Меншік құрылымы және эконогмикалық мазмұны

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат. Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы. Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі. Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі. Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.
в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.
Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны
мынадай түсініктермен де сипатталады:
а/екі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;
ә/жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ;
б/өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ;
в/ табыстарды уйлестіру тәсілі
г/субъектілік обектілік талдау
1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес , субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда , бір
адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін , бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін , өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін , яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад
5.Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

24.Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.

25.Экономикалық жүйелердің белгілері..Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б

27. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады: Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық 1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. 2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.Қоғамдық шаруашылықтың формалары:натуралды,тауарлы.Ақшаның мәні және қызметі.1,Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық. 2. Тауарлы шаруашылықтың мәні. 3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері. 4. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы Мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

28 Натуралды шаруашылық: негізгі белгілері мен даму кезеңдері Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:  өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;  өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жеке меншіктің болуы; Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық 1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. 2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

29 Тауар шаруашылығы,Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Тауарайырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктімен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.Тауар өндірісі деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне олардың әрқайсысы қайсібір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. К.Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымныңбір түрі.Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда – саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп ортақ меншікке болған. Кейініректе өндірілген өнім, құрал ө жабдықтар нақтылы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештеңені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені, әрнәрсе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттерін қанағаттандыру мақсатындатауар аиырбас қатынасына түседі.Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін жеңілдетеді.Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің орнына жолдамалы еңбек келеді;

б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталғандықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе “еркін экономика” деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны “таза” –Laisser faire, яғни “қалай жүрсе солай жүрсін” дегенді білдіреді.Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға негіз болды. Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін қолды” жоққа шығарылмайды.Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылықб) Аралас экономикав) Корпоративтік экономикаОлар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатын бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты міндет- азаматтар мүддесін қорғау. Біріншісі- көбінесе Германияға, екіншісі- АҚШ-қа, үшінші модель- Жапония мен Швецияға тән.4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл э кономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.

30 Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.Нарық экономикасының бірінші элементіНарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.Нарық экономикасының екінші элементіНарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.Нарық экономикасының үшінші элементіНарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.Нарық экономикасының төртінші элементіНарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.Нарық экономикасының бесінші элементіНарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.Нарықтың маңызды элементтері. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: маржиналдық (шекті) талдауға; балама тандау шығындарына; экономикалық рационалдыққа.

31 Тауар және оның қасиеттеріТауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.

Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны. Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді. Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды. Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.

Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.

Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.

Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.

Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.

32 Құн заңы– тауар өндірісі жағдайында өндірушілер арасындағы байланыстарды, қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін объективті экономикалық заң. Бұл заңға сәйкес тауарлар өзінің құны негізінде өндіріліп айырбасталады, ал бұл құнның шамасы қоғамдық қажетті шығындармен өлшенеді.

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды.

аңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс (1835 — 82) пен А.Маршалл (1842 — 1924), австриялық К.Менгер (1740 — 1821), Ф. фон Визер (1851 — 1921), Э. фон Бм-Баверк (1851 — 1914), швейцариялық Л.Вальрас (1834 — 1910), америкалық Дж.Б. Кларк (1847 — 1938), швед К.Виксель (1851 — 1926). Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal — шекті) деп аталады.

Наши рекомендации