ДӘрілік заттарҒа Қажеттілікті аныҚтау принциптері

МАҚСАТЫ: Студент тиіс

білуге:

· дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтаудың қажеттігін;

· дәрілік заттарға қажеттілікті қалыптастыратын факторларды;

· қатаң нормаланатын дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау әдістерін;

· әсер спектрі кең дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау әдістерін;

орындай білуге:

· дәрілік заттардың тұтынылу түрлерін дифференциялауды;

· нақты дәрілік заттар үшін қажеттілікті анықтау әдістерін таңдауды;

· тұрғындар және емдеу алдын алу ұйымдары үшін есірткі дәрілік заттарға және этил спиртіне қажеттілікті анықтауды;

· әсер спектрі кең және басқа да дәрілік заттарға қажеттілікті анықтауды.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Жұптасып жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Туберкулезге қарсы препараттар «Изониазид» және «Фтивазидке» 200 ж. шартты «М» территориясына жылдық қажеттілікті анықтаңдар.

Алғаш анықталған науқастар және ұзақ уақыт байқауда болған науқастар санындағы өзгерістерді, сонымен бірге химиотерапияны жүргізуге мұқтаж адамдар санының өсу динамикасын да ескеріңдер (кесте 1). Есептеудің негізіне жыл бойынша бір науқастың туберкулезге қарсы препараттарды орташа қолдану нормасы алынады (кесте 2).

Кесте 1

Алғаш анықталған және ұзақ уақыт байқауда болған

науқастар санындағы өзгеріс динамикасы

  №№ р/м   Науқастардың клиникалық топтары   Есеп беру кезеңі
200__ ж. 200__ ж. 200__ ж. 200__ ж. 200__ ж.
1. Деструкциясыз алғаш анықталған науқастар.
2. Деструктивті формамен алғаш анықталған науқастар.
3. Деструкциясыз ұзақ уақыт байқауда болған науқастар.
4. Деструктивті формамен ұзақ уақыт байқауда болған науқастар.
5. Химиотерапияны жүргізуге мұқтаж адамдар.

Кесте 2

Жыл бойынша бір науқастың (сәйкес заттың бірлігінде) туберкулезге қарсы препаратты

тұтыну нормасы (шығын Ш)

  №№ р/н   Препараттар   Химиотерапияға мұқтаж адамдар Алғаш анықталған науқастар Ұзақ уақыт байқауда болған науқастар контингенті
деструкция-сыз деструктивті формасы деструкция-сыз деструктивті формасы
1. Изониазид
2. Фтивазид

2 тапсырма. «Компания Фармация» АҚ-ның диабетке қарсы препарат «Хлорпропамидке» жылдық қажеттілігін анықтау. Жоспарлы жылы қызмет көрсететін тұрғындардың саны – 1,5 млн. адам, 1000 тұрғынға келетін науқастардың орташа саны – 10. Хлорпромидке орташа тәуліктік қажеттілік – 0,39 г.

3 тапсырма. Дәріхана 1 млн тұрғынға қызмет көрсетеді. Промедолға қажеттілікті келесі формула бойынша анақтаңдар:

П = Н•Ч   ,
1000

мұндағы П –бір жылға осы препаратқа қажеттіліктің максимальды жетімді мөлшері; Н – бір жылға 1000 тұрғынға осы препараттың тұтынылу нормативі; Ч – тұрғындар саны.

Норманы ҚР ДСМ 24.04.00 № 234 бұйрығынан алу керек.

4 тапсырма. Дәріханаға көп профильді аурухана бекітілген, онда сәйкес төсек сандарымен келесідей бөлімдер бар: терапевтикалық – 100 төсек; пульманологиялық – 70; эндокринологиялық – 20; гематологиялық – 30; хирургиялық – 50; травматологиялық – 40.

Аурухана үшін промедолдың барлық препараттарына қажеттілікті анықтау, яғни: 1% – 1,0 амп.; 2% – 1,0 амп.; ұнтақ; промедол – 0,025 № 10 (бума.).

Қажеттілікті анықтау кезінде ҚР ДСМ 24.04.00 № 234 бұйрығын жетекшілікке алу керек (1 қосымшаны қара).

