Еңбек қаупсіздігінің қайталау және кезектен тыс инструктажы
Қауіпсіздік нормалары – бұл сапалы және сандық көрсеткіштер, өндіріс жағдайлары сипаттамалары, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлы – гигиеналық, биологиялық және басқа да нормалар қамтамасыз ету көз қарасынан, денсаулықты және жұмысшылар өмірін олардың еңбек қызметі процессінде сақтауға бағытталған өндірістік және еңбек процессі.
Басқа қауіпсіздік және еңбек заңнама түсініктемелері, анықтамалары және арнайы терминдері тіршілік әрекеті қауіпсіздігін оқытудың тиісті бөлімдерінде қарастырылады.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысының негізгі мақсаты - бұл адамды антропогенді, техногенді және табиғи құрылымдағы кері әсер етулерден қорғау және тіршілік әрекетінің ыңғайлы жағдайларына қол жеткізу.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысының зерттеу объектілері - тіршілік әрекеті үрдісіндегі адам, табиғи және өндірістік орта және жабдықтар, адамның қоршаған ортамен, өндірістік қондырғымен және технологиялық үрдістермен байланысы, еңбек және өндіріс ұйымдастырулары, сонымен қатар авариялық - құтқарушы және басқа да жұмыстар.
Ғылым ретінде тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын, еңбек жағдайларын және жұмысшылардың толықтай қауіпсіздігімен қатар олардың өмір сүру әрекетінің жоғарлату жағдайларын жасау шарттарын зерттейді.
Билет
1. Енбек қорғауды ұйымдастыру
Еңбек ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны – мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
2. Электромагниттік толқындар сипаты (өлшем бірліктері, таралутүрлері)
Электромагниттік толқындар — байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.
Бағыттаушы байланыс жолы бойымен таралатын бірнеше электромагниттік толқындар. Оларға жататындар:
электромагниттік көлденең толқын,
жоғарғы ретті электр Е толқыны,
жогарғы ретті магниттік Н толқын және
аралас толқындар.
Көлденең толқын негізгі толқын болып саналады. Ол көлденең Е толқыны мен Н толқынынан тұрады. Сым бойымен бағытталған толқындар болмайды. Яғни, электромагниттік өрістің күш сызықтары тек қана сымның көлденең қимасыңда болып, тұрақты токтың статикалық кернеуінің өрісіндей болады. Көлденең толқын тек байланыс жолдары сымдарының потенциалдарының таңбасы әр түрлі болғанда ғана кездеседі. Көлденең толқын сымды байланыс жолымен жиілік ауқымы шектелген сигналдарды тарату үшін пайдаланылады. Яғни, симметриялы немесе коаксиал жүптарымен берілетін токтың негізі өткізгіштік ток болғанда пайдаланылады.
Электрлік Е мен магниттік толқындар жоғарғы ретті толқындар болып саналады. Оларда көлденең электр және магнит өрістерден басқа бір-бірден электрлік немесе магниттік бойлық толқындар болады. Сондықтан олардың күш сызықтары сымдардың көлденең қимасыңца да ұзына бойында жатады. Мұндай толқындар өте жоғары жиілік диапазонда қыздырылады. Ондағы токтың негізі өткізгіштік ток емес диэлектрлік ығыстыру тогы болады. Олар электромагниттік энергияны металл немесе диэлектрик толқын жолдарымен және сыртқы толқынды бір сым бойымен бергенде пайдаланылады.
Аралас толқындарда барлыгы алты (үш координатта) толқын компоненттері болады. Мұндай аралас толқындарга диэлектрлік толқын жолдардагы және сәуле тарататын жарықжол (сәулежол) толқындары жатады.
