Шығармашылық деңгей. Бизнес-жоспар жобасы бойынша нәтижелерді бағалау үшін тыңдаушылар арасынан (3-4 адамды) комиссия мүшесі ретінде тағайындау

1. «Бизнес-жоспар» ойыны

Бизнес-жоспар жобасы бойынша нәтижелерді бағалау үшін тыңдаушылар арасынан (3-4 адамды) комиссия мүшесі ретінде тағайындау керек. Әрбір адамға берілген бизнес-жоспар негізінде кәсіпорын құрылымын, стратегиялық даму бағытын, өндіріспен қызметкерлерді басқару шеберлігін айқындау үшін және берілген сауалдарға жауап беру үшін 7 ден 10 минутқа дейін уақыт беріледі.

Оқытушы мен комиссия бизнес-жоспарды бағалау барысында, оны орындаудың типтік әдістемесіне сүйенуі керек. Ол келесі негізде болады:

1. Алғашқы бет (1-бет);

2. Кіріспе және жоба бойынша резюме;

3. Сала үшін жағдайды талдау;

4. Жобаның маңыздылығы:

- тауарды (қызметті) сипаттау. Патенттер туралы ақпараттар, өндіріс тәжербиесі;

- тауардың шетелдік өнімнен айырмашылығы;

- экспорттын даму мүмкүншілігі;

- кәсіпорын қай жерде орналасқан? Транспорттық сызбасы;

- құрлыс-монтаж жұмыстарының көлемі және құрылыс кестесі;

- мердігерлер;

- жалпы қызметкерлерге деген сұраныс;

- серіктес кәсіпорындар туралы ақпарат;

- жұмыстын табыстылығын көрсетуші аргументтер.

5.Өндірістік жоспар;

6.Маркетингтік жоспар:

- тұтынушылар,сұраныс,ұсыныс,баға, нарық сегменттері;

- жарнама.

7.Ұйымдастырушылық жоспар (2-3бет);

- ұйымдастырушылық жоспар (серіктестік, АҚ, жеке меншік).

8.Жоба тәуекелі (2-3бет);

9.Қаржылық жоспар;

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында кәсіпорын ашылатын аимақтың географиялық, әлеуметтік сипаттамаларына назар аударыңыз және бизнес жоспар құру бойынша теориялық негіздерін қарастырыңыз.

Тақырып

Теориялық білім негізінде кәсіпорынның ұйымдық құрылымын қалыптастырыңыз.

Әдістемелік нұсқау: ұйымдық құрылым сызбасын жасау кезінде теориялық біліміңізді және жеке басыңыздың тәжербиеңізді қолданыңыз.

Компанияның инвестициялық бюджеті бір жылына10млн. Дол. Құрайды, сондай-ақ кадрларды таңдау мен дайындау 0,25 млн дол., ал маркетингтік бюджет-0,5 млн.

Бұндай жағдайда компанияның кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды қаржыландыру тиімді ма?

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы шешу барысында алдынғы тақырыптар бойынша игерген білімінізді қолданыныз.

Шығармашылық деңгей

Henrey Mintzbergфирма басшысының аптасына жұмыс уақыты 60-80 сағат болғандағы бөлінісі туралы мысал келтіреді:

- жоспарланбаған кездесулер 10 пайыз;

- жоспарланған кездесулер мен жиналыстар 59 пайыз;

- тексерулер мен жол жүру 3 пайыз;

- қағаз жұмыстары 22 пайыз;

- телефонмен сөйлесу 6 пайыз.

Берілген басшының жұмыс уақытын тиімді қолдану бойынша сіз қандай ұсыныс бересіз.

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы шешу барысында басшының жұмыс уақытының үлесін ескеріңіз.

Тақырып

ҚР дағы кәсіпорындардың қаржылық, әлеуметтік жағдайларын зерттей отырып, ынталандыруды жетілдірудің қандай жолдары бар соны нақтылаңыз.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында алдыңғы тақырыптар бойынша алынған білімінізге сүйеніңіз.

Келестүсүніктерді нақтылауға талпыныңыз:

-«делегирование»;

-«жауапкершілік»» (кәсіпорын қызметінде ақау орын алған жағдайда, оған қандай қызметкерлер жауапты.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында алдыңғы тақырыптар бойынша алынған біліміңізге сүйеніңіз.

Шығармашылық деңгей

Тоңазытқыштарды өндіруші компания директорының жүргізген жиналысында бірінші жарты жылдық бойынша көрсеткіштер қарастырылды. Нарықтағы жағдай өзгерді, сол себептен компания қоймасында сатылмаған тоңазытқыштар саны көбейген. Директордың айтуы бойынша бұндай жағдайдың орын алуына коммерция бөлімінің директорының қызмет барысындағы ақаулары себеп болды дейді, ал жиналысқа қатысушыларға коммерция бөлімінің директоры бұл жұмыс бойынша маркетинг бөлімінің басшысына қаңтар айының басында ауызша ескерту жасағандығы туралы айтты. Маркетинг бөлімінің басшысы бұндай ескертпені алғаш рет естіп тұрғандығын жеткізді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1 .Бұндай проблеманың орын алуына нақты не себеп болды?

