Р Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.).

Азиядағы өзара ic-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеяны туңғыш рет Қазақстан Республикасы­ның Президент Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қазанда болған 47-сессиясында ұсынды.

1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Азия елдері сыртқы істер министрлері сарапшыларының кездесулері өткізілді. АӨСШК-нің базалық құжаттарының, жобаларын — «АӨСШК pәсімінің ережелерін», «АӨСШК принциптерінің декларациясын», «АӨСШК кұрылымдары мен институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) кұрылды,АӨСШ К-нің. сыртқы саяси ведомстволары басшылары орынбасарларының екі кеңесі өткізілді.

1999 жылғы қыркуйскте АӨСШК-гс мүше мемлекеттердің сыртқы icтep министрлерінің Алматы қаласында өткен 1-кездесуі және оның барысында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип декларациясына қол қою, Казақстан Республикасы­ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Азиядағы кауіпсіздік пен ынтымақтас­тыктың көп жақты тетігін құру жөніндегі бастамасын ұсынған сәттен бас­тап, Қазақстан дипломатиясының аса ipi жетістігіне айналды.

2002 жылғы 3—5 маусымда Алматы қаласында АӨСШК-нің тұңғыш саммиті өткізілді, оған Қазақстан, Рессй, Қытай, Пәкістан,Түркия, Мон­ғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Ундістанның премьер-мииистрлері, Иранның, Египеттің, Палестина мен Израильдің уәккілетті ресми тұлғалары, АКШ, Индоне­зия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина жене Корея Республикасы бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ EҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері лигасы) бақылаушы-ұйымдарыныцң басшылығы қатысты.

Азия өңірінде, соның ішінде АСЕАН-ның кауіпсіздік меселелері жөніндегі Өңірлік форумы (АӨФ) шеңберінде сенім шараларын әзірлеуге тырысушылық орын алуда. АӨФ-те сенім шараларын icкe асыру кезең-кезеңмен және жекелеген шағын өңір шеңберінде жоспарланып отыр. АӨФ-тен өзгеше АӨСШК үрдісі букіл Азия ауқымында жан-жақты ic-қимыл жасауға бағытталған.

Kaзipri кезде АӨСШК-нің Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Изра­иль, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тежікстан, Таиланд, Туркия, Өзбекстан мүше -мемлекеттері Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Украина, АКШ, Вьетнам бақылаушы-мемлекеттері болып табылады, ал БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ бақылаушы ұйымдарға жатады.

Азақстанның ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, МБР, МВФ, ЕҚЫҰ т.б. халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды. 1997 жылы республика ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне өтті. 1997 жылы Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінен Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастығына және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасуына мән бере отырып Қазақстан Республикасының, Сыртқы icтep министрлігі жанынан Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО icтepi жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылды, ол осы халықаралық ұйыммен өзара қатынастардың басым бағыттарын айқындайды.

Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1995 жыл) және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігін ашу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО белсенді ынтымақтастық орнатты.

Ынтымақтастық екі жақты қатынастарды нығайтуға жәрдемдескен бірқатар маңызды сапарлар жасалды. Мәселен, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Қазақстанга келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми сапармен болды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацуура 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда Қазақстанға келді.

ЮНЕСКО кұзыретінің барлық салалардағы ынтымақтастықты cepпінді дамыту Ұйым бас директорының 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдігіне Орталық Азиядағы өңірдік өкілдік мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауына ceптігін тигізді. Өз кезегінде, Қазақстан ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің мәртебесін дербес дипломатиялық миссия деңгейіне дейін көтерді.

ЕҚЫҰ бүгінгі таңда кауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау меселелерімен айналысушы казіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ipi ұйым деп заңды түрде есептеледі ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейін географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты 6ipiктіреді.

ЕҚЫҰ-ның негізгі принципі - EҚЫҰ кызметінің негізгі үш өлшемінің, «себеттер» дейтіндердің, атап айтқанда, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық себеттердің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін кауіпсіздікке кең ауқымды және жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономика және қоршаған ортаны сақтау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрактылықтың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралады.

Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ жанжалдардың ертерек алдын алудың және оларды реттеудің, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте жанжалдан кейінгі сауықтырудың басты құралы ретінде әрекеттеуші бірегей және бірден-6ip жалпы еуропалық ұйым болып табылады.

2010 жылдың басынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық ете бастады. Қолданыстағы ережелерге орай ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Мемлекеттік хатшы –Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, посткеңестік елдердің ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел. Бұл оқиға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз, экономикалық жағының қуатты және демократиялық мемелекет орнату жөніндегі аса көрнекті жетістіктерін, біздің еліміздің тек өңірде ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін әлемдік қауымдастықтың әділ танып білуінің нәтижесі еді.

