Тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер

Түсініктеме

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera - қысқамұрттылар отряд тармағына,Acrididae - нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera - ұзынмұрттылар отряд тармағына, Grylotalpidae – бұзаубас тұқымдасына,Tettigoniidae - шекшек тұқымдасына, Gryllidae - шырылдауық шілделіктер тұқымдасына жатады.

Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус – Calliptamus italicus italicus L. кресті кішкене саяқ шегіртке – Dociosturus brevicolis Ev., ақжолақты – Chortippus albomarginatus D.G., кресті – Pararcyptera microptera F.- W. , қоңырқанатты - Stauroderes scalaris F.- W. саяқ шегірткелер, далалық атбас шегірткелер - Euchorthippus pulvinatus F.- W. және басқалар.Азиялық шегірткенің - Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамысты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады. Мароккалық шегіртке - Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары).

тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер - student2.ru

Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, ал анда - санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады.

тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер - student2.ru

Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауыпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады – қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.

Күресу шаралары. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты, немесе дискілі тырмалармен, ал көпжылдық шөптерді тісті, немесе біз тұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен Â«Тізім...» бойынша (Қосымшаны қараңыз) саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсіл/м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және одан да көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1 м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1 м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір стацияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.

тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер - student2.ru

Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1 м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру циклі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында - маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері – кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpa L.) және бір тікенекқті (Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.

Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антеналары денелерінен ұзын үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары - жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер.

тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер - student2.ru

Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі жәндіктер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарда нимфалар (ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкөністердің, майлық дақылдардың, дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдіктерге зиян келтіретіндері - далалық (Grillis decertus Pall.) және бордо (Grillis burdigalensis Latr.) шілделіктер.

тақырып. тура Қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын кӨп Қоректі зиянды жӘндіктер - student2.ru

Күресу шаралары. Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады. Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.

1-тапсырма. Шегірткелердің негізгі түрлерінің сыртқы белгілерімен танысып, олардың даму циклдарын және таралу жолдарын білу керек.

2-тапсырма. Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиян келтіретін бұзаубастардың, шілделіктердің және шекшектердің негізгі түрлерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін оқып білу керек.

3-тапсырма. Тура қанаттылардың жаппай дамуының алдын алу шараларын және оларға қарсы пайдаланылатын препараттарды білу керек.

4-тапсырма. 1-кестені толтыру керек.

1-кесте. Тура қанаттылар отрядының көп қоректі зиянды жәндіктері

Наши рекомендации