Mұсылмандарға қарсы жасалған бойкот және қорлықтар
Меккеліктер қанша қарсылықтар жасап оларды түрлі жолдар мен қинасада елде ислам діні өрісін кеңейте берді. Мушриктердің бұл әрекеттері ешқандай нәтиже берген жоқ. Керісінше Хамза мен Омар дін қабылдап, Эфиопия елі муһажирлерді жақсы қарсы алып, жалпы мұсылмандардың қатары күннен күнге арта берді. Мазасызданған мушриктер бұл жағдайдың алдын алу мақасатында жиналыс жасап, тайпа ішіндегі мұсылмандар дінін тастамағанша оларға бойкот жариялау шешімін қабылдайды. Бұл шешімде мыналар ескерілді:
а. Мұхамметті мушриктердің қолына тапсырмағанша, олармен келісімге келмеу.
b. Мұсылмандарға мейірімділік көрсетілмесін.
c. Мұсылмандарға қыз бермеу, олардан қыз алмау.
d. Мұсылмандармен сауда сатық жасамау..
e. Мұсылмандармен сөйлеспеу, олармен бірге отырмау.
f. Мұсылмандардың үйіне кірмеу.
Пайғамбарды ұстап мушриктерге тапсыруды бұл талаптарына қосып, құжатты Мансур ибн Икримаға жаздырып кағбаның қабырғасына іледі.
Әбу Талибтің көшесіне жақын тұратын мұсылман отбасылар бұл бойкоттан қатты қиыншылыққа кез болады. Пайғамбарымыз, Хадиша анамыз, Әбу Талиб, мұхтаждарға барлық малын жұмсайды. Осылайша мұсылмандар аштыққа қоса түрлі ауруға шалдығып, Алланың сынағына жолығады. Кей балалар аштық және аурудан өліп, тірі қалғандары терлілерді қайнатып, жандарын сақтады.
Әлем тарихында қайталанбас бұл байкот меккеліктерді бейжй қалтырмады. Сөйтіп, жан-жақтан азық-түліктер жинала бастады. Аоайдағ әбу-л-Әһаб үнемі олардың жолын тосып отырды. Әзіреті Хадишаның туысы бір қап бидай жіберген еді, жолда әбу-Жаһил сол қап бидадйы тартып алып қойғысы келгенде, мүшіріктер ішінен Әбул-Бахтари оған ашуланып, туысқанына берілген астықты тартып алу дұрыс емес деді. Амалсыз қалған әбу-Жаһил бидайді жіберді.
Мұсылмандарға жасалған бұл байкотқа мүшіріктердің ішінде де қарсы жандар бар еді. Соның бірі Хишам Абдулмуталиптің інісі Зүһайрдың жанына барып: «сен жақсы тұрмыс кешіріп жүрсің, бірақ, туыстарың ана жақта зап тартуда»-деді. Сонда Зүһайр «Ант етейін, егер бұл күн Әбу-Жаһилдің нағашыларының басына келсе, ол бұлай істемес еді»-деді. Сөйтіп Хишам Зүһайрды көндіріп, екеуі алғаш рет байкотка қарсы шықты. Екеуі жанына адамдар жинап, Кағбаның қасында жария түрде бұл байкоттың қателігін айтты. Әбу-Жаһил қарсы шыққанмен, қолдаушылардың көптігенен, байкот тоқтатылды. Бұл 619[41] жыл еді.
Айғы жылы
Үш жылдық байкот қиыншылығынан кейіен Пайғамбарымыз бен мұсыламндар қуанышқа кенелді. Алайда, көп өтпей, Пайғамбарымыздың қамқоршысы Әбуталиб пен пайғамбарымыздың аяуалы жары Хадиша анамыз дүниеден озды. Бұл жағдайлар пайғамбарымыз бен мұсылмандарға ауыр тигендіктен, бұл жылды пайғамбарымыз қайғы жылы деп атады.
Әбуталиб әкесі Әбдмуталиб қайтыс болғаннан кейін пайғамбарымызды сегіз жасынан бастап, қамқорлыққа алған. Сол уақыттарда ол пайғамбарымызды мүшіріктердің түрлі қауып-қатерлерінен қорғап, демеуші болып жүрді. Сол себепті де Әбуталибтің көзі тірісінде ешкім пайғамбарымызға ашық тисе алмады. Бойкот жылдарында да ол пайғамбарымыздың үйін қорғап, өзі болмасада балаларын немесе жиендерін үйге күзетші етіп қоятын.
