Салық жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері

Семестрлік жұмыс №1

Тақырып:Салық саясаты ҚР экономикасын мемлекеттік реттеу құралы ретінде

Тобы: Эук-15-12

Орындаған:Құрманбай Д.Б

Тексерген: Нұрпейіс Е.М

Студенттік билет №: 154087

Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні

Салық салу принциптері және функциялары

Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

Азақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау

Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

ОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.

Жалпы бұл жұмысының мақсаты – салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің жағдайына талдау негізінде салық жүйесіндегі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:

Бүгінгі нарықтық заманда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, олай дейтін себебіміз дамыған экономикада салық жүйесін және олардың мемлекеттік бюджет кірістерінде алатын орнын маңызы болып табылады.

Тақырып өзектілігі – бүгінгі күні салық жүйесінің төңірігінде елеулі проблемалар туып отыр. Ол негізінен салық түсіндерінің жеткіліксіз деңгеймен сипатталу қажеттілігін диплом жұмысының тақырыбын таңдауға ең негізгі себеп болып табылады.

Салық жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері

1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні

Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтар — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруына байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын

экономикалық категория.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен біріге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған.

Салық салу элементтеріне келетін болсақ олар мыналар болып табылады:

Салық жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері - student2.ru

Кесте – 1 Салық элементтері

"Салық" ұғымымен "салық жүйесі" ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі - (гректің systema – барлық бөлімнен құралған, қосылулар ) яғни, бұл салық төлеушілермен мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етуге арналған, салық жиынтығынан құралған және олардың бөліктерінен тұратын бір тұтастық немесе кешен.

Бұл жүйе құрамына мыналар кіреді.

- салық қатынастарын реттеуші ( ҚР «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» туралы заң, Салық кодексі, нұсқаулар, қаулы, хат, салықтық төлем туралы нұсқаулық ) заң шығарушылық және нормативтік база;

- салықты және міндетті төлемдерді,олардың алуан түрлілігін, салық салу принциптерін, салықтық элементтерін өндіріп алу және тұрғызу әдісі;

- салық бақылауын жүргізу формасы мен түрлері (камералдық бақылау, салық есептілігі, салық төлеушінің монитарингі, құжаттық және рейдтік салықтықұ тексерулер және т.б.)

- салықты және басқа да міндетті төлемдерді ҚР мемлекеттік табыс министерствасы, салық органы, қаржы полициясы бөлімдері арқылы өндіріп алу функциясына кіретін ұйым. Салық жүйесін жетілдіру жұмысы 1992 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Біздің салық жүйемізді халаықаралық стандарттарға жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы

Кесте – 2 Салықтардың жіктелуі

Салық жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері - student2.ru

Тікелей және жанама салықтардың бірнеше ерекшеліктері бар:

• біріншіден, тікелей салық телеушілер сияқты, жанама салықтарда занды тұлғалар салық субъектісі ретінде салық төлеуші болып табылады.Бірақ, бұл жерде салық төлеуші болып тауарды (жұмыс, қызмет) сатушылар саналады. Тауарды тұгынушы мемлекетпен салықтық қарым-қатынаста және салық төлеуші ретінде ешқандай келісімге келмейді. Тауарды тұтынушы тауарды сатушымен келісімге келеді, бірақ бұл салықтық қатынастар болмаса да, тауар-ақша қатынастары болып саналады;

• екіншіден, жанама салықтарда төлем көзі ретінде - сатушының жалпы табысы, яғни өнімді өткізуден түскен түсім қарастырылады. Салық төлеушілер салықты өзінің меншікті қаражаттарынан

(салық төлеушілердің меншігі ақша қаражаттарынан) төлейді.

Тікелей және жанама салықтардыңсалық салу объектілеріне және басқа да белгілеріне байланысты бірнеше айырмашылықтары бар. Атап айтқанда:

• бірінші, салық объектісі мен салық бұйымына байланысты.

Жанама салықтар кезінде тауарды өткізумен байланысты болады.Мәселен, қосылған құн салығында салық объектісі ретінде нақтыөткізілген тауарлар, ал салық бұйымы - өткізуден түскен түсім, немесе баламалы қосылған құн. Ал, акциз салығында салық обьектісі ретінде — нақты өткізілген акцизделетін тауарлар, ал салық бұйымы

— өткізілген акцизделетін тауарлардың құны немесе саны.Ал, тікелей салықтар кезінде салық объектісі ретінде - меншік құқықтары (шаруашылық иеліктері, ал, салық бұйымы — ақша түріндегі мүліктер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық), болмаса заттар (жер учаскесі, мүліктер, көлік құралдары);

• екінші, салықты төлеу кездерінің қалыптасуына орай.Жанама салықтар кезінде төлем көзін мемлекет тауар бағаларынаүстеме ретінде бекітеді. Сондықтан салық төлеушілер тауар

өткізгені жөнінде төлемді алған кезде, сонымен қатар түсімнің құрамында төленуге тиіс салық сомасын да алады.Ал, тікелей салықтарда салықтың төлем көзі салық төлеушінің қатысуымен жасалады. Нақты салықтар деп (ағылшын сөзі, геаl - мүлік) - мүлікке салынатын салықты атаймыз.

Нақты салықтарда мүмкіндіктер сыртқы белгшеріне қарап алынады, яғни салық салуда салық объектісі назарға алынады.

Нақты салықтарға қатыстылар:

мүлік салығы;

көлік құралдары салығы;

жер салығы.

Дербес салықтар (кейде жеке деп аталады) деп — салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады.Дербес салықтарда тек табысы ғана емес, сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі.

Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар:

корпорациялык табыс салығы;

жеке табыс салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардагы үстеме пайда салығы;

әлеуметтік салық.