5 тапсырма. Промедолдың барлық қалыптарын таза препаратқа есептеу керек және промедолдың жалпы мөлшерін анықтау керек (1 және 2 тапсырманы орындау кезінде алынған мәліметтерді қолдану керек).

6 тапсырма. Тауарлық баланс формуласы бойынша промедолдың келесі жылдың басына қалатын қалдығын есептеңдер:

Қб + Т = Ш + Б + Қс ,

мұндағы Қб – препараттың жоспарлы жылдың басына қалған қалдығы; Т – бір жылдағы препараттың түскен мөлшері; Ш – бір жылдағы препараттың шығыны; Б – препараттың тізімнен шығуы (табиғи шығын, тізімнен шығару және т.б.); Қс – препараттың жоспарлы жылдың соңына қалған қалдығы.

Жоспарлы жылдың басындағы промедолдың қалдығы Қб = 40 г.

Бір жылдағы препараттың түскен мөлшері Т - 1, 2 немесе 3 тапсырманың мәліметтері.

Бір жылдағы препараттың шығыны Ш = 320.

Препараттың тізімнен шығуы Б = 2,2.

Қс = ?

7 тапсырма. ҚР ДСМ 18.04.00 № 224 «Емдеу алдын алу ұйымдары, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары үшін этил спиртін жұмсаудың есептік нормативтерін» қолдана отырып, дәріхана және медициналық ұйымдар үшін этил спиртінің жылдық қажеттілігін есептеңдер.

Келесі мәліметтерді ескеріңдер:

а) есеп беру жылында (базистік) дәріханада дәрілік қалыптарды дайындау үшін 100 кг этил спирті жұмсалды, жоспарлы жылы жұмыс көлемін 15% көтеру қарастырылып отыр;

б) бөлімдегі бір жылдағы науқастардың саны: терапевтикалық – 6 000; кардиологиялық – 5 500 пульманологиялық – 4 500; нефрологиялық – 1 800; гематологиялық – 2 300; хирургиялық – 2 550; травматологиялық – 3 000; урологиялық – 5 000;

в) амбулаторлық-емханалық ұйымдарда келушілердің саны келесідей болады деп күтілуде: терапевтикалық – 800 000; травматологиялық – 100 000; урологиялық – 70 000; хирургиялық – 85 000; оториноларингологиялық – 60 000.

Әсер спектрі кең дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу сұранысты толық қанағаттандыруын ескере отырып нақты жұмсалғаны (шығыны) туралы мәліметтерге негізделеді. Бұл топтың препараттарына қажеттілікті анықтау бойынша барлық жұмыс екі этапқа бөлінеді:

1. Қажетті мәліметтерді жинау және оларды талдау.

2. Жеке дәрілік заттарға қажеттілік мөлшерін анықтау үшін есептеулерді жүргізу.

8 тапсырма. 200__ жылға дәріхананың сульфадиметоксин 0,5 № 10 препаратына қажеттілігін анықтаңдар. Ол үшін мынаны ескеріңдер: 200__ год препараттың нақты жұмсалуы – 69 000 бума; 200__ жылы – 70 000 бума; базистік жылы күтіліп отырған шығын (200__) – 71 000 бума.

1. Орташа өсу қарқынын анықтаңдар.

2. Базистік жылғы шығынды (200__) горташа жылдық өсу қарқынына көбейтіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

1 қосымша. Өзіндің тапсырманы орындау схемасы

  Не істеу керек?   Қалай істеу керек   Нені қолдану керек?
1. Проме-долдың қажетті-лігін есептеу 1) Қажеттілігі формула бойынша анықталады:
Қ = Н•Ч   ,
1000

мұндағы Қ – препаратқа бір жылдық қажеттілік; Н – 1000 адамға бір жылға тұтыну нормативі; Ч – тұрғындар саны.

2) Аурухананың промедолға қажеттілігі мына формула бойынша анықталады: Қ = Н·Ч, мұндағы Қ – осы препаратқа қажеттілік; Н – тұтыну нормативтері; Ч – төсек саны.

