ИнновациялыҚ инфраҚҰрылым

Инновациялық үрдістің күрделі, кешенді сипаты, инновациялық қызметтің жоғарғы деңгейдегі техникалық, өндірістік, коммерциялық және басқа тәуекелділігі арнайы қолдау көрсететін инфрақұрылым қалыптастырусыз, инновациялық қызмет субъектілері үшін қолайлы орта жасаусыз инновациялық ұйымдардың табысты қызмет етуі мүмкіндігін жояды. Мұндай инфрақұрылымның элементтері болмаған кезде инновациялық жобаларды табысты жүзеге асыру кездейсоқ жою болады, осылайша ол инновациялық климатқа қолайсыз әсер етеді.

Инновациялық үрдістерге қызмет көрсету және ықпал ету функцияларын атқаратын инновациялық қызметтің көптеген ұйымдары мен субъектілері инновациялық инфрақұрылымды құрайды. Басқаша айтқанда, инновациялық инфрақұрлым – бұл инновациялық қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін ұйымдар.

Инновациялық инфрақұлым – бұл инновациялық үрдістерге қызмет көрсету және ықпал ету функцияларын атқаратын инновациялық қызметтің көптеген ұйымдары мен субъектілері

Инновациялық инфрақұрылымның түрлі элементтерінің көмегімен инновациялық қызметтің ақпараттық қамтамасыз ету, инновациялық қызметті өндірістік-технологиялық қолдау сияқты негізгі міндеттері, сонымен қатар инновациялық өнімді сертификатату мен стандарттау, табысты жасалымдарды алға жылжыту мен инновциялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету, инновациялық жобалар мен өнімдердің көрмесін жасау, кеңестік көмек көрсету, инновациялық қызмет үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау және басқа міндеттері шешіледі.

Транспорт инфрақұрылымы бойынша да инновациялық инфрақұрылым – бұл жаңа идеялардың практикада жүзеге асырылуына жетуіне және өз қолданысын табуға көмектесетін барлық ақпараттық, ұйымдастырушылық, маркетингтік, білім беру және басқа жүйелер деп айтуға болады.

Көптеген елдердің инновациялық инфрақұрылымының табысты даму тәжірибесі оның басты элементтері деп технопарктік құрылым мен ақпараттық – технологиялық жүйелерді қарауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта әлемде технопарктік құрылымның көптеген түрі бар – ғылыми парктер, технологиялық және зерттеу парктері, инновациялық, инновациялық-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, технологиялық трансферт орталықтары, бизнес инкубаорлары мен технология инкубаторлары, виртуалды инкубаторлар, технополистер және т.б.

Технопарктік құрылымның негізгі үш тобын бөліп қарауға болады: инкубаторлар, технопарктер және технополистер.

Осылардың әрқайсысының ерекше белгілері мен олардың түрлі елдерде қолданылуын қарастырайық.

Инкубаторлар

Инкубаторларға жататын инновация инфрақұрылымы элементтерінің алуан түрлілігі мен кең спектріне қарамастан оларға пайда болу және даму кезеңінде тұрған жаңа инновациялық фирмаларға түрлі қызмет көрсететін көп функционалды кешендер түрінде сипаттама беруге болады. Басқаша айтқанда, инкубаторлар жаңа инновациялық кәсіпорындарға олардың дамуының алғашқы кезеңдерінде ақпараттық, кеңестік қызмет көрсету, ғимарат пен құрылғыларды жалға беру және басқа да қызметтерді ұсыну арқылы көмек көрсетуге арналған. Инкубатор әдетте бір немесе бірнеше ғимараттарға орналасады. Клиент-фирманың инкубациялық кезеңі әдетте 2 жылдан 5 жылға дейін созылады, бұдан кейін инновациялық фирма инкубатордан кетіп, қызметін өз бетімен жалғастырады.

Жаңа инновациялық фирма инкубатордан алатын нақты қызметтер тізілімі көп жағдайда фирманың технологиялық профилімен анықталады, бірақ бұл жиынтыққа инкубаторда ғимаратты жалға алу да жатады. Осылайша, инкубаторлар істерін жаңа бастап жатқан және қаржылық қиындық көретін кәсіпкерлерге жеңілдетілген түрде қызметтер көрсететіні, өзі сияқты кәсіпкерлермен қарым-қатынас жасауға және қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беріп отыратыны маңызды.

Инкубатор, инновациялық инфрақұрылымның түрі мен элементі ретінде үнемі даму үстінде, оның логикасын түсінуге инкубаторлардың пайда болу мен таралу тарихы көмектеседі.

