдік эстетикалық мәдениетін дамытуға қолдау көрсетіліп, тиісінше шаралар өткізілуде. 2016 ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында жыл басынан бері ауқымды шаралар өткізілді.

Директор Г.Қалиева

Темір аудандық клубтық мекемелерінің қаржылық экономикалық қызметі туралы ақпарат.

2016 жыл мәдени шараларды өткізуге бюджеттен 3 693,0 мың теңге бөлінді ,бөлінген қаражаттан тыс -1 506,0 теңге артығымен жұмсалды. Қаражат төмендегідей мәдени шараларға бөлінді.

Жаңа жыл мерекесін өткізуге- 1000,0 теңге, Ризашылық күніне- 100 мың теңге, «Қалықташы әсем ән» эстрадалық ән байқауына – 150 мың теңге, «Наурыз мерекесіне»- 1000,0 теңге, Мемлекеттік тілдер күніне-100 мың теңге, «Жырласа жастар жырласын» аудандық ақындар мүшайрасына -150 мың теңге,

Ақын Ертай Ашықбаевтың 60-жылдығына орай өткізілген «Мен ақынмын, жан-жүрегіммен дүнмеге таза ғашық» ақындар айтысына -150 мың теңге, ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Туған жеріс-Нұрлы елім» атты облыстық аудан күндеріне 1млн 546,0 теңге, «Жыр жазамын жүрегіммен» ақындар мүшайрасына -150 мың теңге, Балаларды қорғауға арналған мәдени шараға 200 мың теңге, Балалар үйінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына -103 мың теңге, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығында өткіщілген аудандық мәдени шараға 550 мың теңге бөлінді

2016 жылы Мәдениет үйіне бекітіліп берілген 2млн 100,0 тенге ақылы қызметтің жоспары 2млн 121,3 тенге артығымен орындалды.

Директор Г.Қалиева

4. 2016 жылғы өткізілетін басты шаралар, акциялар (халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық байқаулар мен фестивальдер, халық шығармашылығы байқаулары)



Облыстық Халық шығармашылығы үйінің міндеттемесі бойынша

1 халықаралық конкурс «Бозторғай» және 7 республикалық байқауға және 25 облыстық байқауға Темір ауданы бойынша төмендегідей талантты жастар қатысып бақ сынасты.

Атап айтар болсақ Астана қаласында өткен «Мың жылдықтар тоғысындағы Астана» атты республикалық айтыста айтыскер ақынымыз Ершат Қайболдин қатысып, І-нші орынды иеленді.



Қараша айында Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Наркескен тілмен жыр етем, Мәңгілік елдің мұратын» атты айтыста да І-орынды жүлдеге ие болды.




Атырау қаласында өткен «Тәуелсіздікке тағзым» республикалық ақындар айтысында ІІ-орынды иеленсе, Ақтөбе қаласында өткен «Алтын домбыра»байқауында алғыс хатпен марапатталды.




Облыстық «Жас дәурен-2016»жастар мен студенттер фестивалінде театр шығармашылығы бойынша Кеңкияқ мәдениет үйінің «Ақбота» қуыршақ театры ІІІ-орынды иеленді.

«Нұрлы жол жұлдыздары» көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық шығармашылық байқауына №3 мектеп оқушысы Ұлболсын Қазкенова қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.



Қобда ауданында өткен «Табиғат тағдыры-адам тағдыры»Чернобыль АЭС-ы апатының 30 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауына мәдениет үйінің қызметкері Ержанова Гүлсанат қатысып, ІІІ- орынды иеленді.



Аймақтық «Жастар көктемі» фестивалінде «Темір жастары» тобы өнерімен ерекше көрініп, ІІІ-орынды иеленді.

Қобда ауданында Әлия ауылында өткен Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 91 жыл толуына арналған «Тәуелсіздігімді жырлаймын»атты облыстық патриоттық әдеби музыкалық композициялар байқауына «Темір жастары» тобы қатысып, ІІІ- орынды иеленді.

Қазақ сазының тарланы Шәмші Қалдаяқов туындыларын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында өткен «Сағындырған Шәмші әні»облыстық ретро – әндер фестивалінде өнер көрсеткені үшін Шұбарқұдық кәсіпшілік клубының өнерпазы Мұқашева Күнсұлу Табынбайқызы дипломмен марапатталды.