Прокопишин В.И. Организация лекарственного обеспечения населения, с. 261   ҚР ДСМ24.04.00 № 234 бұйрығы
2. Этил спиртіне жылдық қажетті-лікті есептеу ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген этил спиртін тұтыну нормативтерін ескере отырып, бір жылға шекті қажеттілігін анықтаңдар: а) дәріхана ұйымдарында – дәрілік қалыптарды дайындау үшін, жұмыс көлеміндегі өзгерістерді ескере отырып ағымдағы жылғы нақты жұмсалуы бойынша б) медициналық ұйымдарда: Қ = Н·Б, мұндағы Қ – этил спиртіне бір жылға қажеттілік; Н – граммен берілген шығын нормасы; Б – науқатсар саны. Алынған нәтижелер қосылады, жалпы жылдық қажеттілік анықталады: Пn = П1 + П2 + П3 + ... + П4 ҚР ДСМ18.04.00 № 224 бұйрығы

«Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтау» дегеніміз оларға деген қажеттілікті болжау және жоспарлау.

Жоспардың үш түрін бөледі: а) ағымдағы – бір айға, тоқсанға, жыдлға жоспар; б) перс-пективалы – үш- және бесжылдық; в) ұзақ мерзімдік – 10-20 және одан да көп жылдарға болжам. Соған байланысты дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтау әдістері де әртүрлі. Күнделікті тұтынуы күнделікті әсер ететін факторларға байланысты болады. Негізінен бұлар, ауыру, емдеу алдын алу және дәріхана ұйымдарының қызметі сияқты факторлар.

Дәрілік заттардың барлық номенклатурасы олардың фармакотерапевтикалық әсері бойынша жүйеленген және топталған. Бұл дәріхана желісінде номенклатурасы бойынша дәрі-дәрмектердің қозғалысын механизациялық есепке алуға мүмкіндік берді. Тұтынылу ерекшеліктерін анықтау үшін барлық дәрі-дәрмектер 2 топқа бөлінеді:

· ұзақ уақыт қолданылатын дәрілік заттар;

· қысқа мерзімдік қолданылатын дәрілік заттар.

1-топтың дәрілік заттарына созылмалы аурумен (диабет, гипертония) ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатады. 2-топқа инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатады.

Барлық дәрілік препараттарды үш топқа бөлуге болады:

а) арнайы әсері бар препараттар;

б) қолданылуы қатаң нормаланатын препараттар;

в) әсер спектрі кең препараттар.

Арнайы әсер ететін препараттардың тұтынылуы негізінен ауруға және бір ауруды емдеу үшін жылына тағайындалатын дәрілік заттаадың мөлшеріне байланысты болады. Есептеу әр препарат үшін формула бойынша жеке жүргізіледі:

Қ = Ш ·К·Б ,

мұндағы Қ – арнайы әсер ететін препаратқа бір жылға қажеттілік; Ш – бір науқас үшін бір емдеу курсына жұмсалатын препарат мөлшері; К – бір жылдағы емдеу курсының саны; Б – жоспарлы жылы осы аурумен ауыратын науқастардың болжамдық саны.

Диабетке қарсы препаратқа қажеттілікті есептеу:

Қ = дӘрілік заттарҒа Қажеттілікті аныҚтау принциптері - student2.ru а•в•с•365   ,
1000

мұндағы Қ – препаратқа бір жылға қажеттілік; а – қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны; в – препаратқа орташа тәуліктік қажеттілік; с – зерттелетін жылдағы ауыру дәрежесі (1000 тұрғынға шаққандағы науқастардың саны); 365 – бір жылдағы күндер саны.

Қант диабетін емдеу үшін қолданылатын препараттарға қажеттілікті есептеуді, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына алынған мәлімет бойынша есепте және емдеу алдын алу ұйымдарында диспансерлік бақылауда тұрған, диабеттің әртүрлі формаларымен ауыратын науқастардың санына байланысты жүргізеді. Құрамында инсулині бар препараттарға қажеттілікті бір науқасқа инсулиннің орташа күндік қажеттілігі есебінен анықтайды – 0,2 флакон.

