Депозиттiк база жасаудағы әлемдiк тәжiрибе
Шетелдiк банк тәжiрибесiнде банктер депозит тартумен қатар қаражат тартудың басқа да түрлерiн жиi қолданады. Ақша рыногынан қарыз алу оның негiзгi түрi болып табылады. Қаражат тартудың мұндай үлгiлерiне банктер өздерiнiң өтiмдiлiк позициясын жақсарту үшiн барады. Қаражат шоғырландырудың кең таралған түрлерiне төмендегiлер жатады:
· орталық банктен қарыз алу;
· банкаралық рыноктан қарыз алу;
· қайта сатып алу келiсе отырып құнды қағаздар сату;
· евродолларлық қарыздар;
· банктiк акцептердi есепке алу;
· коммерциялық қағаздар шығару;
· капиталдық ноталар және облигациялар шығару
Орталық банктен қарыз алу.
Орталық банктен негiзiнен өздерiнiң мiндеттi резервтерiн толықтыруды қажет ететiн, сондай-ақ кейбiр қолайсыз жағдайлар нәтижесiнде (депозиттердiң жаппай алына бастауы және салымшылардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жетiспеушiлiгi, форс-мажорлық мiндеттемелер және т.б.) белгiлi бiр қиыншылықтармен кездескен банктер қарыз алады.
АҚШ Федералдық резервтiк жүйесiн мысалға алып айтар болсақ, мұнда тағайындалатын пайыздық ставка-банктiк есепке алу ставкасы. Дисконттық қарыздар федералдық қорларды сатып алудың баламасы. Есепке алу ставкасы деңгейiнiң және федералдық қарыздар бойынша ставкалардың өзгеруiне байланысты тиiстi қарыздар көлемi өзгередi.
Несие алу үшiн қазынашылық құнды қағаздар түрiнде қамтамасыз етiлу, басқа федералдық мекемелердiң мiндеттемелерi, муниципалдық облигациялар, қысқа мерзiмдiк коммерциялық вексельдер, басқа да құнды қағаздар мен мiндеттемелер талап етiледi.
Банкаралық рыноктан қарыз алу
АҚШ-та банкаралық рынок дегенiмiз федералдық қорлар рыногы. Федералдық қорлар дегенiмiз Федералдық резервтiк банктегi коммерциялық банктердiң депозиттерi. Бұл депозиттердiң мөлшерi мiндеттi резервтердiң көлемi түрiнде заңмен қатаң белгiленген, оларды коммерциялық банктер Федералдық резервтiк банкте өздерiнiң депозиттерiне қарсы ұстауы тиiс. Артық резервтер банкаралық рынокқа еркiн түседi. Бастапқыда банктер Федералдық Қорларды тек өздерiнiң мiндеттi резервтерiнiң деңгейiн заңға сәйкестендiру үшiн сатып алатын. Кейiннен бұл операция банктердiң қаражат көздерiн кеңейту мақсатына пайдаланыла бастады.
Федералдық қорлар сатып алу үшiн, әдетте, банктерге резервтер ұстау қажет емес. Федералдық қорлар бойынша пайыздық норма әдетте депозиттердiң кейбiр типтерiне қарағанда бiршама төмен болады.
Қайта сатып алу келiсiле отырып құнды қағаздар сату
Өздерiнiң ресурстық базасын толықтыру үшiн еуропалық банктер қайта сатып алуға келiсе отырып құнды қағаздар сатады. Қайта сатып алу келiсiмi бiр күндiк және жедел болады.
Мұндай құнды қағаздарды әдетте айтарлықтай сомадағы ақшалай қаражаттарын өте қысқа мерзiмде тиiмдi пайдаланып қалуды көздеген корпорациялар сатып алады.
Жоғарыда мазмұндалғандар негiзiнде корпорациялар ақшаларын талап еткен кезде ала алатын салымдарға салғаннан гөрi осындай келiсiмдерден пайыздық үстеме алғанды дұрыс көредi (ол депозиттiк сертификаттарға қарағанда бiраз төмен). Банкке өз кезегiнде, белсендi операцияларды жүзеге асыруға немесе тосын төлемдер ашу үшiн және т.с.с. қажеттi үлкен сомадағы ақшаны жедел алуға мүмкiндiк туады. Оның үстiне, қайта сатып алу келiсiлген осындай келiсiмдерде әдетте мiндеттi резервтiк талаптар қойылмайды және депозиттi сақтандыру үшiн төлемақы төленбейдi.
Мемлекеттiк облигациялар немесе федералдық агенттiктер шығарған немесе кепiлдiк берген құнды қағаздар мәмiленi қамтамасыз етуге қызмет етедi. Одан басқа, депозиттiк сертификаттар, кепiлдiктер және басқа да мiндеттемелер қабылдануы мүмкiн.
