Топтау әдісі зерттеу жұмысын келесі бағытта жүргізуге көмектеседі
¡ жалпы жиынтық біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай бөлу
¡ қоғамдық құбылыстары мен процесстердің құрамына және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу
¡ қоғамдық құбылыстар мен процесстер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау
Статистикалық белгілер статистикалық шамалармен көрсететін қасиет, құбылыстардың ерекше белгісі немесе ерекшелігі. Олрдың төрт түрі бар: сапалы және атрибуттық, сан, кеңістік, уақыт белгілері. Төрт белгіден туатын белгілер: бастапқы және қосымша, факторлық және нәтижелік.
Өзгермелі мәндеріне сәйкес: бүтін топтау, деңгей аралықты топтау
¡ Топтау кезіндетоптық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін сан өзгермелі топтауға жатқызылады
Студент нөмері | |||||||||||||||
Баға |
Топ саны 4 тең -2,3,4,5
Топ нөмері | Баға | Студенттер саны | Студенттер үлесі |
0,067 | |||
0,33 | |||
0,46 | |||
0,133 | |||
барлығы | 1,000 |
¡ Деңгей аралықтытоптауда тұрақты және тұрақсыз деңгей аралықты шамалар қолданылады
¡ Егер бос топтар мәселесі туындаса онда тұрақсыз деңгей аралықты шама арқылы мәліметтер топталады
6.Статистикалық кесте элементтері, түрлері, құру ережесі
Статис-қ мәліметтерді жинақтаудың ж/е топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі. Сандық көрсеткіштердің кесте арқылы берілуі және олардың өзара байланыстылығының толық көрсетілуі статистиканың жеткен үлкен жетістігі деуге болады. Статистикалық кестенің негізгі ерекшелігі сол – ондағы барлық көрсеткіштерге бір-ақ ат беріліп, қысқаша ғана не туралы екендігі баяндалады. Сонымен бірге, әрбір жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішінде пайда болған тор сызықтарға сандық мәндері жазылады. Статистикалық кесте деп- көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір-бірімен қиылысуынан туындайтын, сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдануын айтамыз. Оның қолданылуы – қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерін нақты көрсете алады және талдау, зерттеу жасауға ықпал етеді. Оның негізгі 2 элементі: бастауыш пен баяндауышы. Бастауыш- зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасып, жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Ол оң жағына орналасады, бағаналар аты ретінде беріледі. Егер де бастауыштың көрсеткіштері баяндауыштан көп болатын болса, онда олардың орындарын ауыстыруға, яғни бастауышты бағаналарға, баяндауышты жолдарда көрсетуге болады.
Түрлері: Бастауыштың құрылысына қарай стат-лық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кесте- бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер құбылыстар аттары көрсетілсе. Олар өз кезегінде: тізімдік, территориялық, хронологиялық болып бөлінеді. Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Территориялық жай кесте деп кесте бастауышында зерттелетін аймақтың тізімі берілсе айтамыз.кесте бастауышында уақыт мерзімі. Ал баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп айтамыз. Топтық кесте- кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құралған болса.Күрделі кесте- кесте бастауышында келтірілген құбылыстар екі не одан да көп көрсеткіштер б/ша топталып, ал әр топ одан да басқа жеке бөліктерге бөлінеді. Құру ережелері: Кестенің жоғарғы жағында оның нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышты дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда бір өлшем аты ғана берілген болса, онда оны кестенің жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері әр түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет. Ескеретін жайт, кестенің бастауышы мен баяндауышы өте көп болмауы керек. Себебі, кестенің көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
7.Нақты шамалардың түрлері мен мағыналары.
Нақты шама қоғамдық құбылыстардың мөлшерін, көлемін, санын білдіреді. Нақты шаманың дербес және жалпы түрлерін ажыратуға болады. Дербес нақты шама жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін білдіреді. Жалпы нақты шамалар жеке дербес нақты шамалардың қосындысынан тұрады. Нақты шаманың өлшем бірлігі: натуралды, еңбекті, демократиялық және құнды. Натуралды өлшем бірлігі ол м, км, кг, т. Еңбек өлшем бірлігі: адам күн, адам сағатғ адам жыл, т.б. демократиялық өлшем бірлігі: адам, туу, өлу, көшу. Құн өлшем бірілігі бір көлемде жиналған тауарлардың тұтыну көлемі.
n Статистикалық нақты шамалар
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және бір уақыттағы мөлшерін,көлемін, аумағын,деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер
Нақты шамалар:
• Жекенақты шамалар