Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жоюға және ақша айналысын тұрақтандаруға арналған шаралар қолдана бастайды.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі шаралар кешені қоғамның жұмыс істеуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдік-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына ықпал етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын жоюға ақшалай және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістерімен жетуге болады.

23.4 кесте

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

1.Орталық банктің қолма-қол - ақшалай эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының көлемін азайту.

2. Барлық кредиттік ресурстарды қымбаттату және оларға қолжетімділікті азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

3. Кредиттік мультипликаторды қысуға және коммерциялық банктердің кредиттік экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

4.Сондай мақсаттардағы Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

2004 жылдан Қазақстанда Ұлттық банк қызметінің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қабылданған.

Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін жауапкершілікті күшейту жағдайларында Ұлттық банк инфляциялық үдерістердің негізгі бағыттарын бейнелеп көрсететін «базалық инфляция» индексін негіздей отырып, инфляция бойынша бағаларды бейнелейді. Трансмиссиялық механизмнің моделі негізгі оперативтік көрсеткіштің ықпалымен базалық инфляцияның өзгерісін бағалауға мүмкіндік береді, мұндай көрсеткіш ретінде репо операциялары бойынша мөлшерлеме қабылданған. Мұндай модель инфляция бойынша міндеттемелерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді және жүргізіліп отырған ақшалай-кредиттік саясатқа сенімді арттыруға жәрдемдеседі.

Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынандай ірі проблемаларды шешу міндеті тұр:

ашық рыноктық операцияларды кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

трансмиссиялық тетіктің моделін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын моделді әзірлеу;

инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.

Инфляциялық таргеттеуге көшу Ұлттық банктің өзінің ресми мөлшерлемелерінің реттеуші рөлін күшейтуді шамалайды. Ашық рыноктық операциялармен өтемпаздықты реттеуді ұлғайту жөніндегі шаралар, сонымен бірге бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға жәрдемдесу жанданады. Ұлттық банктің бағалы қағаздар портфелі мен жаңа қаржылық құралдар өседі, мұның өзі Ұлттық банктің реттеуші мүмкіндіктерін көбейтуге және қаржы рыногының икемділігін арттыруға жәрдемдеседі.

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

Салықтық инфляцияға қарсы саясат инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қарама-қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс: біріншіден, мемлекеттік бюджетті теңестіруге жету және оның тапшылығын жою үшін бюджет кірістерінің деңгейін көтеру керек; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға қарсы салықтық саясат жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеліп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын табыс пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл үдерісті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар жұмыскерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын тежеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен – шектелімдермен (рестрикциялаумен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың үкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен: қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен; мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші тұрпатын шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырық болып келеді:

1) жалақыны көбейту;

2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмнің бұзылуына байланысты еңбек өнімділігінің төмендеуі;

3) шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Екіншіден, сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. қол жетеді, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.

Үшіншіден, инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент рыноктық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-әрекеті мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі – өндірістің өсуі есебінен таза табыс ауқымының сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

Бәсекелік механизмді жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржылық қызметтегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Төртіншіден, инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғау қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық қайта білулердің өнімі бағаларының бүкіл пирамидасының негіздемесіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені атаулы (номиналды) жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Бесіншіден, сыртқы экономикалық қызметті бейнелеп көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тепе-теңдікке жетуге қатысты болады. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Наши рекомендации