2010 жылғы 14 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада өткен отырысына қатысушыларға Үндеу жолдады. Өзінің бейнеүндеуінде Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне негізгі көзқарастарды баяндады, Қазақстанның Ұйым төрағасы қызметіндегі мұрат-мақсаты мен басым бағыттарын жариялады. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның төрағалығы сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сияқты принциптерге негізделетінін атап көрсетті.

Азақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.

1991жьлы, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Семей ядролық сынақ алаңы мәңгілікке жабылды. Мемлекет басшысы ел аумағында орналасқан ядролық әлеует туралы мәселені Қазақстан үшін барынша тиімділікпен шешті.

1991жылғы мамырда Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Дәл осы кезеңде Қазақстан Республикасы, ел Президентінің табандылығы мен саяси ерлігінің арқасында, "ядролық клуб" елдерінен стратегиялық кепілдіктер алуға қол жеткізді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Президентінің жанкешті күресі Қазақстанның қауіпсіздігіне Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан кепілдіктер алу туралы Будапешт меморандумына (1994 жылы) қол қойылумен тұжырымдалды. Мұндай кепілдіктер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды.

Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі»атты зерттеуінде ядролық қаруды жоюмен бір мезгілде Қазақстанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтудағы бағыттары қамтылған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағында ұлан-ғайыр ядролық қару қалды, ол түрлі ядролық қондырғылар үшін отын дайындау жөніндегі кәсіпорындарды, ядролық реакторларды, қуатты ядролық-техникалық әлеуетті және ядролық қарудың инфроқұрылымын жою, бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарда конверсиялау проблемасымен қатар жас мемлекетіміздің сыртқы саясатының дамуында, ұлттық, әскери қауіпсіздігін қамтамас ету мәселелері көтерілген. Сыртқы және ішкі факторлардың тұтас бір кешеніне талдау жасамай және оны ескермей,бейбіт болашақты орнату мүмкін емес,олар,қалай дегенмен,ұлттық қәуіпсіздікке және жас мемлекетіміздің аумақтық тұтастығына барынша салқынын тигізеді. Мұнда барлығы да тек тарихи жауапкершілік пен әмбебап,перспективалық көре білудің болуына негізделген.

Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған «Қазақстан жолы» деген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халқының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипатттамасы берілді. Кітаптар этнос аралық және конфессияаралық татулық пен келісімге негізделетін әлеуметтік-саяси тұрақтылық мәселесі басты орындардың бірін алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бұл мәселе мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді. Түрлі ұлттық-діни мәдениеттің тайталасы салдарынан әлемде болып жатқан елеулі жанжалдар мұндай көзқарастың дұрысытығын қуаттайды.

«Қазақстан жолы»-мемлекет орнату,жаңа қоғамды жасақтау тәжірбиесі болашақ үшін айырықша құндылық болып табылатын тарихи оқиғалар туралы кең ауқымды ақпараттан тұратын кітап.Бұл еңбек заманауи отандық және дүниежүзілік тарихнаманы елеулі түрде толықтырады,кітап жарыққа шыққан сәттен бастап әлемдік сарапшылардың назарына ілігіп әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.

Сұрақтар:

1.Тәуелсіз Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары қандай?

2.Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегіндегі ядролық қаруды жою туралы келіссөздер.

3 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты еңбегіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының қорытындылары.

4.1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда ядролық мұрадан бас тарту туралы тарихи шешім

5. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітуі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Арыстанбекова А. Казахстан в ООН: история и перспективы. А., 2004.

5. Декларация о государственном суверенитете Казахской Советской Республики. // «Казахстанская правда». 1990. 28-октябрь.

6. Казахстан. Отчет по человеческому развитию. Алматы, 1995.

7. Конституционный Закон Республики Казахстан «О государственной независимости Республики Казахстан». // «Казахстанская правда», 1991. 19-декабрь.

8. Конституция Республики Казахстан. Принята 28 января 1993 г. на девятой сессии Верховного Совета Республики Казахстан двенадцатого созыва. А., 1993.

9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Алматы,2003.

7. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути к рынку. А., 1994.

2. Государственные символы Республики Казахстан. А.,1997.

3. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. А., 1997.

4. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан. А., 1996.

5. Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // «Егемен Қазақстан», 1998. 16-қаңтар.

6. Первый президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев: хроника деятельности. А., 1993.

Наши рекомендации