Қандай да бір нақты әдістемені таңдауды негіздеу келесі факторларға байланысты болады:

· жоспарланатын кезеңнің ұзақтығына;

· ДЗ тобының спецификасына;

· тұтынуды қалыптастыратын факторлар туралы сандық өлшенетін бастапқы ақпарттың болуы;

· ДЗ тұтынылу шамасы туралы шынайы ретроспективалы ақпараттың болуы;

· фармацевтикалық қызметті басқару деңгейі;

· ЭЕМ көмегміен есептеулерді автоматтандыру құралдарының болуы;

· ДЗ қажеттілікті және басқа да факторларды жоспарлаумен айналысатын мамандардың біліктілігі.

Ағымдағы, жылдық, қысқамерзімдік жоспарларды жасау үшін нормативті және индексті әдістерді қолданған дұрыс, перспективалы жоспарлау және ұзақ мерзімдік болжамдар үшін модельдеу әдісін ұжымдық сараптамалық бағалаумен бірге қолданады.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Косова И.В. Организация и экономика фармации. – Москва, 2004.

4. Устройство, оборудование и эксплуатация аптечных организаций. Санитарные правила и нормы от 25.03.02 года № 3.01.078.2002.

5. Приказ МЗ РК от 07.04.05 № 173 «Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан».

6. Приказ МЗ РК от 10.05.99 № 238 «Об утверждении Инструкции по хранению различных групп лекарственных средств и изделий медицинского назначения в аптечных организациях, на фармацевтических предприятиях и в лечебно-профилактических учреждениях».

7. Приказ МЗ РК от 18.04.00 № 224 «О нормативах расхода и порядке учета спирта этилового».

8. Приказ МЗ РК от 24.04.00 № 234 «Об утверждении расчетных нормативов потребности наркотических лекарственных средств для амбулаторных и стационарных больных».

Қосымша:

1. Закон РК от 07.07.06 № 170-III «Об охране здоровья граждан Республики Казахстан».

2. Закон РК от 13.01.04 № 522-II «О лекарственных средствах».

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау байланысты:

а) олардың нақты тұтынылуымен;

б) оларға сұраныстың өзгерісіндегі заңдылықтарды анықтаумен;

в) тапшы препараттардың заттық-сандық есебімен;

г) улы заттардың заттық-сандық есебімен;

д) жарамдылық мерзімі өткен препараттарға актіні құрастырумен.

2. Сұранысты зерттеу кезінде анықтайды (бөледі):

а) орташа сұранысты;

б) дифференцияланған сұранысты;

в) орындалған (қанағаттандырылған) сұранысты;

г) қанағаттанбаған сұранысты;

д) қалыптасатын сұранысты.

3. Дәрілік заттарға жылдық қажеттілікті жоспарлау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) нормативті;

б) индексті;

в) белсенді;

г) пассивті;

д) балансты.

4. Әсер спектрі кең препараттарға қажеттілікті анықтау келесі әдістердің көмегімен жүргізіледі:

а) индексті;

б) трендті және факторлы модельдеу;

в) әлеуметтік (социологиялық) тексеру (байқау);

г) нормативті;

д) дифференцияланған.

5. Қатаң нормаланатын дәрілік заттар тобына кіреді:

а) антибиотиктер;

б) гликозидтер;

в) есірткі дәрілік заттар;

г) этил спирті;

д) сульфаниламидті препараттар.

Вариант 2

1. Дәрілік заттардың тұтынылуына және сұранысын қалыптастыруға әсерін тигізетін факторлар:

а) транспорттық құралдардың көбеюі;

б) тұрғындар санының өсуі;

в) тұрғындардың материалдық жағдайының жоғарылауы;

г) сырттан әкелінетін дәрілік заттарға салық мөлшерінің өсуі;

д) табыс салығының өсуі.

2. Орындалған (реализацияланған) сұраныс:

а) дәрілік заттардың нақты сатылуы;

б) олардың дәріхана желісінде тұрақты болуы;

в) олардың дәріхана желісінде жеткілікті мөлшерде болуы;

г) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттардың болуы;

д) ескірген дәрілік заттардың болуы.

