Жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер
Түсініктеме
Қауіпті полифагтарға әр түрлі қанаттылар Frenata - отряд тармағының Noctuidaе - түнгі көбелектер немесе үкі көбелектер жәнеPyralidae - қан көбелектер тұқымдастарының түрлері жатады.
Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары - 20-45мм.. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.
Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т. б. дақылдарының мүшелерін кеміріп
зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік - Agrotis segetum Schiff. жєне лепті - A. exclamations L. Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді.
Күздік көбелегі
Жұлдызқұрттар топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілік түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қоректенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні жєне басқа да дақылдарды зақымдайды. Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта (Helicoverpa armigera Hbst.), гамма (Autographa gamma L.), беде (Discestra trifolii Hufn.), кіші жерүстілік немесе карадрина (Spodoptera exiqua Hb.).
Мақта көбелегінің қуыршағы топырақта қыстайды. Көбелек жұмыртқасын (1-3 тен) жапырақтарға, шанақтарға жєне гүлдеріне салады. Жұлдызқұрттың бірінші ұрпағы арамшөптерде, жоңышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, арам шөптерде қоректенеді. Мақтаның шанақтану жєне гүлдену кезеңінде келесі ұрпақтар жұмыртқа салады. Жылына 3-4 ұрпақ дамиды. Мақтаның генеративтік мүшелерін, жүгерінің собығын мен дєнін, темекі тұқымдарын қатты зақымдайды.
Қан көбелектер. Шалғын көбелек (Loxosteqe sticticalis L.) ауыл шаруашылық дақылдарының ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы жєне қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдызқұрттары 5 жас өтеді. Олар қомағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын, күнбағысты, бір жєне көп жылдық бұршақ (үрме
бұршақтан басқа), жүгеріні, тарыны жєне басқа да өсімдіктерді қатты зақымдайды. Олар өсімдіктердің жерүстілік генеративты жєне вегетативты
мүшелерін кеміріп жейды. Зақымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттар өрмекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық
өсімдіктер жетіспегеннен соң зақымданады. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады.
Шалғын көбелек
Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.). Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы 25 мм – ге дейін. Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ дамиды. Мєдени жєне жабайы өсімдіктер зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Ó¨сімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп, жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің єсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.
Күресу шаралары. Едєуір зақым кеміргіш түн көбелектердің картоп дақылында саны 5-10, астық дақылдарында 2-3, кызылша, жүгері, мақтада 0,5-2 жұлдызқұрт/м2 астам болса байқалады. Жерүстілік түн көбелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі: карадринаның 1-3 жұлдызқұрт өсімдікте егер 30-50% өсімдік көлемінде табылса; мақта көбелектің 100 өсімдікке келетін саны 8-12 жұлдызқұрт болса; шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұрт/м2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жүмыртқа топтары табылса. Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса, жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Инсектицидтер Â«Тізім...» регламенттары бойынша қолданылады.
Қабыршақ қанаттылардың көбеюінің алдын алу, жұлдызқұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу, топырақты ерте терең сыдыра жырту, отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өсімдіктерді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес). Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп, тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация єдісімен трихограмма
( Trichogrammatidae - тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дара/га екі мезгіл қолдану тиімді болады.
1- тапсырма. Түн көбелектер тұкымдасына жататын зиянкестердің мофологиялық жєне биологиялық ерекшеліктерін, зиянкестілігін анықтау.
2- тапсырма. Қан көбелектердің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін, зиянкестілігін анықтау.
3- тапсырма. Ауыл шаруашылық дақылдарының көп қоректі қабыршақ қанаттылар зиянкестеріне қарсы қолданылатын күресу шараларды анықтап қарау.
4- тапсырма. 3 кестені жазып толтыру.
3 –кесте Көп қоректі қабыршақ қанаттылар
Түр, систематикалықорны | Қысқаша биологиясы | Қыстау кезеңі, қыстайтын жері | Күресу шаралар | |
алдын алу | құрту | |||
Бақылау сұрақтары.
1. Тік қанаттылар отрядының көп қоректі зиянды өкілдерін жєне олардың тұқымдастарын атаңыз.
2. Шегірткелердің фазалық өзгергіштігіне жєне даму ерекшелігіне мінездеме беріңіз.
3. Саяқ шегірткелердің түрлерін жєне олардың дақылдарға зиян келтіруге қолайлы жағдайын атаңыз
4. Шегірткелерге қарсы қандай алдын алу жєне жою шаралар қолданылады.
5. Бұзаубастардың даму жєне зиян келтірудің өзгешілегі.
6. Шекшектердің жєне шілделіктердің түрлері жєне зиян келтіруі.
7. Шыртылдақ тұқымдасқа жататын көп қоректі зиянкестерінің даму ерекшеліктері.
8. Қара денелілер тұқымдасқа жататын көп қоректі зиянкестерінің даму ерекшеліктері.
9. Тақта мұрттылар тұқымдасының көп қоректі қоңыздары, зиян келтіруі.
10. Көп қоректі қоңыздарға қарсы қандай күресу шаралар жүргізіледі?
11. Кеміргіш көбелектер түрлері жєне олардың келтіретін зияндары.
12. Жерүстілік көбелектердің түрлері жєне олардың тигізетін зардабы.
13.Қабыршақ қанаттылар отрядының түн көбелек түқымдасының көп қоректі фитофагтарының түрлері жєне олардың келтіретін зияны.
14. Қабыршақ қанаттылар отрядының түн көбелек түқымдасының зиянкестеріне қарсы қолданылатын күресу шаралар.
15. Шалғын көбелектің даму өзгешелігі.
16. Шалғын көбелекке қарсы қандай күресу шаралары жүргізіледі?