Й тапсырмаларының түрлері және тізімі. Бір тақырыпқа күнделікті сабақ жоспарын презентация түрінде дайындау.

Бір тақырыпқа күнделікті сабақ жоспарын презентация түрінде дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Күнделікті сабақты жоспарлаудың қажеттілігі неде?

2. Күнделікті сабақ пен әрбір өткен және келер сабақтардың арасында қандай қисынды байланыстар бар?

3. Сабақтың тақырыбы қандай мақсаттар негізінде жоспарланады?

4. Оқыту әдістері қалай таңдап алынады?

5. Күнделікті сабақтың жоспарының құрылымы қандай талаптарға сай өзгеріп отырады?

6. Сабақтың практикалық бөлімі қандай нұсқаулар негізінде жүзеге асады?

7. Технологиялық өңдеулерде қолданылатын тірек сигналдарының рөлі қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

1. Оқу шеберханасында сабақ көп жағдайларда сабақ аралас сабақ түрінде өтілетіндіктен және дидактикалық міндеттерді шешетіндіктен сіздер, күнделікті сабақтың жоспарын оқытушының нұсқауымен төменде көрсетілген мүмкін болған құрылыммен орындаңыздар:

2. Күнделікті сабақ жоспарын берілген үлгіге сәйкес сабақтың түріне байланысты әзірлеңіз (кесте 7).

Кесте 7 - Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары немесе оқыту екі есе оқыту әдісі

Блум Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Деңгейлер
Білу Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. Тыңдайды, жазады еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.   Ақпарат тық
Түсіну Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. Ойларын айтады, түсіндіреді,ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады. Тезаурус тық деңгей
Қолдану Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді. Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа ой құра, проблемалық ситуация т.б Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Кітаппен жұмыс. Әдістеме лік деңгей
Талдау Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырып-тағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату. Топтық талқыға салады ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді Технология лық деңгей
Жинақтау Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау.   Ойлап табады, байланыстыра ды, шығарады. Ойын түйіндейді. Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. Зертеушілік деңгей
Бағалау Материалдың өзі үшін керектігін, құндылы-ғын,керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін алады. Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады Бағалау

Кесте 8 – сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Машинатану элементтері. Техникалық қауіпсіздік.  
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету. Тәрбиелік: Оқушы қыздарды тігін машинасында жұмыс жасауға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың техника-технологиялық іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Тігін машинасы, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесі   1.Тақырыпты меңгерту. 2. Машинада жұмыс жасау. 3. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.
  І. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу. 2. Бөлме тазалығын қадағалау. 3.Оқушыларды түгелдеу. 4. Ережелерді қайталау.
ІІ. Үй тапсырмасы.   Қайталау сұрақтары арқылы: 1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (Қол машина,аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина) 2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи) 3. Мата неден тұрады? (Талшықтан) 4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу) 5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже) 6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу, жөрмеу, көмкеру, тор тігісі, кесте тігістері) 7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін) 8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі, ине, жіп, мата, қайшы) 9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 ) 10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск) 11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата, ине, жіп, қайшы, желім, қағаз, тігін машинасы т.б.) 12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау, қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.) 13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу) 14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым) 15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)
Білу ІІІ.Жаңа сабақ. Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жүрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады. Й тапсырмаларының түрлері және тізімі. Бір тақырыпқа күнделікті сабақ жоспарын презентация түрінде дайындау. - student2.ru
Түсіну Машинада дұрыс отыру тәсілдері: - жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет. - отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек. - құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек. - тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды, - тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі, - тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой. - жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз, - жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз, - жіпті инеге сабақтау.
Талдау Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі. - Жібі оралған шөрікті қабына кигіз. - Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз. Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр. - Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны. - Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек. Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
Жинақтау ІV. Практикалық жұмыс. 1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену. 2.Мұғалім қадағалау, қатемен жұмыс жасау. 3.Тігістің сапасын тексеру.
Бағалау Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау. V. Бекіту сұрақтары.   Й тапсырмаларының түрлері және тізімі. Бір тақырыпқа күнделікті сабақ жоспарын презентация түрінде дайындау. - student2.ru 1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай? 2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай? 3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай?
Рефлексия VІ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады?    
Тақырыпты мазмұндау VІІ. Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.

Наши рекомендации