3. Дәрілік заттарға күнделікті (ағымдағы) қажеттілікті анықтау үшін қандай әдістер қолданылады:

а) синтетикалық;

б) натуралды;

в) нормативті;

г) индексті;

д) хронологиялық.

4. Стационардағы науқатсар үшін есірткі дәрілік заттардың қажеттілігін есептеу нормативтері белгіленген:

а) жылына тұрғындардың 10 адамына;

б) жылына тұрғындардың 100 адамына;

в) жылына тұрғындардың 1 000 адамына;

г) жылына тұрғындардың 500 адамына;

д) жылына тұрғындардың 700 адамына.

5. Әсер спектрі кең препараттарға жатады:

а) антибиотиктер;

б) сульфаниламидті препараттар;

в) есірткі дәрілік заттар;

г) этил спирті;

д) нитрофуран туындылары.

Вариант 3

1. Дәрілік заттарға қажеттілік пен сұранысты қалыптастыратын факторлар:

а) дүкендер желісін кеңейту;

б) сауда орталықтарының желісін кеңейту;

в) емдеу алдын алу ұйымдарының желісін кеңейту;

г) дәріхана ұйымдарының санын көбейту;

д) ветеринарлық дәріханалардың санын көбейту.

2. Қанағаттанбаған сұраныс – бұл дәріхана желісіне .......... түсетін дәрілік заттарға сұраныс:

а) артық мөлшерде;

б) жеткілікті мөлшерде;

в) жеткіліксіз мөлшерде;

г) бірқалыпты;

д) тұрақты.

3. Дәрілік заттарға қажеттілікті перспективалы болжау (жоспарлау) үшін келесі әдістер қолданылады:

а) жүйелі;

б) хронологиялық;

в) модельдеу;

г) ұжымдық сараптау бағалары;

д) оперативті-техникалық.

4. Дәріхана ұйымдарында дәрілік қалыптарды дайныдауға және талдауды жүргізуге жұмсалатын этил спиртінің есептеу нормативтері белгіленген:

а) 10 келушіге;

б) 5 талдауға;

в) 15 науқасқа;

г) жылына 50 төсекке;

д) жылына 1 төсекке.

5. Дәріні тағайындауға әсер ететін факторлар:

а) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар;

б) тұрмыс жағдайы;

в) еңбек жағдайы;

г) дәрілік заттар туралы ақпаратты жеткізу;

д) ақпараттық жұмыстың сапасы.

Вариант 4

1. Дәрілік заттарға қажеттілікті және сұранысты қалыптастыратын факторлар:

а) медициналық қызметкерлердің санының өсуі;

б) сауда қызметкерлерінің санының өсуі;

в) фармацевтикалық кадрлардың санының өсуі;

г) дәріханадағы көмекші персоналдардың санының өсуі;

д) дүкен қызметкерлерінің санының өсуі.

2. Қалыптасатын сұраныс – бұл:

а) тиімділігі аз дәрілік заттарға сұраныс;

б) ескірген препараттарға сұраныс;

в) жарамдылығы өтікен препараттарға сұраныс;

г) жаңа дәрілік заттарға сұраныс;

д) таныс емес дәрілік заттарға сұраныс.

3. Дәрілік заттарға қажеттілікті ұзақ мерзімге жоспарлау үшін қандай әдістер қолданылады:

а) модельдеу;

б) ұжымдық сараптау бағалары;

в) акцептік;

г) еңбекті;

д) шаруашылық есептік.

4. Нормаланатын дәрілік заттардың нормативтері қажеттілікке әсерін тигізетін келесі факторларды ескере отырып есептелген:

а) ауыру;

б) төсек қорының құрылымы және специализациясы;

в) стационарлық көмектің жеткілікті (жетімділігі) болуы;

г) амбулаторлық-емханалық көмек;

д) дәрілік заттар туралы ақпарат.

5.Дәрілерді тағайындау келесі көрсеткіштермен негізделген:

а) фармакотерапия нәтижесінде асқыну;

б) фармакотерапия нәтижесінде сауығу;

в) салауатты өмір салты;

г) жалақы деңгейі;

д) инфляциялық процесстер.

