Дәріс. Тәуекел және сақтандыру
«Тәуекелң түсінігі күтілетін құбылыстың жағымсыз нәтижесінің болу қауіпін білдіреді. Залал болуының жорамалданған мүмкіндігі. Әрбір нақты тәуекел (мысалы, өрт тәуекелі, сел, жер сілкінісі), ол белгілігі бір оқиғаның болу мүмкіндігімен сипатталады (мысалы, сақтандырылған объектінің өртенуі). Тәуекел дегеніміз – адам қызметінің кез-келген өрісінің объективті құбылысы және көптеген бөлек, жеке тәуекелдер ретінде көрініс табады.
Тәуекелді математикалық жолмен ықтималдықтар теориясын және үлкен сандар заңын пайдалану арқылы нақты өлшеуге болады. Тәуекел өзінің табиғаты бойынша болашақта белгісіз көлемде болуы мүмкін, тиімсіз экономикалық нәтижеге ие, жағымсыз оқиға болып табылады. Тәуекел түсінігі мен залал түсінігі тығыз байланысты. Адам зерттемеген тәуекел ең үлкен залал әкеледі. Тәуекел деңгейі көтеріледі, егер:
- мәселелер кенеттен және күтілімге қарамастан пайда болса;
- комерциялық ұйымының өткен тәжірибесіне сәйкес емес мақсаттардың қойылуы (рыногтық жағдайларда жұмыс істеу тарихы аз болып табылатын біздің компанияларға аса өзекті);
- қаржылық шығынға әкеліп соғатын (қосымша немесе турақты табыс алу қабылетінің төмендету), компания басшылығының қажетті және мерзімді шараларды қабылдау мүмкінсіздігі;
- нақты жағдайы бойынша кейбір оптималды шараларды қолдануға, заңнама жүйесінің жетікіліксіздігі немесе компания қызметінің тәртібі.
Тәуекел факторлары және пайда болған залалдың орнын толтыру сақтандырудың қажеттілігін айқындайды.
Тәуекел, мынадай керексіз кездейсоқ нәтижелердің болуымен сипатталады:
- алынған өнім (қызмет) төлемсіз қалған себебінен табылған шығын және табысты жоғалту;
- ресурстік базаның қысқартылуы.
Сонымен қатар тәуекел көлемі төмендеген сайын, үлкен табыс алу мүмкіндігі төмендейді, сондықтан:
- бір жағынан, әр өндіруші өзінің тәуекелін төмендетуге тырысады және бірінші балама шешімдердің ішінде ен төменгі тәуекелді таңдайды;
- екінші жағынан, тәуекел мен іскерлік, табыстылы дәрежесі арасындағы оптималды қатынасты таңдау қажет.
Салыстыру шамасы ретінде қолданылатын тәуекел міндеттемлерінің орташа көлемі орташа тәуекел тобы деп аталады. Сақтандыру объектісін бағалау, мынаған қажет:
- сақтандырушы жағынан ахуалдық шамасын анықтайтын сақтандыру сомасын белгілеуге;
- кездейсоқ залалдың көлемімен нақтыланатын, сақтандыру сыйақысының көлемін белгілеуге;
- берілген тәуекелдің мүмкіндігі мен мүмкінсіздігін бағалауға.
Сақтандыру тәжірибесінде тәуекел бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады, оларды төменде қарастырамыз:
- Индивидуалды бағалау әдісі тәуекелдің орташа типімен салыстыруға мүмкін емес тәуеклдерге ғана қатысты қолданылады. Субъективті көзқарасын және кәсіби тәжірибесін білдіретін, сақтандырушы ерікті бағалауды жасайды.
- Орташа көлемдер әдісіне тәуекел топтарының шағын топтарға бөлінуі тән. Сол арқылы тәуекел белгілері бойынша ауқымды анықтауға аналитикалық негіз (база) құрылады (мысалы, сақтандыру объектісінің баланстық құны, өндірістің жиынтық қуаттылығы, өндірілетін циклдік түрі).
- Пайыздар әдісі тәуекелдің орташа типінің оң және теріс ауытқу мүмкіндігіне тәуелді иеліктегі аналитикалық базаға, жеңілдіктер мен үстемеақылардың жиынтығын көрсетеді. Қолданылатын жеңілдіктер мен үстемақылар пайыз түрінде (кейде промилль түрінде)тәуекел типі бойынша көрсетіледі.
Тәуекелді бағалағанда, оның келесі негізгі түрлерін бөліп қарастырады:
- сақтандырылатын тәуекелдер;
- сақтандырылмайтын тәуекелдер;
- қолайлы тәуекелдер;
- сақтандырушы тәуекелдері, бойынша тиімсіз, жағымсыз (В.В. Шахов).
Сақтандыруға мүмкін тәуекелдер ең үлкен топты құрайды. Залалдың мөлшерлік көлемі мен сақтандыру оқиғасының болу ықтималдығы тұрғысынан бағалауға болатын тәуекел, сақтандыру тәуекелі болып табылады.
Сақтандыру тәуекелің анықтайтын негізгі шарттар:
- өтелуге қажетті, сақтандырушының жауапкершілік көлеміне кіретін тәуекел;
- тәуекелдің кездейсоқ мінездемесі;
- берілген тәуекелдің кездейсоқтығын біртекті объектілердің жиынымен салыстырылуы;
- тәуекелдің жүзеге асуын бейнелейтін сақтандыру оқиғасының болуы, сақтанушының еркі немесе басқа да қызығушы тұлғамен байланысты болмауы тиіс, яғни сақтанушының мұқтаждықтарымен байланысты тәуекелдерді сақтандыруға болмайды;
- сақтандыру оқиғасының болу ақиқаты уақыт және кеңістікте белгісіз;
- сақтандыру оқиғасы апат көлемінде болмауы керек, яғни үлкен залал әкелмей, ірі сақтандыру жиынтығының шегіндегі объектілер массасын қамтымауы тиіс;
- тәуекелдің іске асу салдарының зиянының объективті өлшеу және бағалау қажет.
