Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.

Негізгі заттық құқық ретінде меншік құқығы танылады, ол өз мәні жағынан әрқашанда мүліктік құқық болып табылады.

ҚР Конституциясында барлық табиғи ресурстардың ішінен тек жер ғана мемлектік және жеке меншікте бола алады делінген. Қалған барлық табиғи ресурстар меншік құқығы ретінде тек мемлекетке ғана тиесілі болады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығында заттық құқық ретінде бір қатар ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер субъектілерге, объектілерге. Табиғи ресурстарға меншік құқығың қорғауға және оның мазмұнына қатысты, ал бұл ерекшеліктер кейде табиғи ресурстардың түрлеріне мен меншік түрлеріне қарай жіктнлнді

ҚР мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық түрде болады. АК-на сәйкес бастапқы редакциясында табиғи ресурстар республикалық меншікте болады делінген. Бұл баптың табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік туралы жаңа редакциясында республикалық деген сөз жоқ. Сонымен қатар, АК-на сәйкес жаңа редакциясының мемлекеттік меншік болып табылатын, бірақ мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген табиғи ресурстар ҚР-ның мемлекеттік қазынасы құрайды делінген, яғни олар республикалық меншік болып табылады. Сонымен, табиғи ресурстар заң құжаттарында көзделген жағдайларда ғана коммуналдық меншікте болуы мүмкін. Сондай-ақ табиғи орта туралы заң құжаттарында, мейлі салааралық болсын, мейлі салалық болсын, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын іске асыруы жөніндегі құзыры туралы нормалар бар.

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық пен міндетті тасушы тұлғалар.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады.

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.

Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқықығының объектісі тек табиғи ресурстар, олар табиғи ортаның құрамдас бөліктері, одан бөлініп алынбайды.

Мемлекеттік меншік құқығы, егер республика бекіткен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмеген болса, ҚР шекараларының шегінде орналасқан табиғи ресурстарға ғана тарйды. Мысалы, өзендердегі ағынды су ҚР-ның аумағына ағып келіп одан тысқары ағып кетеді. Босып жүрген жабайы аңдар мен жыл құстары бір республикадан екіншісіне ұдайы қоныс аударып тұрады. Жылжитын табиғи ресурстардың ҚР аумағына келуі оларға мемлекеттік меншік құқығының туындауына негіз болатын заңдық факт, ал олардың Республика шекарасынан тысқары кетуі де бұл ресурстарға мемлекеттік меншік құқығының тоқтатуына негіз болатын заңдық факт.

Жерге мемлекеттік меншік құқығының ерекшелігін атап өту керек. Жерге мемлекеттік меншік құқығынан басқа ҚР-да жер учаскесіне жеке меншік құқығыда танылған. Сондықтан да, Жер кодексіне сәйкес, жеке меншіктегі жер учаскілерінен басқа барлық жер мемлекет меншігі болып табылады.

Меншік Құқығының объектісі болып табылатын табиғи ресурсарды табиғи ресурстардың табиғи ортадан бөлінген бөліктерімен шатастыруға болмайды. Табиғи ресуртардың заң жүзінде басқа сипатқа ие болған бұл бөліктеріне табиғи ресурстардың өздеріне қарағанда мүлде басқа құқықтық режим белгіленуі мүмкін. Мысалалы, минералдық шикізат, яғни жер қойнауының жер бетіне көтерілген бөлігі, немесе техногендік минералдық құрылымдар ( тау, байыту, металлургия және басқа өндіріс қалдықтары), егер контрактыда басқадай көзделмеген болса, меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болуы мүмкін.

Ал, табиғи ресуртарға жеке меншік құқығын алатын болсақ, жеке меншік иесіне барлық табиғи ресурстардан тек жер ғана тиесілі болуы мүмкін.

Жерге жеке меншік объектісі, әрқашанда, жер учаскесі немесе жер учаскелері болып келеді. Жер учаскісіне, Жер кодексіне сәйкес, жер қатынастарының субъектілеріне белгіленген тәртіпте бекітіліп берілген, жердің шекарасы тұйықталған бөлігі деп түсінік берген. Жер учаскісіне заттық құқықытар, заң құжаттарында өзгедей белгіленбегендіктен, осы учаскенің шегіндегі жоғарғы топырақ қабатына, тұйық суаттарға, ағаш қондырғыларына таралады.

Наши рекомендации