Инновациялық қызмет саласындағы инкубаторлардың ата тегі деп архитекторлардың, дизайнерлардың, суретшілер мен ұлттық қолөнер шеберлерінің «шығармашылық коммынасы» деп санауға болады. Бұл коммуналар әдетте өздері алып отырған ғимараттарын шығармашылық пен өзара қарым-қатынас жасауға қолайлы етіп қайта салып отырған. Отаны Ұлыбритания болып саналатын бұл коммуналардың айырмашылығы оларда ұжыммен қолданылатын белгілі бір қызметтер жиынтығы бар.

Инновациялық саладағы инкубаторлардың пайда болуы мен дамуына ықпал еткен «жаңа мүмкіндіктер аймағы». Алғашқы мұндай аймақтарды құру 1970 жылдары металлургия, көмір және басқа өндірістік саладағы ірі кәсіпорындардың жабылуымен, жұмыссыздықтың өсуімен, сонымен қатар жұмыссыз мамандарды ынталандыру қажеттілігінің нәтижесі ретінде кіші кәсіпорындарды дамытумен байланысты болған. Түрлі елдердегі көптеген корпорациялар (мысалы, «Бритиш стил», «Шелл», «Филипс»), мемлекеттік билік органдары (мысалы, Ұлыбританияның ұлттық көмір өндірісінің басқармасы), университеттер мен қоғамдық ұйымдар жаңа шағын фирмалардың пайда болуы үшін қолайлы орта жасалынатын көп кеңселі ғимараттар мен өндірістік құрылғылардың құрылысына қатысқан. Бұл аймақтардың аясында оларға түрлі көмектер мен қызметтер ұсынылған. Осылайша, 1979 жылы «Бритиш стил» корпорациясының қолдауымен Глазго қаласына жақын маңда осындай ғимарат (инкубатор) салынған, ал кейінірек жаңадан құрылып жатқан шағын өндірістер үшін ұжымдық қолданыстағы қызметер ұсынылатын тағы тоғыз ғимарат салынған.

Жаңа бизнес-бірдіктерді өндіру бойынша инкубаторлар АҚШ-та кеңінен таралған (қазіргі уақытта бұл елде Бизнес инкубаторларының ұлттық ассоциациясына біріккен 660-ға жуық инкубаторлар бар). Инкубаторлық құрылым қызметінің бағыттарының жан-жақта шашылуына қарамастан (мысалы, өнер және ауыл шаруашылық инкубаторлары құрылған), олардың түрлі мамандануы (мысалы, инновациялық кәсіпкерлік үшін инкубаторлар тек бағдарламалық қамтамасыз ету саласында немесе биотехнология саласында болады), осы елдегі барлық инкубаторлардың төрттен үш бір бөлігіне жуығы ең жақын университеттермен тығыз қарым-қатынаста, олардың қызметкерлері мен күшін шағын бизнесті қалыптастыру, халықтың әлеуметтік және экономикалық белсенділігін арттыру, инновациялық ортаны дамыту мақсатында қызмет көрсету үшін тартады.

Жаңа инновациялық компанияларды қолдау, инновациялық кәсіпкерлікке көмек көрсету үшін құырлған және қызмет ететін инкубаторларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісіне, жеке ұйым ретінде қызмет ететіндер жатады. Екіншісіне – технопарк құрамына кіретін инкубаторлар.

Соңғы кезде электронды бизнестің дамуына байланысты, өндірістік және басқарушылық тәжірибеде Интернет пен басқа жаңа ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануда виртуалды инкубаторлар немесе «қабырғасыз инкубаторлар» ретінде бөліп қарайды. [Технологияларды коммерцияландыру: ресейлік және әлемдік тәжірибе, 1997, 348 б.]. Мұндай инкубаторлар жаңа компанияны құрудың негізі ретінде қаралатын инновациялық жобаның коммерциялық потенциалын бағалауға; қажетті маркетингтік зерттеулер жүргізуге; бизнес-жсопар мен бизнестің жалпы стратегиясын жасауға; инновациялық өнімді жеткізуші немесе тұтынушы ретіндегі серіктес ұйымдарды табуға және т.с.с. көмектеседі. Әрине, «қабырғасыз инкубаторлар» клиент-фирмаларға жалға ғимарат ұсынбайды. Алайда, виртуалды түрдің құндылығы мұндай инкубаторды құру дәстірлі түрлерге қарағанда неғұрлым қарапайым инвестициялармен түйіндесуінде.

