Литьевый және экструзионный машиналардың құрылысын сызбанұсқа арқылы сызып жұмыс істеу принципіне түсініктеме беріңіз.

Қысыммен құю - полимерлерді өңдеудің басты бір әдісі болып табылады, термопласты және термореактивті материалдардан жасалған бұйымдарды өндірісте қолдану үшін осы әдіс кеңінен қолданылады. Қысыммен құю кезінде полимер алдымен балқиды, содан соң жоғары қысымда жабық формада шашырайды. Термопласты материалдан жасалған бұйымды құйған кезде, толтырылған форма суытылады және қатайтылады, ал содан кейін форма ашылады, сол кезде бұйым алынып тасталады. Егер термореактивті материалды құятын болсақ, формаға толтырылатын полимерді қатты болғанға дейін қыздырады, оны 1 сағат бойы ұстайды, яғни бұйымның толық қатты күйге келуі керек.Осы себептен термопласты және термореактивті материалдарды қысыммен құйғанда, полимердің формаға толтырылуы және полимердің формамен жанасуы маңызды болып келеді, айырмашылығы тек дайын бұйымның формасының өзгешелігінде болады.Қазіргі таңда қысыммен құю әдісімен әртүлі бұйымдар дайындалады, соның ішінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың қалдықтарынан машинаның және аппаратың бөлшектерін дайындайды.

Кез-келген құю машинасы келесі басты бөліктерден тұрады:

а) гранулирленген немесе ұнтақ тәрізді материалды балқытуға арналған құрылғы, әдетте оларды пластикаторлардеп атайды; б) балқыманың формаға шашырауын қамтамасыз ететін құрылғы, әдетте оларды құю бастамасыдеп атайды; в) суыту немесе қыздыру формасы; г) дайын өнімді формадан итеріп шығару үшін қолданылатын құрылғы; д) гидравликалық, механикалық немесе т.б. типті тұйықталған пресс; е) циклдың жеке параметрлерін басқарып отыратын аппаратура; з) жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғы.

Әдетте алғашқы екі құрылғы конструктивті толық бір блокка біріктіріледі, бұл алдағы пластикатордың немесе құю бастамасының жұмыс істеуіне көмектеседі.

құю машинасынан материалды өткізгенде құю циклының басты параметрлерінің өзгеруін қарастырайық; температура, қысым және цикл ұзақтығы.

Бункерден құю бастамасына гранулалар әдетте бөлме температурасында түседі. Құю бастамасынан өткен гранулалар қыздырылады, содан кейін гомогенді балқыма түрінде шығады. Форсунка арқылы балқыма формаға келіп түседі. Форма ішінде суытылу және пластмассаның қатаю процесі жүреді. Балқыманың суытылуы, нақты айтқанда формаға толтыру кезінде басталады және қатты болғанша, белгілі бір формаға дейін қатайғанша жүргізіледі.

Плунжер типті пластикаторда материалды қыздыру корпус қабырғасынан және пластикатордың торпедасынан өтетін жылудың әсерінен болады. Бұл машинада шашырау көлемі 20-30 см3- тан аспайды.

Наши рекомендации