Ортаның қасиетіне байланысты кеңістікте белгілі бір жылдамдықпен таралатын электромагниттік өріс. Оның вакуумдегі таралу жылдамдығы
300 000 км/с (жарықтың таралу жылдамдығымен бірдей). Біртекті изотроптық ортада электрлік кернеулік (Е) және магниттік кернеулік (Н) бірбіріне және толқынның таралу бағытына перпендикуляр болады, яғни электромагниттік толқын колденең толқын болып табылады. Кеңістіктің кез келген нүктесінде Е және Н толқындарының фазасы бірдей болады. Е және H қашықтықтың (R) артуына қарай 1/R шамасына азайып отырады. Өрістердің осылай баяу өшуі — электромагниттік толқын арқылы аса үлкен қашықтықпен байланыс орнатуга жағдай жасайды. H толқын ұзындығы бойынша H >1012 см толқындар радиотолқындар қатарына, 5- 10-2 - 7,4-10-5 толқындар инфрақызыл толқындары қатарына жатады.[1]
3. Өндірістік жарақаттану түрлері мен сипаттары
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп а 1-тармақтағы "Мемлекеттiк стандарттардың еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелерi мен нормаларының" деген сөздер "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң" деген сөздермен ауыстырыл
Билет
1. Еңбек қорғау саласында техникалық регламенттер анализі
2-тармақтағы "еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелерi мен нормаларының" деген сөздер "еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын 5-тармақтың 2) тармақшасындағы "гигиеналық нормативтерге" деген сөздер "нормаларға" деген сөзбен ауыстырылсын; 13) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
"23-1-бап. Техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiк талапта Қауiпсiздiк талаптары адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнiмнiң өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленедi.".
2. ШРК және ШРД жөнінде түсінік
Атмосфера қабаттары: тропосфера, стратосфера, термосфера, мезосфера, ионосфера және экзосфераның физика-химиясы. Қабаттарға тән процестер. Атмосфераның тарихы: біріншілей, екіншілей, үшіншілей және заманауи атмосфера. Олардың химиялық құрамы және оны анықтайтын факторлар. Газдардың эмиссиясы мен имиссиясы. Ауа сапасын нормалау көрсеткіштері: ШРК, ШРД, АЛИ туралы түсінік.
3. Коллективтік және жеке қорғаныс құралдары
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтаудыұйымдастырады . Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек .
Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса , ұйымдарда кептіргіштер , қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі .
Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып , шаң тозаңнан тазартылуы , кептірілуі тиіс .
Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс .
Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса , жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады .
Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін ( сынап , қорғасын , этилді бензин , радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі .
Bilet
1. Жұмыс орнын аттестациялау мақсаты
ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті. (317бап 6 тармақ).
ҚР Еңбек кодексінің 317 бап 6 тармақта көрсетілген, санитарлық гигиеналық құралдармен және шарттарымен жұмысшыларды қамтамасыз етуде және құрылған еңбек шартын бағалау, еңбекті қорғау бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау бес жылда бір рет өткізілетін нәтижелер бойынша іске асырылады. Бұл тәртіп ҚР Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. объектілерді міндетті аттестациялау, қайта құру және жаңарту, технологияны енгізу не жаңа техниканы орнату, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін міндетті кезеңдік аттестация бес жылда бір рет жүргізіледі. Кезектен тыс аттестация еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қадағалайтын мемлекеттік қадағалау мен бақылау ұйымдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
2. Электромагниттік сәулеленуді нормалау
Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі. Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
3. Өндірістік жарақат және кәсіптік ауру сипаты
Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
Жарақаттану келесідей әсерлердің салдарынан болуы мүмкiн:
- химиялық факторлар, мысалы улы химикаттардан улану немесе күю;
- электр тоғы – күйіктер, электр соққылары және т.б.;
- жоғарғы және төменгі температура (күю немесе үсік шалу);
- әр түрлі факторлардың болуынан.
Өндiрiстiк жарақат – бұл өндірістегі (кәсіпорындағы) қайғылы жағдайлардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттардың бірнеше себептері болады.
Кәсіби аурулар – бұл зиянды еңбек жағдайының адам ағзаға тұрақты немесе ұзақ уақыт әсер етуінінің нәтижесінде жұмысшылардың денсаулығының бұзылуы.
