Тақырып. Тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері – 2 сағат

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Лекциялық сабақтар тезистері

Тақырып. Тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері – 2 сағат

Дәріс жоспары:

1.Жалпы түсінік.

2.Өндірістік зиянды факторлар.

3.Ғылыми-технологиялық процестің адам денсаулығына әсері.

Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері 1993 жылдың 13 қыркүйек айынан бастап № 969 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің “Кездейсоқ жағдайларда ескертулер мен әрекеттер бойынша мамандар мен халықты оқытудың жүйесін жасау туралы шаралар жөніндегі” қаулысы мен ҚР білім беру министрлігінің және 1994 жылдың 10 ақпан айынан бастап № 46/47- ші азаматтық қорғаныс штабының бастығының бірлескен бұйрығына сәйкес “Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты курс жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінің студентері үшін міндеттітүрде өтетін пән болып саналады. Бұл оқу жоспарына арнайы пән ретінде енгізілген. “Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты курстың мақсаты- болашақ мамандарды Адам өміріне қауыпсіздік жағдайлар жасау үшін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылармен қаруландыру, кездейсоқ жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, авария, стихиялық күштер, катострофия жағдайында халықты қорғауға, тәсіл әрекеттер қолдануға үйрету. Бұл пәнді оқытудағы міндеттер:

- студенттерді бейбіт және әскери уақыттардағы кездейсоқ жағдайларда қорғаныс тәсілдеріне үйрету ;

- студенттерді азаматтық қорғаныс курсы бойынша халықты оқыту жүйесімен таныстыру;

- студенттерді қауыпті инфекциялар мен ауру сырқаулардың белгілерін тануға үйрету;

- студенттерді төтенше жағдайларды дұрыс танып, алдын-ала болжауға және қоғам мен табиғаттағы төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету;

- катострофиялық жағдайлар кезінде халық арасындағы ауру сырқауларды сауықтыру туралы шаралармен студенттерді таныстыру;

І- бөлім. Кездейсоқ жағдайларда адам өмірінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету.

ІІ-бөлім. Кездейсоқ және төтенше жағдайлармен байланысты болатын жарақаттар мен қауыпті аурулардың алдын алып қорғану шараларын жүргізу.

Оған өндіріс өнімдері, құралдар, технологиалық процестер және зиянды флора, фауна, адамдар сияқты табиғи климаттық орта жатады. Қауыпты және зианды факторлар арасында принципиальды айырмашылықтар жоқ, өйткені сыртқы әсердің ұзақтығы мен деңгейіне байланысты, зианды факторлар қауыпті факторлаға айналуы мүмкін.

Қауіпті және зианды факторлады анықтаушы белгілерге мыналар жатады-олар адам организіміне тікелей әсер ету мүмкіндігі, адам органдарының қалыпты қызметінің бұзылуы;

Сонымен қауптілік құбылыс ретінде, адамға деген қолайсыз әсерлерді айтамыз.Кез келген қызмет потенциальды түрде қауіпті. Қауыпты және зианды факторлар қауыпты аймақтар деп аталатын олардың көрінуіне қарай, сыртай белгілі бір кеңістіктік облыстарға ие, организімнің бұзылуының бір шарты, адамның қауыпты аймақтарда қаншалықты болуына байланысты.

Қ.Р-да төтенше жағдайларда халықты қорғау және кездейсоқ жағдайларды ескерту туралы шараларды басқару мақсатымен арнайы комиссиалар құрылады. Бұлар Қ.Р-ның Министрлер кабинетімен және облыстық, қалалық администрациялар арқылы ұйымдастырылған. Мұндай комисианың мақсаты: төтенше жағдайларда әрекет ету және ескерту бойынша республикалық, облыстық, қалалық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету, қаржыландыру.

Табиғат пен еңбекті қорғау жауапкершілігі белгілі басшы мойнында, табиғат пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етумен байланысты ұйымдастыру жұмыстарымен бас инженер айналысады. Ал, еңбекті қорғау бөлімі еңбек қауыпсіздігін қамсыздандырумен байланысты мәселелерді шешеді.

Қауыпты факторлар дегеніміз жұмысшыға тигізілетін әсердің жарақатқа әкеп соғатын факторы. Зиянды өндірістік факторлар-жұмысшының ауырып қалуына немесе жұмыс қаблетін төмендеуіне әкеп соғады.

Қоршаған ортаның ластануының қайнар көздері мыналарға бөлінеді:

Адам өмір сүру барысында әртүрлі климаттық жағдайларда өтетін әртүрлі қызметпен айналысады, яғни суда, әуеде, құрғақшылықта,теңізде де қызмет атқаруы мүмкін. Адамдардың организміне жаңа заманғы қолданыстағы техникалардың әсері өте зор. Олардың қауіпті де зиянды физикалық, химиялық және т.б. факторлары әсер етеді.

Қызмет дегеніміз адам мен қоғамның қатар өмір сүруі мен даму тәсілі, олар табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертіп, қайта құрудың жан-жақты мәселесін қарайды. “Адам өмірінің қауыпсіздігі”- бұл антропогендік сипаттағы қауыпті де зиянды факторлардан адамды қорғаудың практикасы мен теориясын қамтитын ғылыми білімдердің саласы болып табылатын оқу пәні. Бұл пән бір-бірімен өзара байланысты мәселелердің үш түрлі тобын шешеді. Олар: қауыптілікті тану, қауыптерден қорғау және қауіптен пайда болатын кері салдарды жою. Бұл курстың басты міндеті- оқушылардың жеке өзінің және басқа адамдардың қауыпсіздігіне деген саналы да жауапкершілік қатынасты қалыптастыру, қауыпті бағалап тану іскерлігі мен білімділікке үйрету, олардан қорғанудың тәсілдерін анықтау.

Ғылыми –техникалық прогрестің жетістіктері адам үшін потенциялды қауіпті жүйелер мен өндірісті жоспарлауға әкеледі.

Өз қызметерінің барысында адам қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне ұшырайды, мысалы физикалық, химиялық, биологиялық психогендік факторлар. Қоршаған орта дегеніміз адамдардың еңбегі, тұрмысы және демалысы барысында өтетін, яғни адамның өмірі мен қызметіне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін табиғи және адам қолынан жасалған антропогендік объектілер мен құрлыстардың тұтас жүйесі болып табылады. Сыртқы ортаның факторлары адамның денсаулығына әсер ететіні соншалықты, оның өліміне апаруы соғуы мүмкін. Осындай қолайсыз әсерлердің сипаты бойынша, адам организміне әсер етуші факторларды қауыпты және зиянды деп бөлеміз. Зиянды факторлар дегеніміз, белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың салдарынан ару сырқаулардың немесе адамның жұмысқа деген қабілетілігінің төмендеуінің себебі болып табылады. Ал қауыпты факторлар дегеніміз белгілі бір жағдайларда, әртүрлі дене жарақатарына апаратын немесе адам денсаулығының күрт төмендеуіне әкелетін факторлар. Бұған мысал ретінде бірнеше сағатқа немесе минутка созылатын организімінің улануын айтамыз. Механикалық, электорлық, химиялық сонымен бірге жылу, жарықтық сияқты сыртқы әсерлерімен тікелей байланыс жасаудың нәтижесінде адам организмі соққы алуы мүмкін.

Негізгі эдебиеттер:[1- 4, 13, 17]

Қосымша эдебиеттер:[34,35 ]

Наши рекомендации