Әбуталиб қайтыс болғаннан кейін мүшіріктердің пайғамбарымызға болған шаубылдары күшейе түсті. Мүшірктердің біреуі Пайғамбарымызға жолда кездессе бетіне топырақ шашатын кездері де болды, Пайғамбарымыз үйіне келгендақызы Фатима көзіне жас алып, әкесінің шаң басқан бетімен кимдерін тазалаған кезде, пайғамбарымыз оған «қызым, жылама. Алла әкеңді ешқашан тастап қоймайды. Әбуталиб тірі болғанда, олар бұлар жасай да алмайтын еді» -деді.[42]
Көкесі Әбуталибтің өліміне қайғырған пайғамбарымыз көп ұзамай жұбайы Хадиша анамыздыда жоғалтты. Хадиша анамыз жиырма бес жыл отандасып, пайғамбарымызға сүйеніш болған, алғашқы исламға кірген кісі атағына ие болған еді. Байлығын түгелдей ислам үшін жаратқан Хадиша ана алпыс бес жасында Меккеде дүниеден озды.
Таиф сапары.
Пайғамбарымыз Миғражадан мынадай сыйлықтармен қайтты.: 1.бес уақыт намаз. 2.Бақара сүресінің соңғы екі аяты. 3. серік қоспаған үмбеттерінің пейішке кіруі. Buhari, Tecrid-i Sarih, C 2, s. 261. |
Аддас атты құлы арқылы ол екеуі пайғамбарымызға бір бас жүзім беріп ,
« ол кісімен сөйлеспе! , өйткені жынды», деп ескертіп жібереді. Бірақ пайғамбарымызбен сөйлесіп дінді қабылдайды[44]. Бақшаның ішінде біраз демалып алған соң, Зайд екеуі Меккеге жол алады. Таифке кеткен пайғамбарымызды естіген Меккеліктер, қалаға кіргізбеуге келісіп еді. Мұны естіген пайғамбарымыз, тіке Нур тауына барып тоқтап, Меккеге кіру үшін бір кепіл сұратты. Мутғим бин Ади деген кісі бұл жауапкершілікті қабылдап, пайғамбарымыз Меккеге кірді. Мұтғим бин Адидің тайпасынан жасақталған кісілердің қорғауында пайғамбарымыз кағбаға жетіп алды. Меккеге қажылық және саудаға келген тайпаларға дінді уағыздай бастайды. Ал мушріктер тек тұрмай, оның бір сықыршы екенін айтып, уағызын тыңдамаңдар! деп, қарсы шығумен әлек болатын. Пайғамбарымыздың еңбегі зая кетпей тыңдаған кісілер бірте бірте дінге кіре бастады.
Исра және Миғраж
Пайғамбарлықтың он бірінші жылы(621 м) Исра және Миғраж оқиғасы болды. Ережеп айының жиырма жетінші түнінде Жабраил періште пайғамбарымызды Меккедегі харам мешітінен алып Құддустаға Ақса мешітіне алып келді. Сол жерден Алла тағаланың хұзырына көтеріледі. Міне сол оқиғаны Исра және миғраж деп атайды. Құранда бұл оқиға жайлы сүре бар. « түндердің бірінде, өз белгілерімізді көрсетеміз деп құлын Харам мешітінен, айналасын берекелі еткен Ақсаға алып барған Алла таға барлық кемшіліктен пәк, ол есітуші, білуші».[45]
Бұл оқиға, пайғамбарымыз және мұсылмандардың қиналған кезеңіне тура келуі, оларға бір рухани қолдау болып еді. Миғраж оқиғасы, пайғамбарымыздың мұғжизаларының бірі еді. Мұсылмандардың пайғамбарымызға деген иманы одан сайын артып, мушриктер керісінше пайғамбарымзға дұшпандығы өрши түсті. Сондықтан соңғы кездерде мұсылмандар сол түнді насихаттап қасиетті түн деп қабылдады. Екі айлық жол болған Харам мешітінен Ақсаға бір түнде барып келуі Меккеліктердің арасында талас тартысқа айналды. Әрине бұл хабарды мушриктер пайғамбарымыздың сиқырбаз екенінің үлкен дәлелін таптық деп санады. Мушриктер Әбубәкірге қуана келіп; « досың бір түнде Ақсаға, одан ары Раббысына барып келгенін айтып жүр, сен дейсің?» деп сұрағанда, еш ойланбай ; « егер досым солай деп айтса демек дәл солай», деп жауап береді. Сол себептен Әбубәкірге пайғамбарымыз «Сыддық» деген ат беріп еді. Пайғамбарымыздан Ақса жаққа кеткен керуендер жайлы сұрағынада дұрыс жауап беріп оларды таң қалдырды. Сонда да пайғамбарымызды сиқырбаз деп айтудан қайтқан жоқ.