Йымның алға қойған мақсаттарға жету үшін сәйкесінше жоспарлау, бақылау процестері не деп аталады?
А) басқару
В) бақылау
С) ынталандыру
D) технология
E) экономика
Арнайы тәсілдер мен әдістер сонымен қатар, жұмыстарды ұйымдастыру мен қызметтерді бақылау арқылы жүзеге асатын басқару әрекеттерінің нақты түрі?
А) дұрыс жауабы жоқ
В) менеджмент факторлары
С) менеджментті бақылау
D) менеджмент принциптері
E) менеджмент функциясы
86 Ұйым өз мақсатына жету үшін қамтамасыз ететін поцес, ол-
А) ынталандыру
В) басқару
С) бақылау
D) мұқтаждық
E) менеджмент
Бақылаудың қанша түрі бар?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
E) 5
Ай жоспарлау әдісі мейлінше тиімді деп саналады?
А) дұрыс жауабы жоқ
В) төменнен жоспарлау
С) жоғары жоспарлау
D) салықты жоспарлау
E) в және d пунктері дұрыс
Ызметтері сапалы түрде ортақ мақсатқа жетуге бағытталған адамдар тобы қалай аталады?
А) мемлекет
В) демократия
С) орта
D) ұйым
E) менеджмент
Мір сүру, қарым-қатынас және өсу қажеттіліктерін кімнің мотивациялық теориясына жатады?
А) А.Смит
В) Аристотель
С) Тейлор
D) Г. Гант
E) Альфред
Мақсаттар қайшылығы қай қайшылық типіне жатады?
А) орта мен адам арасында
В) орта мен топ арасында
С) топ пен адам арасында
D) мемлекет пен адам арасында
E) дұрыс жауабы жоқ
Анықталған операциялар арқылы міндеттерді орындау амалы?
А) стратегия
В) әдістер
С) жоспарлау
D) ұйым
E) сызықтық
Кәсіпорын концепциясы ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспар?
А) ұйым
В) жоспарлау
С) әдістер
D) стратегиялық
E) ынталандыру
Менеджмент қай ғасырда қалыптасты?
А) ХХІ ғасыр басында
В) ХХ ғасыр басында
С) ХІХ ғасыр басында
D) ХІХ ғасыр аяғында
E) дұрыс жауабы жоқ
Осы заманда менеджменттің қызметі
А) бақылау, басқару
В) жоспарлау, мотивациялау
С) в және d пунктері дұрыс
D) ұйымдастыру, бақылау
E) ынталандыру, мұқтаждау
Басқарудың әр түрлі дәрежелері мен фирмалардың бөлімшелері арасындағы тұрақты байланыстар не деп аталады?
А) жоспарлау
В) бақылау
С) басқару
D) құрылым
E) ұйымдастыру
97 Жағымсыз аудиторияға жатады:
A) банктер;
B) ақпарат тарату құралдары;
C) қоршаған ортаны қорғаушылар;
D) фирманың жұмысшылары;
E) демеушілер;
Фирма жоспарының қай түрі айқындаудың жоғары дәрежесімен сипатталады?
A) қысқа мерзімді жоспар;
B) орта мерзімді жоспар;
C) ұзақ мерзімді жоспар;
D) біркелкі интегралды жоспар;
E) стратегиялық жоспар;
Жоспардың қай түрінде фирманың алдағы болашағы көрінеді
A) қысқа мерзімді жоспар;
B) орта мерзімді жоспар;
C) ұзақ мерзімді жоспар;
D) біркелкі интегралды жоспар;
E) жалпы шаруашылық жоспар;
Жоспардың қай түрі қызмет көрсететін фирмаларға өңделеді
A) қысқа мерзімді жоспар;
B) орта мерзімді жоспар;
C) ұзақ мерзімді жоспар;
D) біркелкі интегралды жоспар;
E) стратегиялық жоспар;
ГЛОССАРИЙ
А
Автократиялы басшылық – автократичный руководитель – қолында орындаушыларға өз еркін жүргізе алатындай билігі бар басшылық.
Аккредитация – аккредитация – тіркеу.
Ақпарат – информация – мекеменің ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістер туралы мәліметтер жиынтығы.
Адамдардың қарым-қатынастары мектебі – школа человеческих отношений –жұмыс барысында негізінен адамдардың қарым-қатынастарын ескеретін тарихи қалыптасқан тұжырым. Бұл бағытта белгілі зерттеушілер болып Мэри Паркер Фоллет пен Элтон Мэйо есептелінеді.
