В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі

Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі.Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына – 2 ұпай; «кейде» жауабына – 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.

1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?

2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?

3. Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?

4. Сізге ешқешен болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?

5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?

6. Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?

7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне сенесіз бе?

8. Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?

10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?

11. Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе ары қарай күтесіз бе?

12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?

13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?

14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?

15. Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?

16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?

Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.

Әдістеме классификаторы:

30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік деңгейіңіз төмен, бұл сіздің ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ.Өзіңізді қолда ұстауға және қарым – қатынасқа түсуге үйреніңіз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар.Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.

19-24 ұпай: Сіз қарым – қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды.Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз.Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.

14-18 ұпай: Сізде орташа коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым – қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б.46-47].

9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған адамдар ызаланулары да мүмкін.Зейін орталығында болуды ұнатасыз.орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.

4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым – қатынасқа түсушілігіңіз өте жоғары.Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз.Сіз кез – келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады.Кез – келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез – келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз.Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.

3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз.Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар – сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі.Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек.Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.

«Психологиялықкеңес беру», «әлеуметттік-психологиялықкеңес беру», «психокоррекция» ұғымдарыныңбайланысынсипаттайтынсызбажасаңыз

Психокоррекция-баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі жас ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру;

·

Психологиялық кеңестер–мұғалімдерге, ата-аналарға,оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі

кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;

Психологиялық кеңес беру -ұлғааралық қарым-қатынастағы

Қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Бұнда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады. Психологиялық кеңес берудің мазмұны-педагог-психолог өзінің кәсіптікғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық

тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды.

Кеңес беру іс-әрекетініскерлікойындарнегізіндеқұрастырыңыз

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық фазасы)

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Наши рекомендации