Тақырып. Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Аэросуретке түсіру. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Шылаулар. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылауларды қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

ОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.

Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

2. Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыздар.

5.Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп.Осы берілген сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыздар.

ОТБАСЫ

Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.

Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.

2. Жаңа сөздерді бірнеше рет оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.

3. Мәтінді аударыңыз.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

5. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: менің, әжем, дарынды, төрт.

6. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз: қ…рылыс, қаз…р, п…тер, б…лме, т…ыс, қ…змет.

7. Досыңыздан оның отбасы туралы сұраңыз.

8. Берілген мәтін бойынша өз отбасыңыз туралы әңгіме жазыңыз.

9. Екінші студентпен "Отбасы" тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы сауалнама құрастырыңыз.

10. Отбасы, туған-туыстар туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз.

АЭРОСУРЕТКЕ ТҮСІРУ

Аэросуретке түсіру- ұшу аппаратының жәрдемімен, яғни ұшақта, тікұшақта, ғарыш кемесінде орнатылған арнаулы аппаратурамен жер бетін суретке түсіру. Аэросуретке түсіру материалдарын геодезиялық, геологиялық, инженерлік зерттеулерде, жоспар және карта жасауда, пайдалы қазбаларды іздестіруде пайдаланады.

Қоңыр көмір - шымтезектен пайда болып, тас көмірге айналып үлгермеген қазба көмір. Құрамында 78% көміртегі болады, түсі күңгірт. Отын, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.

Жаңартаулық жыныстар - жаңартаудың атқылауы нәтижесінде пайда болған тау жыныстары: базальт, андезит, липарит, диабез, туф, жентек тас және т.б.

Саз - диаметрі 0,01 миллиметрден аспайтын өте ұсақ бөлшектерден тұратын шөгінді тау жынысы. Ылғал күйінде тұтқыр қойыртпақ түзеді. Оларды көбіне су шайып әкетіп, теңіз, өзен, көл түбіне шөгеді. Түрлі мақсатта пайдаланылады: қыш бұйымдар, ыдыс-аяқ, кірпіш жасалады, отқа төзімді, құрылыс және мүсіндеу жұмыстарында қолданылады.

Тапсырмалар.

1.Мәтінді тыңдаңыз.

2.Жаңа сөздердің айтылуына көңіл бөліңіз, аударыңыз.

3.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, ол тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз.

4.Мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

5.1, 2 - абзацтағы сөйлемдерді етістіктің үш шағында жазып шығыңыз.

6.Сұхбат құрастырыңыз. Сұхбат ішінде модаль сөздерді қолданыңыз.

7.Шылаулардың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Қоғамдағы отбасының қызметі» тақырыбына әңгіме.

2. «Отбасы» тақырыбына сұқбат.

3. «Аэросуретке түсіру» тақырыбына әңгіме.

Наши рекомендации