Кәсіби ауруды және жарақатты алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауымен және төмендегі жолдар арқылы iске асады:
- еңбек жағдайына байланысты өндірістік объектілерде аттестация жүргізу (аттестацияны жүргізу туралы ереже);
- қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту);
- жұмыс істеу және демалыс тәртiптерін сақтау;
- еңбекті қорғау және жұмыс шарттары туралы қызметкерлерді ақпараттандыру;
- еңбекті қорғау және жұмыс шарттары туралы ағымдық бақылауды орындау;
- өндірістік объектідегі іскерлік сараптау жүргізу нәтижелері бойынша еңбек шарттарының жай-күйі туралы қызметкерлерге дер кезінде ақпарат беру;
Түзету әрекеттерін жүргізудің қажеттілігі, еңбек қорғауды басқару жүйесінің сәтсіз және дұрыс орындалмауын анықтаған кезде, ағымдық бақылауды, аудитті жүргізу кезінде және апаттар мен өндірістегі қайғылы жағдайлар айқындалған кезде пайда болады.
14-bilet
1. Өндірістік травматизмді талдау әдістері мен сипаты
Өзің тап керек болса, басың жоқпа тупой ноқат бле???
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану травматизмдеп аталады.
Өндірістік травматизм – бұл әр түрлi сыртқы қауiптi өндiрiстiк факторлардың адамға тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
2. Жарақат ауырлығы мен олардың сипаты
Жарақат ауырлығы – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
3.Иондағыш сәулелердің адам ағзасына әсеріИонды сәулелену өндірістік ортаның аса қауіпті факторларының бірі болып саналады, өйткені олар көзге көрінбейді, сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес, адамға қауіпті мөлшерінің әсері кезінде де адам ауырғанды сезбейді, сәулелері бөлмелердің қабырғаларынан және басқа да экрандардан өтіп кетеді.Ионды сәулелену көздері қазіргі кезде медицинада (рентгендиагностикалауда, радиотерапияда), ғылымда және халықшаруашылығында кеңінен қолданылады. Иондаушы сәулелермен жұмыс жасау кезінде және қоршаған ортаны радионуклидтерден қорғау бойынша нормалаудың негізгі құжаты «Радиациялық қауіпсіздік нормасы » болып саналады. Иондаушы сәулелену көздерінің екі түрі болады: ашық және жабық. Жабығына мыналар жатады: рентген аппараттар, гамма- сәулелері, бетатрон және т.б. Бұлардың әсерінен қоршаған орта радионуклидтермен ластанбайды. Ал сәулеленудің ашық түрінде қоршаған орта радионуклидтермен ластанады. Иондаушы сәулелердің әр түрлі қасиеті көрсетілген. Иондаушы сәулелердің дозасы дегеніміз сәулелену арқылы берілген қарапайым энергия мөлшері немесе денеге берілген сәуле массасы. Сәулелену дозасының мынандай түрлері болады: экспозиционды, сіңірілген, эквивалентті.Ионды сәулелену аппарттарымен 18 жасқа толмаған адамдарға жұмыс істеуге тыйым салынады. Аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін әйелдерге ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тыйым салынады. Адамдарды жұмысқа қабылдар алдын медициналық тексеруден міндетті түрде өткізу керек, тексеру кезінде міндетті түрде қанына клиникалық зерттеу жүргізу керек.Иондаушы сәулелену көзі бар жұмыстарға қан ауыруымен ауыратындар, екіншілік қаназдық ауруымен ауыратындар, жүйке жүйесі органикалық зақымданған, менструальді - овариалды циклі бұзылған әйелдерді жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Жұмысқа үйрету өтіп, радиациондық қауіпсіздік техникасын және жеке бас гигиенасын меңгергені бойынша емтихан тапсырған адамдар қабылданады. Мерзімдік медициналық тексерулер жылына бір рет жүргізіліп тұрады. Әр жұмысшыға жеке медициналық карта ашылады, ол жерге дозиметрлік қадағалау және медициналық тексеру қорытындылары жазылып тұрады.
15билет
1) Өндірістегі жазатайым жағдай – бұл жұмысшыға өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын атқаруда зиянды немесе қауіпті фактордың әсер етуі. Жазатайым жағдайдың нәтижесі – жарақат, яғни организм ұлпаларының және оның функцияларының сыртқы әсер нәтижесінде зақымдалуы.
Өндірістегі сәтсіз жағдайларды зерттеу, арнайы зерттеуге жататындардан басқасы, СЖ болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат аралығында құрылатын комиссия жүргізеді, осы комиссияның құрамы келесідей болады:
- төрағасы-ұйымның басшысы (өндірістік қызметтегі) немесе оның орын басары;
- мүшелері- еңбек пен қауіпсіздік ұйымдарының қызметі басшысы және жұмыскерлер төрағасы.