Ә
Әкімшілік өкілеттіктер – административные полномочия – көмекшісіне берілетін бір бағытта жүретін өкілеттіктен басқа әкімшілік қызметтер мен басшылықты атқаруға берілетін өкілеттіктің түрі.
Әлеуметтік ең төменгі стандарт – минимальный социальный стандарт — бюджет және міндетті медициналық сақтандыру есебінен мемлекеттік билік орындарының тағайындаған тұрғындарға міндетті түрде беретін медициналық көмек көрсетудің көлемі, шарттары және талаптары.
Әлеуметтік маркетинг – социальный маркетинг – қоғамдық мақсатқа жету үшін коммерциялық маркетингтің әдістерін пайдалана отырып, қоғами-пайдалы және маңызды игіліктер мен қызметтерді нарыққа шығару тәсілі.
Әділеттік теориясы – теория справедливости – адамдардың көзқарастары алатын сыйақысы мен өзінің және сол жұмысқа басқа адамдардың жіберген күштері арқылы субъективті түрде жағдайлық салыстыру теориясы.
Б
Басқару – управление – мекеменің қойған мақсатына ұтымды жетуді білдіретін алдын ала болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, дәйектеу, бақылау мен сараптау үрдісі.
Басқару өкілеттіктері – управленческие полномочия – мекеменінің немесе оның құрамды бөлімшесінің мүддесін орындау үшін шешім қабылдауға берілетін ресми құқық пен міндеттемелер жиынтығы.
Басқарушылық шешім – управленческое решение – басқару нысанының өз мақсатына жетуіне әкелетін істерді ойластырып жасау.
Басқару жауапкершілігі – управленческая ответственность – қабылдаған шешімге, іс-шараларға, олардың нәтижелеріне есеп беру қажеттілігі.
Бейімделгіш ұйыдастырушылық құрылымдар – адаптивные организационные структуры – сыртқы және ішкі ортаның талаптарына сай тез бейімделетін құрылымдар.
Билік – власть – адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі.
Басқаруды орталықсыз шеші – децентрализация управления – өкілеттікті көбінесе басқарудың төменгі деңгейінде шоғырландыру.
Басқарудың классикалық мектебі – классическая школа управления – алғашқы кездері мекемедегі пайлаланылатын басқарудағы ортақ қағидаларға негізделген көзқарас.
Бақылау – контроль – мекеме жұмысының дайындығын, барысын және қорытындысын тексеру.
Басқару әдістері – методы управления – мекеменің мақсатына (әкімшілік, экономиакалық, әлеуметті-психологиялық және басқа) жету жолында қызметкерлерге басшылық жүргізу түрлері (басқару, жоспарлау, бақылау).
Бюджетпен ең төменгі қамтамасыз етілу – минимальная бюджетная обеспеченность – мемлекеттің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әр жанға шаққандағы тиісті бюджеттен белгіленген мелекеттік немесе муниципалдық қаржының ең төменгі мөлшері.
Бағыттылық – направленность – жағдайға қарамай, мақсат пен уәждеменің бағдарламасы өз бетінше жүруі.
Басқару мөлшері – норма управляемости – тиімді басқаруға келетін қызметкерлердің ұзын саны.
Болжау – прогнозирование – алдағы болар деген іске жиналған тәжірибе мен ағындағы іс-әрекетке қарап жорамал жасайтын жоспралау әдісі.
Басқару үрдісі – процесс управления – басшының басқару нысанын зерделей отырып, оның нақтылы мақсаты мен міндетін анықтап, оған жетудің жолдарын жасап, кажрлық, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, қызметкерлердің білімін, дағдылығын және қабілетін дамыта отырып, тиісті шешім қабылдай отырып, оның ішінде алдағы уақытқа да, жұмыскерлерді қойылған мақсатқа жетуге жұмылдыратын, жұмысты бағалай отырып, оны қадағалауға бағытталған ісі.
Басқару ерекшелігі – стиль руководства – қажет қорытынды шығару мақсатында бағыныштыларға әсер ету әдістерінің жиынтығы.
В
Врум-Йеттонның шешім қабылдау үлгісі – модель принятия решений Врума-Йеттона – шешім қабылдаудың авторитарлықтан демократиялыққа дейін болатын үзілмейтін континуумін (біріңғай) құрайтын мүмкін болар басқарудың бес түрін білдіретін үлгісі.
