Бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымы
Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет инвесторларды тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның (потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында құжаттарды дайындауында өз стандарттары (форматтары) бар, бірақ қандай жағдайда да мақсат бір - жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, басқаша айтқанда – жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлелдеу керек.
Ол үшін алдымен жобаның табыс әкелетін бөлігін (өнім, баға, нарық, сату), одан кейін шығындық бөлігін (қондырғыны, шикізаттарды, материалдарды алуға, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар) қалыптастырады, мұнда бизнес пен қаржыландыру схемасының мүмкін болатын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету варианттарын есепке алады, осыдан кейін кейде зерттеу мен тәуекелді есептеу әдістерін қолдана отырып, тиімділікті есептеу мен оны талдауға көшеді.
Мүмкін болатын варианттардың ішінде жаңа өнім өндірісінің бизнес-жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:
1. Өндірілетін өнімнің сипаты.
2. Өнімді өткізу нарығы.
3. Бәсекелестері.
4. Маркетингтің жоспары.
5. Өндіріс жоспары.
6. Өндірісті ұйымдастыру.
7. Заңдық жоспары.
8. Қаржылық жоспары.
9. Қаржыландыру жоспары.
10. Резюме.
11. Қосымша. Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағы құжаттар келтіріледі (жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы және т.с.с.).
Басқа көбірек бөлшектенген және іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы:
1. Кіріспе.
2. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты.
3. Кәсіпорынның мінездемесі мен потенциалы.
4. Кәсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы.
5. Өнімнің сипаттамасы.
6. Өнімді өткізу нарығының бағасы.
7. Бәсекелестерінің сипаттамасы мен бағасы.
8. Өнімді өткізу болжамы.
9. Маркетинг стратегиясы.
10. Маркетинг жоспары.
11. Өндіріс жоспары.
12. Ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент.
13. Персоналы.
14. Өнімнің табыстылығын талдау;
15. Қаржы стратегиясы;
16. Қаржы жоспары.
17. Қосымша.
Өнімнің (немесе қызмет көрсетудің), нарықтың, бәсекелестердің сипаты, маркетингтік жоспар жайлы бөлімдер аса маңызды, өйткені қандай дәрежеде нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді. Осыған байланысты ағылшын сарапшыларының жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған қызықты сұрақтарына тоқталайық: Нарыққа шығу қандай тәуекелдермен байланысты? Сіздің жағдайыңызда қандай сауда ұсынысы бірегей болып табылады? Өнімнің патенттік қорғалуын қай дәрежеде іске асыру керек? Сіздің сатып алушыларыңыз тұтыну нарығында ма, өнеркәсіп нарығында ма? Осы мақсаттар үшін арнайы журналдармен танысу немесе көрмелерді аралау қай дәрежеде? Сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады? Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай қосарлама қызметтер керек? Өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады?
Бизнес-жоспар – жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген бизнестің дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы, сонымен қатар қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын қиыншылықтарды талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат. Бизнес-жоспарды кәсіпкерлік саласындағы жаңа іскерлік түрін негіздеуде емес, басқа да бірқатар жағдайлар кезінде де жасауға болады: сыртқы нарыққа жаңа немесе бұрыннан шығарып жүрген өніммен шыққанда; инвесторларды тарту қажеттілігі туындағанда; несие алғанда; қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда; өнім өндірісінің көлемі өскенде. Бүгінгі Қазақстан жағдайында бизнес-жоспар құру – үлкен мәнге ие болатын процедура, себебі ол кәсіпорынның потенциалын анықтауға, жаңа мақсаттар мен тапсырмаларды қоюға, жаңа рационалды шешімдерді өңдеуге, бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, кадрлардың және бүкіл кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бизнес-жоспар жасау жаңа істі бағалау және оның құлдырау тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың мазмұны
Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн: Сізге қанша құрал қажетті? Сізге берілген ақша қалай жұмсалады? Сіз өз өніміңіз немесе қызметтеріңізді қай жерде және қалай сатпақшысыз? Өз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз? Бизнес-жоспардың мынадай бөлімдері болуы керек:
1. Қысқаша сипаттамасы.Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек: бизнестің сипаттамасы; басқару; негізгі қаржылық көрсеткіштері; инвестицияның қажеттілігі.