2.Алдын-ала қандай шаралар жүргізілуі керек еді?

3.Компания қызметкерлерін ынталандыру үшін қандай шаралар қолданылу керек.

Әдістемелік нұсқау:берілген жағдайды шешу барысында оның шарттары мен болашағына қараңыз.

Тақырып.

Басқаруға үйрету халықаралық орталықтың бас директоры, қызметкерлерді басқару қызметіне негізделген кеңес беру компаниясына жүгінеді.

Орталықтың үш жылғы қызметі барысында, бұрынғы үш ұжымдастықтын бірлесуі нәтижесінде кәсіби оқытудың ондаған бағдарламаларын өткізуші, мықты оқу мекемесіне айналды. Орталықта 15 штаттық инструктор және 5техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.Сондай-ақ орталықтын бас директоры сырттан келген мамандармен келісім шарттар жүргізеді.Орталық басшылармен мамандарды қаржы, бухгалтерлік есеп және стратегиялық басқару бойынша оқыту жүргізеді, барлық талапкерлерге курстар жүргізеді, сондай-ақ ұйымдардың тапсырмалары бойынша арнайы бағдарламалар дайындалады. Ұйымдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетін жұмыстар көлемі 70 пайызды құрайды. Орталықтын бас директорының ойы бойынша дамудың басты кезеңінде «компания = жанұя» (бұнда қызметкерлер барлық күштерін салып жұмыс жасаған) идеологиясы негізінде қызмет жасауы аяақталды. Әрбір қызметкердің еңбегін формалды бағалау жүйесі негізінде қарастырыңыз.

Қызметкерлерді басқару аймағындағы орталықтын мақсаттары қандай?

Бас директорға сіз қызметкерлерді бағалаудың қандай жүйесін ұсынасыз?

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы шешу барысында «Экономикалық теория» пәні бойынша ғылыми негіздемелерді қолданыңыз.

Тарау

1. Өкілеттілікті бөлу және өкілеттілікті берудің ролі мен мәні және сонымен қатар қабылданған шешімдерге жауапкершілікті сақтау туралы экономикалық эссе жазуға дайындалу. Эссе өзіне өкілеттікті бөлу және оның тиімділігін бағалаудағы нақты мысалдарды қосу керек. Эссеге жеке баға қойылатын болады. Эссенің көлемі 2 беттен көп болмауы керек.

2. Семинар сабағының 3 сұрағын жеке түрде дайындап және оны қорғау керек - өкілеттікті беру концепциялары: классикалық концепция және ұйымдық өкілеттікті қабылдау концепциялары. Нәтижелері кез келген формада рәсімделуі мүмкін (презентация түрінде, кейс түрінде, баяндама түріне). Жұмыс істеу үшін топтарға бірігу қажет, баға топтық жұмыс нәтижелері бойынша жүзеге асады.

3. Келесі жағдайды түсіндіріп беріңіз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

Менеджердің, әсіресе жоғары дәрежедегі, барлық кезде өзінің орынбасары болуы тиіс. Олардың бірігіп қызмет етуінен, өзара әрекеттесуінен жұмыстың жетістігі тәуелді болады. Төменде басқарушы және оның орынбасары іскерлік қарым-қатынас шеңберінде басқарылатын негізгі міндеттер көрсетілген.

Басқарушы үшін міндеттер:

Орынбасарларға жұмыс жағдайы туралы толық ақпарат беру.

Орынбасарларға адалдық көрсету. Басқарушы өз орынбасарын қолдап қана қоймай, сонымен қатар, оның көзқарасын қорғау.

Орынбасарға барлық жағынан әрекеттесу қажет:

Ол ақпаратқа,құнды тәжірибеге қол жеткізумүмкіндігіне ие болу керек..

Орынбасарлар үшін міндеттер:

Басқарушы жоқ мезеттегідей қызмет жасау. Орынбасарлықта жеке саясатты жүргізу мүмкіндігін көруге тұрмайды.

Басқарушы жоқ кезде адалдық көрсету. Басқарушының басшысына , оның қызметіндегі орынбасарына тактиканы көрсету жөнсіз.

Құпиялылық. Бөлімшелердегі оқиғалар жайлы сөз қатпау, әрине, орынбасар қызмет бабындағы қылмыс туралы үндестік сақтауға міндетті емес.

Әділдік пен кішіпейілдік. Орынбасар орынбасарлық қызметін атқару барысында өз мансабы мақсатында ақпаратты қолданбау керек.

Орынбасарлықты аяқтау мерзіміне бағытталу. Орынбасар өзінің жұмыс күнделігінде барлық болмысты істерді жазуы керек және басшылары қайтып келген кезде толық ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет.

Наши рекомендации