Г
Гигиеналық факторлар – гигиенические факторы – Герцбергтің екіфакторлық теориясына сай – бұл адамдардың қызмет істеу ортасында болатын жағдайлар (факторлар). Олардың болмауы жұмыскерлерді қанағаттандырмауы мүмкін, бірақ жүріс-тұрысқа белсенді түрде әсер ете алмайды.
Герцбергедің екіфакторлық үлгісі – двухфакторная модель Герцберга – екі үлкен санаттқа: гигиеналық факторлар мен дәйектемеге бөлінетін барлық уәждеме тұрлерінің үлгісі.
Ғ
Ғылыми басқару мектебі – школа научного управления – басқаруда ғылыми әдісті, үлгіні және жүйелік бағдарлауды қолданатын жол.
Д
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік бөлігі – государственный сектор здравоохранения – азаматтардың денсаулық сақтау саласында жүргізетін мемлекеттік саясатты жоспарлау және оны іске асыруда орындаушы биліктің өкілеттік жүйесі.
Денсаулық сақтаудың мемлкеттік жүйесі – государственная система здравоохранения — ҚР субъектілер деңгейіндегі денсаулық сақтаудың мемлекеттік басқару органдары.
Демократиялы басшы – демократический руководитель – жоғары санамен жұмыс істеуді көздейтін бағыныштыларға басшылық жүргізу жолы.
Дивизионалды ұйымдық құрылым – дивизиональная организационная структура – мідеттемелік (функционалдық) құрылымдар тиімді бомаған жағдайда үлкен мекемлердің мүддесі үшін ұйыдық құрылымдар түрі.
Дара басшылық – единоначалие – барлық әкімшілік өкілеттікті және бағыныштылардың бәрінің жауапкершілігін бір басшыға беру.
Денсаулық сақтаудың шоғырланған бюджеті – консолидированный бюджет здравоохранения – белгілі бір аумақтағы денсаулық сақтаудың бюджет жиынтығы.
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі – национальная система здравоохранения – іс-әрекеті азаматтардың денсаулығын бекітуге, сақтауға және алдын алуға, сондай-ақ жоғалтып алған жағдайда медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге бағытталған денсаулық сақтаудың қоғамдық жағын басқару орындарының жиынтығы.
Денсаулықты қорғау – охрана здоровья («защита здоровья») – әр адамның күш-қуаты мен жан-дүниесін сақтауға, бекітуге, ұзақ жыл белсенді өмір сіруге, оның денсаулығы жоғалған кезде медициналық және дәрі-дәрмектік көрсетуге бағытталған саяси, экономикалы, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медицналық, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жиынтығы.
Денсаулық сақтаудағы саясат – политика в здравоохранении – қоғам дамуына сай денсаулық сақтау саласының ресурстарын ұтымды пайдалана отырып елдің денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру барысындағы іс-шаралардың негізгі ғылыми жане тәжірибелік бағыттары.
Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік стандарттар – социальные стандарты в здравоохранении – азаматтарды медициналық, дәрі-дәрмектік және медициналы-әлеуметтік көмекті мемлекеттік билік орындарының белгілі бір деңгейді реттеуге бағыттаған мөлшері мен нормативтері.
Денсаулық сақтауды жоспарлау – планирование здравоохранения – қоғамдық денсаулық сақтаудың болашағын анықтайтын үрдіс
Е
Еңбекті сатылас бөлісу – вертикальное разделение труда – істің құрамдық түрлерінің (басқару мен өндірістің) еңбекті жұмылдыратындай және үйлестіретіндей бөлу жолдары. Еңбекті сатылас бөлісу басқару деңгейлерін білдіреді.
Еңбекті деңгейлес бөлісу – горизонтальное распределение труда – еңбекті қызмет түріне қарай бөлісу. Мекемеде қызметтік (функциялдық) бөлімшелер ашуды білдіреді.
Ж
Жағдайды сараптау – анализ ситуации – мекеменің алдында тұрған мәселелердің белгілерін айғақтау.
Жанжал – конфликт - әр адамның психикасындағы, жұртттың қарым-қатынастарындағы, олардың формальды және бейформальды топтарының арасындағы қақтығысу.
Жоспарлау – планирование – алдағы мақсаттар мен шешімдерге оған жетуге бағытталған үрдіс.
И
Интеграция – интеграция - әртүрлі құрамдардың мекеменің бір мақсатқа жетуі үшін өз күштерін біріктіру.
К
Кадрлар – кадры – мекемедегі түрлі өндірістік-шаруа міндеттерін атқаратын жұмыскерлердің негізгі ұзын саны.
