Лт-азаттық қозғалытың барысы

Азақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты

1. Бірінші дүниежүзілік жылдарындағы Қазақстан 1914-1918 жылдар

2. XIX ғ. Қазақстан үшін немен ерекшеленді? Ресей имп.тұтастай бодандыққа көшуімен

3. Ресейдін алға шығуына негізгі кедергі феодализм қалдықтары

4. Халықтардын ұлттық езілуі сияқты фактор бұратана

5. XX ғ.басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті

6. «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханов «Тағы соғыс» мақаласында не деп жазды? «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғ.Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімдердін алдында ақталмақ?»

7. 1907-1912ж. Ресейдің еуропалық бөлігінен елімізге қанша адам келіп қоныстандырылды? 2 млн.400 мын

8. Столыпин реформасынын бас кезінде «Санкт петербургские ведомости» газеті не деп жазды? «егер мемлекет мұддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудын қажеті жоқ...»

9. 1917ж. қазақстанда ең жақсы егістік жер мен жайылымдардың қанша жері тартып алынды? 45млн-нан астам десятина жер

10. Т.Рысқұлов не деп жазды? «1889 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдін сипатты белгісіне айналды...»

11. Патша әкімшілігі реселік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды қашан ойластырды? 1916 жылы

12. А.Байтұрсынұлы 1913 жылы не деп жазды? «қазақ ұлтынын өмір сүруінін озі проблемаға айналды»

13. Көтеріліске күшті желеу болған негізгі себепші фактор қазақтан қара жұмысқа жігіт алу

14. 1916 жылгы 25 маусымдагы патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа кімдер алынды? 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды ер адамдар

15. Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді? 500мыңнан астам жігіт

16. М.Дулатұлы не деп айтты? «жұрт сендей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»

17. Генерал губарнатор А.Куропаткиннін қара жұмысқа шақырудан босатылғандар туралы құпия бұйрығы қашан шықты? 1916 жылғы 23 тамыз

18. Қостанай уезі Мендіқара болысының батырақ шаруалары не деп жазған? «кедейлердің ауру балалары «жұмысқа жарамды» деп танылды, ал бай балалалы дені сау және тепсе темір үзетін болса да, әскери алқалардың төрағасы мен мқшелеріне көп пара бергендіктен, үйлеріне қайтарылды»

19. Патша жарлығына қарсы көтаріліске шыққан халық бірінші кезекте нені қалпына келтірді? Отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйесі

20. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектарінің неше өкілі хан болып сайланды? 9

21. Ақмола облысының Ерексай және Әйелді болыстарында 1 хан жане 4 қазы сайланды

22. Шерубай Нұра болысында – Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында Оспан Шонов хан болып жарияланды

23. Верный уезінін Жайымтал болысының ханы болып кім сайланды? Бекболат Әшекеев

24. Ел бегі - әкім, сот алқасы - жасақшы, қазына билеушісі - қазынашы, көтерілісшілер армиясының қолбасшысы - сардарбек.

25. Верный уезінің көтерілісшілері кімдермен байланыс орнатты? Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерілісшілерімен

26. Көтеріліске шыққан албандар кімдермен күш біріктіріп қимыл жасады? Ұйғыр, қырғыз, дүнгендермен

27. Жергілікті патша әкімшіліктін анықтамасы бойынша, қазақ даласында 2 партия құрылды. Қандай партия? Біреуі жұмысшылар берғісі келмейтін, екіншісі бұйрықты орындауға келісетін

28. Қазақтын либерал демокрратиялық зиялы қауымы қазақтарды кім деп санады? «ресей мемл.бодандары, Отанның перзенттері»

29. Ахмет байтұрсынұлы не деп жазды? «қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарынла соғыс майданында қару жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»

30. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «бірі барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді»

31. Көтеріліс басшылары не деп қауіптенді? «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады»деп

32. 1916жылғы қазандағы Үндеу хатында не деп жазылды ? «тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»

33. 1916 жылғы қозғалыс қей жерлерді қамтыды? Бүкіл Қазақстанды, Орта азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін

34. Қозғалыстың басты күші? Халық бұқарасы

лт-азаттық қозғалытың барысы

35. 1916 ЖЫЛҒЫ ұлт азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу

36. 1916 жылгы 20шілдеде Түркістан өлкесінің генерал губернаторы болып тағаайындалған кім? А.Куропаткин

37. Генерал губернатор А.Куропаткин неге нұсқау берді? «қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «лаң сатушыларға қарсы күресу үшінбайырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға»

38. Жетісудың генерал губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін не істеді? Казак станцияларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді

39. Тоқмақты қоршаған қазақ қырғыз көтерілісшілерінің саны? 10 мыңнан астам

40. Жаркент уезіндекотерілісшілер қандай қоныстарды басып алды? Таврия, Владислав, Мещеры, Краснояр, Новокиев