Қайта сатып алу мәмiлелерi бойынша қамтамасыздандырудың әртүрлi тәсiлдерi бар:
· берiлетiн қарыздардың орнына оның iс жүзiндегi баламасы;
· құнды қағазды сатып алушының несие берушiнiң пайдасына оны сейфте сақтауы;
· егер құнды қағазды сатып алушы инвестициялық шот ашқан банк сататын болса, онда қағаздар осы есепке қабылданады.
Евродолларлық қарыздар.
Евродолларлар рыногы дегенiмiз АҚШ долларымен салынған, бiрақ АҚШ-тан тыс банктер немесе басқа иелерi бар салымдар рыногы.
Мысалы, итальяндық банктiң өзiнiң американдық салымдар банкiнде долларлық шот салымдары болуы және оны халықаралық немесе iшкi ақша рыногында сатуы мүмкiн.
Евродолларлық қарыздар евродолларлық банк саласына жатады. шетелдер орналасқан евродолларлық банктер өзiнiң клиенттерiне долларлық депозиттер ашуға ұсыныс жасай алады. Евродолларлық банк саласының орталығы Лондонда орналасқан, алайда рынок жалпы дүниежүзiлiк болып табылады.
Коммерциялық және орталық банктер евродолларлық банкте долларлық депозиттерi бар басым клиенттер.
Сонымен бiрге жоғарыда аталған банктер, iрi корпорациялар,
үкiметтер, басқа да қаржылық-несиелiк мекемелер евродолларлық банктерде долларлық депозиттерi бар қорлардың негiзгi заемшылары болып табылады.
Өтеу мерзiмi көрсетiлген, бiреуге берiлмейтiн жедел салым басты сауда объектiсi болып табылады. Делдал банктер өздерiнiң евродолларлық салымдар қабылдау немесе ұсыну ставкаларын жариялайды.
2004 жылы алғаш рет евродолларлық депозиттiк сертификаттар шығарылды. Мерзiмi бiр жыл (немесе одан төмен), ең төменгi номиналды
2 млн. доллар. Оларды негiзiнен американдық банктiң, сондай-ақ ағылшын-дық, канадалық, жапониялық, батыс алманиялық шетелдiк бөлiмелерi шығарады. Евродолларлық депозиттiк сертификаттардың пайыздық ставкалары АҚШ-тың iшкi рыногындағы сертификаттарға қарағанда жоғары.
Банктiк акцепттердi есепке алу.
Банктiк акцепт дегенiмiз оны акцепттеуге келiскен, банкке экспорттаушы немесе импорттаушы қойған және сыртқы сауда мәмiлелерiн қаржыландыруға арналған жедел тратта (аударылатын вексель).
Мысалы, кофенi өңдеушi американдық фирма акцепттiк несиенi пайдалана отырып Колумбиядан кофе партиясын сатып алғысы келедi. Осы фирма АҚШ-тағы банкке экспортердiң пайдасына қайтарып алынбайтын, жөнелту шарттары келiсiлген тауарлық акредитов ашуға өтiнiш бiлдiредi және колумбиялық саудагердiң американ банкiне жедел тратталар шығару құқығы расталады. Банк, өз кезегiнде, тратталарда акцепттеуге мiндеттеме алады, келiсiлген яғни мерзiмнiң аяқталуына қарай оған төлемақы жасауға кепiлдiк бередi. Банк осы операция үшiн импорттаушыдан мәмiленiң белгілі сомасы көлемiнде комиссиялық төлемақы алады. Кофе партиясы жөнелтiлгеннен кейiн экспорттаушы траттаны шығарады және жөнелту құжаттарымен бiрге оны колумбиялық банкке тапсырады. Соңғысы траттамен бiрге американдық банкке тапсыру үшiн құжаттар пакетiн жiбередi. Ол траттаны акцепттейдi (оған мөртабан соғады) және осы арқылы сол траттаны төлеуге мiндетеме алады. Осылайша банктiк акцепт пайда болады.
Коммерциялық қағаздар шығару
Коммерциялық қағаздар дегенiмiз – несиелiк мүмкiндiгi жоғары iрi компаниялар шығаратын, қамтамасыздандырылмаған қысқа мерзiмдiк мiндеттемелер. Оны шығарудың мақсаты – айналым капиталының маусымдық қажеттiлiгiн қаржыландыру үшiн қысқа мерзiмдiк қаражат алу. Номиалы - 1 мың доллар, мерзiмi - 20-дан 365 күнге дейiн. Бұл мiндеттемелердiң қайталама рыногы жоқ деуге болады.
