Тауар орамасы маркетингтің жүзеге асыру құралы ретінде
Маркетингте тауардың орамасы едәуір рөл атқарады. Іс жүзінде, фирмалар жыл сайын өзінің өнімінің жарнамасына қарағанда орамасына көбірек қаржы жұмсайды. Ораманың бағасы бөлшек сауда бағасының 40% пайызына дейін жетеді. Маркетологтардың мақұлдауынша, сатып алушылардың 3%-пайызы ғана орамаға мән бермейді; 87%-пайызы орамасындағы белгілі фирманы танып, ал 35%-пайызы – орамада орналастырған жазуды оқығаннан кейін ғана тауарды сатып алады.
Маркетингтің тауар саясатында ораманың рөлі оның қызмет көрсетуінің шегінен алысқа шығады және, сонымен қатар, тауардың сапасы мен санын сақтауда. Орама жарнамалық қызметті жүргізеді, фирмалық стильді бейнелейді, бәсекелес ұқсастықтардың арасында тауарды бөліп тұрады және фирма мен оның саудалық маркасының танымалдығын қамтамасыз етеді. Бұның барлығын ораманың қатынастық қызметіне жатқызуға болады. Бірақ ол оперативті маркетингтің құралы да болуы мүмкін. Сонымен, жаңа орама – алюминді контейнерлер, тамақтардың әр түрлі тағамдық құрамаларын қамтамасыз ететін, сатып алушыға белгілі тауарларды жаңалық ретінде қабылдауына себептеуі мүмкін. Салмағы немесе мөлшері бойынша ораманың бөлшекке бөлуі сатып алушылардың жаңа топтарын шақыру мүмкіндігін береді. Тауарларды сәндік орамада, сонымен қатар, бір-бірін толықтыратын немесе бір орамада бірге болатын тауарларды сату өтімге жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ораманың сапасы мен өрлендіруі сатып алушыларда тауардың сәйкес сапасымен байланыстыру ойын оятады.
Ораманы өндеген кезде компания шектеулер мен талаптарды ораманың өзіне де, соғұрлым ол істелінген материалға да назар аудару керек:
§ тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына, қоршаған ортаны қорғау және басқаларға байланысқан заң шығаратын талаптар;
§ «Зеленый»-лар қозғалысының талаптары;
§ санитарлық нормалар;
§ қауіпсіздік және экологиялықтың талаптары;
§ дистрибъюторлар, жеке жүйенің талаптары;
§ тұтынушылардың бір нәрсені артық көрулері.
Одан басқа, бәсекелестердің тәжірибесін, нарықта құрастырылған тұтыну салттарын, компанияның өз мүмкіншіліктерін есепке алу қажет. Сатып алушыларға тауар туралы сатушы толығымен қалай хабарлаған болса, орама солай-ақ бұлжытпай мәлімет беру керек. Бұл талап сатушысыз жекелеп сату үшін әсіресе маңызды: орамадағы сәйкес хабарлама оның орнына жүреді. Орамадағы немесе этикеткадағы бар мәліметтерді зерттеп, тауар шығарушының тұтынушыға бағытталу дәрежесін тауып көрсетеді: мәліметтің мазмұны тек қана заң шығаратын талаптарды қамтып көрсетеді (өндірушінің атын, шығу елдерін, жарамды мерзімін және стандарт нөмірін) немесе оларға қосымшаға – пайдалану бойынша толық нұсқау, тиісті емес пайдаланудан сақтандырулар) және т.с. Бірінші және екінші варианттар арасында айырмашылық айқын. Сонымен қатар, атап кету керектігі, қабылдаушы елдің тілінде хабарлама ораманың қарым-қатынастығын едәуір көтереді.
Ораманың қатынастық рөлі оның стандарттылауымен күшейеді. Стандарттылаудың заттары болып табылатын ораманың мынадай құраушылары: өлшемі, түсі, түрі сияқты. Стандарттылау сонымен бірге ораманың және тауар маркетингін өндеуге кететін шығындардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Тиімді ораманың маңызды жағы – оның жан-жақты сынауы: қызметтік, эстетикалық, шолушылық, дилерлік, тұтынушылық.
Орамамен байланысқан тауар саясатының келелі мәселесі болып оның пайдаға асыруы болып тұр. Қолдаңылатын барлық тауарлардың орамаларында, олардың түріне қарамай, әр түрлі типті арнайы таңбалаулар бар, бұлар буып-түйетін заттарды қайта өндеуге болатын мүмкіндігін көрсетеді, ораманың қауіпсіздігі және экологиялылығын көрсетеді және т.с.
Осындай символдардың көбісі халықаралық, ал оларды орамаға түсіру – міндетті болып кетті.
Дайын дәрілік түрлер үшін орамаларға ерекше талаптар қойылады, оларға:
1. Дәрілік улануды, әсіресе балалар арасында, мынадай жолдармен болдырмау:
а) Ораманың құрылмасы оны балалардың ашуын рұқсат етпеу керек;
b) Ораманың сырт пішінің, балалардың құрамында әсері күшті, улы және есірткілік препараттары бар дәрілерге назарын аударуына тыйым салу үшін көріксіз бояуларды пайдалануымен (қара-ақ, сұр және басқа түстер) сыртқы тиімді әшекейленуі керек;
с) Қосалқы буып-түйетін құралдар (құрылғылар, саптамалар, дозаторлар) сұйық, қою және сусымалы дәрілерді дозалаудың жоғары дәлдігін, әсіресе балалар және гериатриялық медициналық практика үшін қамтамасыз ету керек;
d) Балалар медициналық практикасы үшін мүмкіндігінше орамалар бір қайтара қабылдау дозасын ұстау керек;
2. Орама қабылдаудың көрсетілген уақытында дәрінің қолдаңуына бақылауын, әсіресе гериатриялық практикада жиі пайдаланылатын препараттар үшін қамтамасыз ету керек;
3. Пайдаланылған орама жеңіл жойылуы, не қайта өнделуі, не суда еритін немесе жеуге болатын заттардан істелінуі керек.