41. Жазалау отрядтарының басшыыларына қандай нұсқау берілді? «қырғыздардың топтасып бас қосуын бүлік деп санап, ондайларды жаныштандар, толқудың алғашқы нышаны байқалғанда ақ екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып, дала сотына беріндер де, дарға асындар»

42. Патша режімімен күреске бел байлағандардың ірі ошағы Қарқара өңірі

43. 5мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, Қарқара жәрменкесін басып алған жыл? 1916 жыл тамыз

44. Әулиеата көтерілісшілері қай жерде табан тірескен күрес жүргізді? Мойынқұм

45. Көтеріліске шыққан халықтын қалауымен көтерілісшілерді кімдер басқарды? Бекболат Әшекеев(верный), жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосанов(Құрықты болысы)

46. Түркістан өлкесінде жазаланғандар саны? 347 адам атылды, 168 адам жер аударылган

47. Жетісуда көтеріліс жасаған адамдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болғандардың саны? 238 мыңнан астам

48. 1916ж.қозғалыстың ең ірі оқиғалардың бірі қай жерде орын алды? Торғай облысында

49. Торғай уезіне көтеріліска шыққандар кімді хан етіп сайлады? Әбділғафар жанбосынов

50. Әбділғафар Жанбосынов кімнің туысы? Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі

51. Атақты Иман батырдың немересі? Амангелді

52. Торғай уезінің сардарбегісі кім болып тағайындалды? Амангелді иманов

53. Торғайдағы қозғалы несімен көзге түсті? Қозғалыс ошағы бір орталықта болуымен,көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртпке келуімен

54. Торғай уезіндегі әскери іс мәселелеріне баса назар аударып отырғандар? Әскери Кеңес

55. Торғай уезінде А.Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын қашан құрды? 1916ж. қыркүйекте

56. Қару жасаушыларды ұйымдастырып, көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйреткен кім? Амангелді иманов

57. Амангелді иманов жасағындағы көтерілішілер саны? 20 мыңға жуық

58. А.Иманов мергендерді қай жерлерге орналастырған? Құмдардын арасына

59. Қазан айының соңында А.иманов бастаған 15 мың көтерілісші қай қаланы қоршап алды? Торғай

60. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі кімдерді жіберді? Генерал Лавреньтев бақарған тоғыз адамды жазалаушы экспедиция

61. Амангелдінің серігі, атақты мерген, жазалаушылардың зәресінұшырған кім?Кейкі батыр

62. Доғал Үрпек маңындағы шайқас немен аяқталды? Жеңіліспен

63. Доғал Үрпек маңындағы шайқаста шегіне отырып күрес жүргізген сарбаз саны? 40

64. Патша үкіметі көтерілісшілерден аяусыз кек алды. Қанша адам жазаланды? 3000 ға жуық

65. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс қандай сипатта болды? Имперализмге, отаршылдыққа қарсы

66. Жетіу өңірінде қоныстанушылардың нешеуі көтерілісшілердің шабуылына ұшырады? 94

67. Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыс пен украиндардын нешеуі өлді және жараланды? 2,5 мыңнан астам

68. IV Мемлекеттік Думаның мінберінен жазалаушыларды әшкерелеп , патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін сынға алған кім? А.Ф.Керенский

69. «қарбалақтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазды шығарған кім? С.Ужкин

70. Торғайда көтерілішілерді соғы ісі шеберлігіне үйретіп , өзі жазалаушыларға қарсы шайқата қаза тапқан орыс? Никита Кротов

71. Қозғалыстың Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі? Е.Е.Курев

72. Көтерілісшілер жағында шайқасқан орыс кәсіпкердің қызы? Софья Вербицкая

73. Патша үкіметінің дала стратегиясы? Қазақстан мен Қырғызстанның отарлауға қолайлы жерлерін «тазалау»

74. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны қаншаға кеміді? Жарты млнға жуық

75. Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері? Бытыранқылық, ұйымшылдықтын жоқтығы,арақатынастың тұрақты болмауы

76. Жетісудағы көтерілістің басшысы Бекболат Әшекеев қалай жазаланды? Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды

77. Жәмеңке Мәмбетовқа қандай жаза қолданылды? Абақтыға қамалып, басқа 12 басшымен біргк азаптап өлтірілді

78. Көтеріліс қазақ халқының несін корсетті? Таптық сана сезімнің өскендігін

79. Көтеріліс туралы Әлихан Бокейханов не деп жазды? «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенің корсетті... алыспаған жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да басына да ие болмайды»

II.ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕГІ 1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ МЕН КАЗАН ТӨҢКЕРІСІ КЕЗІНДЕ

Наши рекомендации