Химиялық кәсіпорындардың генералдық жоспарын сызбанұсқа түрінде келтіріңіз.
Бас жоспар - өнеркәсіптік кешеннің жобасының маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоспарлау, олардың құрылысын жүргізу және абаттандыру мәселелерінің кешенді шешімі.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобасы дегеніміз, кең ұғымда – бұл принципті негіздемесімен және жоспарланудағы кәсіпорынның макеттері мен құрал-саймандары келтірілген техникалық құжаттардың кешені.
Жобаны құрау құрылысты жүргізудің орынды екендігін дәлелдейтін технико-экономикалық негіздемеден басталады. Негіздеме ғылыми және жобалау мекемелерімен нақты өнімнің белгілі бір түріне мұқтаждықтың бар екендігін зерттеу нәтижесінде даярланады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау екі сатыда жүзеге асырылады: техникалық жобаны жасақтау және жұмыс сызбаларын даярлау немесе осы екі сатыны біріктіріп қосса – техножұмысшы жобасын даярлау
Техникалық жоба зауыт құрылысының қарастырылып отырған жерде және межеленген уақытта жүргізілуінің экономикалық тұрғыдан дұрыстығын анықтауы қажет, және де өндірісті және құрылысты бастапқы шикізаттармен, материялдармен, энергиямен, сумен және т.б. ресурстармен, құрылыс материялдарымен, құрамалармен қамтамасыз ету мәселелерінің сұрақтарының шешімін табуды; еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін технологиялық процесті анықтауды; өндірісті басқарудың жүйесі мен оны ұйымдастыруды, кадрларға деген мұқтаждықты анықтауға тиісті.
Техникалық жобада құрылысты ұйымдастырудың реттілігі, жобаланудағы кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері жасақталынады, және де құрылыстың құны анықталады, себебі мұндағы смета, капиталды құрылысты жобалаудың және тапсырыс берушімен құрылыс мекемесінің арасындағы есеп айырысудың негізгі құжаты болып табылады. Техникалық жобаға келесі құрамдас бөліктер кіреді: жалпыламалық анықтама парағы, техника-экономикалық бөлім, бас жоспар және транспорт, «технологиялық процестерді автоматтандыру» тарауы бар технологиялық бөлім, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйелері, құрылыс бөлімі, құрылысты ұйымдастыру, сметалық және графикалық бөлім.
Жалпыламалық анықтама парағында жобаның қысқаша мазмұны келтірілуі керек, негіздеме негізінде жобалық шешім қабылданған түрлі нұсқалар салғастырылады, жобаның барлық тарауларынан негізгі техникалық шешімдерге қатысты қысқаша мағлұматтар, жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жобаның қолданыстағы нормалар мен тәртіптерге сәйкестілігі және жасалынған келісімдер туралы мәліметтер келтіріледі.
Техника-экономикалық бөлім негізгі бастапқы мәліметтер мен кәсіпорынның құрылысын жүргізудің орынды болатындығын және тиімділігіне қатысты техника-экономикалық есептеу нәтижелерін қамтиды.
Осы бөлімде келесі мәліметтер келтіріледі:
- өндірісті бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету көздері мен тәсілдері және негізгі материалды ресурстармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның шикізаттық, отындық және энергетикалық базасының сипаттамасы;
- өндірістік байланысы мен киілісу мүмкіндіктері көрсетіледі;
- кәсіпорынның жұмысшылардың негізгі категорияларына және инженерлі-техникалық қызметкерлерге деген мұқтаждығы негіздемеленіледі және осы мұқтаждықты қамтамасыз ету көзі туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның қаржылай салымдары мен негізгі қорларына сараптама беріледі;
Бас жоба және транспортжоспарланған шешімдердің транспорттық ағымдардың және транспорт түрлерін таңдаунегіздемелерін; вертикальді жоспарлау және кәсіпорын территориясын абаттандыру сұрақтарын шешуді, жауын-шашын тосындарын, инженерлік және коммуникация тізбектерін жасауды; кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды; азаматтық қорғаныс шараларын және сыртқы транспорттық байланыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
Вертикал аппараттарды сейсмикалық жүктемеге қатысты есептеуге сызбанұсқа және формулалар арқылы өрнектеп түсініктеме беріңіз.
