Баяндамашы: Экономика маманы Сейсенбаева Алия
Дөңгелек үстелдің шымылдырығын тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.доцент Жұмаділ Арман Қабдешұлына сөз кезегін береміз.
Дөңгелек үстелдің шымылдырығын дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д. профессор Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырды. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Болашақ энергиясы тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады.
1-баяндамашы ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? Қазақстанға ехпо не үшін керек? Бұл сұрақтардың жауабын тарих 1 курс магистранты Марат Ұлықпанға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. Қазақ елінің мәртебесін асқақтатып көк байрағымызды көкке көтеретін тарихымды насихаттайтын көрме.
Ендеше ЭКСПО тарихына шолу жасасақ. Экранға назар салайық.
Тарихи деректі фильм 2 м
2-баяндамашыДүние жузілік көрменің тарихына шолу жасап тарихи баға берсек тарих 1 курс магистранты Пірімхан Әйгерімге сөз кезегін берсек.
Жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі.ЭКСПО көрмесі 166 жылдық тарихы бары белгілі. Әлемнің алпауыт мемлекетттері ЭКСПО көрмесін қаншалықты жоғары деңгейде жүргізді? Әлемдік деңгейде жүргізілген ЭКСПО көрмесінің тарихына шолу жасасақ 3-баяндамашы Байболатова Әселдің .Филадельфия бүкіл әлемдік әмбебап экспо көрмесіне тарихи бағамына сөз кезегін ұсынайық.
Жүргізуші: Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» болып аталды. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмелері Қазақстанның бас қаласы Астанада өткізілмек.
Баяндамашы: Мүкәрім Мөлдір
Жүргізуші: EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. Ал, енді бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыда пайдасы қандай?
баяндамашы: Экономика маманы Сейсенбаева Алия.
Жүргізуші:Бүгінде бүкіл әлем Астана туралы «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің болашақ қожайыны ретінде айтады. Планетаның 150-ден астам елі қатысатын осы бүкіләлемдік оқиғаға дайындық үлкен қарқынмен жүргізіліп жатыр.1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына лайық деп табылса, 2011 жылы «ТМД мен ЕурАзЭҚ-тың үздік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. 2012 жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы құрметті миссиясын табысты орындап шықты.
Рметті дөңгелек үстелдің қонақтары ЕХРО көрмесіне факультетіміздің күйшісі Күнекеев Аманның Құрманғазының тамаша күйі Сарыарқаға кезек берейік. Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүкіл әлемдік көрмені өткізу бірінші кезекте қаланың сәулет-құрылыс өнеркәсібін көкке көтереді, қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындары ашылады, қонақжайлылық қасиет қанатын жаяды. Ең бастысы, «ЭКСПО»-ның арқасында қазақстандық нарыққа алдыңғы қатарлы құрылыс технологиясы келеді, отандастар энерготиімділікке, экологияға көңіл бөле бастайды, жақсы өмір сүруге бұрынғыдан да гөрі талпына түседі.