Монополияға қарсы саясат

Монополияға қарсы заңдар мен саясат

Монополияға қарсы – зандар және экономиканы реттеу.

АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.

Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.

Робинсон – Пэтмэн заңы (1936 ж) – баға алалаушылығы «баға қайшысы» тағы басқа сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.

1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер – Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.

Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық принципін» ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан «Парасаттылық принципі» бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.

Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің. Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана «жазалау» емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін – 33%, үшеуі үшін – 50%, бесеуі үшін – 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар «Үлкен бизнестің» ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктың экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.

Монополияға қарсы саясат

Ірі монополдық бірлестіктердің рынокты түгелдей өздеріне бағындыру іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы аңдарды қабылдап, оның рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.

Америка Құрама Штатында экономиканы монополяландыруға қарсы бірінші заң – «Акт Шермана» , 1890 жылы қабылданған. Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың арасындағы саудаға кедергі келтірсе, оны заңсыз деп санады. «Акт Клейтона» (1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде осындай монополияға қарсы заңдар қолданған. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:

а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.

б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.

в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.

г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.

д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, монополияға қарсы саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың тауарлардың түріне, көлеміне бақылау, шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық саясаты жүргізеді.

Жалпы мемлекеттік реттеудің екі формасы болады: экономикалық және әлеуметтік.

Экономикалық реттеудің сферасында қамтылады бағаға, тауардың түрлеріне, типтеріне, фирмалардың салаларға кіру және шығу жағдайларына бақылау жүргізу.

Әлеуметтік реттеу қамтиды – суды және ауаны тазарту бағдарламасы, ядролық энергетиканың, дәрілердің, көліктің, ойыншықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары: жеке кәсіпкерлік, серіктестіктер, корпорациялар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Меншіктің формаларына қарай кәсіпкерліктің келесі ұйымдық–құқықтық формаларын көрсетуге болады. Олар мыналар : жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар, серіктестік, акционерлік қоғам (корпорация).

Жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирма деп бір адамның иелігіндегі бизнесті айтамыз, яғни фирманың мүлкі бір адамның меншігінде болады. Сондай-ақ, жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар жеке–дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпалығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретін жекеленген адам немесе жеке жанұя. Егер фирма нашар жұмыс істесе немесе күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес өз міндеттерін өзінің барлық жеке мүлкімен жауап берді. Яғни, бұндай фирмаларда шексіз, толық мүліктік жауапкершілік болады.

Кәсіпкерліктің тағы бір түрі серіктестік қоғамдар – бірнеше адамдардың меншігіндегі фирмалар. Олар серіктестік мүшелерінің осы фирмаға қосқан мүліктерінің үлесі негізінде құрылады және пайызының (үлесінің) көлеміне байланысты, түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің пайызы (үлесі) бүкіл фирма капиталының 10 пайызын құраса, онда ол фирманың таза пайдаының 10 пайызын иеленуге құқылы. Серіктестіктердің міндетті шарттарының бірі олардың мүшелерінің арасында өзара келісімінің болуы.

Серіктестіктердің экономикалық қатынастарына байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөлінеді.

Толық серіктестік ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады. Фирманың пайдасы құрылтайшылардың жарғылық үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайызының көлеміне қарамастан бүкіл мүліктерімен жауап береді.

ЖШС жалпы жиналысының құзіретіне жататындар:

1) серіктестіктің жарғысын өзгерту;

2) атқарушы органдарын құру және кері шақыру;

3) жылдық есебімен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен зиянын бөлу;

4) серіктестіктің қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

5) серіктестің тексеру комиссиясын сайлау. Бұл мәселе серіктестің атқарушы органының шешуіне берілмейді.

Акционерлік қоғамдар – бұл да кәсіпкерлікпен айналысатын, заңды тұлғалардың бірі. Акционерлік қоғамдардың иесі және оны басқарушы, осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады. Акционерлік қоғамның капиталы – акцияларды шығару мен оны сату арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында бір дауыс береді. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акцияның 51 пайызы бақылау пакеті деп аталады. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын алынған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивиденттер акцияның құнына байланысты процент түрінде беріледі. Мысалы бір акцияның номиналды құны 1000 теңге дивиденд 5 пайыз мөлшерінде болса, онда акция иесі бір акцияға 50 теңге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивидендттер төленбейді. Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі компаниялардың қатарына жатады. Акционерлік қоғамның мүшелерінің жауакершілігі акционерлік қоғамға кіру үшін салынған қаражат шеңберімен шектеледі.

Акционерлік қоғамның акционері кез–келген уақытта өз акциясын басқа біреуге сатып, қоғамнан шығуына болады.

Наши рекомендации