2. Компания.Бұл бөлім осы шақтағы компанияның қызметінің толық сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын көрсету керек: компанияның тарихы; ағымдағы іскерлік; іс жүргізу стратегиясы.
3. Істің саласы.Саланың шолуы нарықтың өлшемі жайында ақпараттарды, осы өнеркәсіптік сала нарығының негізгі қатысушыларын, осы саланың даму тенденциясын қамту керек. Компанияның жетекшілері осы саланы және компанияның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек: өнеркәсібі; жетістікке жетудің сыни факторлары; басқа факторларын бағалау.
4. Өнім немесе қызмет көрсету.Компанияның өнімін немесе қызметтерін сипаттау. Сіздің компанияңыз ұсынатын өнімдердің немесе қызметтердің арасындағы айырмашылығына және бәсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөліңіз: өнімдер немесе қызметтер; өнімді немесе қызметті салыстыру.
5. Маркетинг.Бұл бөлімде өз бизнесіңіздің нарықтық мүмкіндіктерін анықтап, бағалаңыз: өнімге деген қазіргі және потенциалды сұранысты анықтаңыз, кәсіпорынның күшті және әсіз жақтарына және бәсекелестерге нақты және шынайы баға беріңіз. Дұрыс болжамдарға сүйене отырып, өз өніміңіз бен қызметтеріңізге деген потенциалды қажеттіліктерді бағалаңыз. Есеп «нарықтық тетіктерге» сезімталдықты және сыртқы ортадағы өзгерістердің сіздің бизнесіңізге әсерін көрсету керек. Талдау жүргізу барысында мүмкіндігінше нарықты зерттеуге сүйенгеніңіз жөн болады. клиенттеріңіз; бәсеке; сіздің компанияңыз.
6. Өндірістік іскерлік.Бұл бөлімде материалдық-техникалық құралдарды, орналасатын жерге және қондырғыларға деген қажеттілікті және компанияның мақсатына жетудегі керекті еңбек ресурстары сипатталуы керек. Техникалық сұрақтардан аулақ болыңыз: мүлік пен қондырғы; өндіру немесе қызмет көрсету.
7. Басқару.Сіздің кәсіпорыныңыздағы басқарушы құрамымен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетінін және бизнесті сәттілікпен жүргізе алатынын
көрсетіңіз: негізгі жетекшілері; ұйымның құрылымы мен бақылауы.
8. Инвестицияға деген қажеттілік.Бұл бөлімде компанияның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымша қаржылар бағаланады. Барлық есептеулер мен болжамдалатын сомалар мұқият құжатталып, «Қаржы» бөлімінде келтірілген мәліметтеріне сәйкес болуы керек. Егер сізге инвестициялар қажет болса, онда осы жерде жариялауға болады.
Инвестициялардың қажеттігі. Мүмкін болса, келесі сұрақтарға жауап беру үшін қаржылық болжауларды қолдануыңызға болады. Сырттан қаржыландырудың қандай көлемі сізге керекті? Компанияның басқару персоналының жеке қаржылық міндеттемелері қандай? Үлестік қатысу мен несиемен қаржыландырудың керекті қатынасы қандай? Инвестициялар қалай қолданылады? Несие берушілерге ақша қашан және қалай қайтары-лады?
9. Қаржы.Бұл бөлімде бүкіл бизнес-жоспардың дәлелденуі жүргізілу керек. Жорамалдаудың негізіндегі қаржылық болжамдардың керектігі болжамдардың өзінен кем түспейді. Мөлшерлеп өз болжауларыңызды керекті құжаттармен келістіріңіз. Барлық қаржылық құжаттар теңге және сол сияқты доллар түрінде келтірілуі қажеттігіне көңіл бөліңіз. Болжамдаған айырбас курсын әр кезең бойынша көрсетеді: алдыңғы кезең бойынша қаржылық құжаттар; болжамдалатын қаржылық құжаттар; болжамдау.