Дістемелік нұсқаулар. Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды

Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды қарастыру. Циклдың фазаларына тән қасиеттер. Экономикалық өсу типтері, факторлары және модельдері. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді анықтайтын көрсеткіштерді талдап, анықтаңыз.

Дебиеттер тізімі

1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр

3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А- Полиграфия» 2004 - 453 бет

Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

1. Жұмыссыздықтың мәні және себептері

2. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы

3. Инфляцияның мәні, түрлері, себептері

4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

5. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Мақсаты:жұмыссыздықтың мәні мен себептерін анықтау, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, Оукен заңын есептеу, инфляцияның түрлерін қарастыру, инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастыру.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, ұшқыр инфляция, баяу инфляция

Дәріс мәтіні

1.Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.

Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.

Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз болады.

Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар

Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:

Жұмыссыздар саны

Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100%

Жұмыс күші

2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1%-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2,5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1: 2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5% немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% -ке жоғары. Осы 3,5%×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.

1) ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 %-ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет

2) Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.

Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет.

3.Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:

1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.

2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.

3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.

4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы

5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.

6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.

7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;

- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі;

- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді.

Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

1.Бағаның өсу қарқыны

2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы

3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы

Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:

· Баяу

· Қарқынды

· Ұшқыр

Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 20%-тен 200%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).

Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі.

Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.

Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады.

Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.

Шетел экономистері сұраныс пен ұсынысқа байланысты инфляцияны екі типке жіктейді:

· Сұраныс инфляциясы

· Ұсыныс инфляциясы

Сұраныс инфляциясы-бағаның жоғарлауы артық сұраныспен түсіндірілуі мүмкін. Барлық қолда бар ресурстар іске қосылғанда сқраныстың өсуі тауар көлемінің ұлғаюына алып келмейді, бірақ өндірілген тауарларға бағаның өсуіне алып келеді.

Ұсыныс инфляциясы-бұл кезде өнім бірлігіне келетін шығындардың көлемі өседі. Шығынның артуы қалыптасқан баға деңгейінде фирмалар ұсынуға дайын өнім көлемін қысқартады. Нәтижесінде өзгеріссіз сұраныс жағдайында тауарлардың ұсынысы қысқарады да баға өседі. Инфляцияның өлшенуі:

ТБИ а.ж.-ТБИ б.ж.

Инфляция деңгейі (баға индексі)= ------------------------- 100%

ТБИ б.ж.

Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет. Номиналды табыс –бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Нақты табыс –номиналды табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны. Егер номиналды табыс баға деңгейіне қарағанда жоғарғы қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі.

Инфляция – жалпы бағаның өсуімен болатын тұрақты тенденция. Инфляция жағдайында бағаның әртүрлі типі бірдей өзгермейді. Кейбір бағалар тез өседі, екіншілері жай өседі, ал енді біреулері өзгеріссіз қалады.

Дефляция – жалпы бағаның түсуінен болатын тұрақты тенденция.

Дезинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі, сұраныс инфляциясы артық жиынтық шығындарының салдары сияқты пайда болады. Шығын инфляциясы өнім бірлігіне орта шығындардың өсуімен жиынтық ұсыныстың өсуі негізінде пайда болады.

4.Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы).

Филлипс қисығы.
Дістемелік нұсқаулар. Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды - student2.ru Инфляция деңгейі % Жұмыссыздық деңгейі% Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды.

Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды.

Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10жыл ) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды. Инфляцияны 1%-ке түсіру үшін жыл бойына жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл жағдай да бір шешімге келген емес.

Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады.

5.Д.Кейнс айтқандай және тәжірибе көрсеткендей, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, экономикалық өсуге жағдай жасайды және инвестиция процесін тездетеді. Ақшаны шектен тыс шығару қолайсыз жағдайларға алып келеді. Олар:

1. Байлық пен табысты қайта бөлу;

2. Мемлекеттік кәсіпорындардың бағасы нарықтық бағадан төмен болады;

3. Салық арқылы ақша құралдарын жасырын түрде мемлекеттің тәркілеуі;

4. Ақша құралдарын тездетіп материзациялануы;

5. Экономикалық ақпараттың тұрақсыздануы;

6. Нақты проценттің төмендеп кетуі;

7. Жұмыссыздық дәрежесімен инфляция дәрежесінің қарама-қарсы пропорцияда өзгеруі.

1. Инфляция жағдайында несие беру тиімсіз болады. Сондықтан адамдар қарыз бермейді, берсе, өте жоғары процентпен береді.

2. Нарықтық экономиканың мемлекеттік секторында жеке секторға қарағанда өндіріс шығындары мен тауарлардың бағасы өте сирек қарастырылады. Әрбір инфляция темпінің өсуінде бағаны өзгертуге, мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік органдарынан рұқсат алуы керек. ¦шқыр инфляция жағдайында мұндай механизм техникасы тиімсіз болады. Осының нәтижесінде мемлекеттік сектор мен жеке сектордың дисбалансы артады. Мемлекет нарыққа әсер ететін потенциалдарын жоғалтады.

3. Салық жүйесі арқылы мемлекет тұтынушылардың табыстарын жинақтайды. Инфляцияның өсу жағдайында прогрессивтік салық жүйесі арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар мен бизнесті қосып, номиналды және нақты табыстың өсуін мемлекет тәркілейді. Бұл мемлекетке жаңа салық заңын алмай-ақ, өскен салық соммасын жинауға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде инфляцияның темпіне қарай салықтың индексациясы жасалады.

4. Фирмалар ақша ресурстарын белсендендіру жоспарын өңдейді. Ақша құралдарын тездетіп затқа айналдырады. Бұл жағдай тауардың тапшылығын тудырады.

5. Баға нарықтық экономиканың негізгі индикаторы. Баға ақпараты бизнес үшін өте маңызды. Инфляция жағдайында баға үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан өндірушілер мен тұтынушылар оптималды бағаны таңдауда жаңылысуы мүмкін. Халықтың экономикалық ынтасы төмендейді.

Ақша құралдары инфляция салдарынан қымбаттайды. Бөлек кәсіпорындар, фирмалар инфляциямен күресе алмайды. Сондықтан бұл проблема мемлекеттің макроэкономикалық проблемаларының бірі. Мемлекеттің алдында екі негізгі сұрақ тұрады:

1. радикалды шаралармен инфляцияны жою;

2. инфляцияға бейімделу.

Инфляцияны жою ол экономикалық құлдыраумен, жұмыссыздықтың өсуімен және инфляциямен күресу. Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік шығындары жоғары, бірақ нәтижесі тиімді. Тәжірибеде көп елдер бейімделу жолын таңдайды.

Орытынды

Жалпы экономикалық цикл мағынасы оның фазалары студенттерге экономикалық әдістермен таныстырылды. Инфляция және жұмыссыздық категорияларының мәні оның формаларына сипаттамалар берілді. Жұмыссыздық: мәні, себептері және Оукен заңы қарастырылды.

Наши рекомендации