Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары

Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)

Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.

Бұл әдіс 1937—1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды, нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа шекті.

Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы т.с.с.) болады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады.

Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала тергеу, анықтама жүргізуші органдар) істелгелі жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге асырылады.

Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың негізгі шарты — шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Занда көрсетілген "көрінеу жалған сөз жеткізу" дегеннің өзі кінәлінің хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс қозғату мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын біледі және соны тілеп әрекет істейді.

Қылмыстың объектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдік ниеттен туған дәл сол әрекет үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 351-бабының 2-тармағында көзделген.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4—5-тармақтарында берілген.

Жасанды айыптау айғақтарына — жалған кұрал-жабдыктар, қарулар, жалған құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әр түрлі жасанды іздер, өтірік куәгерлер жатады.

Пайдакүнемдік ниетке — жалған сөз жеткізу арқылы бейкүнә адамды жауапқа және жазаға тартқызып, оның меншігіне немесе басқадай табыстарына ие болу немесе осы әдіс арқылы оған берешек борышынан құтылу т.с.с. әрекеттер жатады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесіне жасалса — онда бұл көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (351-баптын, 3-тармағы), ұйымдасқан топ пен қылмыстық қауымдастықтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3—4-тармақтарында берілген.

Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару (352-бап)

Мүндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстың тікелей объектісі — әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады.

Құрылысы жөнінен бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады: 1) Сотта, не алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі; 2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі; 3) дәл сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрінеу қате аударма.

Куәгердің, жәбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мәлім болған фактілер жөнінде толык немесе ішін ара шындыққа сай келмейтін мәліметтер беруі. Егер куәгер немесе жәбірленуші және мәлім болған фактілер туралы ештеңе айтпаса, онда олардың әрекеті жауап беруден бас тарту деп танылып, олар Қылмыстық кодекстің 353-бабы бойынша жауапты болады.

Зерттелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыққа жатпайтын немесе сенімсіз, екіұшты іс материалдарына негізделген қорытындыны жасауы сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мәні бар процеске қатысушылардың деректерін, жауаптарын саналы түрде, әдейі бұрмалап, теріс аударуды аудармашының жасаған көрінеу қате аудармасы деп білеміз.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген әрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске әсер еткеніне немесе әсер етпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыстың аяқталу уақыты қылмыстық іс жүргізу сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе алдын ала анықтама жүргізу сатысында куәгердің, жәбірленушінің, аудармашының жауап беру хаттамасына қол қойған, ал сарапшының жазбаша қорытынды берген сәтінен, ал істі сотта қарау сатысында — куәнің, жәбірленушінің жауап беру немесе сарапшының қорытындының мазмүнын жариялаған, аудармашының жауаптар мен қорытынды мазмұнын аударған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Занда көрсетілген көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытынды беруі немесе аудармашының қате аударуы деген сөздің өзі бұл қылмыстың субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалатынын көрсетеді. Заң бұл қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық ниет айыпкердің жағдайын жақсарту немесе қиындату, одан кек алады деп қорқу, пайдакүнемдік, қызғаныш, т.с.с. болуы мүмкін. Егер куә, жәбірленуші белгілі бір факті жөнінде шын қателесіп жауап берсе, сарапшы кәсіптік деңгейінің төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса, онда оларды КК-тің 352-бабымен жауапқа тартуға негіз жоқ.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — жасы 16-ға толған куәгер, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы.

Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған дәл осы әрекеттер — қылмыстың ауырлататын түріне жатады (352-баптың 2-тармағы). Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсінігі ҚК-тін 10-бабының 4—5-тармақшаларында берілген. Айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған әрекеттерге түсінікті ҚК-тін 351-бабының 3-тармағында талдау жасағанда түсіндіргенбіз.

КК-тің 352-бабының ескертуінде: Куәгер, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы алдын ала анықтау, алдын ала тергеу немесе соттық талқылау барысында, сот үкім немесе шешім шығарғанға дейін берген жауаптардың, қорытындының немесе аударманың жалғандығы туралы өз еркімен мәлімдесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп көрсетілген.

