Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Тұтынушылар өз қаржысын алдымен қай нарықта жұмсайды:
А)еңбек; В) жер; С)капитал; Д) тауарлар; Е) ақиқат жауап жоқ
Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді;
Е) Шикізаттар мен материалдарды.
3. Ескірген құралдарды аудару – бұл:
А) Таза инвестиция; В) Шетелдік таза инвестиция; С) Амортизация; Д) Қолдануға болмайтын қорлары; Е) Тұтынушыларды қанағаттандыру заттары.
4. Алыпсатарлардын қызметi:
А) заңды кәсiпкерлiк тәуекелiн арттырады; В) пайда әкеледi;
С) экономикалық жарылыс пен құлдырау орын алады; Д) баға тұрақсыздығын арттырады;
Е) қоғамның жағдайын көтередi
5. Акционерлік қоғамының бас органы қайсы:
А) директорлар кеңесi; В) өкiлеттiлер жиналысы; С) акционерлердiң жалпы жиналысы;
Д) айрықша акция ұстаушылардың жиналысы; Е) қарапайым акция ұстаушылардың кеңесi
6. Корпорация салығының артуы неге әкеледi:
А) сұраныс қисығын оңға жылжытады; В) ұсыныс қисығын оңға жылжытады;
С) ұсыныс қисығы өзгермейдi; Д) сұраныс қисығын солға жылжытады
Е) ұсыныс қисығын солға жылжытады
Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Есептерді орындаңыз.
1-есеп :
Фирманың тұрақты шығындары 45 доллар. Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген.
Өндірс көлемі | SAVC |
Анықтау керек:
а) Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа тұрақты шығындарды, орташа жалпы
шығындарды, шекті шығындарды анықтаңыз.
б) SAVC;SANC;SMC-қисықтарын сызып көрсетіңіз.
Есеп
Фирманың тұрақты шығындары 60 доллар деп есептейіміз, ал өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген, кестелі толтырыңыз.
Q | FC | VC | TC | AC |
Есеп
Кестені толтырыңыз
Q | TC | FC | VC | AFC | AVC | MC |
Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Тест сұрақтарына жауап берініз
Аталған жауаптардың қайсысы «еңбек» санатын сипаттайды?
а) адамның табиғатпен өзара әрекеттестік процесі
б) аралардың немесе аңдардың жұмысы
в) еңбек заттары мен еңбек құралдарын адамның пайдалануы
г) еңбек қаруын адамның пайдалануы
д) адамдардың саналы, мақсатқа лайықты қызметтері, солардың көмектерімен олар сыртқы табиғаттағы заттардың түрлерін өзгертеді, оларды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін икемдейді.
2. Фирманың еңбек ұсынысы қисығы:
а) еңбек сұранысы қисығымен қиылыспайды; б) оң бағытталған; в) ұсыныстың абсолютты икемсіздігін көрсетеді; г) ұсыныстың икемділігін көрсетеді.
3. Еңбек ақыға шекті шығын:
а) өндірілетін өнім бірлігі артқанда айнымалы шығынның артуын
көрсетеді;
б) өндірілетін өнім бірлігі артқанда тұрақты шығынның артуын
көрсетеді;
в) монополист үшін икемді емес;
г) қосымша жұмысшы жалдағандағы жалпы еңбек шығынының
артуын көрсетеді.
4. Нақтылы еңбекақының деңгейі мыналарға байланысты:
а) тауарлар мен қызметтердің баға деңгейлеріне; б) пайда нормасына; в) салық салу ставкасына; г) жұмыс уақыты ұзақтығына; д) жауаптардың дұрысы жоқ
5. Жалақы - ол:
а) табыстан түсетін капиталдың шекті өнімі,
б) мөлшерлеме және сапалы еңбекке алатын жұмысшының табысы;
в) еңбектің шекті өнімінен табыс; г) еңбекке төленетін ақы.
6. Төмендегілердің қайсысы еңбекке сұранысқа әсер етпейді:
а) соңғы өнімге сұраныс; б) еңбектің шекті өнімділігінің өзге ресурстардың шекті өніміне қатынасы; в) өндіріс технологиясы; г) инфляциялық құбылыс негізінде пайда болған атаулы жалақыдағы өзгерістер.
7. Рента деп …. түсіну керек:
а) жылжымайтын мүлікті пайдаланудан түскен табысты;
б) табиғи ресурсты пайдаланудан түскен табысты;
в) көлемі шектеулі табиғи ресурстарды және жерді пайдаланғаны үшін төленген бағаны;
г) уақытша пайдаланғаны үшін жалдаушының жер иесіне төлейтін бағасы.
Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Есептер:
1-есеп.Төмендегі мәліметтерді (млрд .долларды) пайдаланып есептеңіз.
1) ЖҰӨ; 2) ТҰӨ; 3) ҰТ.
Жалдамалы жұмысшылар жалақысы | 194,2 |
Тауарлар мен қызыметтер экспорты | 13,4 |
Амортизация | 11,8 |
Мемелекеттік тауарлары мен қызыметтерді сатып алуы | 59,4 |
Бизнеске жанама салықтар | 12,2 |
Таза жеке ішкі инвестициялар | 52,1 |
Трансферттік төлемдер | 13,9 |
Тауарлар мен қызыметтер импорты | 16,5 |
Табысқа салықтар | 40,5 |
Жеке тұтыну шығындары | 49,1 |
Тестілік тапсырмалар.
1.Жеке табыс бұл:
a) бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы.
b) үй шаруашылығының бір жылда тапқан табысы.
c) салықтарды төлегеннен кейінгі жекеқажеттіліктерге жұмсалатын қаржы.
d) ЖҰӨ-нен амартизацияны шегергенде табылады.
2.Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдаланғанға жұмсалатын қаржы,бұл:
a) таза инвестиция.
b) жалпы инвестиция.
c) амортизация.
d) тұтыну тауарларын алуға болмайтын қаржы
3.Төмендегшілердің қайсысы ЖҰӨ құрамына кіреді:
a) үй шаруашылығындағы әйелдің қызметі.
b) көршіден сатып алған ескі машина
c) брокерден жаңа акциялар сатып алу
d) дүкеннен жаңа кітап сатып алу.
4.ТҰӨ қалай есептеледі?
a) ЖҰӨ-нен жанама салықтарды шегереміз.
b) ҰТ-*ға амортизацияны қосамыз.
c) ЖҰӨ-нен негізгі қордың ескіру құнын шегереміз.
d) ЖҰӨ-нен инвестицияны шегереміз.
5.Жалпы инвестиция:
a) табыс бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.
b) шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.
c) ТҰӨ-ді шығындар бойынша есептегенде ескеріледі.
d) ҰТ-ты есептегенде ескеріледі.