Қауіп көзіне байланыстыкелесі тәуекелдер бөлінеді:
- табиғаттың апат күштерінің шығуымен байланысты – жер сілкіністері, су басу, селдер, қуаншылық және басқа табиғи құбылыстармен байланысты;
- адамның мақсаты іс-әрекеті мен және материалдық құндылықтарды өзіне алу процесімен байланысты – ұрлық, тонау, вандализм және басқа да заң бұзушылық әрекеттер.
Сақтандырушының жауапкершілік көлемі бойынша тәуекелдер жеке және әмбебап болып бөлінеді. Мысалы, сурет өнерінің біртумасын тасымалдау және вандализм актілері бойынша экспозициясын сақтандыру шартымен бейнеленеді. Мүліктік сақтандыру шарттарының көбісі бойынша сақтандырушының жауапкершілік көлеміне кіретін әмбебап тәуекел дегеніміз – тонау.
Ерекше топты спецификациялық тәуекелдер құрайды: аномальді және апаттық. Сәйкес объектілеріді сақтандыру жиынтығының топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін тәуекелдерді аномальларға жатады.
Сақтандырылған объектілері немесе сақтаушылардың үлкен санын қамтитын, аса ірі ауқымда зор залал әкелетін апаттық тәуекелдер маңызды топ құрайды. Бұл тәуекелдер табиғаттың апаттық күштерінің көрінісімен байланысты, сонымен қатар материалдық құндылықтарды игеру процесіндегі адам қызметімен (мысалы, АЭС-ғы авария) байланысты.
Кәсіпкер тәуекелмен өзінің қызметінің әртүрлі сатыларында кездеседі, және нақты тәуекел жағдайының пайда болу себептері өте көп болуы мүмкін. Оқиға нәтижесінің белгісіз болуының шартты пайда болуы себебін түсіндіреді. Тәуекел үшін мұндай көздер: фирманың тікелей шаруашылық қызметі; кәсіпкерлік қызмет нәтижесіне әсер ететін сыртқы ортаның жағдайы туралы ақпарттың жетіспеушілігі, және т.б.
Осыған сүйене отырып мыналарды ажырату қажет:
- шаруашылық қызметпен байланысты тәуекел;
- кәсіпкер тұлғасымен байланысты тәуекел;
- сыртқы ортаның жағдайы туралы ақпараттың жетіспеушілігімен байланысты тәуекел.
Шетелдегі серіктестің немесе Қазақстандағы салық салу туралы ақпарттың жетіспеушілігі- мемлекеттік органдардың фирмадан айыппұл санкцияларын өндіріп алу нәтижесіндегі залал көзі. Кәсіпкер үшін басекелес туралы ақпараттың жетіспеушілігі де залал көзі болуы мүмкін. Кәсіпкер тұлғасымен байланысты тәуекел кәсіпкерлердің кәсіпкерлік аясындағы әртүрлі көлем, кәсіпкерлік қызметі жүргізудің дағдылары және тәжірибесі, бөліп алынған мәліметтердің тәуекелділік деңгейінде болуымен анықталады. Тәуекелдің тағы екі үлкен топтарын бөлу қажет:
- статистикалық (жай);
- динамикалық (спикулятивтік).
Статистикалық тәуекелдер кәсіпкерлік қызметке іс жүзінде әрқашан залал әкелуімен ерекшеленеді. Жеке фирманың залалы әдетте жалпы қоғам залалын білдіреді. Залалдардың себебіне сәйкес статистикалық тәуекелдер келесі топтарға бөлуі мүмкін:
- табиғи апаттардың (оттың, судың, жер сілкінісінің, дауылдың және т.б.) фирма активтеріне зиянды әрекет нәтижесінде ықтималды залалдар;
- қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде ықтималды залалдар;
- компанияға тиімсіз заңнаманы қабылдау салдарынан ықтималды залалдар (жетілмеген заңдама үшін айыптыдан өмағыны немесе тікелей мүлікті өндіріп алу мүмкін еместігі мен байланысты залалдар);
- тұтынушы немесе жеткізуші негізіне қызметтің мәжбүрлі тоқтатылуына әкелетін үшінші тұлғалардың мүлік қауіпі нәтижесінде ықтималды залалдар;
- компанияның маңызды қызметкерлері әлде оның негізгі иесінің өлімі немесе қабілетсіздігі залалдары (мамандырылған кадрлер таңдау мүдделігі, сонымен қатар мүліктік құқықтарды берумен байланысты).
Статистикалық тәуекелмен салыстырғанда динамикалық тәуекел фирмаға залал әкелетін – динамикалық тәуекелдер, бір мезгілде бүкіл қағидаға пайда әкелуі мүмкін. сондықтан динамикалық тәуекелдерді басқару қиын болып табылады.
Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]
Бақылау сұрақтары:
1. Тәуекел және сақтандыру арасындағы байланыс немен анықталады?
2. Тәуекелдің негізгі факторларын атаңыз?
3. Тәуекелді бағалауда қандай әдістер қолданылады?
4. Тәуекелдер қандай критерийлер бойынша жіктеледі?
5. Тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз?
6. Қаржылық тәуекелдерге нелер жатады?