Көрсетілген адамдардың жауаптылықтан босатылуы негізінен екі шартқа байланысты: а) бұрын берген жауаптардың, қорытындының немесе аударманың жалғандығы туралы мәлімдеу амалсыздан, жалғандығы әшкереленіп калғанына байланысты емес, ерікті түрде болғанда ғана; б) мұндай мәлімдеу сот үкім немесе шешім шығарғанға дейін орын алуы қажет.

Куәнің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)

Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе жәбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ақ алдын ала тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куәгердің немесе жәбірленушінің шындыққа сай келетін жауабы дәлелдеменің көзі болып табылады. Бұлардың жауап беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге асырылуына кедергі келтірудің нысаны ретінде қарастырылады.

Қылмыстын, объектісі — сот, тергеу және анықтама органдарының бірқалыпты дұрыс қызметі.

Қылмыс объективтік жағынан куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы арқылы көрініс табады.

Бас тарту әрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас тарту) немесе әрекетсіздік арқылы (жауап беру туралы ұсынысқа үндемей қою) көрініс табады.

Жалтаруға куәнің немесе жәбірленушінің сотқа, тергеуге немесе анықтама органына шақыру туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі, жалтару мақсатымен тұратын орнын ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға мән бермеуі т.с.с. жатады.

Бас тарту мен жалтарудың тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс занда көрсетілген адамдардың жауап беруден заңсыз бас тартуы немесе Жалтаруы орын алған сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам жауап беруден бас тартқанын немесе жалтарғанын сезеді және соны тілеп әрекет немесе әрекетсіздік жасайды. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда есепке алынады.

Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-ға толған куә және жәбірленуші.

ҚК-тің 353-бабының ескертуіне сәйкес адам өзіне, өзінің жұбайына (зайыбына) немесе өзінің туыстарына карсы жауап беруден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер сеніп сырын ашқан діндестеріне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудін деректерін жария ету (355-бап)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады (205-баптың 2-тармағы).

Заң бойынша алдын ала тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 205-бабының 2-тармағы). Заңның осы көрсетілген талаптарын бұзу әділ соттылыктың мүддесіне орасан зиян келтіруі мүмкін.

Қылмыстың тікелей объектісі — тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі.

Қылмыстың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтау жүргізуші адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады.

Тергеу әрекеттері (мысалы тінту) жөніндегі мәліметтерді, сарапшылық тағайындап, куәларды шақыру, заттай немесе әр түрлі құжаттық дәлелдемелер жөніндегі деректерді тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, прокурордың келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады.

Жария етудің тәсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқара акпарат құралдарын пайдалану арқылы) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға катысы жоқ. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатадьі және ол алдын ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Жария ету қылмыстык, іс жүргізу процесінің алдын ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске асырылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей касаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалғанына карамастан оны жариялаудың қоғамға кауіпті екенін сезеді, бірақта соны жариялауды тілейді.

Қылмыстың субъектісі — қылмыстық іске қатысушы 16-ға толған арнаулы адамдар — куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы, қалыс адам, қорғаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және т.б.

Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария етсе, онда олар лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылады.

Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап)

Қазақстан Республикасында соттардың және қылмыстық процеске басқа қатысушылардың тәуелсіздігін нақты жүзеге асыру мақсатымен Қылмыстық кодекске енгізілген бұл баптың басты мақсаты — қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

"Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік Қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-шілдедегі Заңында бұл мәселеге жан-жақты түсінік берілген.

Қылмыстың тікелей объектісі — соттардың әділ соттылықты Жүзеге асырудағы бірқалыпты қызметі, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың, олардың туыстарының қауіпсіздігі.

Қылмыстың жәбірленушісі — судья, сот приставы, сот атқарушысы, жәбірленуші, куә, присяжной заседателі, қылмыстық процеске басқа да қатысушылар (мысалы азаматтық талапкер, сарапшы, прокурор, азаматтық жауапкер, қорғаушы) және олардың туыстары (түсінігін КК-тің 322-бабынан қараңыз).