«Ауыл айнасы» облыстық клуб қызметкерлері байқауына Ақсай мәдениет үйінің директоры Смағұлова Жадыра қатысып, ІІІ- орынды иеленді.



«Қалықташы әсем ән» облыстық эстрадалық әндер байқауына мәдениет үйінің қызметкері Аманкулов Батырбек қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлады.



Жерлесіміз ақын Ертай Ашықпаевтың 60-жылдығына орай «Мен ақынмын, жан –жүрегіммен дүниеге таза ғашық» атты аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылып, нәтижесінде ақынымыз Ершат Қайболдин І орынды иеленді.



ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Біз біргеміз» 1-облыстық кәсіптік одағы активтерінің конкурсында аудандық мәдениет үйі жанынынан құрылған үгіт тобы қатысып ІІІ-орынды иеленді.

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Туған жерім- Нұрлы елім» атты Темір аудан күндері өткізілді. Бұл күні С.Байешов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қойнауы тарих киелі мекен-Темірім» атты кездесу кеші өтіп, кешке ауданнан түлеп ұшқан білім-ғылым өкілдері қатысты. «Алақай» театрында аудан өнерпаздарының күшімен ұйымдастырылған жазушы Исраиыл Сапарбаевтың атақты сазгері Ш.Қалдаяқовқа арналған «Сыған серенадасы» спектаклінің қойылымы болды.

Келесі күні ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық саябақта мерекелік гала концерт ұйымдастырылды. Концертке аудан өнерпаздары мен жерлес әншілер, бишілер, өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ биші жерлесіміз Ә.Әлібекова , әнші Ж.Арыстанова, С.Айтбаева, С.Айтжанов, «Жібек жолы» ВИА ансамблі, т.б өнелерін көрсетті.

Концерт жиналған көрерменнің көңілінен шықты. Концерт соңында ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған 25-үлгісі бейнеленген шар көкке ұшырылды.



Облыста өткен аудан күндері екі күнде де жоғары дәрежеде өтті. Нәтижесінде облыс әкімінің шешімімен бас жүлде аудан қанжығасына ілінді.

Аудандық Мәдениет үйінде ұмыт болып қалған қазақ халқының бұрынғы тағамдары мен киімдерін еске түсіру мақсатында «Нео-фальклор»байқауы округтер мен мекемелер арасында өткізіліп, нәтижесінде Темір аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 1-орынды иеленді. Жеңімпаз Ақтөбе облысында өткізілетін облыстық «Нео-фальклор» байқауына жолдама алды.

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында барлық мәдени ошақтарда «Үкілі Кәмшат» ұлттық киімдер флешмобы 13-мәдени ошақта өткізілді.

Аудандық Мәдениет үй Алтықарасу Мәдениет үйі

Ақсай Мәдениет үйі Кеңкияқ Мәдение үйі

Шұбарши ауылдық клубы Шұбарқұдық кәсіпшілік клубы

Қайыңды ауылдық клубы Еңбекші ауылдық клубы

Темір қалалық клубы Қопа ауылдық клубы

Аудандық Мәдениет үйінде ақпан айында «Жырласа жастар жырласын»атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Байқауға 13 үміткер қатысты. Оның ішінде 4 үміткер жүлдеге ие болды.

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында аудандық «Жыр жазамын жүрегіммен» атты жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Оған 17 үміткер қатысты.

ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев 1-наурызда Қазақстанда алғыс айту күні деп жариялау жарлығына сәйкес еліміздегі тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісім күні, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті Қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі ретінде төмендегідей тақырыпта темір аудандық мәдениет үйінде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясы жүйесінде ақылы мәдени іс-шара өткізілді.Соңында түскен қаржы мұқтаж жандарға көмек ретінде берілді.

Қопа клубы, Алтықарасу Мәдениет үйінде, «Шын жүректен»

Шұбарқұдық кәсіпшілік клубында «Ризашылық пен алғыс сіздер үшін»,қалған клубтарда жаппай «Қайырымдылық» акциясы өткізілді.

