Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құрылымы

Бухгалтерлік баланста екіжақты кестенің формасы бар. Кестенің әрбір жолы(баланстық есеп) бухгалтерлік есеп объектісінің атауын және балансты құру уақытындағы оның құнын ұсынады. Бухгалтерлік баланстың негізгі құрайтындары активтер (кестенің сол жағы), міндеткерліктер және капитал (кестенің оң жағы) болып табылады.

Кесте 2

Бухгалтерлік баланстың құрылымы

АКТИВ ПАССИВ
Қысқамерзімді (ағымдағы) активтер (қаржылар,қорлар,ағымдағы дебиторлық қарыз және т.с.с.) Капитал (жарғылық капитал, резервті капитал, үйлестірілмеген кіріс және т.с.с.)
Ұзақмерзімді активтер (негізгі қаражаттар,материалды емес активтер,ұзақмерзімдідебиторлық қарыз және т.с.с.) Қысқамерзімді (ағымдағы) міндеткерліктер (жабдықтаушыларға және мердігерлерге қысқамерзімді несиелік қарыз,еңбекақыны төлеу бойынша қарыз, бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша несиелік қарыз және т.с.с.)
Ұзақмерзімді міндеткерліктер (банктердің ұзақмерзімді қарыздары (заемдары))
Барлығы: Барлығы:

Баланс активінің(пассивінің) қорытынды соммасын «баланс валютасы» немесе «баланс саны» деп атайды.Баланстың ерекшелігі:актив балансының валютасы баланс пассивінің валютасына тең болуы.

Бухгалтерлік есепте «сақтау заңы» бар — ештеңе ешқайдан пайда болмайды(кәсіпорында кез келген актив белгілі бір әрекеттер нәтижесінде пайда болады),яғни,баланстағы активтермен бірге олардың пайда болуының қайнар көздері синхронды түрде сипатталады.Активтер және пассивтер бөлек сипатталады: экономикалық қорлар активте,ал олардың қайнар көздері пассивте.источники в пассиве. Баланс активінің қорытындысы әрқашан баланс пассивінің қорытындысына тең келеді:кәсіпорында құрғанда бухгалтерлік теңдік істелінеді:

Активтер = Пассивтер

Әдетте, активтердің бір бөлігі жекеменшік иесі табылмайтын басқа біреумен енгізіледі, осыны есепке алғанда теңдік осындай түрде болады:

Активтер = Капитал + Міндеткерліктер

Теңдеудің екі бөлігіндегі соммалар дәл келеді, өйткені олар бірдей объекттерді бейнелейді,бірақ екі әр түрлі көзқараспен:

1. Актив қаражаттар не болып табылады? деген сұраққа жауап береді.

2. Пассив осы қаражаттарды кім салды? деген сұраққа жауап береді.

Активтер қаражаттардың барлық түрлерін өзіне қосады: ғимараттар,құрылғылар, тауарлар, материалдар қорларын, көлік қаражаттарын,контагенттердің және клиенттердің қарызы,банктегі есеп айырысу және басқа шоттардағы қаржылар және т.б.

Ұйым тауарлар және қызметтер,несиелер, т.б үшін қарыз болған қаражаттарынан міндеткеліктер құралады.Шынында,баланстық теңдеудің екі бөлігінің соммалары бір – біріне дәл келуі, өткізілген операциялардың санына тәуелді емес. Активтер және пассивтер теңдігі қос жазба (жалпы балансты қамтамасыз ететін, екі шотта бейнеленетін ұйым қаражаты жағдайының әрбір өзгерісіндегі есеп беруді жүргізудің тәсілі) қағидасына негізделеді.

Әдетте активтер және пассивтер қысқамерзімділерге (ағымдағы) және ұзақмерзімдегілерге бөлінеді.Халықаралық тәжірибеде активтер балансқа өтімділік тәртібінде аударылады.

Бухгалтерлік баланстың баптары шаруашылық операциялардың үлкен көлемін өңдегенде қалыптасады.Әрбір бап есеп беруде бөлек қарастырылуы тиіс.Жеңіл-желпі соммалары бар баптар аналогиялық тағайындаудағы немесе сипаттағы соммалармен бірігуі тиіс және бөлек ұсынылуы тиіс емес.

Бухгалтерлік есептің негізге алынатын дәрежелері қаржылай есеп берудің элементтері, яғни,міндеткерліктер, капитал, кірістер және шығындар. болып табылады.Активтер,міндеткерліктер және капитал сияқты қаржылай есеп берудің элементтеріұйымның қаржылай жағдайымен, ал кірістер және шығындар оның қызметінің нәтижелерімен байланысты.

МСФО-ға сәйкес қаржылай есеп берудің элементтері:

− активтер;

− міндеткерліктер;

− капитал;

− кірістер;

− шығындар.

Активтер — бұл компания болашақта одан экономикалық пайданы күтетін, өткен кезеңдердің оқиғалары нәтижесінде компаниямен бақыланатын қорлар.

Активте жасалынған болашақ экономикалық пайдалар,компанияға әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін, мысалы, актив:

- Команиямен сатылатын тауарлар мен қызметтер өндірісі кезінде басқа активтермен немесе жеке қолдануы;

- басқа активтерге айырбасталуы ;

- міндеткерлікті өтеу үшін қолдануы, немесе

- компаниялардың жекеменшік иелері арасында үйлестірілуі мүмкін.

Туындайтын шығындар және құралатын активтер арасында тығыз байланыс бар, бірақ олардың сейкес келуі міндетті емес.

Наши рекомендации