Банктер банктiк холдингтер арқылы коммерциялық қағаздар шығарады, олар қағазды рынокта сатып, банктен несиелер немесе құнды қағаздар сатып алады.
Делдалдық деозиттер
2007 жылғы мұнай бағасына әлемдiк бағалардың өсуi және 2008 жылғы қазан айындағы қор рыноктарындағы дүниежүзiлiк дағдарыс нәтижесiнде бүкiл дүние жүзiндегi көптеген банктердi дүрлiктiрген жағдай олардың кейбiреулерiн белсендi түрде кез келген жасырын депозиттер iздестiруге мәжбүрледi. Құнды қағаздармен жұмыс iстейтiн делдалдар өздерiнiң делдалдық депозиттерiн ашу идеясын ұсынды. Мысалы, 2007 жылы «Фиделити инвестиентс» жинақтаушы шоттар (Savers account) ұсынды, оларда инвесторлар тек АҚШ қазынашылығының құнды қағаздары түрiндегi банктiк депозиттiк шоттар және көрсетушiлер пайдалана ала алатын облигациялар ғана ұстай алды.
Жаңа жинақтаушы жоспарда ақылы қызметтер көзделдi, бұл кiрiстерi мол депозиттiк шоттар рыногын кеңейтуге және делдалдық депозиттер қабылдайтын банктерден ақша алуға мүмкiндiк берер едi.
2007 жылы делдалдық депозиттер жиынтығы 8 млрд. долларды құрады. Делдалдардың өз клиенттерiнiң қаражаттарын бiрiктiрiп, одан кейiн оларды жоғарырақ пайыздық ставкалар ұсынушы банктердiң депозиттерiне салу жаңалық емес. Мұндай тәжiрибе бұрын да болған.
Қазiргi тәжiрибенiң негiзгi айырмашылығы қаржылық жағдайы қиындаған банктер пайыздық ставкалары жоғары делдалдық депозиттердi көптеп тарта бастады, бұл кiрiстердiң азаюына және банктi банкроттануға жақындата түстi.
Федералдық резервтiк жүйе басқармалары кеңесiнiң зерттеулерiне сәйкес әүңң жылдың аяғына таман сақтандырылған депозиттерi бар АҚШ банктерiндегi делдалдық депозиттер қғ млрд. долларды немесе барлық отандық банк салымдарының сомасының ұ,қ пайызға жуығын құрады.
Делдалдық депозиттер депозиттер бәсекелестiгiнiң өсуiне әкелiп соғып, банктер үшiн, әсiресе филиалдар жүйесi айтарлықтай тармақтана қоймаған мекемелер үшiн тағы бiр өтiмдi қаражат көзiн ашты.
Алайда, делдалдық депозиттер мемлекеттiк сақтандыру жүйесi үшiн проблема болуы мүмкiн. Делдалдық фирмалардың сақтандырылған депозиттерi егер оларды пайдаланушы банктер банкрот болған жағдайда ғана федералдық сақтандыру жүйесiн құлдыратып жiберуi мүмкiн. Оның үстiне, делдалдық депозиттер бойынша жоғары пайыздық ставкалар төлеуге ниет бiлдiрген банктер үлкен тәуекелге бел буылып берiлген несиелер мен инвестициялар есебiнен өсiп кеткен шығындардың орнын жабуға әрекет етедi. Бұл ретте қор жинаудың мұндай стратегиясын қолданушы банктердiң кейбiреуi банкротқа ұшырауы мүмкiн. Бүгiнгi күнi Федералдық резервтiк жүйенiң органдары делдалдық депозиттердiң пайдаланылуын қаржылық есеп беру арқылы бақылап отыр, олар қамтамасыз етiлместен шамадан тыс пайдаланылған Конгресс банк қызметiне қатысты депозиттердi сақтандырудың Федералдық Корпорациясының қызметiн жақсарту туралы заң қабылдады, ол айналым қаражаты жеткiлiксiз банктерге делдалдық депозиттердi қабылдауға немесе мерзiмiн ұзартуға тыйым салды.
Капиталының көлемi орташа банктер алдымен FDIC мақұлдамайынша делдалдық депозиттер қабылдай алмайды және мерзiмiн ұзарта алмайды. Тек капиталының көлемi үлкен банктер ғана реттеушi органның келiсiмiнсiз делдалдық депозиттер қабылдай және мерзiмiн ұзарта алады. Оның үстiне, капиталының көлемi жеткiлiксiз және орташа банктер рынокта сақтандырылған депозиттер ставкаларынан әлдеқайда жоғары пайыздық ставкалар ұсына алмайды.