Қазіргі кезде әлемде екі мыңнан астам жеке (яғни технопарк құрылымына кірмейтін) инкубаторлар бар.инновациялық инфрақұрылымның элементі ретінде инкубаорт идеясының дамуы технопарк сияқты неғұрлым күрделі және кешенді түрде өз бейнесін табады.

Технопарктер

Технопарк ғылыми-өндірістік аумақтық кешен дегенді білдіреді, оның міндеті шағын және орта инновациялық клиент-фирмалардың дамуы үшін барынша қолайлы орта құру. Осылайша, технопарк ұғымы инновациялық қызмет саласындағы инкубатор ұғымына өте жақын. Инновциялық инфрақұрылымның бұл екі элементі де шағын инновациялық компаниялардың дамына ықпал етуге, олардың қызметіне қолайлы, қолдау жасай алатын орта құруға арналған кешен. Олардың айырмашылығы неде?

Технопарктердің клиент-фирмаларының жиыны инкубаторға қарағанда қайтадан құрылып жатқан және дамуының ерте кезеңіндегі инновациялық компаниялармен шектелмейді. Технопарк қызметтерін тек ғылыми білімдерді, ноу-хау мен ғылымды қажет ететін технологияларды коммерциялық меңгерудің түрлі кезеңдеріндегі шағын және орта инновациялық кәсіпорындар пайдаланады. Басқаша айтқанда, технопарктерге инновациялық қызметтер саласындағы инкубаторларда болып тұратын тұрақты жаңарудың, клиенттерді алмастырудың қатаң саясаты тән емес.

Бұл жерде атап өтетін нәрсе, егер технопарктер тек инновациялық қызметтерді қолдауға арналған болса, онда инкубаторлар технологиялық емес, яғни дәстүрлі салалар мен қызмет түрлері үшін де құрылады (мысалы, өнер, ауыл шаруашылық қызметі).

Оған қоса, инкубаторлар кешені әдетте бір немесе бірнеше ғмратта орналасады. Ал технопарктерде клиент фирмаларға кеңселер немесе басқа өндірістік ғимараттарды салу үшін жалға берілетін жерлер бар. .

Яғни, технопарктер инкубаторлармен салыстырғанда шағын және орта инновциялық кәсіпорындардың құрылу базасын материалдық-техникалық, әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және қаржылық дамыту арқылы инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша неғұрлым көп қызметтер жиынтығын ұсынуға мүмкіндік беретін түрлі инновациялық орта құруды білдіреді.

Технопарктің негізгі құрылымдық бірлігі орталық болып табылады. Әдетте, технопарк құрылымында инновациялық-технологиялық, оқыту, кеңестік, ақпараттық, маркетингтік орталықтар, өндіріс аймағы ұсынылған. Технопарк орталықтарының әрқайсысы мамандандырылған қызметтер жиынтығын ұсынады, мысалы, мамандарды қайта даярлау қызметі, белгілі бір технология бойынша ақпаратты іздеу және ұсыну, заңгерлік кеңестер және т.с.с. Атап өтілгендей, технопарк құрамына оның жеке құрылымдық элементі ретінде инкубатор кіруі мүмкін.

Технопарк құрылымындағы орталық орын инновациялық-технологиялық орталықтарға (ИТО) тиісті болады, олардың жағында көп жағдайда ақпараттық-сараптамалық орталықтар қызмет етеді. Инкубаторлар сияқты ИТО қандай да бір технопарктік құрылымға тәуелсіз қызмет ететін инновациялық құрылымның жеке элементі де бола алады.

Мұнда атап өтетін нәрсе, парктер инновациялық құрылымның элементі ретінде түрлі елдерде түрлі атауларға ие болған. Егер Ресейде оны «технологиялық парктер» (технопарктер) немесе «ғылыми-технологиялық парктер» деп атаса, АҚШ-та ол құрылымдарды «зерттеу рактері» деп, Ұлыбританияда – «ғылыми парктер», ҚХР – «ғылыми-өндірістік парктер» деп атайды.