Вариант 5

1. Дәрілік заттардың тұтынылуын және сұранысын қалыптастыратын негізгі факторлар:

а) медициналық ғылымның дамуы;

б) ерте диагностиканың жаңа әдістерін енгізу;

в) тиімділігі аз препараттарды қолдану;

г) фармацевтикалық ғылымның дамуы;

д) тиімділігі жоғары дәрілік препараттарды қолдану.

2. Қанағаттанбаған сұранысты келесі жолдармен есепке алады, анықтайды:

а) дефектура журналындағы тіркеулер;

б) рецептуралық жазбалардың көшірмесін түсіру;

в) жоқ дәрілік заттарды лабораторлық журналдарда тіркеу;

г) жоқ дәрілік заттарды қаттау журналында тіркеу;

д) жоқ дәрілік заттарды квитанциялық кітапта тіркеу.

3. Әсер спектрі кең дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау қандай әдістердің көмегімен жүргізіледі:

а) индексті;

б) трендті және факторлы модельдеу;

в) әлеуметтік байқау;

г) нормативті;

д) дифференцияланған.

4. Нормаланатын дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу неге байланысты жүргізіледі:

а) қалалардың санына;

б) елді мекендердің санына;

в) сатумен айналыссатын мекемелердің санына;

г) жылына 1000 тұрғынға тұтынылатын әр препараттың нормативіне;

д) тұрғындардың санына.

5. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету келесі көрсеткіштермен сипатталады:

а) тиімді емес препараттардың саны;

б) бұзылған дәрілік препараттардың саны;

в) ескірген препараттардың саны;

г) қанағаттанған сұраныстың шамасы;

д) қанағаттанбаған сұраныстың шамасы.

Вариант 6

1. Дәрілік заттардың тұтынылуын және сұранысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлар:

а) халықтың эмиграциясы;

б) бала туу санының азаюы;

в) халық құрылымында жастар санының тұрақты болуы;

г) тұрғындардың жалпы мәдениетінің және медициналық сауаттвылығының жоғарылауы;

д) қарт адамдар санының көбеюі.

2. Емдеу алдын алу ұйымдарындағы дәрі-дәрмектерге сұранысты келесілердің негізінде зерттейді:

а) дәріні тағайындау парақтарына сәйкес тұтынылуы;

б) бөлімдердің дәрілік зататрға берген талабы;

в) кабинеттер мен лабораториялардың препараттарға берген талабы;

г) таңуды есепке алу журналы;

д) процедураны есепке алу журналы.

3. Дәрілік заттарға қажеттілікті негіздеу әдістері маңыздылығы бойынша келесідей жіктеледі:

а) модельдеу;

б) ұжымдық сараптау бағалары;

в) әлеуметтік байқау;

г) хронологиялық әдіс;

д) синтетикалық әдіс.

4. Нормаланатын дәрілік заттардың қажеттілігін есептеуге қажетті түзетулерді енгізу келесілерге мүмкіндік береді:

а) тағайындау тәртібіне қатаң сақтауға;

б) жазу ережесін сақтауға;

в) дәріхана желісінен босату тәртібін сақтауға;

г) жергілікті ерекшеліктеріне;

д) препараттың бір жылда нақты жұмсалуына.

5. Дәрілік заттармен қамтамасыз етуге әсерін тигізетін факторлар:

а) дәрілік заттарды өндіру қуаттылығы;

б) дәрілердің болуы;

в) қалалық тұрғындар;

г) ауыл тұрғындары;

д) сауда мекемелерінің желісі.