Сәтсіз жағдайды зерттеу мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он күннен аспауы қажет.
2)иондағыш сәулелену – бұл, затпен өзара әрекеттескен кезде, заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену. Иондаушы сәулеленулер өзінің физикалық табиғатына байланысты электромагниттік (фотондық) және корпускулярлық (бөлшектер) болып бөлінеді.
ИС-тің бірінші тобына энергиясы жоғары рентген және γ-сәулеленулері жатады. Физикалық қасиеттері бойынша, рентген және γ-сәулелері арасында негізінде айырмашылық жоқ. Фотондық сәулеленудің шығу тегіне байланыссыз, энергиясы олардың 250 кэВ дейін болған кезде, олар рентген сәулесіне, ал 250 кэВ – тан жоғары болғанда, гамма- сәулеленуге жатады.
Егер, ИС-тің бұл түрлерінің шығу тегіне келсек, сәулеленудің тежелулік және характеристикалық(характеристические) деп аталатын түрлерге бөлінетінін айта кету керек. Тежелулік сәулелену жылдамданған зарядталған бөлшектердің (электрондардың) атом ядроларының электрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады. Характеристикалық сәулелену электронның сыртқы орбиталарының бірінен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады. Негізінен, тежелулік және характеристикалық сәулеленуді рентген сәулелеріне, ал ядролардың өзгеруі кезінде пайда болатындарын – гамма-сәулеленуге жатқызады. Мұндай бөліну кезінде рентген және γ- сәулелерінің спектрлері бірінің спектрін бірі жабады
3) Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады.
Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне
қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу
мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс.
Науқасты ЖӨМР жүргізуге дайындау :1. Науқас жағдайын : айқайлап, иығынан қағып, екі жақтағы ұйқы артериясынанда пульсті пальпациялап, кеуде клеткасында экскурсияның болуын бақылап, екі көздің қарашықтарының көлемін (бір уақытта) және тері жамылғысының жағдайын-бағалаймыз. 2. Науқасты тегіс қатты беткейге жатқызамыз. 3. Кеуде клеткасын тар киімнен босатамыз.
Жоғарғы тыныс жолын тазалау және олардың өткізгіштігін қамтамассыз ету: 1. Науқастың басын өзімізге қаратып , дәке оралған саусақпен ауыз қуысының санациясын жүргіземіз. Санация бір рет айналдырып шығу арқылы жүргізіледі. 2. Сафар үштігі бойынша жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігі мен түзуленуін жүргіземіз: А) Науқастың бас жағынан тұрып,бір қолымызды пациенттің мойын астына,екіншісін- маңдайына қойып, басты мойын бөлігінде шалқайтамыз. Б) Бастың бүгілуін болғызбас үшін қолдарымызды науқас басынан алмаған күйде, ең кішкентай саусағымызды төменгі жақ бұрышына орналастырып, төменгі жақты алға және жоғарыға қарай тартамыз. В) Екі қолдың үлкен саусақтарымен науқастың аузын ашамыз.
16билет
1) 1. Еібек туралы заң талаптарын бұзудағы жауапкершіліктер:
Еңбек қорғау мен еңбек шарттарын жақсарту іс-шараларын қаржыландыру - ҚР субъективті қоры құралдары есебінен, мемлекеттік, салалық және территориялық мақсаттағы бағдарламалармен жүезеге асырылады, жергілікті қордан, ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қордан тыс қаржыдан және жергілікті басқару органдарының құқықты нормативті актілерімен қарастырылады.
Еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша жүргізілетін шараларды жақсартуды қаржыландыру - ҚР Еңбек кодексін бұзған жағдайдағыайып пұлдарының есебінен және ҚР Басқармасы бекіткен тәртіпте қарастырылатын, басқа да нормативті шарттарды бұзғандағы төлетенетін айып пұлдардың есебінен жүргізіледі; жеке заңды тұлғалар мен ұйымдардың өз еркімен қосқан салымдары есебінен де жүргізіледі
2) Иондаушы сəуле энергиясы биологиялық ткань арқылы өткен кезде атом мен молекулаларға беріледі. Бұл иондардың пайда болуына жəне молекулалардың қозуына алып келеді. Алайда бұлклеткада бірінші ойнайтын физикалық «драма актісі». Келесі акт клетканың жеңілуінің химиялық кезеңі деп аталады Қазіргі заманғы концепция негізінде радиациялық сəулеленуге, адамға дозаны шектеу принципі жатады. Осыған байланысты радиацияның қауіпсіздік шаралары, иондағыш сəулелер көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлерге жəне сонымен бірге халықты қорғауға міндетті түрде қажет. Басқа сөзбен айтқанда, адамды сəулеленуден тұрақты қорғау,биоцензалар мен биосфераны да қорғауға кепілдік береді. Мұндай радиациялық əсерді нормалау принципі радиациялы-гигиеналы деп атайды Организмге иондағыш сəулелерден əртүрлі жарақаттардың пайда болуын адамдардың сəулелену жарақаты деп атайды. Мұндай пайда болудың көбі ең алдымен сəулелену түріне байланысты болады (жалпы немесе жергілікті, сыртқы немесеинкорпорирленген радиоактивті заттардан), уақытша факторын (бір реттілік, қайталану, көп уақытқа созылған сəулелену), өріс біркелкілігінен (біркелкі немесе əркелкі сəулеге түсу) т. б.
3) Өндірістік жарақат– бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
Жарақаттану келесідей әсерлердің салдарынан болуы мүмкiн:
- химиялық факторлар, мысалы улы химикаттардан улану немесе күю;
- электр тоғы – күйіктер, электр соққылары және т.б.;
- жоғарғы және төменгі температура (күю немесе үсік шалу);
- әр түрлі факторлардың болуынан.
Өндiрiстiк жарақат – бұл өндірістегі (кәсіпорындағы) қайғылы жағдайлардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттардың бірнеше себептері болады.
Санитарлы-гигиеналық – санитарлы нормалардың (мысалы, ылғалдылық, температура) талаптарын бұзу салдарына, санитарлы-тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдардың болмауына, ұйымдарда жұмыс орындарының жеткіліксіздігіне байланысты болатын жарақаттар.
№ 17 билеті
1. Өндірістік травматизм жиілігі мен жарақаттану ауырлығын анықтау. Өндірістік жарақаттану кәсіпорында механикалық, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде кенеттен пайда болған тіндердің зақымдалулары, ағзаның немесе мүшенің қызметінің бұзылуы. Оларға жарақаттар, терінің сыдырылуы, соғылулар, сынықтар, қан құйылу, сіңірлерінің үзіліп кетуі, дененің немесе оның бөліктерінің компрессиялық жаншылып қалуы, термиялық және химиялық күйіктер, электр тоғының соғуы, дабыл жарғағының жарылып кетуі, көзге бөгде денелердің (зат) түсуі және т.с.с. жатады. Жарақаттардың дамуына қауіпсіздігі тұрғысынан жетілдірілмеген өндіріс үрдісінің технологиясы, жеткіліксіз механикаландырылуы, еңбекті ұйымдастырудағы, техникаларды пайдаланудағы талаптардың өрескел бұзлулары, қауіпті нысандардың қоршалмауы, жұмысшыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін оқыту мен нұсқаунама жүргізілуіне нашар аз бақылау жасалуы, жұмысшылардың өздері оларды орындалмауы ықпал етеді. Жұмыс бөлмелерінің аудандары өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес келмеуі, тар өткелдер мен жолдар, зауыт ішілік транспорттың жұмысын, тиеу және түсіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау жарақаттанулардың даму қауіп-қатерін күрт жоғарлатады. Қолайсыз гигиеналық жағдайлар да жарақат алу мүмкіншілігін анықтайтын жанама факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, дене қыздыратын немесе салқындататын микроклимат жағдайларында, бөлмелерге, көруді нашарлататын, жеткіліксіз жарық түсуі, қимыл-қозғалысқа кедергі жасайтын ауыр арнайы киім киіп, жұмыс істеу, шудың уландыратын заттардың деңгейі жоғары, еңбек үрдістері едәуір ауыр және қауіртті болған кезде жұмысшының реакциясының жылдамдығы мен ширақтығының және зейін қоюйының төмендеуіне, көріп қабылдауының қиындауына, қажуға, жұмыс кезіндегі абайсыздыққа алып келеді, осыған байланысты жарақаттану қаупі де өседі.