Кей мамандар түрлі парктердің типтерінің арасындағы айырмашылықтың тек лингвистикалық емес, ал принципиалды да сипаты бар деп, олардың бөліп және сипаттауға тырысады. Кейде парктердің түрлі үлгілері туралы да айтылады (американдық, жапондық және т.б. үлгілер). Парктердің түрлі үлгілері мен типтерінің өзгешелік сипаты ретінде не олардың университеттермен және басқа ғылыми орталықтармен байланысының деңгейін, не инновациялық үрдістердің түрлі деңгейдегі қамтылуын, не қозғаушы күштердің сипаты мен олардың қызметінің практикалық бағытын қарау ұсынылады. Әрине, инновациялық құрылымның элементі ретінде парктердің жеке елдерде ғана емес, олар бар әр аймақта немесе қалада ерекше белгілері бар. Түрлі парктердің университетермен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен байланысы да айтарлықтай түрленіп тұрады. Сондықтан түрлі елдер мен облыстарда парктердің пайда болуы мен қызмет етуінің белгілі бір ерекшеліктерін жоққа шығармай оларды технопарктік құрылымның жалпылай бір түрі деп қараған орынды. Яғни, технопарктер деп біз технологиялық та, ғылыми, зерттеу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік парктер құрамына кіретін инновациялық құрылым элементтерінің тобы, класы деп түсінеміз. Технопарктердің құрылтайшылары рөлін көбінде университеттер, техникалық және басқа жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу және конструкторлық мекемелер атқарады.

Қазіргі уақытта әлемде 450-ден астам технологиялық (ғылыми, зерттеу) парктері қызмет етеді, олардың 170-і Еуропада, 70-тен астамы – Ресесйде орналасқан [Ресейдің университеттіе ғылыми-техникалық парктерінің каталогы, 1998]. Түрлі елдердегі технопарктердің дамуына мысал келтірейік.

Француз Альпілерінде орналасқан «София Антиполис» Француз технопаркін технологиялық утопия деп жиі атайды. Ол 1969 жылы Тау ісі жөніндегі университеттің инженерлері мен ғалымдарымен аймақтық үкіметпен бірлесіп құрылған. Парктің құрылау фазасы 15 жылға созылған. Провинциалды ғылым мен технологиялық қызмет дәстүрі әлсіз елдерде парк жұмысының табысты болуы көпшілік үшін таң қаларлық болған. Қазіргі уақытта ол жерде 5 мың адам қызмет етеді, алып жатқан аумағы 2800 га.

1989 жылы құрылған Патра грек технопаркі сәтті қызмет етіп келеді. Осы парктегі технологияның жеті негізгі коммерцияландыру саласы Патра қаласындағы университетпен жүргізіліп отырған ғылыми жұмыс бағытына сәйкес келеді.

1990 жылы Швецияда Новум технопаркі құрылып, сәтті қызмет етіп келеді, оның қызметінің негізгі саласы медициналық өнімдерді өндіру мен медициналық қызмет көрсетуде маманданатын инновациялық компанияларды қолдау көрсету болып табылады.

Технополистер

Технопарктер идеясын дамыту көптеген елдерде инновациялық инфрақұрылымның неғұрлым интегралданған және кешенді элементі – технолполистердің пайда болуына алып келді. Технопарк пен технополис арасындағы шекті оңай ажырату мүмкін емес, себебі бұл элементтердің ортақ белгілері көп (осылайша, кей мамандар Франциядағы «София Антиполис» паркінің дамуына оны технополиске айналдырып жіберді деп есептейді). Сондықтан технопарктік құрылымның жеке топтары ретінде айтуға мүмкіндік беретін технополистің сипатын бөліп қарауға болады.

Технополис, кейде оны ғылыми қала деп те атайды, құрамына мәдени және рекреиациялық инфрақұрылыммен жабдықталған университеттер немесе басқа жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар тұрғын аудандар кіретін ірі заманауи ғылыми-өндірістік кешен.

Ғылыми қалаларды, технополистерді салудың мақсаты ғылыми зерттеудің назарын алдыңғы қатарлы және пионер салаларға шоғырландыру, осы саладағы жаңа жаңа өндірісті дамыту үшін қолайлы орта құру болып табылады. Әдетте, технополис қанағаттандыруы тиіс критерийлердің бірі оның табиғаты көркем аудандарда орналасуы, табиғат жағдайлары мен жергілікті дәстүрлермен үйлесімдігі болып табылады.

Ресейде технополистерді жасау мен дамытудың тиімділігінің көптеген мысалдары бар. Солардың арасында – Пущино, Дубна, Обнинск. Алайда, инновациялық инфрақұрылымның дамуындағы технополистердің рөлін жете түсінген ел – Жапония.

Бұл елдің Үкіметі 1982 жылы технополистердің дамуының жиырма жылдық жоспарын, технополистер туралы арнайы заң жасап қабылдаған. Жапониядағы сәтті салынған технополиске мысал - «ақыл-ой қаласы» Цукуба. Ол Токионың солтүстік-шығысынан 35 миль жерде орналасқан. Цукуба тұрғындары екі университетте, 50 мемлекеттік зерттеу институттарында жұмыс істейді, бұл осы қаланы әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтардың біріне айналдырады.

Наши рекомендации