Команда – команда – қайсібір мәселені бірігіп шешетін әр саладағы мамандар тобы.
Коммуникация, байланыс – коммуникация, общение – екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы қатынасы, ақпаратпиен алмасуы.
Коммуникативті арна – коммуникативный канал – басқару субъектілерінің арасындағықарым-қатынас жолдары.
Кәсіпкерлік қызмет – предпринимательская деятельность – заң бойынша тиісті ретпрен тіркеліп, мүлікті қолдану, тауар сату, бір жұмысты орындау немесе қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде тәуекелділікке барып, өз бетінше пайда табу.
Күту теориясы – теория ожидания – адамның белсенді тұтынушылығы болу бір мақсатқа жету жолында жалғыз және де қажетті уәж болып саналмайтындығын көрсететін тұжырым. Адам өз ісінің міндетті түрде мақсатқа жеткізетінін күтуі керек.
Қ
Қызметкерлерді аттестациялау – аттестация персонала – қызметкерлердің өз міндеттерін атқара алу мүмкіндіктерін және оған дайын екендігін 3-5 жыл аралығында 1 рет тексеріп тұру.
Қызметтік нұсқау – должностная инструкция – нақтылы қызмет орындаушыға қойылатын оның қысқаша міндеттері, өкілеттігі және кәсіби талаптары.
Құрылымды бағалау – оценка структуры – ұйым (мекеме) қарамағындағы барлық ресурстарды (еңбектік, материалдық, қаржылық) сипаттау.
ҚР тұргындаынға тегін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама – Программа государственных гарантий обеспечения граждан РК бесплатной медицинской помощью – ҚР-ның Үкіметі жылсайын тұрғындарға тегін көрсетілетін медициналық көмектің тізімін, медицина қызметін ұйымдастыратын негізгі бағдарламасын, медицаналық көмектің көлемдерін, денсаулық сақтауды қаржыландырудың адам санына шаққандағы мөлшерін бекітетін құжат.
Құн – стоимость - өнімді жасау немесе қызметті көрсету барысында жұмсалатын материалдар мен нақтылы шығындардың орташа бағасы.
Л
Лайкерттің төрт жүйесі – четыре системы Лайкерта – басқару стилінің: диктаторлы-әкімшілік, ыңғайлы-әкімшілік, кеңесшіл-демократиялық және кірме-демократиялық төрт жүйесі туралы Рэнсис Лайкерттың тұжырымы.
М
Медициналы-экономикалық стандарт (МЭС) – медико-экономический стандарт (МЭС) – науқасты емдеу-диагностикалық шараларының көлемі мен тәртібін және оған кететін шығындарды анықтайтын түрлі клиникалы-статистикалық топтарға формальды түрде бөлу.
Медициналық қызмет – медицинская услуга – дәрігермен немесе басқа медициналық қызметкермен орындалатын аяқталған және белгілі бір құны бар кезкелген алдын алатын, диагностика жасайтын, емдейтін немесе сауықтыратын бақылап қарау, емдеу немесе басқа да сондай істер.
Медициналық араласудың салдары (қорытындысы) – медицинский исход/медицинский результат – науқастың немесе тұрғындардың клиникалық түрде айығып кетуіне бағытталған медициналық көмектің яки денсаулық сақтау бағдарламасының нәтижесі (жақсарып кету, қалыпты болу, нашарлап кету, т.с.с.).
Медициналық маркетинг – медицинский маркетинг – денсаулық сақтау саласында баға саясатын ескере отырып жоспралауды, өндірісті басқаруды, оны тұтынушыларға жақындатуды, меди-циналық тауар мен қызметті өткізуге бағытталған шараларды экономиакалық негіздеу.
Медициналық сақтандыру – медицинское страхование – денсаулық сақтау саласында тұрғындарды сақтандыру жағдайы бола қалған кезде жинақталған қаржы арқылы медициналық көмекті кепілді түрде әлеуметтік қорғау түрі. Екі түрде жүргізіледі: міндетті және өз еркімен.
Менеджмент – менеджмент – еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, тауар (қызмет, жұмыс) өндіруді тиімді басқарудың жолдары мен түрлерінің қағидаларының жиынтығы.
Мекеменің микро ортасы – микросреда организации – өз тұтынушыларына қызмет көрсету жолында мекемеге тікелей әсер ететін субъектілер мен жағдайлардың жиынтығы.