Қылмыстың затына — жәбірленушілердің жеке күзеті туралы, олардың тұрғын жайын, мүлкін күзету жөніндегі, оларға берілген қару мен жеке қорғану құралдары, уақытша орың ауыстырып тұрып жатқан мекен-жайы, жұмыс, оку орнының өзгеруі, басқа жерге көшіп кетуі, құжаттарын, бет-әлпетін өзгертуі жөніндегі мәліметтер жатады.

Қылмыс объективтік жағынан судьяға, сот приставына, сот атқарушысына, жәбірленушіге, куәгерге, қылмыстық процеске басқа да қатысушыларға қатысты, сол сияқты олардың туыс-тарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл әрекетті аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік жүмысына байланысты белгілі болған адамның жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мәліметтерді жария етудің тәсілі сан алуан, әңгіме барысында, кауіпсіздік мәліметтері бар тиісті құжаттарды бөтенге беру, жоғалту, оларды сақтау тәртібін бұзу т.с.с.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам занда көрсетілген адамдар жөніндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария етуге болмайтынын сезеді, бірақ та соны тілеп немесе оған саналы түрде жол бере отырып әрекет істейді. Қылмыстық ниеттің қылмыс құрамына әсері жоқ.

Қылмыстың субъектісі арнаулы. Олар аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік жүмысына байланысты белгілі болған, 16-ға толған адам (полиция қызметкер-лері, жеке күзет қызметкерлері, жәбірленушінің көлігін жүргізуші, МАИ қызметкерлері, жеке дәрігерлер т.с.с.)-

Қылмыстық кодекстің 356-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ауыр зардаптарға — процеске қатысушылардың өміріне қастандық жасау, олардың туыстарын қолға түсіру, мүлкін жою сияқты әрекеттер жатады. Зардаптың ауыр немесе ауыр еместігін нақты жағдайларға қарап отырып тергеу, сот органдары анықтайды.

Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап)

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес егер айыпкер, сезікті қылмыс істеу арқылы мүліктік зиян келтірсе келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатымен олардың мүлкі хатталуға, пайдалануға тыйым салынуға немесе иелік етуге шектелуі мүмкін.

Қылмыстың объектісі — соттың әділ соттылықты жүзеге асыру және сот үкімін орындау жөніндегі дұрыс қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың затына — хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүліктер (357-баптың 1-тармағы), тәркіленуге жататын мүліктер (357-баптың 2-тармағы) жатады.

Қылмыс объективтік жағы бойынша хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерінің тыйым салынған, не жұмсау операциялары токтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдарымен) банк операцияларын жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады.

Мүлік өзіне сақтауға сеніп берілген адамның оны өз қажетіне жаратып ысырап етуге, ал осы мүлікті бөтенге сату, айырбастау, беру немесе сыйлау жолымен өткізу иеліктен шығару деп танылады. Мүлікті алуға қиындық туғызуға байланысты жасалған кез келген әрекеттер оны жасырып қалу деп, ал тергеушінің немесе судьяның келісімінсіз мулікті басқа біреуге сақтауға беруін заңсыз беру деп түсінген жөн.

Несие ұйымдары қызметкерлерінің кінәлінің хатталған салымдарын басқа адамдардың атына аударуы, осындай ақша қаражаттарын төлем ақы ретінде жұмсауы банк операцияларының ережелерін бұзуға жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, мүлік өзіне сақтауға сеніп берілген адам немесе тыйым салынған не жұмсау операциялары тоқтатылып койылған адам қаражатымен банк операцияларын жүзеге асырған несие ұйымдарының қызметкері.

Қылмыстық кодекстің 357-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырдататын түрі — соттың үкімі бойынша тәркілеуге Жататын мүлікті жасырып қалу немесе иемденіп кету, сол сияқты мүлікке тәркілеу тағайьшдау туралы соттың занды күшіне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару үшін жауаптылық
белгіленген. Жасырып калуға (тәркіленген мүлікті тығып қою), иемденіп кетуге (оны заңсыз өз меншігіне айналдыру), өзге де жалтаруға (мүлікті жою, оны ақшаға айналдыру, мүліктің сақталуы жөңінде сот орындаушысын алдау т.с.с) әрекеттер жатады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Әділ соттылыққа және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарға жалпы

сипаттама.

2. Әділ соттыққа және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.

Наши рекомендации