2. Электр қауіпсіздігі, электр тогынан қорғанудың техникалық шаралары және жеке қорғаныс құралдары. Өндірістік мекемелердегі жұмыскерлердің электр тогымен жарақаттануының негізгі себептеріне мыналар жатады:
· кернеуден айырмай электр желілерін жəне электр жабдықтарын құрастыру жəне жөндеу;
· ток жүретін құрылғылардың ашық бөліктеріне тиіп кету мүмкіндігі;
· кернеуде тұрған жалаңаш сымдарға жəне оның үзілген шеттеріне кездейсоқ жанасу;
Электрлік жарақаттанумен күресудің негізгі мақсаты – электр жабдықтарын, электр қондырғыларын жəне құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру, жоғары өндірістік тəртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді, нормаларды жəне нұсқауларды бұлжытпай орындау болып табылады. Адам ағзасына электр тогының əсері əртүрлі болады: механикалық – ұлпалардың ажырауы жəне сүйектердің зақымдануы, жылулық – күю, химиялық – электролиз, биологиялық – тірі материяға тəн жəне онымен байланысты тіршілік қауіпсіздігінің электр процестерінен бұзылуы.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау, торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар
Температуралық күйікке ұшырағанда алғашқы көмек. Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік).Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік).Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажетЕгер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз. Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары.Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1
Емтихан билеті № 18
1. Еңбек қауіпсіздігін информациялау және классификциялау принципі. Еңбек қорғау келесідей негізгі төрт тапсырманы орындайды:
• қауіпті жəне зиянды өндірісті факторларды айқындау;
• қауіпті жəне зиянды өндірісті факторларға сай қорғану құралдарымен
техникалық шараларды өңдеу;
• өнеркəсіптегі еңбек қорғауды басқару жəне еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық шараларды өңдеу;
• қауіптердің туындау жағдайындағы əрекеттерге дайындық. Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық , әлеуметтік - экономикалық , ұйымдастырушылық - техникалық , санитарлы - гигиеналық , емдік - профилактикалық , қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе
2. Психологиялық күй сипаттары – көтеріңкі көңіл күй, қанағаттану, стресс, аффект, фрустрация. Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. Стресс үш кезеңнен тұрады: үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Аффект (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Фрустрация - [ лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. Дегеніне жете алмаған, діттеген мақсатын орындай алмаған саясат субъектілері фрустрация жағдайын кешуі мүмкін.
Иондағыш сәулелерден қорғану. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді. Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл.Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Емтихан билеті № 19
1. Жұмыс орнын аттестациялау комиссиясының атқаратын жұмысыӨндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау 1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестатталуға жатады.
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
2. Буын шыққанда, аяқ-қол және бұғақ сынғандағы алғашқы көмек
Буынның шығуы - адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді
Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін (69, а-сурет). Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады.
3. Фильлтрациялық газқағарлар, олардың жұмыс істеу принциптері Сүзгіш газқағарлар тыныс алу органдарын қорғауға арналған негізгі жеке қорғаныш құралдары болып табылады. Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері - ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш (газқағар) қорапқа түседі, сонда тазаланған соң, беттік бөлікке және тыныс алу мүшесіне түседі, ауа қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады. Қазіргі уақытта ересек халықты қорғау үшін ГП-5, ГП-5м және ГП-4у сүзгіш газқағарлары пайдаланылады.
Теріні қорғау құралдары. Қорғаныш әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді. Арнайы ЖҚҚ АҚ құрамдарымен қолданылады. Оларға жеңіл қорғаныш костюмі (Л-1), резиналы етік және қолғаптан жабдықталған комбинезон, ОП-1 қорғаныш плащынан, қорғаныс шұлығы мен қолғабымен жабдықталған, қорғаныш киім жиыны жатады (ЗФО) қорғаныс шұлығы мен қолғабымен жабдықталған.
Емтихан билеті № 20
Жарақаттанудан соң жұмысқа жарамсыздық, материалдық шығын және жарақаттанудың алдан алуға жұмсалынатын қаражат көрсеткішін анықтау