Мақсаткерлік, міндет – миссия – жоспарлау барысында негізгі ортақ мақсат немесе ұйымның мақсаткерлігі.
Мекеменің ішкі ортасы – внутренняя среда организации – мекемеге бәсекелестік тұлға қалпін туғызатын субъектілер, нысандар, үрдістер жиынтығы.
Мемлекеттік медициналық көмек – государственная медицинская помощь –бүкіл тұрғындарды және барлық медициналық көмек түрлерін қамтитын мемлекеттік бюджет қаржыландыратын жүйе.
Медициналық сақтандыру шарты – договор медицинского страхования –көлемі мен сапасы көрсетілген медицналық көмектің сақтандырушы мен медициналық сақтандыру мекемесінің арасындағы қабылданған шарт.
Маслоудың қажеттілік сатылары – иерархия потребностей Маслоу –адамдардың бес қажеттілігін (физиологиялық қажеттілік, қорғану қажеттілігі, қажетті болу, силау және қөзін-өзі көрсете алу) А.Маслоудың пирамидасы бойынша бөлу.
Мансап – карьера – қызметкердің жұмыс бабы бойынша сатылап өсуі немесе мекеме ішінде жаңа қызмет бабын ауыстыру.
Медициналық көмектің сапасы – качество медицинской помощи – белгіленген стандартарға сай келетін медициналық көмектің жиынтық сипаттамасы.
Мекеме (ұйым) мәдениеті – культура организации – бір мекме (ұйым) ұжымының бірігіп пайдаланатын мөлшерлік қалыптарының, құндылықтарының, мүшелерінің мінез-құлықтық үлгілерінің, қасиеттерінің жиынтығы.
Медициналық сақтандырудың нысаны – объект медицинского страхования – сақтандыру кезі келген жағдайы бойынша медициналық көмек көрсетуге кетер шығындар бойынша сақтандыру тәуекелділігі.
Міндетті медициналық сақтандыру – обязательное медицинское страхование – медициналық және дәрі-дәрмектік көмек беруде барлық азаматтарға тең болатын мүмкіндік беруші мемлекетті әлеуметтік қамсыздандырудың бір бөлігі.
Медицналық көмек көрсету сапалылығын анықтау – оценка качества медицинской помощи – медициналық көмек көрсету науқастың қазіргі бекітілген қанағаттану стандартына сәйкестігін анықтау.
Медициналық сақтандыру полисі – полис медицинского страхования – сақтандыру жағдайы туған кезде медициналық көмек алуға және қаржылық мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін сақтандыру шартының бар екенін білдліретін құжат.
Медициналық қызмет көрсету нарығы – рынок медицинских услуг– бәсекелестік экономика жағдайында қолданылатын медицина технологиясы, медициналық жабдықтың заттары, дәрі-дәрмек құралдары, медицна қызметін ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы.
Мамандық – специальность – шаған шеңбер аясында кәсіби қызметті орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың жиынтығы.
Медицина көмегінің стандарты – стандарт медицинской помощи — медициналық көмек көрсету үрдісіне қойылатын нормативті құжат.
Медициналық сақтандыру – страхование медицинское–денсалуық қорғау саласында сақтандыру арқылы жинақталған қаржы есебінен тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі (міндетті немесе ерікті түрде).
Мак-Клелландтың тұтынушылық теориясы – теория потребностей Мак-Клелланда – бұл теория бойынша адамның ісін билік, жетістік және іске қатыстылығы сияқты үш тұтынушылық сылтау қозғайды.
П
Портер-Лоулер үлгісі – модель Портера-Лоулера – күту теориясы мен әділеттік теориясының элементтерін қосып, жағдайлық уәждеме теориясын жасау үлгісі. Оған өзгермелі бес мөлшер кіреді: күш салу, күту, қорытындылық, сый-сияпат алу және қанағаттану.
С
Сыртқы ортаны сараптау – анализ внешней среды – мекемеге сырттан әсер етуші жағдайларды және оның қауіпсіздік туғызу мүмкіндіктерін бақылау ретінде жүргізілетін стратегиялық жоспарлау үрдісі.
Сараптық бағалау әдісі – метод экспертных оценок – сарапшылар тобының келісіміміне негізделген болжау әдісі. Т
Cұраныс – спрос – жұрт берілген баға бойынша алалатын қажетті сапалы тауарлар мен қызметтің көлемі.
Стратегия – стратегия – саяси-экономикалық мақсатты жүзеге асырудың жалпы жоспары.