Батагөй ақсақалдар арасында Аудандық мәдениет үйінде, Ақсай мәдениет үйінде, Алтықарасу мәдениет үйінде «Баталы ел арымас» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар спорт бөлімімен бірлесе отырып «Біз бақытты отбасылар» атты спортқа жақын отбасылар арасында сайыс ұйымдастырылды

Жалғыз басты қарттарға қол ұшын беру мақсатында Кеңкияқ, Алтықарасу, Ақсай мәдениет үйлерінде «Ақ ниет»акциясы ұйымдастырылды.

Кеңкияқ, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Шұбарши клубында «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді.

Саркөл, Қопа т.б клубтарда «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Ән көңілдің ажары. Сондықтан да өнерін сүйген өнерпаздарын мәпелеген ауыл тұрғындарын әсем әнмен сусындату өнер адамдарының міндеті. Халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік Саркөл, Шұбарши, Кеңкияқ ауылдық округтерінде болып қайтты.

Кеңкияқ мәдениет үйінде «Жұлдызды дода» пародия сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың сөз мәнерін сақтауға дағдыландыру, бос уақытын тиімді пайдаланып ой-өрісін, іздемпаздығын дамытып мәдениетін жетілдіру. Қатысушылар саны біршама болды. Үміткерлер өз өнерлерін ортаға салды, өздері таңдаған танымал жұлдыздарды пародиялау. бас жүлде алған Серғали Данай - Серік Ибрагимовтың әндерін пародиялады. Кенкияқ мектебінің 10 сынып оқушылары «Кеш-Ю» керемет сомдап 1-ші орынды иеленді. Қалған үміткерлер М.Жүнісованы, Тамашадан үзінді, Шұбарши мектебінің үміткерлері жастардың қызығушылығын танытып жүрген «МС Сайлаубекті» сомдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» монифисін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» акциясын өткізуге бастама жасады, осы акцияға байланысты ақсай мәдениет үйінде «Ақ орамал» акциясын негізге ала отырып, ауылдың ақ жаулықты аналарымен, жас келіншектермен, жастармен кездесу кеші өткізілді. Қатысушы аналарға сөз беріліп, «Ақ орамал» сөзінің құндылығын, маңыздылығын, киелілігі сөз етіліп, шағын пікірталас жүргізіліп, аналарға өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берілді. Ауылдағы нәрестелі болған жас аналарға әжелер ақ орамал сыйлап, олардың бастарына тартты.

Осындай мәдени шара аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен перзентханада өткізілді.

Тасқопа ауылдық клубында «Ақ орамал-ақ ниет» атты тақырыпта өткізілді. Кеш соңында ауылдағы монумент ескерткіштерге барлық ақ жаулықты аналар, соғыста қаза тапқан жауынгерлерімізге тағзым етіп, бейбітшілік пен татулықтың нышаны ретінде ақ орамал қойылды.

Кеңкияқ мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Алғыс пен рахмет» атты мерекелік акция болып өтті. «Болатбек» сауда үйі маңында әуен ойналып, өткен-кеткен ауыл тұрғындарына алғашқы тойланып отырған Алғыс айту мерекесі ел-жұрттың есінде қалсын деген мақсатпен ерекше қорапта оралған 13 кг тәттілер, сыйлықтар таратылды. Әр мәдениет қызметкерлер бірдей киініп «Рахмет күні» деген төсбелгісімен, және киімнің артқы жағы үлкен әріптермен «РАХМЕТ» деп жазылып тұрды. Өте әсерлі өтті.

Теректі мектеп-балабақшасының бұрынғы бітіруші түлектері 10 жылдық пен 20 жылдық кездесушілер ауыл жастарына бос уақыттарында спортпен шұғылдансын деген мақсатпен футбол алаңын салып берді.

Тасқопа ауылында «Туған жерге тағзым» атты туған жер акциясы бойынша ауыл азаматы Тілепов Ғаби Ыңғайұлы көтерілген жас отаулардың бақытты шаңырақ болсын деген ақ тілекпен «Келін төбе» салып берді.

Туған жерге тағзым» акция бойынша 1978 жылы туылған ауыл азаматтары ауыл кіреберісіне «Тасқопа» белгісін қойып берді.

Директор Г.Қалиева

Наши рекомендации