Дербес салықтардың нақты салықтардан айырмашылығы салық төлеушілердің нақты төлем қабілеттігін көрсетеді, яғни салықты төлеудің көзі болып олардың алған ақша қаражаттары саналады.Сонымен қатар дербес салықтар салық төлеушілердің табыстылығын есептеуге де көмектеседі. Бірақ, мұнда салық төлеушілердің салық салынатын обьектілерінен (жер учаскесі, құрылыс, көлік құралдары) алынатын табыстарының орта есебі есепке алынады.Нақты салықтар мемлекет үшін тиімді болып саналады, яғни жеке салықтарға қарағанда төлемді өндіріп алу және бақылау оңайға соғады. Мәселен, тапқан табыстарды әр түрлі бухгалтерлік жымқырулар арқылы, немесе қолма-қол ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды есепке алмау жолымен (черная нала) жасыруға болады. Ал, енді салық салынатын тұрғын үйді еш жерге жасыра да, тығып қоя да алмайсың.

Сонымен бірге салықтарды обьектінің экономикалық белгілері бойынша былайша бөлуге болады:

тұтынуға салынатын салықтар;

табысқа салынатын салықтар.

Тұтынуға салынатын салық - мұнда белгілі бір тауарларға (қызмет көрсету) салық салынады. Көптеген мемлекеттерде тұтыну салығы деп аталады.Табысқа салынатын салық — салық төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай:

- жалпы мемлекеттік немесе республикалық салықтар;

- жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Салықтарды аймақтық деңгейіне қарай және Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне орай республикалық және жергілікті деп бөлеміз.

Бұл негізінен төрт фактор арқылы анықталады:

салықты кім бекітеді (орталық және жергілікті орган);

аталған салықтар қай органға жатқызылады және салық салудың шарттарын кім анықтайды;

салықтар бюджеттің қай түріне бекітілген (республикалық және жергілікті), яғни мемлекеттік салықтар республикалық бюджетке, жергілікті салықтар жергілікті бюджетке түседі;

Қазақстан Ресдубликасында салыктардың жалпы салығы мемлекетгік және жергілікті болып бөлінуі 1995 жылы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды. Сол кезде 5 мемлекеттік жэне 6 жергілікті салықтар болды.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

1.Занды және жеке тұлғалардан алынатын табыс;

2.Қосылған құн салығы;

3.Акциздер;

4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын

салық;

5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен

төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдар:

1.Жер салығы.

2.Занды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.

3.Көлік құралдарына салынатын салық.

4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және

заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.

5.Жекелеген кызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.

6.Аукциондардан алынатын алым.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетке түсетін салықтар, салықтық емес түсімдер және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталайық.Республикалық бюджетке түсетін салықтар, салықтық емес түсімдер және басқа да міндетті төлемдердің түрлері.Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс-әрекеттің, бәсекеңін, өзін-өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.

Мемлекеттің тікелей араласуы - ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізіненмекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.-Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері : протекционизм және фритредерство.

Қаржы дегеніміз коғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Бұл жерде ажыратып айтатын түсінік, ол, қаржы мен ақшаның айырмашылығы: қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша - жеке тұтынушыларға да қызмет етеді.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)

2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.

3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы ретінде қолданғанда атқарады. Сондықтан қаражат саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.

4) Бақылау - ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс иен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік коғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Орытынды

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуына талдау жасау арқылы мынадай қорытындыға келуге болады.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржыллық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетте өзінің ішкі жіне сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретін пайдаланады.

Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін алып, егемендігін жариялаған экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салық жүйесін қалыптастыру аса маңызды мәселе болып отыр. Жалпы мемлеекттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды.

Қазақстанның салық жүйесінің негізін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы құрайды. Осы салық түрлерін және салық ставкаларын төмендетуіне байланысты Жаңа Салық Кодексі экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға, еліміз үшін тиімді салаларды дамытуға, халықтың түрлі топтарының арасындағы табыс айырмашылығын азайтуға, қазба байлықтарын игеретін компонияларға жер мен ел мүддесіне бетбұрыс жасатуға бағытталуы керек. Ең бастысы , Салық кодексі әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруы тиіс.

Сондай-ақ алдыңғы қатардағы шет елдік тәжірибеге сүйеніп, занды және жеке тұлғалардың мүлігіне салық салудың қолданыстағы жүйесінде жетілдіру мәселесі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі салық салу тұтқасын жетілдіру бойынша мәселесі, трансфертті баға түзу мәселесі мен ел басының және Қазақстан халқының басты назарында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемелары жөнінде толық қарастырылған.

Қорыта келгенде жалпы жоғарыда айтылғандардың барлығы, яғни салықтармен салық жүйесінің дамуы, еліміздің бюджет жүйесінің тұрақтылығына және орнықтылығына оңды әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 8 б.;

2. Ермекбаева.Б.Ж., Салықтар және салық салу: Оқулық. – Алматы: «Қазақ университеті», 2003. – 5 б,;

3. Алиева.Б.Х., Налоги и налогооблажение: Оқулық. – Москва: «Финансы и статистика», 2006. – 115 б,;

4. Сейдахметова.Ф.С. Налоги в Казахстане. – Алматы 2002. – 4 б,;

5. Юткина.Т.Ф. Налоги и налогооблажение: Оқулық. – Москва: инфра – м , 1999. – 41 б,;

6. Нурумов.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран: Учебное пособие. – Алматы: Сөздік – словарь, 2005. – 5 стр,;

7. Найманбаев.С.М. Салықтық құқық: Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 10 б,;

8. Ермекбаева.Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар: Оқулық. – Алматы «Экономика», 2000. – 15 б,;

Наши рекомендации