Вариант 7

1. Дәрілік заттардың тұтынылуын және сұранысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлар:

а) медициналық, дәрілік көмекті қала тұрғындарына жақындату

б) медициналық, дәрілік көмекті ауыл тұрғындарына жақындату

в) ветеринарлық көмекті ауыл тұрғындаына жақындату

г) ветеринарлық көмектің деңгейін жоғарылату

д) коммуналдық қызметті жақсарту

2. Қанағаттанған сұранысты зерттеу және есебін жүргізу жүргізіледі:

а) препараттардың сатылуына байқау жасау арқылы

б) препараттардың сатылуына таңдамалы бақылау жасау арқылы

в) жыл бойындағы тауарлар қоры қозғалысының құрылымдық құрамының көмегімен

г) жыл бойындағы және жеке кезеңдердегі қор қозғалысының дитнамикасын бақылау арқылы

д) жоқ дәрілерді тіркеу журналын зерттеу арқылы

3. Дәрілік заттарға қажеттілікті қысқа мерзімдік жоспарлау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) модельдеу

б) ұжымдық сараптық бағалау

в) әлеуметтік бақылау

г) нормативті әдіс

д) индексті әдіс

4. Туберкулезге қарсы стационар үшін этил спиртінің шығын нормасы белгіленген:

а) 7 науқасқа

б) 1 науқасқа

в) 100 келушіге

г) 5 науқасқа

д) 200 келушіге

5. Дәрілік заттармен қамтамасыз етуге әсерін тигізетін факторлар:

а) салауатты өмір салты

б) фармакотерапия нәтижесінде сауығу

в) дәрілік заттардың импорты

г) дәрілік заттарды жасау бойынша зерттеуге жұмсалатын шығындар

д) тиімді емес дәрілік заттардың болуы

Вариант 8

1. Дәрілік заттарға қажеттілікті анықтауға маңызды әсерін тигізеді:

а) дәрілік заттардың ассортиментінің өзгеруі

б) ескірген дәрілік заттар

в) тиімділігі аз дәрілік заттар

г) тиімділігі жоғары жаңа дәрілік заттар

д) жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар

2. Дәрілік заттарға сұраныстың пайда болу деңгейіне байланысты олар келесідей бөлінеді:

а) саудалық

б) ағымдағы

в) микросұраныс

г) макросұраныс

д) орташа

3. Дәрілік заттарға жылдық қажеттілікті жоспарлау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) нормативті

б) индексті

в) белсенді

г) пассивті

д) балансты

4. Санитарлық-курорттық ұйымдар үшін этил спиртінің шығын нормасы белгіленген:

а) 10 келушіге

б) 5 аталдауға

в) 15 науқасқа

г) жылына 50 төсеке

д) жылына 1 төсекке

5. Дәрілік заттармен қамтамасыз етуге әсерін тигізетін факторлар:

а) фармацевтикалық қызметкерлердің компетенттілігі

б) тиімділігі аз препараттардың саны

в) көмекші персоналдардың компетенттілігі

г) сауда орталықтарының саны

д) дәріхана ұйымдарының саны

Вариант 9

1. Дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау байланысты:

а) олардың нақты тұтынылуымен

б) оларға сұраныстың өзгеруіндегі заңдылықтарды анықтаумен

в) тапшы препараттардың заттық-сандық есебімен

г) улы заттардың заттық-сандық есебімен

д) жарамдылық мерзімі өткен препараттарға актіні құрастырумен

2. Қалыптасатын сұраныс – бұл келесі заттарға сұраныс:

а) тиімділігі аз дәрілік заттарға

б) ескірген препараттарға

в) жарамдылық мерзімі өткен препараттарға

г) жаңа дәрілік заттарға

д) таныс емес дәрілік заттарға

3. Дәрілік заттарға күнделікті қажеттілікті жоспарлау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) синтетикалық

б) натуралды

в) нормативті

г) индексті

д) хронологиялық

4. Білім беру ұйымдары үшін этил спиртінің шығын нормасы (ЖОО, мектеп, мектеп-интернат) белгіленген:

а) 1 000 келушіге

б) 10 000 келушіге

в) 1 оқушыға

г) жылына 1 оқушыға

д) жылына 1 тәрбиеленушіге

5. Дәріні тағайындауға әсерін тигізетін факторлар:

а) дәрілік заттың массасы (салмағы)

б) дәрілік заттар туралы ақпаратты беру

в) ақпарат жұмысының сапасы

г) ақпаратты жүргізу жиілігі

д) тұрмыс жағдайы

ТАҚЫРЫП:ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМ СФЕРАСЫНДА ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЫҢҒАЙЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. ТАУАРҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КАНАЛДАРЫ.

Наши рекомендации