Биік вертикаль аппараттарды жер сілкінісі болатын географиялық аудандарда орнатады,сонымен қоса сейсмикалық күшке әсерінің тұрақтылығын есептейді. Мұндай аудандарға Орталық Азия Кавказ елдері кіреді. Жерсілкінісінің күші тоғыз балдық шкала бойынша бағаланады. Сейсмикалық жүктемеге есептеуді тек географиялық аудандарда сейсмикалық 7 балл немесе оданда көп болғанда және аппараттың биіктігі 5 немесе оданда үлкен диаметр болғанда жүргізіледі. Сейсмикалық күштердің әсерінің ерекшеліктерін ескере отырып,аппараттарды есептеуде сол күштерді желдік жүктеме үшін ескереді немесе бөлек-бөлек ескеріп отырады.
Соңғы жағдайда суммарлық есептеуді аудармалы немесе иілмелі моментті Мсум келесі формула бойынша анықтайды: Мсум=Мс+0,3Мв
Мұндағы Мс-сейсмикалық жүктемедегі есептеу моменті;
Мв-желдік моменттің есептелуі.
Сейсмикалық жүктемені есептеуде Рсі үшін і-ші телімнің салмағы Qі арқылы келесі формуламен анықтайды:Рсі=КсβQiMLі.
Мұндағы:Кс-сейсмикалық коэффициент,ол сейсмикалық есептеудің балл санына байланысты 7балл болғанда Кс=0,025тең болады.
β-динамикалық коэффициент,ол аппараттың тербеліс периодына және оның биіктігінің Н диаметріне D қатынасына тәуелді.Көптеген вертикаль аппараттарды мұнай өңдейтін зауыттарда ɳ коэффициентін (H\D<15)келесі формуламен анықтайды:
Мұндағы Lі-телімнің ауырлық орталығының аппараттың фундаменталды сақинасына дейінгі арақашықтық.Максималды аудармалы моментті келесі формуламен анықтайды:
Тура осы жолмен иілгіш моментті сейсмикалық жүктемені аппараттың қауіпті қималарына қатысты табамыз,бұл жағдайда формуладағы Lі орнына телімнің ауырлық орталығының қауіпті қимасының арақашықтығын қоямыз.Иілгіш Мс моментті тауып болған соң,цилиндрлік формадағы тіреуіш сақинаның тұрақтылығын және фундаментті болттардың беріктігін тексереді.
Химия өндірісінің құралдары мен қондырғыларына қатысты жасалынатын механикалық есептеулердің негізгі параметрлеріне түсініктемені формулалар арқылы өрнектеңіз.
Болатты цилиндрлі аппараттар үшін корпустар (обечайкалар) жапырақ тәріздіден жаалынады, ішкі диаметр негіз ретінде қолданылады, ол мына стандартпен ГОСТ-9617-76 анықталынады. Болатты аппараттар үшін корпустар дайындалған трубалардан жасалынады, сыртқы диаметр негіз ретінде қолданылады, ол мына стандартпен ГОСТ 9617-76 анықталынады. Аппараттың конструкциясы ішкі тексеруді, тазалауды, шаюды және үрлеуді ескеру керек. Ішкі құрылғыны тексергендегі тосқауыл алмалы-салмалы болу керек. Ішкі тексеріс үшін аппараттарда люк болу керек, ол ыңғайлы жерде орнатылу керек. Ішкі тексеруді қамтамасыз ететін аппараттағы алмалы-салмалы крышкалар фланцетті штуцер бола люктың аппартта болуы міндетті емес. Суға сынау яғни тексеріс жүргізу мүмкіншілігі үшін, аппараттар суды толтырғанда және шығарғанда сонымен қоса ауаның түсуі мен жойылуы үшін штуцерлер болу керек. Тік аппараттарда штуцерлер суға сынау жүргізгенде көлденең күйде болу керек. Аппаратты көтеру және орнату үшін стропты құрылғыны қажет етеді. Ол үшін штуцер, ойық қолдануға жіберіледі, егер олардың беріктілігі мықты болса, ол үшін есептеу арқылы тексеріп алады.