Мата, тоқыма мата және бейматалардың сыртқы түріндегі ақауларымен танысу
Жұмыстың мақсаты: Мата, тоқыма мата және тоқылмаған маталардағы негізгі ақаулар түрімен кеңірек танысу.
Негізгі мағлұматтар: Мата, тоқыма мата және тоқылмаған мата кездемесінің сыртқы сапасының төмен болуынан, иірілген жіп сапасының төмен болуынан немесе өндірісте бір техникалық режимнің бұзылуы себебінен ақаулар түрі болады. Өндірісте матаны тоқу процессінде бояу, сурет басу, өңдеу кезінде де ақаулар аздап кездеседі.
1. Шикізатта болатын ақаулар:
а) ластануы: мақта шикізаты жапырақтар мен және өзінің сырт жағындағы қабығымен ластанады, ал жүн өлі талшықпен ластанады. Зығыр маталары кострамен ластанады. Көбінесе, бұл ақау холст тәрізді өңделмеген маталарды өңдегенде кездеседі.
б) түйінделуі: матаның жоғарғы бетіне элементарлы жіптер мен талшықтың жиналып қалуына байланысты қалың жерлерінің пайда болуы.
в) пісіп жетілмеуінің әсері: мақта талшықтарының пісіп жетілмеуінен және жүндегі өлі талшықтарға байланысты маталар дұрыс боялмайды, сондықтан, матада ақ нүктелер мен штрихтардың пайда болуы.
2. Иірілген жіпте болатын ақаулар:
а) өзгеше жіп: дайын матада жіптің көрші тоқылған жіппен тартылысы, ширатылуы, түсі және формасы бойынша өзгешеленетін жіп.
б) қалың және жұқа иірілген жіп: жіппен тоқылған учаскенің ауысып отыруы матаның жолақтануына алып келеді.
3. Матаны тоқу кезіндегі ақаулар:
а) Близна – желі жіптің біреуі немесе бірнеше желі жіптердің тоқылмай қалуынан құралады.(Кейде желі жібінің үзілуінен пайда болады.)
б) Пролеты – матаның бар ені бойынша бір немесе бірнеше арқау жіптің болмауы себебінен болады (яғни, арқау жіптің үзілуінен болады немесе сыртқы көрінісі бойынша близнаға ұқсас келеді).
в) Подплетина – матаның қысқа учаскелерінде желі және арқау жіптің дұрыс айқаспауынан және үзілуінен пайда болады.
г) Недосеки: матаның ені бойынша жіпте құралған жолақтар.
д) Забойны – мата тығыздығының жоғары болуынан пайда болған ені бойынша көлденң жолақтар.
е) Двойник: бір жіптің орнына тоқылған немесе айқасқан екі немесе одан да көп желі арқау жіптерінің болуы.
ж) Суреттің бұзылуы: көзшеге жіптің дұрыс салынбауына байланысты матаның айқаспасынан суреттің бұзылуы.
4. Мата тұтастығының бұзылуы:
Бұл топқа желі жіптері мен арқау жіптерінің бұзылуынан құралған ақаулар: оған тесіктер, пробойналар, просечкалар жатады. Сондай-ақ станогының әсерінен бұзылған маталар жатады, яғни, жиектерінің үзілуі, деформацияланған жиектер жатады.
5. Тоқу процесіндегі ақаулар:
а)тоқыма кездемесінің жіңішкеленуі: бір жіптің үзілуінен пайда болған желісі бойынша тоқылған кездемедегі тік жолақтар және иірілген кездемедегі көлденең жолақтар.
ә)шалуды түсірілуі: шалу бағанасы бойынша үзілмей бір немесе бірнеше шалулар түсіріліп тарқатылса тік жолақтар пайда болады. Тастаудан кейінгі инеге қайтадан кигізілген шалулар кездеменің көлденең бөлігіндегі тартылған учаскелерді құрайды.
б)шалудың жинақталуы: қалың орындарының және тартылған жіптің пайда болуына байланысты көлденең құрылысының бұзылуы.
в)тік жолақтар: тығыздалған және тарқатылған шалу бағанасынан құралады.
г) штопка (жамау): ілмекпен немесе инемен көтеріліп бекітілген шалулар.
д)майланған жіптер: кездемедегі қара штрихтар болып табылады.
6. Тоқылмаған матадағы ақаулар:
а)холсты жайғақ арқылы өңдеу: тоқылмаған матадағы ақаулар холсты құрастырған кезде тарау процесінде болатын жіп ақаулары. Қалыңдығы бойынша біркелкі емес холсты, яғни, мақтаны тарау машинасына біркелкісіз салған кезде пайда болады.
ә) тор: тігуге арналған кездеменің учаскесі холстпен жабылмаған түрде алынады.
б) шалудың тасталуы немесе жартының тасталынуы: матаны немесе жіпті, холсты тоқу кезінде шалу, құрастыру процесінің бұзылуынан пайда болады. Сондай-ақ тоқылмаған маталарды өндіруде тік жолақты шалудың жинақталуы, кездеменің тартылуы, жамау, кездеменің оң жағында көлденең жолақтардың пайда болуы (накидки) және кездемелік учаскелердің тығыздануы (забойны) сияқты ақау түрлері кездеседі.
7. Бояу, сурет басу және өңдеу кезіндегі ақаулар:
а) матаның әр түрлі болып боялуы: бұл матаның әр түрлі боялуына жиектен төмен қарай көлденең бір бөліктен екіншісіне бояудың түрін өзгерту арқылы біркелкісіз боялуы.
ә) ашық және күңгірт дақтар: бұл матаны бояуға дұрыс дайындалмағаннан пайда болады.
б)суреттің бұзылуы: суреттің жылжып кетуімен және фигураның сәйкес келмеуіне байланысты көп түсті суреттердің бұзылуы.
в) зачески: маталарда қаптар мен қыртыстың болуына байланысты сурет басылмай қалған жерлер.
г) крап: бояғыш заттардың шашыраған кезде пайда болатын ақауларын айтады.
8. Соңғы өңдеу кезіндегі ақаулар:
Соңғы өңдеу кезіндегі түкті маталарда кері ақаулар пайда болады
а) түкті жолақтар: біркелкісіз кесілген, біркелкісіз түктелген ақаулар кездеседі.
ә) перекос: арқау жіптің тоқылғандағы шалу қатарының және тоқылмаған матадағы шалу қатарының жиегіне қарағанда қисық бұрышпен орналасуы. Бұл ақау кептіру-жұқарту машиналарында пайда болады.