Страгеиялық жоспарлау – стратегическое планирование – қойылған мақсатқа жету жолында нақтылы стратегиялық іс-шаралар мен шешімдер жасау.
Т
Тактика – тактика – нақтыланған сипаттағы қысқа мерзімді стратегия.
Тегін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдемесі – государственные гарантии бесплатной медицинской и лекарственной помощи – мемлекеттік бюджет қаржысынан тұрғындарға берілетін медициналық және дәрі-дәрмектің көлемдері, шарттары мен сапасын мемлекеттік орындардың тағайындауы.
Түлға – личность – әлеуметтік қасиеттерімен айқындалатын субъект ретіндегі адам.
Тәтті мен қатты қағидасы бойынша уәждемелеу – мотивация по принципу кнута и пряника – қызметкерлерді уәждемелеу үшін сыртқы ынталандыру және жазалау түрін әдейі және қарқынды қолдану.
Тұтынушылықтар – потребности – адамның жан-дүниелік немесе денелік қажеттілігіне жетіспейтін.дүние.
О
Ойын теориясы - теория игр – бәсекелестерге әсер ету барысының бағасын анықтау үшін қажет үлгілеу әдісі.
Ө
Өкілеттікті табыстау – делегирование полномочий – тап-сырылған мәселелердің жауакершілігін мойнына алатын тұлғаға міндеттер мен құқықтарды тапсыру.
Өз еркімен медициналық сақтандыру – добровольное медицинское страхование — қосымша медициналық және де басқа жеңілдіктер беретін медициналық сақтандырудың бір түрі.
Өкілеттік – полномочия – мекеменің ресурстарын пайдалануға қажет және оның қызметкерлерінің күшін қойылған тапсырмаларды орындауға қажет шектелген құқық.
Ұ
Ұжымдық туынды – коллективное творчество – басқру шешімдерін ортақ табуға бағыттап, қатардағы ұжым мүшелерін жұмылдыру.
Ұжымдық басқару – коллективное управление – басқару мәселелерін ұйым жымыскерлерін жұмылдыра отырып шешу.
Ұйымдастырушылық құрылым – организационная структура – белгілі бір қарым-қатынаста және өзара байланыста болатын адамдардың жыйнтығы мен жұмыс жағдайлары.
Ұйымдастырушылық үрдіс – организационный процесс – қызмет істеуге және оны дамытуға жағдай жасайтын адамдардың іс-әрекетін қалыптастыру.
У
Уәждеме, дәйектеме – мотивация – ынталандыру үрдісі.
Уәждеменің жағдайлық теориясы – ситуационная теория мотивации – адамның мінез-құлқының жұмысқа әсер етуі оның қажеттілігінен ғана емес, сондай-ақ қайсы бір және мінез-құлықты таңдау қорытындысынан болар жағдайды білдіретін дәйекке негізделген үлгі.
«У» теориясы – теория «У» - бұл теория бойынша мекемнің мақсатына жету үшін белгілі бір жағдайда адамдар жұмыс істеуге ынталы, ал мақсатқа жету мекеменің ынталандыру қызметіне байланысты. Қорытынды – жұрттың көбісінде шығармашылық мүмкіншіліктер бар.
Ш
Шешім шығарудың бәйтерегі – дерево решений – қандай бір қиын мәселеге шешім шығарудың жолы.
Шығынды (құнды) тежеу – сдерживание затрат (стоимости) – медицналық көмек құнының өсіп кетпеуі үшін медициналық тауар мен қызметке қойылатын бағаны реттеудің кезкелген түрі.
Х
Хоманс үлгісі – модель Хоманса – жұмыс бабында бейформалды топтардың пайда болу себептерін ашатын тобырлық мінез-құлықтық теория. Оның элементтеріне өз-ара көмек, түйсік және әрекет ету кіреді. .
«Х» теориясы – теория «Х» - әкімшіл басшының орындаушыларды анықтайтын Дуглас Мак Грегордың атауы. Бұндай басшы бойынша адамдар жұмыс істегісі келмейді, мансапқорлықтан ада, өздерін біреу басқарып тұруы керек, өздері дәрменсіз келеді. Бұдан шығатын негізгі қорытынды – адамдарды зорлап жұмыс істету керек.
Ф
Фидлердің жағдайлық үлгісі – ситуативная модель Фидлера – басқарудың тиімділігіне әсер ететін үш жағдайды: ұжым мүшелері мен басшының арасындағы қарым-қатынас, тапсырманың түрі және берілген қызметтік билікті білдіретін үлгі.